А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 0,79 Mb.
бет33/54
Дата19.05.2020
өлшемі0,79 Mb.
#30533
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Әлеум пед 3 курс ППО

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Балалар дарындылығының әлеуметтік – педагогикалық аспектілері қандай?

  2. Дарындылықтың қандай түрлері бар?

14 дәріс

Тақырып: Кәмелеттік жасқа толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы.

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы жөнінде түсінік қалыптастыру.

Дәріс мазмұны


  1. Профилактиканың реттік формалары

  2. Профилактикалық бағдарламаны құрастыру және оны жүзеге асыру.

Кәмелетке толмағандармен психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы − бұл психобелсенді заттарды қолдануға мүмкіндік беретін негізгі себептермен шарттарды жою немесе ескертуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Қазіргі уақытта профилактиканың бірінші, екінші, үшінші реттік формалары бөлініп көрсетілген.

Бірінші реттік профилактика − бұл психобелсенді заттарды қолдануға қатысты ескерту шараларының кешені. Екінші реттік профилактика − психобелсенді заттарды ауық-ауық қолданатындарда аурудың қалыптасуын және оның асқынуын ескертетін шаралар кешені. Үшінші реттік профилактика − аурудың қайталануын тоқтатуға бағытталған шаралар кешені.

Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану проблемасын шешуде бірінші реттік (ерте) профилактика жүргізу тиімді болып табылады.



Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдануын бірінші реттік профилактикада жеті маңызды тұрғысын немесе олардың байланысын бөліп көрсетуге болады.

  1. Ақпаратты беру − бұл тұрғы мынаны болжайды, психобелсенді заттар және оларды қолданудың зардабы туралы білім деңгейлерінің жоғары болуы олардан бас тарту үшін тиімді құрал болып табылады.

  2. Эмоционалды оқыту − бұл тұрғы психобелсенді заттарға тәуелділік көбінесе өз эмоцияларын көтсетуде және түсінуде қиындығы бар адамдарда дамиды деп болжайды. Мұндай адамдар стрестік жағдайда шешім қабылдау және уайымдау тәжірибесін жинақтамайды. Сонымен қатар, өз эмоциясын ашық көрсете алу қабілеті дұрыс дамымаған адамдар көбінесе қарым-қатынасқа түсе алмайды, сезімін еркін көрсете алмайды және құрдастарының арасында өзін төмен бағалайды. Сондықтан да эмоционалды оқыту бағдарламасының мазмұны «эмоционалды саңыраулық пен сақаулықты» («эмоциональной глухоты и немоты») жеңуде көмек көрсетуге саяды.

  3. Когнетивті тұрғыда жасөспірімдердің проблемді мінез-құлқы оның функционалды проблема көзқарасы арқылы қарастырылады. Мысалы, психобелсенді заттарды қолдануға ұмтылу ата-ананың бақылауынан кету әдісінің бірі болуы мүмкін. Осындай позицияның негізінде индивидуалды біліктілікті көтеруге және әртүрлі негативті әлеуметтік әсерлерге жасөспірімдердің тұрақтылығын арттыратын бағдарлама жасақталады.

  4. Психобелсенді заттарға қарсы әрекетте тәрбиелеу. Бұл біріншіден, құрдастарының әсеріне қарсылық көрсету, екіншіден, психобелсенді заттарды ұсынғандарға «жоқ» жауабын айту сияқты әлеуметтік іскерлікпен дағдыны дарыту тұрғысы.

  5. Альтернатив қою. Бұл тұрғы альтернативті әлеуметтік бағдарламаның даму қажеттілігін көрсетеді. Бұл бағдарлама кәмелетке толмағандардың мінез-құлық белсенділігінің артуы: спецификалық белсенділікті ұсыну (мысалы, әскери − спорттық ойындар); жасөспірімдер үшін спецификалық белсенділік (мысалы, шығармашылық немесе спортпен айналысу) пен спецификалық қажеттілікті (мысалы, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі) қанағаттандыру мүмкіндігі және тәуекелге ұмтылысын жүзеге асыра алу үшін қажет.

  6. Әлеуметтік орта және құрдастарының әсері. Бұл тұрғы мына түсінікке негізделген: кәмелетке толмағандардың өміріне құрдастарымен жанұяның әсері маңызды роль ойнайды.

  7. Денсаулықты нығайту. Бұл тұрғы денсаулық үшін әлеуметтік жауапкершілік пен жеке таңдаудың байланысына негізделген.

Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасының бағдарламасын құрастыру мен жүзеге асыру келесі тұрады:

  1. Ситуацияның шығу бағасы.

  2. Бағдарлама мақсатының қойылуы.

  3. Бағдарламаны дайындау.

  4. Ресурстарды мобилизациялау.

  5. Бағдарламаның тіршілік етуі.

  6. Бағдарлама мониторингі.

  7. Бағдарлама әсерін бағалау.

Кәмелетке толмағандарда алкоголизм профилактикасының бағдарламасы келесі принциптерге негізделуі тиіс: кешенділік (әртүрлі мамандардың өзара әрекеті); саралаушылық (оқушылардың жас ерекшелігіне сай мақсат, тапсырма және нәтижені жоспарлау және олардың психобелсенді заттарды қолдануға қызығушылық деңгейін анықтау); үздіксіз білім беру; жан-жақтылық.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау