Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломлық жұмысты (жоба) дайындау бойынша ТАПСЫРМА
Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Семей қаласында орналасқан «Казполиграф» ЖШС ғимаратында өртті сөндіру бойынша жауынгерлік әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген №10 ж/қ от «16» қыркүйек 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «05» маусым 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер нысанның жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:
№
п/п
|
Тарау атауы
|
орындалу
мерзімі
|
1
|
Кіріспе
|
17.10.2014
|
2
|
Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
|
25.10.2014
|
3
|
Шақыруды өңдеу
|
02.11.2014
|
4
|
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы
|
10.11.2014
|
5
|
Нысанның жедел-тактикалық сипаттамасы
|
25.12.2014
|
6
|
Өрт және оның құбылыстары
|
20.01.2015
|
7
|
Өрттердің дамуы
|
28.01.2015
|
8
|
Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты
|
01.02.2015
|
9
|
Ғимараттың қабаттарында өрттерді сөндіру
|
10.02.2015
|
10
|
Жылжымалы өрт техникасымен «Казполиграф» ЖШС өртті сөндіруді ұйымдастыру
|
20.02.2015
|
11
|
Өрттің негізгі параметрлерін болжамдау (1 нұсқа)
|
28.02.2015
|
12
|
Өртті сөндіруді ұйымдастыру
|
05.03.2015
|
13
|
Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы
|
14.03.2015
|
14
|
«Казполиграф» ЖШС-нің өрт кезінде жағдайын болжамдау (2-нұсқа)
|
27.03.2015
|
15
|
Өрт сөндіруді ұйымдастыру
|
01.04.2015
|
16
|
Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы
|
06.04.2015
|
17
|
Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзу
|
20.04.2015
|
18
|
Өртте күштер және құралдармен басқарудың негізгі принциптері
|
05.05.2015
|
19
|
Өрт сөндіру басшысы
|
15.05.2015
|
20
|
Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
|
20.05.2015
|
21
|
Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
|
22.05.2015
|
22
|
Қорытынды
|
01.06.2015
|
23
|
Әдебиеттер тізімі
|
03.06.2015
|
5. Тапсырманы тапсыру мерзімі «____»______________ 2015 жыл.
6. Бекітемін:
ө.қ.қ. подполковнигі Карденов С.А.
7. Жетекші:
ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.
8. Тапсырманы орындауға қабылдадым:
ө.қ.қ. кіші сержанты Санатов Е.К.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
5
|
1.
|
Жауынгерлік іс-әрекеттерінің сараптамасы
|
7
|
1.1
|
Өрт бөлімдердің жауынгерлік іс-әрекеттерінің азмұны мен маңызы
|
7
|
1.2
|
Өртке шығу және бару
|
14
|
1.3
|
Қоймалық ғимараттар өртті сөндіру және даму ерекшеліктері
|
18
|
2.
|
Өрт сөндіру
|
22
|
2.1
|
Өрт және оның дамуы
|
22
|
2.2
|
Өрттердің дамуы
|
34
|
2.3
|
Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты
|
35
|
3.
|
ЖШС «Казполиграф» жедел тактикалық мінездемесі
|
42
|
3.1
|
ЖШС «Казполиграф» смпаттамасы
|
42
|
3.2
|
Өрт сөндіру заттарын тандау
|
44
|
4.
|
Материалды-техникалық заттар қоймасындағы өртті қозғалмалы өрт техникасын пайдаланып сөндіруді ұйымдастыру
|
47
|
4.1
|
Құтқаратын жұмыстардың өткізу ұйымы
|
47
|
4.2
|
Гофратара цехінде өрттің негізгі параметрлерін болжамдау
|
48
|
4.3
|
Өртті сөндіруді ұйымдастыру
|
55
|
4.4
|
Қоймада өрт кезінде жағдайын болжамдау
|
58
|
4.5
|
Өрт сөндіруді ұйымдастыру
|
62
|
5.
|
Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
|
65
|
6.
|
Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
|
67
|
|
Қорытынды
|
69
|
|
Әдебиет
|
70
|
Кіріспе
ХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған ел. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!
Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.
Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.
Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.
Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда.
Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.
Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.
Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.
Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.
Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.
Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.
1 бөлім. Жауынгерлік іс-әрекеттерінің сараптамасы
1.1 Өрт бөлімдердің жауынгерлік іс-әрекеттерінің азмұны мен маңызы
Өртті сөндіру бойынша негізгі жауынгерлік тапсырма сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарымен анықталатын қысқа мерзім ішінде өртті тоқтату және жою бойынша болып табылады.
Негізгі жауынгерлік тапсырманың орындалуы өртке қарсы қызметінің басқару органдарының жеке құрамымен және бөлімшелерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларымен, ал өртке қарсы режим жағдайларында сол сияқты өрт-техникалық оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамымен және ғылыми –зерттеу мекемелерінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.
Жауынгерлік тапсырманы үздік орындау үшін қажет:
өртте уақытында күштер мен құралдарды жұмылдыру;
шешуші бағытты ескере отырып, белсенді іс-қимылдар.
Осының барлығы жоғары әмбебап деңгеймен, физикалық және психологиялық дайындықпен жүзеге асады.
Өртті сөндіру бұл заттарды, адамдарды құтқаруға және өртті тоқтатуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі функциясы болып табылады. Өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдар тізімі келтірілген.
Жауынгерлік іс-әрекеттердің түрі:
шақыруді өндеуі;
өртке шығу және бару;
өртті барлау;
адамдарды және мұлікті құтқару;
жауынгерлік қанат жаю;
жануды жою;
арнайы жумыстарды орындау;
жиналу және бөлімге қайыту.
Өрттердi сөндiрудегi жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:
шақыруларды өңдеу;
шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;
өрттi барлау;
адамдарды және мүлiктердi құтқару;
жауынгерлiк қанат жаю;
жануды жою;
арнаулы, апаттық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;
жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.
Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.
Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.
Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар өрттi сөндiруге қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы ерекше жағдайда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру басшысының шешімі бойынша ғана немесе АҚЖ) орындалады.
Шақыруды өңдеу
Шақыруды өңдеу өртке қарсы қызметінің ӨБОП (ББП) радиотелефонисі (бұдан әрі – кезекші диспетчер) белгiленген тәртiп бойынша жүргiзеді және өзiне:
хабарлаушыдан хабарламаны қабылдау және тiркеу;
алынған ақпаратты бағалау және шығу кестесiнде (күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарында) көрсетiлген күштер мен құралдарды шақыру орнына бағыттауға шешiм қабылдау;
«ДАБЫЛ» белгiсiн қосу;
өртке шығу жолдамасын (1-қосымша), сондай-ақ болған жағдайда, өрт сөндiру жедел жоспары мен карточкасын, жанып жатқан объектi жөнiндегi ақпаратты қарауыл немесе ауысым кезекшiлiгін басқаратын лауазымды тұлғаға (бұдан әрi – қарауыл бастығы) дайындап өткізу (тапсыру);
лауазымды тұлғаларды шығу объектісі (өрт) туралы қолда бар ақпараттармен қамтамасыз ету жатады.
Хабарлаушыдан өрт туралы ақпаратты қабылдағанда кезекші диспетчер мүмкiндiгiнше:
шақыру объектінің мекен-жайын немесе оның орналасқан жері туралы басқа да мәлiметтердi;
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптiң барын және оның сипаттамасын;
объектiнiң ерекшелiгiн;
хабарлаушының тегін, аты-жөнін және телефон нөмірін;
хабарлау уақытын;
бөлiмнiң жауынгерлiк тапсырманы орындауына әсер ететiн басқа да мәлiметтердi анықтауы қажет.
Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады.
Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.
Қажеттiлiгiне қарай және техникалық мүмкiндiкке байланысты өрт туралы қосымша (анықталған) ақпарат кезекшi диспетчерімен өрт орнына бағыт алған күзет бастығына дереу радио байланысы арқылы беріледі.
Негізгі жауынгерлік тапсырма жауынгерлік іс-қимылдар деп аталатын бөлімшелердің түрлі қимылдарды орындау жолымен жүзеге асырылады, өйткені олар күні-түні жауынгерлік жағдайында, жоғары және төмен температураларда, түтінденген және улы ортада, биіктерде және жер төрелерде, жарылыс, бұзылу, жер сілкінісі және т.б. табиғат апаттарында өткізіледі.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының сапалығы мен тиімділігі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде ең бастылары болып табылатыны: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы және қабілеттілігі.
Жауынгерлік дайындық – Жарғымен талап етілген, тапсырмалардың табысты орындалуын қамтамасыз ететін гарнизондардың, бөлімше, қарауыл, өртке қарсы қызметінің кезекші смендерінің, өртке қарсы құрулардың күштері мен құралдарының күйі.
Жауынгерлік қабілеттілік бөлімшелердің өздерінің негізгі жауынгерлік тапсырмаларын өз тактикалық мүмкіндіктер шегінде орындау қабілеттілігімен түсіндіріледі.
Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігі – бұл әрбір қарауыл және бөлімшенің кезекшілік күйден жауынгерлік күйге тез арада ауысуын қамтамасыз ететін қабілеттілік күйі, өртте минималды уақыт аралығында шешуші және тиімді қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізінде объективті сипатқа ие анықталған заңдылықтар жатыр. Осылайша, өртте бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ең басты заңдылықтармен байланыстырылады.
Бөлімшелерде заманға сай құралдардың саны мен түрі ұлғаюынан жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекет ету ролі біршама өсті. Сондықтан да, әрбір өрт жауынгерінің білім деңгейі, шыдамдылығы жоғарылады, сол сияқты бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі қателіктері де өсті.
Әрекеттестіктен басқа, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарында нақты жағдайлармен анықталатын басқа да заңдылықтар орны бар. Бұл жағдайлар былайша түсіндіріледі: жауынгерлік тапсырманы орындайтын бөлімшелер күйінің саны мен сапалығы, олардың техникалық жабдықталғандығы, өрттің таралу параметрлері, өртті сөндіру және адамдарды құтқарудың әдістері. Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының заңдылықтары басқа да практикалық аумақтардағы заңдылықтары сияқты объективті сипатқа ие.
Бірақ, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының объективті сипат бар болуының заңдылықтары бұл қимылдарға субъективті факторлар әсерін керек етпейді. Керісінше, айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлау кезінде олармен басқару оңай емес.
Объективті жағдайларда бөлімшелердің табысты жауынгерлік іс-қимылдары мүмкін табысқа тәуелді, олар өз беттерімен оң нәтижеге әкеледі. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының табыстылығы, өртте негізгі тапсырмаларды щбъективті және субъективті орындау болып табылады. Сондықтан өртте жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуына өртке қарсы қызметінің басқарушы құрамының ұйымдастырушылық қабілеттілігі, бөлімшелермен басқара білуі әсер етеді.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына тек заңдылықтар ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлар да әсер етеді. Кездейсоқтылық себебі ең алдымен біздің қызметтік жетіспеушіліктеріміз болуы мүмкін - бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының нашар ұйымдастырылуы, олармен басқару жетіспеушілігі, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшелердің жеке құрамының жетіспеушілігі және т.с.с.
Айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына кері әсер ететін кездейсоқтылықтан басқа, тапсырманы шешуге әсер ететін қосымша жағдайлар болуы мүмкін: табиғи жауынның түсуі, жел бағытының өзгеруі және т.с.с. Сондықтан да жауынгерлік іс-қимылдар барысында тек қолайсыз жағдайларға қарсы тұру ғана емес, сонымен бірге өртті сөндірге пайдалы қимылдарды қолдану қажет. Бұл іске басқарушы құрамның ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы тактикалық және бөлімшелер жеке құрамының психологиялық дайындылығы тікелей байланысты.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары әрдайым кеңістік және уақытпен шектелген. Олар салыстырмалы түрде кіші аумақтарда және қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының ұзақтылығы өртте жауынгерлік тапсырманы орындауға қажетті уақытпен анықталады, және жауынгерлік жағдайға, санына, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігне байланысты. Олар бөлімшенің өрт орнына шығу сәтінен басталып, өртте жауынгерлік тапсырманы орындап болғаннан кейін аяқталады. Бұл уақыт аралығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейбір кезде тәулікке дейін жиілейді, бұл бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар негізіне байланысты.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізі жауынгерлік жағдаймен анықталады. Өрттегі бөлімшелердің санына байланысты олардың жауынгерлік іс-қимылдары бірнеше сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін өртте жауынгерлік тапсырманы негізіне сүйене отырып, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуын қарастырамыз.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары екі негізгі белгімен топтастырылады: сипаты және тағайындалуы бойынша.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары сипаты бойынша жалпы және жеке болып топтастырылады.
Жауынгелік іс-қимылдардың тағайындалуы өртті сөндіру кезінде жүзеге асады.
Жауынгерлік іс-қимылдардың жеке түрі нақты өрттерді сөндіру кезінде жүзеге асырылады. Олар өрттегі жеке, ерекшеленген жағдайлармен анықталады. Мысалы, өртте адамдардың өміріне қауіп төнуі, конструкцияларды ашу және бұзу қажеттілігі және т.с.с.
Тағайындалуы бойынша жауынгерлік іс-қимылдар даярланатын, негізгі және қамтамасыз етуші болып бөлінеді.
Даярлаушы жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.
Негізгі жауынгерлік іс-қимылдар өртте өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі жауынгерлік тапсырмаларды орындау жетістігімен түсіндіріледі.
Қамтамасыз етуші жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдарды жеткілікті орындау нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары топтастырылуының принципиалды сызбасы бір бөлімшенің мысалында көрсетілген (сур.3.2.). (сур.3.2.) көрініп тұрғандай, жану тек негізгі түрмен ғана емес, сонымен бірге бөлімшелердің жауынгерлік іс—қимылдарының жалпы түрімен де жойылады. Бұл уақытта адамдар мен жануарлардың (құтқару, көшіру және оларды түрлі құралдармен қорғау) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түріне жатса да, ол жеке болып табылады, өйткені ол барлық өрттерде орындалмайды.
Сур. 3.2. Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы
Бөлімшелердің жалпы жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі ерекшелігі олардың белгілі бір тәртіпте орындалуында болып табылады, сондықтан да олар тәртіптік процесстерге жатады. (сур. 3.3, "а").
Бөлімшелердің жеке жауынгерлік іс-қимылдары, ереже бойынша, жауынгерлік қанат жаю және жануды жою тәрізді жалпы іс-қимылдармен параллель орындалады. Бұл жағдайда бөлімшелердің жеке және жалпы жауынгерлік іс-қимылдарының жиынтығы тәртіпті-параллельді процесстерге жатады және жүйелік модель түрінде бейнеленуі мүмкін (сур. 3.3, "б").
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының жүйелік моделі (сур. 3.3, "б") жеке және жалпы түрлердің графикалық бейне түрінде болады.
Жауынгерлік іс-қимылдардың түрлері (сур.3.3, "а") көрсетілгендей атпен немесе нақты жұмысты орындау уақытының цифрларымен белгіленеді.
Графиктер (сур. 3.3, "а", "б") өрт сөндіру жоспарын өңдеу кезінде, өрт-тактикалық оқуларды өткізу кезінде және сөндірілген өрттерде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдар анализын өткізу кезінде пайдаланылады. Олар бөлімшелер арасындағы байланысты орнатуға және бөлімшелердің басқару жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Онымен қоса, графиктер бірнеше бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының барлық сандық сипатты өзгерулер динамикасын бейнелемейді, сондықтан да ол топтастырылуды түсіндіретін негіз болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |