Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
соларға барайын Болатжан да жоқ. Сен үйде бол, өзім телефонмен бір хабарын
берермін... Уһ!
Талшын сыртқы киімдерін киініп, есікке беттейді.
Б а й м ы р з а. Әй, көшеде байқа. Жер тайғақ, бір жеріңді майып қылып алып жүрме.
Т а л ш ы н. Мені жау алар деймісің. Жаңағы баланы айтсаңшы. Ал,
жақсы... Есікті кілттеп алыңдар.
Кетеді.
Баймырза
сыртқы
есікті
бекітіп,
асүйдегі
жас
қонақтардың жанына келіп отырады.
Б а й м ы р з а. Әлгі мамасының айтқанына көнбей, көшеге шығып кетіп жүрген жаман
неме – үлкен немереміз. Оныншы класта оқиды. Үйлері –
осы арадан
екі аялдамадай жер. Жас неме, бірдеңеге ұрынып қалып жүрмесе жарады әйтеуір.
А қ м а р а л. Мана алаңға қаладағы қазақ мектептерінің жоғары класс
оқушылары да шыққан. Неше түрлі ұрандар жазылған плакаттар, транспоранттар
көтеріп алыпты олар да.
Б а й м ы р з а.
Айтпақшы, көп адам жиналды ма өзі?
Қ а й с а р. Отыз-қырық мыңдай болар. Брежнев алаңы лық толып тұрды. Кілең жастар
негізінен.
Б а й м ы р з а. Алда, айналайындар-ай!..
Иә, негізгі көтерген ұрандарың қандай сонда?
А қ м а р а л: «Әр ұлт өзін-өзі
билесін!», «Лениндік ұлт саясаты
жасасын!», «Басты талабымыз – азаттық, теңдік, демократия!» деген секілді
ұрандар көбінесе.
Б а й м ы р з а
(күйіп кетіп).
Ой, әлгі біздің советтік
радио мен телевизорлардың
таңертеңнен
кешке
дейін
жағы
сембей, қазақ жастары мен экстремистері ұлтшылдық ұрандар көтеріп, сепаратистік
қимылдар танытуда деп сайрап жатқандары қайда? Азаттық, теңдік, демократия
дегендердің де ұлтшылдық пен экстремистікке жататыны болғаны ма сона?
Қ
а
й
с
а
р
(ызалы
үнмен).
Ой,
ағай!
Біз
түк
түсінбейді екенбіз ғой. Біздің өкіметіміз нағыз екі жүзді өкімет екен ғой!..
(Қызбаланып,
орнынан
тұрып
кетеді).
Бұл
өкіметтің
айтатыны
басқа
да, ал істейтіні мүлде басқа екен. Тура дүмше, арамза молдалар тәрізді.
Әйтпесе
өздері «демократия, теңдік, бостандық, қайта құру» деп алып, жастарға мұздай
қаруланған
жазалаушы әскер мен танкілерді, арнайы үйретілген овчаркаларды айдап
салуын не деп түсінеміз?!..
А қ м а р а л. Қазақтың бейшара халық екенін осы жолы анық түсіндік,
аға!.. Жеке республикамыз, үкіметіміз, туымыз, гимніміз,
гербіміз бар деп
далақтап жүре беріппіз. Соның бәрі қуыршақ үкімет пен қуыршақ символдар екен
ғой!.. Совет әскері мен совет милициясын мадақтаудан, соны киіндіріп,
тамақтандыпудан қазақтан асқан халық болған жоқ шығар.
Сонау Отан соғысы
жылдары қазақ байғұс өзі аштан бұралып жүріп, қапшығының түбіндегі соңғы уыс
бидайына дейін сол совет әскерінің аузына тоспап па еді?!.. Сөйткен халықтың
осы заманғы ұрпақтары біздерге сол әскердің бүгінгі көрсеткен қорлығын
көрсеңіз, төбе шашыңыз тік тұрар еді. Бар болғаны
біз мәдениетті құлдар
екенбіз!..
Достарыңызбен бөлісу: