Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Қ а й с а р. Жиырма бірге шықтық қой...
А қ м а р а л. Ал мен жиырма төрттемін. Сенен бақандай үш жас үлкенмін,
так что әпкең екенмін ғой. Айтпақшы, келіншегің бар ма?
Қ а й с а р. Әскерден келгеніме бір жарым ғана жыл. Бар болғаны екінші
курстамын – қайдағы келіншек.
А қ м а р а л. Онда жүретін қызың бар шығар...
Қ а й с а р. Ол да жоқ. Қызға қарауға уақыт болмай жатыр.
А қ м а р а л
(күрсініп).
Иә, қыз қайда қашар дейсің.
Әуелі
дұрыстап мамандық алып алу керек. Біз оқып жүріп үйленгенбіз – көрмеген бейнетіміз
жоқ. Үйленгендерді жатақханадан шығарып жіберетінін білесің ғой.
Содан бері, міне, төрт жыл – жүрміз көрінгеннің босағасында телміріп.
Қ а й с а р
(сәл-пәл жымиып).
Онда неменесіне асықтыңыздар?..
А қ м а р а л. Соны өзім де түсінбеймін. Күйеуім теміржолда машинист,
былайша жуас жігіт... Бірақ күнде кешкілік – біз тұратын жатақхананың алдында
бір жуан емен ағашы бар – соның қасында қылқияды да тұрады. Жазың ба, қақаған
қасың ба – оған бәрібір. Бір рет сәндігі қысып, жалаңбас келген екен – құлағының ұшын
үсітіп алыпты. Бейшараны біртүрлі аяп кетім...
Қ а й с а р
(күліп).
А-а, тұрмысқы шығуыңа
үсіген құлақ себеп болған екен ғой.
А қ м а р а л.
Жоқ енді, былай... Құлақтан басқа да себептер болды ғой.
Қ а й с а р. Түсінікті-түсінікті...
А қ м а р а л. Айттым ғой мен, жалпы, мылжыңдаумын деп. Сен мені
кешір... Қарап отырғанша, ағайлар келем дегенше әңгімелесе тұрайық дегенім ғой.
Айтпақшы, менің СХИ-да екінші курста
оқитын туған сіңілім бар, сен соны алар ма
едің? Шын айтам, маған сен секілді батыл, ер жігіттер ұнайды.
Бағана сен
болмасаң мен сөзсіз құритын едім. Білесің бе, мен екіқабатпын ғой. Жә, басқасын
қойшы, шын айтам,
егер алатын болсаң, мен ол қызды көндірер едім. Туған сіңілім
ғой...
Қ а й с а р. Сіңіліңіз әдемі ме?
А қ м а р а л. Әне, сендер жігіттер, сондайсыңдар – қит етсе, әдеміні
іздейсіңдер.
Қ а й с а р.
Жалғыз біз емес, қыздар да сондай ғой.
А қ м а р а л. Оның рас. Дегенмен... Ал, кәне, тек Құдай үшін шыныңды айтшы, мен
қандаймын: әдемімін бе, әлде былай...
Қ а й с а р
(күліп).
Бұл сауалды жұбайыңызға
қойып көрдіңіз бе?
А қ м а р а л. Қоймағанда. Талай сұралған нәрсе ғой.
Қ а й с а р. Ол кісі не дейді?
А қ м а р а л. Оның сөзіне мен онша сене бермеймін. Жаңа айттым ғой, ол
тым жуас,
кісінің ыңғайна жығыла салады.
Қ а й с а р. Сонда да...
А қ м а р а л
(күмілжіңкіреп).
Оның айтуы бойынша, мен
аққұба, талдырмаш, ботакөз, нағыз хас сұлудың өзімін.
Қ а й с а р. Меніңше ол шындықтан тым алыс кетпепті. Жалпы, о жігіттің сіз қанша
жамандағанмен,
вкусы
жаман
болмау
керек.
Емен
ағашты
бекер
күзетпепті.
А қ м а р а л
(қуанып кетіп).
Ендеше сіңілім менің
аузымнан түсіп қалғандай! Тура мені көр де – оны көр!..
Қ а й с а р. Онда бітті. Мен келістім.
Енді сенің сол сіңіліңді
көндіруің ғана қалды.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
А қ м а р а л
Достарыңызбен бөлісу: