Сур 4.6 А өрт бөлімінен В өрт орнына дейінгі бару маршрутының екі мүмкін сызбасы.
А өрт бөлімінен В өрт орнына бару кезінде бару маршруты бойынша қозғалыс уақытын үнемдну қажет. Бұл уақыт мына формуламен анықталуы мүмкін:
(4.2)
мұндағы l0 – қалыпты көше бойынша А маршрутынан В дейінгі ұзақтылық l0=l3+l4+l5 тең; l1 және l2 – А аймағынан Lжылдамдықты жолына дейінгі және L –дан В дейінгі маршрут ұзақтылығы; – L бойынша қозғалыс жылдамдығы; – l0, l1 және l2 бойынша қозғалыс жылдамдығы.
Қозғалыс жылдамдығы l0, l1 және l2 әр түрлі болуы мүмкін. Онда орнына (4.2) формуласының жақшасында орташа арифметикалық жылдамдық l1 және l2 қабылданады.
Келесі теңдіктерді орындау кезінде (4.2) формуласы есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Кейбір мүмкін бару маршруттарынан қиын жағдайлар пайда болады, оны тек арнайы теория әдістерімен шешуге болады.
Бұл жағдайда тапсырма келесі тәртіппен сипатталуы мүмкін: А өрт бөлімінен В өрт орнына барудың көптеген жолдарының бар болуы. Бару маршрутын таңдауға сәйкес келетін маршрутты анықтау.
Тапсырманы шешудің қарапайым мысалын қарастырайық.
Біріншіден бару маршрутының мүмкін жүйелік моделін салайық (сур. 4.7).
Келесіден жолдардың мүмкін саны және олармен бару ұзақтылығы анықталады.
Графикта (сур. 4.7) дөңгелектермен қиылыстар белгіленген, ал цифрлармен –көшелермен жүру ұзақтылығы. Бұл графикта барлығы бес бару маршруттары ғана:
бірінші: АС; СД: ДЕ; ЕВ;
екінші: АС; СИ; ИЕ: ЕВ;
үшінші: АИ.-ИЕ.-ЕВ;
төртінші: АК; КЛ; ЛВ;
бесінші: АК;КЛ;ЛМ:МВ.
Маршрутпен бару ұзақтылығы және қиылыстар саны (кесте 4.1) келтірілген.
(Кесте 4.1) көрініп тұрғандай, тек екі жол ғана минималды болып табылды: үшінші және бесінші. Мынадай сұрақ туады: "Қандай жол оптималды болып табылады?"
Сур 4.7 А өрт бөлімінен В өрт орнына бірнеше бөлімшелердің бару маршруттарының мүмкін жүйелі моделі.
Кесте 4.1
Маршрут нөмірі
|
i маршруты бойынша бару ұзақтылығының қосындысы
|
i маршрутындағы қиылыстар саны
|
I
|
2+3+2+2=9
|
3
|
II
|
2+1+3+2=8
|
3
|
III
|
2+3+2=7
|
2
|
IV
|
3+1+4=8
|
2
|
V
|
3+1+2+1=7
|
3
|
Бөлімшелердің қызмет көрсету аудандарында 200 және одан да көп қиылысы баркөшелер бар.
Мұндай көшелер санының бар болуы кезінде және өртке күштер мен құралдарды енгізу есептеулері көптеген адамдарды және уақытша ресурстарды қажет етеді.Бұл жағдайда ЭЕМ жұмылдыру қажеттілігі арта түседі.Бұл мақсаттар ЭЕМ жұмылдыру тәжірибиесі өртке қарсы қызмет гарнизондарында бар.
Осы немесе басқа да объектілерге күштер мен құралдарды енгізу үшін бару маршруттарының ыңғайлығы өрт сөндіру жоспарларын өңдеу кезінде, өртке шығу кестелерін, өрт-тактикалық оқуларды өткізу кезінде анықталады.
Шақыру орынына (өртке) шығу және бағыт алу
Шығу және бағыт алуға «Дабыл» белгiсi бойынша жеке құрамның жиналуы және оларды шақыру орынына (өртке) өрт автокөлiктерiмен және басқа да арнаулы көлiктерiмен жеткiзу кiредi.
Шығу және шақыру орынына (өртке) бағыт алудың ең қысқа мерзiмде орындалуы:
қарауыл жеке құрамының шапшаң жиналуы және шығуымен (нормативтiк уақыттан аспауы қажет);
шығу ауданының ерекшелiгiн бiлуімен;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару автокөлiктерiнiң жүрiсi қысқа кесте бойынша мүмкiндiгiнше шегiне жеткен қауiпсiз жылдамдықты сақтап қамтамасыз ету, оның iшiнде арнаулы белгiлердi пайдалану және жол жүру ережесiнiң белгiленген тәртiбiнен қажет болған жағдайда шегінумен байланысты.
Өрт автокөлiктерiнiң шақыру (өрт) орынына жету уақытын қысқарту үшiн қажет болған жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша олардың жол жүру бағытындағы жол қозғалысы жабылуы мүмкiн.
Шақыру орынына (өртке) бағыт алуды тоқтату кезекшi диспетчердің нұсқауымен ғана iске асырылады.
Жол үстiнде бастапқы өрт автокөлiгi тоқтауға мәжбүр немесе ЖКО болған жағдайда, оның соңындағы автокөлiктер тоқтайды, одан арғы козғалысты тек қарауыл бастығының нұсқауы бойынша жалғастырады. Екiншi немесе одан кейiн келе жатқан өрт автокөлiктерi тоқтауға мәжбүр болған жағдайда қалғандары кiдiрместен шақыру орынына (өртке) қарай жүре бередi. Тоқтауға мәжбүр болғанда өрт автокөлiгiндегi аға бастық кезекшi диспетчерге дереу хабарлайды.
Шақыру орнына (өртке) өз ерiктерiмен қарауыл бөлiмшесi бағыт алғанда және өрт автокөлiгi тоқтауға мәжбүр болғанда, қарауыл бастығы, бөлiмше командирi болған жағдайды кезекшi диспетчерге хабарлайды және шақыру орынына (өртке) жеке құрамды және ӨТЖ-ды жеткiзу үшiн шара қолданады.
Бағыт алу жолында басқа өрттi байқаған кезде бөлiмшені басқарушы бастық оны сөндiру үшiн күштер мен құралдардың бiр бөлiгiн бөлуге мiндеттi және осы өрттiң орны мен қабылданған шешiмi туралы ӨБОП-ке (ББП) дер кезінде хабарлайды.
ЖКО кезiнде машинаның басшысы (ол болмаған жағдайда - жүргізуші) қозғалысты тоқтатуға мiндеттi және әрi қарай жол жүру ережесiн басшылыққа алады.
Бағыт алу жолында бөлімнің аға бастығы ӨБОП-мен (ББП) үздіксіз байланыста болуға міндетті. Өрт сөндіру автокөлiгiн тоқтатуға мәжбүр болған барлық жағдайлар ӨБОП-на (ББП) хабарланады.
Өртке қарсы қызметiнiң бөлiмдерi шақыру орынына (өртке) темiр жол, су немесе әуе көлiгiмен бағыт алғанда өрт бөлiмшелерін басқаратын аға бастық тиiстi министрлiктердiң, ведомствалардың нұсқауының талаптарын белгiленген тәртiпке сәйкес басшылыққа алуға мiндеттi және:
өрт техникаларының сақталуын;
өрт техникаларының орнықты бекiтiлуiн;
жеке құрамның орналасуын, тамақтануын және демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
1.3 Қоймалық ғимараттар өртті сөндіру және даму ерекшеліктері
Қоймалық ғимараттар комплексінен тұратын, ашық сақтаулы ауданшаларды, өнеркәсіптік және сауда тауарларының мамандырылған базаларын арнайы аумақтарда орналастырады. Қазіргі заманғы қойма ғимараттары көп қабатты, есік және терезе ойықтары шекті мөлшерлі, I-II от төзімділік дәрежелі. Қоймалардағы материалдық құндылықтарды көп қабатты сөрелерде немесе штабельдерде орналастырады. Ескі құрылысты қоймалық ғимараттар мен имараттар – көбінесе бір қабатты. Материалдық құндылықтары бар үлкен ауданды қоймалық бөлмелерді 700-1500 м2 отсектерге бөледі.
Қоймалардағы өрттер кезінде барлау процесінде және қызмет көрсетуші тұлғалардан сұрау көмегімен материалдық құндылықтарды сақтау сипатын, көршілес секциялар мен жоғары орналасқан қабаттарға оттың таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдарды көшіру тәртібін және қажеттілігін анықтайды.
Дүкендердегі өрттер кезінде өрт автокөліктерін орналастыру және жеңдік желілерді өткізу, аула жағынан сауда залдарына оқпандарды енгізуге, қоймалар мен дүкендердің көмекші бөлмелерін қорғау үшін кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
Оқпандарды енгізудің негізгі жолдары, сауда залдары жағынан кірулерге, саты торлары және терез ойықтарына енгізу болып табылады. Жеңдік желілерді өткізу үшін резеңкеленген жеңдер қолданылады. Өртті сөндіру үшін, ереже бойынша, РС-50 жабылмалы оқпандарды және шашыратқыш оқпандарды пайдаланады, ал жанғыш материалдардан жасалған конструкциялары бар ғимараттардағы дамыған өрттер кезінде- А оқпандары.
Қоймаларда өрттерді сөндіру үшін, терезе, қақпа немесе терезе арқылы енгізетін РС-70, РС-50 және оқпан-шашыратқыштарды пайдаланады. Терезелердегі торларды арнайы қайшылармен кеседі немесе өрт машиналарының көмегімен ашады.
Бөлімшелердің өртке келісімен негізгі тапсырмасы жанып жатқан дүкендер мен қойса бөлмелерінен тауарларды көшіру және уақытында қорғау болып табылады. Көшіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ тәжірибелі командирды тағайындайды және оның басшылығына күштер мен құралдардың бөлігін бөледі. Материалдық құндылықтарды көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды, әскери бөлімдерді және оқу орындарын жұмылдырады. Көшіру кезінде барлық транспорт механизмдерін, жүк лифттерін, көтергіштерді, электрокарларды қолданады.
Бірінші кезекте ең құнды тауарларды, сол сияқты судың тиюінен жанудың күшеюіне әкелетін және жану аймағында жарылысқа, тұтануға, улы газдар мен булардың бөлінуіне соқтыратын заттар мен материалдарды көшіреді.
Барлық тауарларды дүкендерден қауіпсіз жерде орналасқан бос бөлмелерге немесе дүкен ауласына көшіреді және күзетті қояды.
Сауда және қома бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін суды, суландырғышы бар суды, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті және басқа да арнайы өрт сөндіру құралдарын қолданады. Сөндіру үшін су оқпандарының санын 0,2л/(м2с) тең су беру қарқындылығынан шыға анықтайды, ал орташа қысқалықты АМК генераторларының санын суда көбіктүзгіш ерітіндісін берудің 0,1 л/(м2с) тең қарқындылығынан шыға анықтайды.
Сауда залдарында және үлкен көлемді, биік бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін судың жинақты ағыстарын, дүкен қоймаларында – шашыранды ағыстарды пайдаланады. Маталарды, киім, талшықтарды сөндіру кезінде суландырғыш ерітінділерін қолданады, ыдыстағы ЖТС, әсіресе шыны ыдыстағы, аэрозольді заттарды сөндіру кезінде – орташа қысқалықты АМК немесе шашыратылған су қолданылады.
Қойма бөлмелерінде өрттер пайда болған кезде, негізгі күштер мен құралдарды жанып жатқан бөлмелерге, ал резервті оқпандарды – сауда залдарын қорғауға енгізеді. Егер өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде пайда болса, онданегізгі күштер мен құралдарды өртті сөндіру үшін, ал резервті оқпандарды – екінші қабаттың тұрғын пәтерлерін қорғауға енгізеді. Дүкендердің қоймаларындағы өрттер кезінде, негізгі күштер мен құралдарды жертөлелерде өрттерді сөндіруге, ал резервті оқпандарды жертөледен дүкенге апаратын әрбір технологиялық ойықтарға енгізеді. Жанғыш материалдардан салынған базар дүкендеріндегі өрттерді сөндіру кезінде, бірінші оқпандарды, ереже бойынша, А және лафетті оқпандарын өрттің негізгі даму жолдарына, ал Б оқпандарын- жанып жатқан ғимарат ішіне береді.
Сулы және көбік ағыстарын сөрелер және штабельдер арасындағы өтпелер арқылы береді.
Дүкендерде өрттерді сөндіру кезінде, артық төгілген су тауарларды зақымдайтынын және үлкен материалдық шығындарға әкелетінін ескеру қажет. Сондықтан да сөндіру кезінде жабылмалы оқпандарды, шашыратылған ағыстарды қолданады. Жанбайтын сөрелер мен штабельдердегі материалдық құндылықтарды брезентпен және басқа да қол астындағы материалдармен жабады. Сөндірумен бір уақытта төгілген суды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Дүкендердегі өрттер кезінде жауынгерлік учаскелерді сауда залдары, қоймалық бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда саты торлары жағынан ұйымдастырады.
Түтінденген бөлмелерде өрттерді сөндіру, газтүтіннен қорғаушылар бөлімшелері және буындары көмегімен жүзеге асырылады, бұл жағдайда түтінденген аймақта жұмыс істеушілерді ауыстыру үшін бөлімшелер резервін құрады.
Сауда кәсiпорындары және тауар-материалдық құндылықтар қоймалары жобаланылуының күрделiлiгiмен, кiретiн жерлердiң және терезе ойықтарының аз санымен, адамдардың және тауар-материалдық құндылықтардың көптігімен, түрлі физика-химиялық сипаттары бар, жануы мен термикалық ыдырауы жарылыс, түтіннің қарқынды түрде пайда болуы, улы заттардың бөлінуімен қатар жүретін материалдардың болуымен сипатталады.
Сауда кәсiпорындарында және тауар-материалдық құндылықтар қоймалардағы өрттерде:
полимерлi материалдардың жануы және жаңадан жану ошағының көлденеңінен, сондай-ақ, төменгі қабаттарда туындауына әсер ететiн жанғыш ерітіндінің ағуы;
темiр конструкциялардың, стеллаждың құлауы және жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы мүмкін.
Сауда кәсiпорындарындағы немесе тауар-материалдық құндылықтар қоймаларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:
адамдардың, материалдық құндылықтардың орналасқан орнын анықтауға, тиеу-түсiру құралдарын пайдалана отырып, оларды көшiру немесе құтқару тәртiбiн анықтап, шара қабылдауға;
сөндiру үшiн жабылмалы оқпандарды, шашыранды суларды, көбiктi, от сөндiргiш ұнтақтарды және инерттi газдарды беруге;
қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2 бөлім. Өрт сөндіру
2.1 Өрт және оның дамуы
Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет пен қоғамның қызығушылығына, адамдарға материалдық шығындар әкелетін бақылаусыз жану.
Өрт жанудан басқа уақыт пен кеңістікте дамитын массо- және жылу алмасу құбылысын қосатын қиын физико-химиялық процесс. Бұл құбылыстар өзара тығыз байланысты және өрт параметрлерімен сипатталады: жану жылдамдығы, температурасымен, және т.с.с. жағдайлар қатарымен анықталады.
Массо- және жылу алмасу құбылысын өрттің өлшемі мен пайда болу орнына тәуелсіз жалпы құбылыстар деп атайды. Өрт кезінде жану процессі жеткілікті үлкен уақыт аралығында адаммен басқарыла алмайды. Бұл процестің әсері үлкен материалдық шығындарға әкеледі.
Жалпы құбылыстар жеке құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни өртте болатын немесе болмайтын. Оларға жататындар: жарылыстар, құрылыс конструкцияларының, технологиялық аппараттар мен қондырғылардың деформациясы және бұзылуы, резервуарлардан мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы және басқа да құбылыстар.
Жеке құбылыстардың пайда болуы тек өртте қолайсыз жағдайларда ғана пайда болуы мүмкін. Осылайша, өрттің үлкен ұзақтылығы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы тек ғимараттарда және ашық өндіріс орындарында өтеді; мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы – тек қара және суланған мұнай өнімдерінің жануы кезінде.
Өрт сонымен бірге қоғамға тек материалдық емес, сонымен қатар моральді шығындарға әкелетін әлеуметтік құбылыстармен өтеді. Адамдардың өлуі, термиялық зақымдалу және токсикалық жану өнімдерімен улану, адамдар көп келетін объектілерде үрейдің пайда болуы және т.б. - өртте болатын құбылыстар. Бұл ерекше құбылыстар тобы психологиялық ауыртпалыққа және адамдарды стресс күйіне әкеледі.
Біздің және дамыған елдердің статистикалық есептеулері бойынша, түрлі тағайындаулы ғимараттарда адамдардың өлімі мен шығыны өрттің қауіпті факторларына байланысты. Қауіпті факторлар зақымдалуға, адамдардың өлімі мен улануына, сол сияқты материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін өрт факторларымен түсіндіріледі.
Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары (ӨҚФ) болып табылады:
Ашық от және ұшқындар; заттардың, қоршаған ортаның жоғары температурасы; токсикалық жану өнімдері, түтін; оттегінің төмендетілген концентрациясы; агрегаттардың, қондырғылардың құрылыс конструкцияларының құлайтын бөліктері және жарылыстың қауіпті факторлары.
Өндірістік және қойма ғимараттарындағы өрттер ең үлкен материалдық шығындарға әкеледі, ӨҚФ адамдардың өлімі тұрғын ғимараттарда өтеді. Көп қабатты өндірістік ғимараттарында өрттер сирек болады, бірақ вертикаль бағытта тез таралады, олардың материалдық шығындары бір қабатты ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Үлкен материалдық шығындар мен адамдардың өлімін ірі өрттер әкеледі.
Адамдардың өлімі, негізінен, өрт дамуының бастапқы кезеңдерінен басталады. Өртте ең жиі балалар, қарт кісілер және мүгедектер қайтыс болады.
Өрттер санының өсуі, адамдар мен өлімі материалдық шығындар шамасы өндіріс концентариясымен, өртке қатысты жаңа қауіпті технологияларды құрумен, өрт бөлімдерінің қамтамасыз етілу деңгейімен және уақытында шараларды қолданылмаумен анықталады.
Осылайша, өртте бір-бірімен өзара байланысқан түрлі құбылыстар өтеді. Олар жалпы физико-химиялық және әлеуметтік-экономиялық заңдар негізінде жүреді, оларды білу арқылы өрттегі жағдайды сапалы бағалауға және өртті сөндіруге қолайлы шешімді енгізуге тиімді. Өртті детальді оқу және олармен күрес тактикасын өңдеу мақсатында, барлық өрттер топтар, класс және түрлер бойнша топтастырылады. Олардың топтастырылуы ұқсастық әсерлері негізінде өткізіледі.
Қоршаған ортамен массо- және жылу алмасу шарты бойынша барлық өрттер үлкен екі топқа бөлінген – ашық кеңістікте және қоршауларда.
Жанғыш заттар мен материалдар түріне байланысты өрттер А, В, С, Д класстарына және А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және ДЗ подкласстарына бөлінген.
А классты өрттерге қатты заттардың жануы жатады. Бұл жағдайда егер ағаш, текстильді өнімдер, қағаз бықсушы заттары жанатын болса, онда өрттер А1 подклассына жатады; ал бықси алмайтын заттар, мысалы пластмассалар А2 подклассына жатады.
В классына жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар жатады. Олар В1 классына жатады, егер суда ерімесе (бензин, дизтопливо, мұнай және т.б.) және В2 классына суда еритін (мысалы, спирттер).
Егер жануға газдар, мысалы сутегі, пропан және т.б. қатысса, онда өрттер С классына жатады, металлдар жануы кезінде – Д классына. Д1 — жеңіл металлдардың жануын бөледі, мысалы, алюминий, магний және т.б.; Д2 – сілті және басқа да ұқсаса металлдарды, мысалы натрий, калий. ДЗ — металлоқұрамды қосылыстардың жануы, мысалы металлоорганикалық немесе гидридтердің.
Достарыңызбен бөлісу: |