(орнынан атып
тұрып, Қайсардың жанына жетіп келіп).
Әкел онда-бесті!.. Сен тек мені ойнап тұр екен
деп қалма – мен шынымды айтып тұрмын!..
Қ а й с а р
(Ақмаралдың қолын алып
жатып).
Мен де.
Дәл
осы
мезетте
сыртқы
есік
елеусіздеу
ашылады
да,
ішке
үстінде – қыстық пальто, басында – құндыз малақай, ақ түбіттен тоқылған ұзын
сәнді шарфты жер сыпырып, омырауы алқам-салқам ашылған, «нағыз бабына келген»
Тимур Қалдыбаевич тәлтіректей басып, кіріп келеді. Ақмарал беймезгіл, бейтаныс
қонаққа аңтарыла қалған күйі қалшияды да қалады. Мән-жайды білмекке алакөлеңке
коридорға шыққан Қайсарды беймезгіл «көңілді» қонақ бас салып, құшақтай алады.
Тимур Қалдыбаевич.
Али-и-к-к!..
Бауырым!...
ты
слушай, мен енді болмағанда адасып кете жаздаппын ғой-әй!... Ей, Богу... Әзер
таптым.
Тым
сілтеңкіреп
жіберіппіз,
ә?...
Ничего...
мен
шын
жүректен
қуаныштымын!...
Кәне,
тағы
да
құттықтап
қояйын
кандидаттығыңмен!...
Поз-др-р-ав-ляюю!... Енді көп ұзамай доктор бол!... Ана бәлемдердің онан сайын
іші күйсін... ха-ха-ха!... Кәне, сол үшін тағы бір алып жібереміз бе?... Ты,
слушай, сен не ғып үндемей қалдың, а?
Қ а й с а р
(мойнынан тас қып құшақтап алған бейтаныс қонақтың
құшағынан әзер босанып).
Кешіріңіз, міз мені біреумен шатастырып тұрған болуыңыз
керек. Мен Алик емеспін.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(Қайсардың уәжіне мүлде мән бермеген күйі аяғын
тәлтіректей
басып,
құндыз малақайын, пальтосын шеше бастайды).
Ха-ха-ха!
Ық-ық-ық-қ! Ой,
ішегім-ай!.. Алик, Алик!.. Алик дейім, баяғы Қапшағайдағы история есіңде ме?!
Сол жолы да сендер мені алдай алмағансыңдар!.. Алик, бау-у- ыр-рым-м... сен
немене, соныңытып қалғансың ба?! Ей богу, мен сені дәл осындай ұмытшақ деп
ойламаппын.
(Қолын ызылана сермеп).
Әй, бәрін қойшы солардың!... Шетінен –
қырт!... Біле білсең, бүткіл кафедрада сенің кандидат болғаныңа шын жүректен
қуанған мына мен ғана!.. Мен!.. Мен!.. Ал қалғандарының сенің сыртыңнан не
айтатынын
білсең
ғой?!
Эх,
Алик-
Ал-и-к-к!.. Сен баяғыда осындай наивный едің - әлі сол... Ей Богу... Саған қашан
ақыл кіреді – түсінбейім, түсінбейім-м... Ну ладно... Но ты помоги мне
раздеться, пожалуйста, Или ты не рад моему возвращению?
Қ а й с а р. Апырау, мен Сізге түсінікті-ақ қылып айтып тұрмын ғой – ешқандай да Алик
емеспін
мен!...
Сенсеңіз,
осындай
есімді
біреудің
бұ
дүниеде
бар екенін өмірімде тұңғыш рет естіп тұрмын.
Т и м у р Қ а л а д ы б а е в и ч
(теңселіп, бір қолымен қабырғаның жарын тіреп, бір
қолымен
пальтосын
кіре берістегі киім ілгішке іліп жатып, Қайсардың сөзіне бұрынғыша мүлде мән
бермеген
күйі).
Эх,
Алик!...
Алик!...
Един-н-ственный друг-г моо-о-о-й! Сендер мені ешқашан да алдай алмайсыңдар!...
Понятно тебе!... Ты сегодня выглядишь каким-то старомодным!... Правда, сенің о
бастағы әкең азан шақырып қойған атың да сондай старомодный бір пәле еді. Қалай
еді өзі?...
(Әлденені есіне түсіре алмағандай сәл ойланып тұрып қалады. Пауза)
А-а-а!...
(Ақыры есіне түсіріп)
Ха-ха-ха!
Ық-ық-қ-ық!... Әлібай, ӘлібайІ... Ну
и имя!... Әкең марқұм сені бай болсын деп армандаған болса керек. Бірақ сен,
өзің айтпақшы, өмір бойы жарымай келесің. Ничего-ничего!... Енді байисың –
айлығыңа қосымша кандидаттығың үшін төленетін жүз сом қалтамда дей бер енді.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Соны жуу үшін сен бүгін бәрімізді үйіңе шақырдың. Біз келдік. Правда,
қалғандары сенің тапқан-таянғаныңды ішіп-жеп, тайып тұрды. Как будто сол үшін
келгендей. Ал мен сенің ең жақын досың емеспін бе, өйтуге арым жібермеді. Ей
Богу... Міне, сондықтан да қайтып келіп тұрмын. Или ты действительно не рад
моему возвращению, тогда скажи прямо! В лоб!... Эх ты!... Еще друг
называется...
Қ
а
й
с
а
р
Достарыңызбен бөлісу: |