Ұстаз – ұлы есімі



жүктеу 18,96 Kb.
Дата05.10.2022
өлшемі18,96 Kb.
#39501
Ұстаз мақала


Ұстаз – ұлы есімі
Дүниедегі мамандық атаулының төресі–ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен.
Тарихы терең , келешегі кемел - Көксу ауылшаруашылық колледжіне биыл 146 жыл толады. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің басты міндеті -ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан- жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Осы уақытқа дейін коледжімізді әр түрлі мамандықтар бойынша білімгерлер оқып аяқтады. Олардың көбі республикамыздың түкпір -түкпірінде әр түрлі салада еңбек етіп жүр. Біз оларды мақтан тұтамыз. Колледж бүгінгіні бағамдайтын ертеңін еңселі етіп, өткенін жаңғыртатын маман дайындауда деп нық сеніммен айтуға болады. Бір ғана себеп – тәрбиелі, білімді ұстаздың ұқтырар ұлағатының ұшан теңіз молдылығына. Ел ертеңі – білімді ұрпақ. Демек, ертеңгі күннің еңсесін биіктетіп, болашағын бағдарлайтын киелі шаңырқтың өрен ұлдары мен қыздарынан қөп үміт күтуге болады.Ұстаз еңбегінің мәні мен сәні – ол ту еткен шәкірттерге байланысты. Егер олар өмір мұхитынан өзіне орын тауып, халқына, Отанына адал азамат болса, ұстаз да бұтағы көп,жапырағы қалың, көлеңкесі мол бәйтерек тәрізді сәнденіп, гүлдене бермек. Білікті басшы Қарасаев Мәлік Әбілмәжінұлының басқаруындағы колледж ұжымы бүгінгі таңда білімгерлерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етуде. «Жас маман» жобасы шеңберінде колледж 2021 жылы іріктуден өтіп, республикалық жобаға қатысушылар тізіміне енген облыс колледждерінің бірі болды. «Жас маман» жобасын іске асырудың арқасында колледж еңбек нарығында жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік алып отыр. «Жас маман» жобасы -бұл колледждің материалды-техникалық базасын жақсарту мен кеңейтудің бұрын соңғы болмаған жетістігі. «Жас маман» жобасы аясында колледжіміз өңірдегі сұранысқа ие 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша және 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша материалды техникалық базасын кеңейтіп, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің қазіргі талапқа сай маман дайындау мүмкіндігіне ие болып отыр. Заманауи қондырғылар мен стендтер жаңа технологиялық
құзіреттілікті, сыни тұрғыдан ойлауды дамытып, білім алушыларға мотивациялық интербелсенді ортасын тиімді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Колледж оқытушысы Албакова Камчат Садырбайқызы Республикалық Гранд -турнирине білім алушыларды дайындап, шәкірттері Мельников Олег, Парков Илья, Федорова Екатерина 1-орынды иеленді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық конкурсында 3 орын иесі Джунисова Бейбитгул Авганбайқызы. «Жас электрик» атты Қалалық білім алушыларының арасында өткен байқауында женімпазды дайындағаны ұшын Шомакова Жазира Жомартқызы шәкірттері 1 орын Слабодин Вадим, 2 орын Гапеев Дмитрий. World skills Kazakstan Taldykoqan чемпионатына дайындық аясында «Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша Қуандық Бақберді Жалғасбекұл шәкірті Сембаев Нариман 1 орынға ие болды. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беріп жүрген білім ошағының барлық оқытушыларын жылына бір келетін мұғалімдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өрелі жұмыстарыңызбен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз

Көксу ауылшаруашылық колледжінің кітапханасы
жүктеу 18,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау