ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша



жүктеу 0,59 Mb.
бет1/4
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12751
  1   2   3   4

(1-50 – халыққа арналған,

51-63 – жұмыс берушілерге арналған,

63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша

100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР





Сұрақтар

Жауаптар

Халықтың сұрақтары



Ел азаматы ретінде, МӘМС-тің мен үшін тиімділігі?


Біріншіден, МӘМС ҚР аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын Қор толығымен өзі өтейді;

Екіншіден, ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден, МӘМС қоры Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар туралы және Сізге медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор Сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғайды.




1996-1998 жылдарда құрылған ММСҚ-ның тәжірибесі бізге мәлім. Осындай жағдай қазір де қайталанбасына кім кепілдік ете алады?


Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзінің дұрыс жақтары да сонымен қатар теріс жақтары да бар.

1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның дұрыс жақтары да болды.

Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы мектепке дейінгі мекемелерді жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін сезіледі.

Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық дағдарысты ағымдағы жағдаймен салыстыруға болмайды. 20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, сол кезеңдерде кәсіпорындардың басым көпшілігі банкротқа ұшырады, еңбекақы бойынша үлкен қарыздары болды. Экономикалық дағдарыс жаппай төлем жүргізбеу, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлем жүргізбеу негізгі себеп болды.

Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды қамтамасыз етуге тартылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап болуына байланысты қиындады.

Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін байқап отырмыз. Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд. теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд. теңге аударады. Экономикалық тұрғыдан белсенді емес халық үшін ӘМС қорына жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өзіне алатынын атап өткен жөн.

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.






МӘМС енгізу медицина қызметкерлерін «ынталандыру» мәселесіне қалай септігін тигізеді?


Медицина қызметкерлерін «ынталандыру» немесе қосымша бейресми төлемдердің негізінде, бірінші кезекте, еңбекке ақы төлеуді теңестіру болып табылады.

Қазір таңда біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне қарамастан бір мамандандық дәрігерлерінің жалақысы бірдей.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында пациенттердің өздері таныған дәрігер көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты) жалақы алады.

Азаматтар жарналарды аудара отырып, өздерінің емдеуге жатуын немесе емханаға жүгінуін төлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің қатысушылары, МӘМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа қосымша төлемдерді төлемеуі керек.

Осылайша, сақтандыру медицинасының біртіндеп дамуы медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасының өзектілігін жояды.





Мен үш баланың анасымын, ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс істемеймін, алимент алмаймын, қосымша табыстар болып тұрады. МӘМС қалай төлеймін?


Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды жасайды.

Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлейді.

Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:

а) тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерді ұсынады. Егер ұсынылған ұсыныстар сізге келмесе, онда Сіз жұмыссыз деген статус аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін аударымдар жасауды өзіне алады.

б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төмен еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде салымдар жасай аласыз.

в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныста келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.







Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша кез келген өңірде сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іссапарға келгендер, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты жері бойынша ғана көрсетіле ме?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер, сақтандырылған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана емес яғни республиканың кез келген аумағында көрсетіледі.




Маусымдық жұмыстарда немесе тұрақты жұмысы жоқ азаматтардың, еңбекші мигранттардың табыстары қалай есептеледі?



Азамат жұмыс жасаған кезеңінде өзінің табысынан аударым жасап отырады,ал жұмыс болмаған кезде:

не АЖ 2% мөлшерде өзі аударым жасайды,

не тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жүгінуге тиіс. Бұл жағдайда оның орнына жарналарды мемлекет аударады.




ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістіктің бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) аумағында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек тегін негізде көрсетіледі. Егер осындай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады.



Жұмыссыздарға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға және елдің экономикалық белсенді емес халқының басқа да санатына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? Елімізде олардың саны қанша?

Статистикалық деректер бойынша, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл халық санаты 2020 жылға дейін, жоспарлы емдеуге жатқызу, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайлардан басқа барлық медициналық қызмет пакетін алады.

Сонымен қатар, бұл халықтың санатына төмендегідей мүмкіндіктер ұсынылады:

а) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуды, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасуға болатын ұсыныстар болады. Егер ұсынылғандар сәйкес келмесе, онда Сіз жұмыссыз деген статус аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақытқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін жарналарды төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады.

б) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда ең төмен еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде салымдар жасай аласыз.



в) егер Сізге алдындағы екі ұсыныста келмесе, онда Сіз өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасай аласыз.



МӘМС кезінде төлеуші қайтыс болған жағдайда жиналған қаражатты туыстарына беру қарастырылған ба?


Жоқ, қарастырылмаған, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Әрбір төлеуші жарналарының сомасына қарамастан, халықтың барлық санатының медициналық қызметтерге бірдей болады.




МӘМС шеңберінде АИТВ инфекциясына қатысты: механизмі қандай, сақтандыру тізбесіне кіреді ме, қаржыландыру және т.б. (қаншалықты әсер етеді)?


Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізіміне кіретін АИТВ инфекциясымен байланысты медициналық көрсетілетін қызметтердің шығынын өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне қарай Қорға беріледі.




Балалар неше жасқа дейін ММС жүйесіне төленетін жарналардан босатылады?


18 жасқа дейінгі балалар, ЖОО студенттері және оқу аяқталғанға дейін ТжКБ-ның күндізгі оқудағы оқушылар МӘСҚ жарналарынан босатылған.




МӘМ сақтандыруда санаторийлік-курорттық ем алу қарастырылған ба?

Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.




Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады?


Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында МӘМС Қормен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналастырылатын болады, қордың ақпараттық қызметтерінде де ақпарат алуға болады.




МӘСҚ-мен шартқа отырмаған коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды МӘСҚ өтей алады ма?


Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды МӘСҚ арқылы Қор мен клиника арасында шарт жасалған жағдайда өтеледі.




Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал қолданыста бары ескірген, сондықтан анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханада бар). Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, арнаулы мамандарға жолдама алу үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жолдама алу үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалай шешіледі?


Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны, техникалық жарақтандырылуы және медициналық көмек ұйымының құрылымы белгіленген ең аз талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады.

Екіншіден, конкурсты тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе алады.

Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді жеткізушілер ретінде, МӘСҚ ұсынылатын медициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды.



Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі.

Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.




Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 100%-дық өтеледі?


Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. МӘМС пакеті шеңберінде осы тізбе сақталып қана қоймайды, сондай-ақ оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және жақсартылады.




Сақтандырылған адам ММС жүйесінде республикадан тысқары жерде тегін емделе алады ма?

Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтерге ғана ақы төлейді.




Жұмыс беруші МӘСҚ мен үшін салым төлеп жатқанын өзіме қалай білуге болады?

Егер Сіздің интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңыздан ала аласыз не жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрату жібере аласыз.

Егер Интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда сақтандырылғаныңыз туралы Сіз бекітілген емханаға хабарласып білуіңізге болады.

Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнін кешіктірмей ай сайын аударымдар мен (немесе) жарналар төленетін жұмысшыларына есептелген (ұсталып қалған) және аударылған салымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті.




Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатарына жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен МӘСҚ салымдар аударуға тиіспін бе, егер аудару керек болсам, онда қайда және қанша пайыз аударуға тиіспін?

Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлы емдеуге жатқызудан басқа медициналық көмектің барлық пакеті ұсынылады.

Біз Сізге дара кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан аударымдар жасауға,

не – жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз статусын алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінуді,

не – өзіңіз екінші деңгейдегі банктер арқылы ең аз еңбекақы төлемінің 2%-ы мөлшерінде Медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасауды ұсынамыз.






Жұмыс орнын ауыстырған кезде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін менде 1-2 ай үзіліс болса, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер пакеті жұмыс істейді ме?


Ұсынылып отырған нормалар бойынша соңғы жарна жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен қатар 3 айға жасалатын жарналарды төлеу міндеттемесі (берешегі) сақталады.



Жекеше зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры менің талдау тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді ме?


Қор зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер Қормен келісімшарт жасаған емхананың жолдамасы бойынша Сіз зертханаға жүгінсеңіз зертхана қызметтері Сізге тегін болады.




Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болады?

Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған аударымдар мен (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты портал арқылы, Қорда (немесе оның бөлімшелерінде) және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады.




Қай уақыттан бастап адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі – еңбек шартын жасаған кезден бастап па, әлде жұмыс беруші бірінші салымды аударған кезден бастап па?


Медициналық сақтандыру қорына жарнаны аударған кезден бастап.




Ерікті медициналық сақтандыру сақталады ма? МӘМС немесе ҚМС қызметтері қайталанады ма?

Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘМС пакетіне кірмейтін жеке медициналық қызмет түрлері ҚМС арқылы төленеді, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті кезеңдік қарап-тексерілу, санаторийлік-курорттық ем және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде ҚМС қызметтерінде қайталанбайтын пакетті таңдай алады.




Науқас емхананың емшара кабинетіне, емдеуші дәрігер тағайындаған емшараны орындау үшін шприцтерді өзі сатып алып, әкелуге міндетті ме?


Жоқ, Сіз ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек алсаңыз, олар медициналық ұйымдарда болуға тиіс.




Мысалы, адам үшін мемлекет жарналарды төледі, одан кейін ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына көшсе. Үзілістер немесе екі рет сақтандыру болмайды ма?


Екі рет сақтандыру мүмкін емес, өйткені, Сіз статусыңызды ауыстырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық органдарында көрінеді және медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз жұмыссыз болып, одан кейін статусыңызды ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет жарналарды төлеуді тоқтатады.




Азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

МӘМС туралы заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 12 әлеуметтік тұрғыдан қауқарсыз санат тобының адамдарына төленбейді.

Сонымен қатар, министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 12 әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санаты үшін Қорға жарналарды мемлекет жүзеге асырсын деп ұсынылуда. Аталған ұсыныс мемлекеттік органдарда қаралуда.

Бұл ретте, Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылатынын атап өту керек.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК ұсынуға қатысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiндегі теңдігін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасында ҚР азаматтарымен қатар оларға ТМККК алуда тең құқық беру ұсынылады.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау