мұндағы Р– өрт ауыртпалығы, МДж/м2; а–тығыздыққа тәуелді заттар мен материалдардың жану жылдамдығының коэффициенті; b – ғимараттың параметріне тәуелді заттар мен материалдардың жану жылдамдығының коэффициенті; с – өртке қарсы техниканы бейнелейтін коэффициент.
Өрт ауыртпалығын және есептелген өрт ауыртпалығын сол сияқты кг/м2 анықтауға жіберіледі. Онда, объектінің өрт ауыртпалығы 1 м2 ауданға немесе бөлме еденінің ауданына келетін барлық жанғыш және қиын жанатын материалдар массасымен түсіндіріледі.
Есептелген өрт ауыртпалығы өрт ұзақтылығын сипаттайды (ауыртпалық үлкен болған сайын, өрт соғұрлым ұзақ).
Жану жылдамдығы жану кезінде уақыт бірлігінде материал массасының жоғалтуымен түсіндіріледі. Термиялық ыдырау процесі заттар мен материалдар массасының төмендеуімен жүреді, есептеуде ол уақыт және аудан бірлігінде массалы жану жылдамдығы кг/(м2*с) тәрізді болады және мына қатынаспен анықталады
, (1.3)
мұндағы dm – материал массасының элементарлы өзгеруі, кг, , с уақыты ішінде; S – жану ауданы, м2.
Жанудың массалы жылдамдығы заттың немесе материалдың агрегаттық күйіне, бастапқы температурасына және басқа да жағдайларына тәуелді. Жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың массалы жану жылдамдығы олардың булану қарқындылығымен анықталады. Қатты заттардың массалы жану жылдамдығы жанғыш түріне, өлшеміне, бос беттік шамасына; өрт температурасына және газалмасу қарқындылығына тәуелді. Массалы жану жылдамдығына қоршаған ортадағы оттегі концентрациясы өз әсерін тигізеді.
Жалынның сызықты таралу жылдамдығы (өрттің) берілген бағытта уақыт бірлігінде жалын майданының қозғалысымен сипатталады. Ол жанғыш заттар мен материалдар түрі және табиғатына, бастапқы температураға, жанғыштың тұтануға қабілеттілігіне, заттар мен материалдар бетіндегі жылулық ағын тығыздығына тәуелді.
Жанудың сызықты таралу жылдамдығы м/с, жанғыш материал беттігі бойынша мына қатынаспен анықталады:
, (1.4)
мұндағы, l – бір бағытта жалын майданымен өтілген қашықтық, м; – жалын майданының таралу уақыты, с.
Жану ауданының беттік ауданына қатынасы беттік жану ауыртпалығы коэффициентімен КП сипатталады:
, (1.5)
КП шамасынан өрт параметрлері өзгереді. Осылайша, қамтамасыз етілген газ алмасу кезінде КП ұлғаюынан, жанудың таралуы мен жылдамдығы, өрт температурасы өседі.
Бұл, өз кезегінде, сөндіру параметрлерінде және қажетті от сөндіргіш заттарды беруді, сөндіру уақытын, сол сияқты өртті жоюға қажетті жалпы күштер мен құралдар санын керек етпейді.
Қоршаулардағы өрт температурасы бөлмедегі газды ортаның орта көлемді тнмпературасымен түсіндіріледі, ашық кеңістіктердегі өрт температурасы – жалын температурасымен. Қоршаулардағы өрт температурасы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегіге қарағанда төмен болады.
Жану процесін сипаттайтын ең басты параметрлердің бірі өрт кезінде жылу бөлудің қарқындылығы болып табылады. Бұл шама өрт кезінде бөлінетін жылу мәніндегі уақыт бірлігіне тең. Ол заттар мен материалдардың жану жылдамдығымен және жылу құрамымен анықталады. Жылу бөлу қарқындылығына оттегі құрамы және орта температурасы әсер етеді, ал оттегі құрамы қоршаулардағы өрттер кезінде бөлмеге ауа қарқындылығының енуіне және ашық кеңістіктердегі өрттер кезінде жалынды жану аймағына ауаның өтуіне байланысты. Ауа ағынымен реттелетін өрттер кезінде, жылу бөліну қарқындылығы келетін ауа шығынына пропорционал:
, (1.6)
мұндағы,– жанудың толық коэффициенті; η – уақыт бірлігінде қатты немесе сұйық күйден газ тәрізді күйге ауысуы кезінде келетін заттар мен матиериалдардың жану жылдамдығы; – келетін ауадағы оттегі концентрациясы; L1 – жанғыш материалдың жануына қажетті оттегінің теориялық мөлшеріество; G – бөлмеге енетін ауа шығыны, м3/с;
Егер өртте жану ауа ағынымен шектелмесе, жылу бөліну қарқындылығы жалынмен қамтылған материал бетінің ауданына байланысты. Жалынмен қамтылған заттар мен материалдар бетінің ауданы өрт барысында тұрақты шама болып қала беруі (мысалы, сұйықтықтың резервуарда жануы, құлатылу және т.б.) немесе өзгеруі мүмкін (мысалы оттың жиһаз және басқа жанғыш материалдар бетімен таралуы). Өрттегі жылу бөліну қарқындылығы газ алмасуға байланысты және мына формула бойынша анықталады:
(1.7.)
Өрт кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты заттар бөлінеді. Оларды жану өнімдері деп атайды, яғни жану нәтижесінде түзілген заттар. Олар газды ортада таралады және түтіндену құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |