Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет64/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

Кенет 
терезенің 
алдынан 
овчаркаларын 
арпылдатып, 
бес-алты
солдат жүгіріп өтеді. Сырттан: Ддержите! Не упускайте! Бей!.. Пни! Не
жалейте!!..» деген үн естіледі. «Апа!.. Апажан!...» деп, құлындағы даусы
шырқырап шыңғырған қыз баланың дауысы түн тыныштығын тіліп өтеді. «Ах, ты
дикарь, тебе надо было пасти овец, а не демонстрировать тут свою
грамотность!..» деген қырылдай шыққан, тістенген, ызалы үн де естіліп жатады.
Пәтер 
ішіндегілер 
тілін 
тістеп 
алғандай, 
бір 
сәтке 
үнсіз
қалады. Бір-екі минуттай бөлме ішін үрейлі тыныштық жайлайды.
Т а л ш ы н. Ойбай, айттым ғой, әне. Шамды өшір... 
Б а й м ы р з а. Керегі жоқ. Қап, мыналар жас балаларды қыра ма, 
қайтеді-әй?! 
Т а л ш ы н. Өшір деймін... 
Б а й м ы р з а. Қойсаңшы енді. Шамды өшірем деп, қайта сезік тудырып 
аласың. 
Т а л ш ы н. Енді қайттік?! 
А қ м а р а л. Ағамдікі дұрыс. Осылай түк болмағандай отыра берейік. 
Т а л ш ы н. Жаман айтпай, жақсы жоқ, қазір кіріп келіп, тінту 
жүргізсе қайтеміз?.. 
Б а й м ы р з а. Өйте қоймас, қаланың қай пәтерін тінтіп тауысады. 
Т а л ш ы н. Сенің-ақ осы жайбарақаттығың қалмайды-ау. Басқаны басқа 
дейік, осылардың жайын біз екеуміз біліп болдық емес пе?! 
Б а й м ы р з а. Кемпір, маған бір ақыл келіп отыр. Былай болсын: сен 
шайыңды қайнат, мына балалардың да қарны ашқан шығар. Ал егер сен айтқандай, жаман 
айтпай жақсы жоқ дегендей болып, әлгі жаналғыштар келіп, тінту жасап жатса, бұл 
балдар менің Қызылордадан келіп жатқан немере туыстарым. Племянниктер. Бітті, 
сөз осы – бұлардың жаңа кешкі пойыздан түскен беттері. Айтпақшы, қарақтарым, 
сендердің ныспыларың кім? Мен өзімнің племянниктерімнің аты-жөнін білуім керек 
шығар. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Қ а й с а р. Аға, менің атым – Қайсар. 
А қ м а р а л. Менің есімім – Ақмарал. 
Б а й м ы р з а. Ал, кәне, онда былай шығыңдар... 
Бәрі 
ас 
үйге 
өтіп, 
үстелге 
жағалай 
отырады. 
Талшын 
шай
жабдықтарын әзірлеуге кіріседі.
Б а й м ы р з а. Қысылмаңдар. Қазір бірер кесе үнді шайын ішкеннен кейін, 
шешелеріңнің ашуы басылады. 
Т а л ш ы н. Иә, әйтеуір, мені алдарқата берсейші сол. Осы үйдегі 
жаман аттың бәрін маған жапсыра бер. 
Б а й м ы р з а. Қой, сен жаман болғанда, мен қайда барып адам болам. 
Сенен жақсыны мен бұ дүниеде әзірше кездестіре алмадым. 
Т а л ш ы н. Әзірше дейді тағы. Әлі де дәмесі бар-ау деймін өзінің. 
Б а й м ы р з а. Құдай сақтасын. 
Кенет 
телефон 
қоңырауы 
безілдеп 
қоя 
береді. 
Баймырза
орнынан тұруға ниеттенеді. Талшын демдеп жатқан пәрнегін қоя салып, телефон
аппараты тұрған коридорға қарай жүгіреді.
Т а л ш ы н 
(Баймырзаға)
. Ойбай, телефонды өзім алайын, сен тағы 
бірдеңені бүлдіріп жүрерсің. Әле-әле!.. Мәкентаймысың?! Амансыңдар ма? Балалар 
қайда? Үйде деймісің. Дұрыс-дұрыс. Ешқайда бармасын. Мектебі құрысын. Бір-екі 
күнге ештеңелері кетпес. Болатжан қайда? Дежурствода? Бастықтары дежурствоға 
қоятын содан басқа адам таппай қалған екен, ә! Мейлі-мейлі енді... Ана балаңа 
айт, алаңға барамыз деп, сорымызды қайнатып жүрмесін. Шетінен қамап, түрмеге 
тығып жатыр қазақтың өрімдей ұл-қыздарын. Мен де барам дейді?! Аяғына кісен 
салсаң да, үйден шығарма. Атасының он жыл Сібірде сарғайғаны да жетеді... 
Қазақтың намысы?!.. Намысы әдіре қалсын!.. Қазақтың намысын жоқтаған адам 
біздің үйдегідей-ақ шығар!.. Содан шыққан ұшпағымыз қайсы де оған!.. Айт, әжең 
қайта-қайта қақсап жатыр деп. Радио деймісің?.. Жарайт, оныңды да тыңдармыз, 
как раз шай ішейік деп жатырмыз. Ал жақсы, ана үлкеніңді тырп еткізбе Соған 
әлің келетін шығар енді. Жарайт-жарайт, ал, жақсы... 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау