Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
М а р и я П е т р о в н а. Онда тыңдап көрелік үніңізді.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Жоқ, сіздің де қосылуыңыз керек.
Мен вокалист емеспін. Мен тек хормен ғана айтам.
М а р и я П е т р о в н а
(күліп).
Жарайт-жарайт, ондай болса...
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Кәне, онда... Кеттік!..
Екеуі әндете жөнеледі.
«Широка страна моя родная,
Много в ней лесов, полей и рек.
Я другой такой страны не знаю
Где так вольно дышит человек...»
М а р и я П е т р о в н а. Шынында да даусыңыз ғажап. Сондай бір...
Қалай
айтсам екен... Иә-иә, сондай бір жанға жайлы, астарлы сырға толы дауыс...
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Міне-міне!.. Осындай түсінігі мол
адамдардан айналмайсың ба!..
Орнынан
ұшып
тұрып,
тағыда
Мария
Петровнаға
жабыса
қалады.
Бұл жолы оның тамағынан сүйеді.
М а р и я П е т р о в н а. Қойыңызшы, сіз тіпті тереңдетіп бара жатырсыз ғой.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(екі қолын
көтеріп).
Қойдым-қойдым!.. Я пас, дорогая.
М а р и я П е т р о в н а
(алдындағы
көкөніс салатына шынышқысын сала
беріп).
Айтпақшы, сіз кандидаттығыңызды қандай тақырыптан қорғап едіңіз. Егер құпия
болмаса...
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(қайтадан
көңілденіп).
Түк құпиясы жоқ. О-о, біле білсеңіз,
бұл бір қызықты тақырып!.. Менің тақырыбым қазақтың ақ бас сиырларын костромалық
әріптестеріммен будандастыру хақында болатын.
М а р и я П е т р о в н а. Аха-ха!.. Ха-ха!.. Қойыңызшы!.. Шыныңыз ба бұл?..
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Мария Петровна, сіз мені өйтіп ренжітпеңіз...
М а р и я П е т р о в н а. Кешіріңіз. Сізді ренжітіп маған не болыпты.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч.
Онда - әңгіме басқа. Кезінде менің диссертациямды ғылыми совет единогласно қолдаған.
Понимаете, единогласно!... Бұл ғылыми өмірде өте сирек кететін жағдай. Әрине,
кертартпа
ұлтшылдар да болмай қалған жоқ. «Бәрібір мұндай буданнан пайда болған мал
Қазақстанның континенталды климаттық жағдайына үйренбейді, әр тұқымның өзінің
табиғи бейімделген географиялық қонысы,
ландшафы болады, бұл – жаратылыстың
ғасырлар бойы қалыптасқан заңына жасалған қиянат» деп те соқты бір білгіштер.
Бірақ ғылыми советтің мүшелері олардың ауыздарын аштырмай тастады. Мен
единогласно қорғап шықтым.
М а р и я П е т р о в н а.
Браво-браво!... Айтпақшы,ұлтшылдық демекші, бүткіл Алматы қазақ жастары Брежнев
алаңына
жиналып
алып,
ұлтшылдық,
экстремистік ұрандар көтеріп, көтеріліс ашқалы жатыр деп шулап жүр
ғой кешеден бері, одан не хабарыңыз бар?
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
Достарыңызбен бөлісу: