Айдан жасқа дейін қуан


 Дербестікке ұмтылыс үрдісі айқын көрініс береді



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет33/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43

4. Дербестікке ұмтылыс үрдісі айқын көрініс береді: 
бала бәрін өзі жасағысы және өзі шешкісі келеді. Дағда-
рыс кезінде дербестікке асыра ұмтылу бірбеткейлікке 
алып келеді, ал ол көбінесе бала мүмкіндіктеріне сай 
келе бермейді, әрі ересектермен қосымша қақтығыстар 
тудырады.
5. Наразылық-бүлік.
Кейбір балалар ата-анасымен ұдайы жанжалдасады, ол 
барлық ересектерге соғыс ашқандай әсер қалдырады. 
Жалғыз балалы отбасында деспотизм (озбырлық) көрініс 
беруі мүмкін. Бала айналасындағы ересектерге қатал 
билік жүргізеді, не жейтінін, нені жемейтінін, анасы 
үйден кете ала ма, жоқ па, т.с.с. бұйырады.
6. Отбасында бірнеше бала болса, деспотизм (озбырлық) 
орнына 
қызғаныш туындайды: дәл сол билік ету үрдісі 
жас озбырдың пікірінше отбасында ешбір дерлік құқығы 
жоқ басқа балаларға қатысты қызғаныш, төзбестік көр-
сету түрінде орын алады.
2. Қыңырлық. 
Бұл өзі қалағандықтан емес, ересектерге өзі айтқан-
дықтан өз дегенін істетуге тырысатын және оның 
пікірімен санасуды талап ететін баланың әрекеті. Қыңы-
рлық – дегеніне жеткісі келетін баланың қайсарлығы 
емес. Қыңыр бала өзі соншалық қаламайтын немесе 
мүлдем қаламайтын немесе қалауынан баяғыда айныған 
әрекетін жүзеге асыруды талап етеді.
3. Қырсықтық.
Қырсықтық белгілі бір ересекке емес, ерте балалық 
шақта орнаған қарым-қатынастар жүйесіне, отбасында 
қабылданған тәрбие-тәртіп ережелеріне қарсы бағыт-
талған. Бала өз қалауын қалай да жүзеге асырғысы ке-
леді, әрі басқа ұсыныстарға және басқалардың әрекетіне 
еш көңілі толмайды. «Қойшы!» - мұндай 
жағдайлардағы ең көп таралған 
жауап.
138
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Баланың дербестікке ұмтылысын қолпаштау, баста-
машылдығына қолдау көрсету қажет. Атқарған әрбір ісі 
үшін (еден жуса, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарын 
немесе ыдыс жуса, т.с.с.) – егер тіпті сізге артынан қайта 
жасау, қайта жуу қажет болса да - міндетті түрде мақтап 
отыру керек!
Егер ұл бала шеге қаққысы келіп, қолына балға алса – 
ниеті үшін мақтау айтып, міндетті түрде шеге қағатын 
орын тауып беріңіз. Шегені жаңа жиһазыңызға қағып 
тастағанша күтпеңіз! Тіпті үлгермей қалған жағдайда, 
тоқтаңыз, бір сәтке ойланыңызшы, балаға дауыс көтеру-
дің қажеті бар ма?! Жиһаз мәңгілік емес, ал бала үшін, 
сізбен салыстырғанда, ол жиһаздың ешбір құндылығы 
жоқ. Бала үшін басты құндылық – сіз және сіздің махаб-
батыңыз, тіпті сізбен дауласса да!
7. Құнсыздану. 
Бала үшін бұрын үйреншікті, қызықты, қымбат болғанның 
барлығы құнынан айырылады. 3 жасар бала балағат сөз 
айта бастауы мүмкін (бұрынғы мінез-құлық ережелері 
құнсызданады), уақытылы ұсынылмаған сүйікті ойын-
шығын лақтырып жіберуі немесе сындырып тастауы 
мүмкін және т.с.с.
7 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
 Бала қашан мектепке барғанына қарамастан, 6 немесе 
7 жаста, ол даму-жетілу барысында кезекті дағдарысты 
басынан кешіреді. Бала қоғамдық қарым-қатынастар 
әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа 
әлеуметтік орынның – ересектер жоғары бағалайтын 
оқу жұмысын атқаруға қатысты оқушы орнының мәнін 
ашады. Құндылықтарды қайта бағалау орын алады. Оқуға 
қатыстының барлығы (бірінші кезекте, бағалар) құнды 
бола түседі, ал ойынға байланысты-
лардың маңызы төмендейді. Бала 
мінез-құлқында балалыққа тән 
қасиеттерін жоғалта бастайды.
139
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Әрдайым баланың жанында болыңыз, баланың бала-
бақшада, сыныпта не болғаны туралы айтқан әңгімесін 
мұқият тыңдаңыз. Қандай да бір күрделі жағдайдан 
шығар жолды бірге табуға тырысыңыздар. Талпынысы, 
тапқырлығы, шыдамдылығы үшін мақтаңыз. Үй тапсырма-
сын орындауға көмектесіңіз. Баланың жетістіктеріне және 
сәтсіздіктеріне шын жүректен қызығушылық танытыңыз.
БАЛАЛАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ
ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Баланың психикалық дамуы басқа адамдармен ұдайы 
араласуынсыз мүмкін емес. Алайда, өкінішке орай, кейде 
айналадағылардың балаға дұрыс қарамауы оның жан 
тыныштығының бұзылуына себепші боулы мүмкін. Егер 
бала өзін ренжітті немесе мүдделеріне нұқсан келтірілді 
деп санаса, ол жауап ретінде жылауы, есікті тарс жабуы, 
ойыншықты сындыруы, сөйлеспей қоюы және т.с.с. әре-
кеттерге баруы мүмкін. Мұндай әрекеттер барлық бала-
ларға тән, өтпелі болып келеді, баланың жалпы денсау-
лығы мен мінез-құлқына әсер етпейді, мінезтанушылық 
деген атқа ие. Бірақ, осындай әрекеттер жиілеп кетсе ше, 
үйде де, балабақшада да қайталанса ше, баланың ұйқысы 
мен тәбетін бұзса ше, оның басқа балалардан тұратын 
ортаға бейімделуіне әсер етсе ше?
Тұрақты түрде қайталана берсе, тұлғаның қалыптасуына 
зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді ең жиі қайталанатын 
түрлерін тани білу маңызды.
Айтарлықтай жиі таралған кері әрекет түрі болып
наразылық табылады. Ол физикалық жазалауға, қорлауға, 
ата-анасының ажырасуына, отбасында өгей әкенің немесе 
екінші баланың пайда болуына, отбасындағы ұрыс-
керіске, мұғалімнің дөрекілігіне және т.б. жауап ретінде 
туады.
140
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


Кейде наразылық белсенді сипатқа ие. Балалар ашушаң, 
дөрекі болып кетеді, бәрін керісінше жасайды. Егер ата- 
ана басқа балаларын көбірек жақсы көретінін айтса, бала 
інісінің немесе қарындасының заттарын және ойын-
шықтарын сындыруы және бүлдіруі мүмкін. Айта кететін 
жайт, егер бастапқыда баланың аушы тек оны ренжіт-
кен адамға ғана бағытталса, кейін ол басқа адамдарды 
қамтуы да әбден мүмкін.
Белсенділігі төмен наразылық әрекеттері де кездеседі, 
мұндай жағдайларда балалар өз мүдделері үшін бел-
сенді күрестен қашқақтайды. Көбінесе жазалаудан зәбір 
көретін үйден, үнемі ұрыс еститін балабақшадан немесе 
мектептен қашады, ата-ана қолынан тамақ ішуден бас 
тартады, кейде өзін-өзі зақымдауға әрекеттенеді. Кіші 
сыныптарда мұғалімнің дөрекілігіне балалар кейде 
мектепте сөйлеуден қалады, ал далада, үйде жап-жақсы 
сөйлейді. 
Балалар жетімдер үйіне, интернаттарға орналасты-
рылғанда, оқуда сәтсіздікке ұшырағанда немесе денесін-
де кемістігі болса, талап етуден/талап қоюдан біржолата 
бас тартады. Мұндай әрекеттердің аты да өзіне сай: бас 
тарту әрекеті. Балалар селқос, ынжық, жабырқау күйге 
түседі.
Кейде олар өзінің шынайы немесе жалған кемісті-
гінің орнын толтыруға талпынады. Осылайша, ұялшақ, 
жасқаншақ балалар ұяңдығын жасыру үшін қиқарланып, 
дөрекілік көрсетеді. Дене бітімі әлсіз балалар қиялында 
өздерін бір тобырдың басшысы, өжет және мықты етіп 
көреді. Мұндай құбылыстар орын толтыру және асыра 
(гипер) орын толтыру әрекеттері деп аталады. 
Еліктеу әрекеті айналадағыларға еліктеу түрінде орын 
алады. Бала мұраты жағымды кейіпкерге ұқсау болса, 
өте жақсы. Бірақ, кейде еліктеу үшін әлеуметке қарсы 
мінез-құлыққа ие жеткіншек таңдалады – сол кезде бала 
балағат сөз айту, шылым шегу, маскүнемдік, жыныстық 
азғындық, ұрлық сияқты теріс әдеттерге басады.
141
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау