Кәсіпкерлік – болашақТЫҢ кепілі с. С. Аймуханова, Г. А. Кенжигалиева



жүктеу 43,24 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі43,24 Kb.
#16283


КӘСІПКЕРЛІК – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ 

 

С.С. АймухановаГ.А. КенжигалиеваН.С. Умбетова 

г.Уральск 

 

«Экономикалық дәулетіміз артпайынша, рухани  

сәулетіміз де артпайтынын анық ұғынуымыз қажет». 

Н.Ә.Назарбаеав 

 

Қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары, 



«Қазақстан-2030»  ұзақ  мерзімді  басымдығы  мен  көптеген  жүйелі  құжаттарды  қамтитын  біртұтас 

стартегиялық жоспарлау мен болжамдау жүйесі құрылғандығын атап айтқан жөн. 

Жүзеге  асырылып  жатқан  экономиканы  әртараптандыру  сияқты  теңдесі  жоқ  саясаттың  келесі 

қадамы – Елбасы ұсынған 2010-2014 жылдарға бағытталған үдемелі индустриялық-инновациялық даму 

мемлекеттік  бағдарламасы.  Бұл  бағдарлама  –  елдің  10  жылдық  даму  басымдығын  іске  асыруға 

бағытталған алғашқы  5  жылдықтың  индустриялық  жоспары.  Тарих  көптеген  елдердің  индустриялан-

дыру үдерісін бірнеше межеде өткенін көрсетеді. Алайда, біз осы жолды таяудағы бес жылдың ішінде 

өтуіміз қажет. Ол үшін қолдағы барлық ресурстарды жинап, орталық пен өңірлердің қарым-қатынасы-

ның нақты үйлестігін мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын да жаңа деңгейге шығуды қамтамасыз 

етуіміз  керек.  Ел  алдына  қойылған  мақсат  –  Қазақстанның  экономикалық  қалыбын  өзгертіп,  экстен-

сивті  шикізаттық  бағыттан  индустриялық-инновациялық  дамуға  көшу.  Сонымен  қатар,  Елбасымен 

ұсынылған экономикалық модернизация бойынша барлық өзгерістерді бір ортақ мақсат біріктіреді, ол 

–  әр  азаматтың,  сондай-ақ  барлық  Қазақстан  халқының  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  және 

материалдық тұрмысын көтеру. 

Осыған  орай,  үдемелі  индустриялық-инновациялық  мемлекеттік  бағдарламамен  экономиканың 

басым  секторларын  дамытуды  ынталандыру  негізінде  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыратын  басым  бағыттары  белгіленген.  Олар:  өндіріс  факторларының  өнімділігін  және  ұлттық 

экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, инвестицияларды тарту және жаңа экспортқа бағыт-

талған  жоғары  технологиялық  өндірісті  құру,  ұлттық  инновациялық  жүйені  дамыту  мен  нығайту, 

индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнестің араласуын арттыру, экономикалық әлеуетті 

кеңістікті рационалды ұйымдастыру. 

Мемлекет бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020»,  «Экспортер-

2020»,  «Өндірушілік-2020»,  «Инвестор-2020»  сияқты  институттар  жүйесін,  өңірлердегі  кәсіпкерлікті 

қолдау  құралдары мен  тетіктерін,  экономиканың шикізаттық  емес  секторларының  жүйесін  қалыптас-

тырды және жоғары технологиялық өндірістер саласында қолайлы шарттар жасауда. 

Елбасы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде, тек 

былтырғы жылғы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауға жалпы несие 

сомасы  101,2  миллиард  теңге  құрайтын  225  ұсыныс  мақұлданғанын,  30  жобаға  кепілдік  беріліп,  129 

бизнес  субъектілеріне  қажетті  инфрақұрылым  жүргізілгендігін  атап  өтті.  Индустриялық  аймақтарды 

ұйымдастыру  бойынша  жұмыстары  басталып,  1175  кәсіпорынға  сервистік  қолдаулар  көрсетілген. 

Бағдарламаға  енген  кәсіпорындардағы  адамдардың  жалпы  саны  20  мыңнан  астам.  Қосымша  8  мың 

жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатыны жоспарланып отыр. Ал бұл алғашқы жыл үшін жақсы нәтиже 

болып табылатындығын атап өтті. 

Жалпы,  бағдарламаның  негiзгi  өзегі  –  елдiң  индустрияландыру  картасы.  Ол  белгілі 

қаржыландыру көздері, кестелері мен  іске асыру шараларының жоспарлары бар республикалық және 

аймақтық  индустрияландыру  карталарынан  тұрады.  Бүгінгі  күні  индустрияландыру  картасының 

жиынтық  портфелi  8  трлн.  теңгені  құрайтын  294  жобадан  тұрады,  ол  160  мың  жұмыс  орнын  ашуға 

мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, 2010 жылы жоспарланған 144 жоба орнына 800 млрд. теңгеден астам 

қаражатты құрайтын 152 кәсіпорын ашылды 

Жалпы,  бағдарламаның  негiзгi  өзегі  –  елдiң  индустрияландыру  картасы.  Ол  белгілі 

қаржыландыру көздері, кестелері мен  іске асыру шараларының жоспарлары бар республикалық және 

аймақтық  индустрияландыру  карталарынан  тұрады.  Бүгінгі  күні  индустрияландыру  картасының 

жиынтық  портфелi  8  трлн.  теңгені  құрайтын  294  жобадан  тұрады,  ол  160  мың  жұмыс  орнын  ашуға 

мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, 2010 жылы жоспарланған 144 жоба орнына 800 млрд. теңгеден астам 

қаражатты құрайтын 152 кәсіпорын ашылды. 

Бүгінгі  күні,  еліміздің  даму  стратегиясының  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  жасалып  жатқан 

шараларды  үйлесімді  толықтыратын  және  құнарландыратын  жаңа  креативтік  идеялар  мен 

инновациялық жолдар қажет. Әр аймақ, әр сала өздеріне берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, 

ең келешегі зор және озық инновациялық жобаларды жүзеге асыруы қажет. 



Алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  мемлекет  кәсіпкерлердің  белсенділігін 

ынталандыру  мақсатында  барлық  шаралар  жасауда.  Біріншіден,  ол  –  бизнес  үшін  әкімшілік 

кедергілерді төмендету және нақты ашық рәсімдерді құру. Екіншіден, адал кәсіпкерлердің қауіпсіздігін 

кепілдендіру.  Үшіншіден,  бәсекеге  қабілетті  өндірістердің  өсуіне  және  жаңа  жұмыс  орындарының 

ашылуына  икемі  бар  жаңа  бизнес  бастамаларын  ынталандыру,  сондай-ақ  істеп  тұрған  өндірістерді 

қолдау. 


Жалпыға мәлім  болғандай,  тиімді индустриялық  саясат,  инновацияның  ең  заманауи  білім  және 

ең озық технологиялары негізінде құрастырылуы қажет. Елбасымыз айтқандай, инновация дегеніміз – 

ол  тиімділік  пен еңбек  өндірістілігін  арттыру.  Сондай-ақ,  өнеркәсіптердің  инновациялық белсенділігі 

жаңа  ғылыми  зерттемелердің  қаржыландырылуы  тиімді  болғанда  ғана  өседі.  Сол  себепті  мемлекет, 

бірінші  кезекте,  бизнестің  қажеттілігіне,  зерттемелерді  енгізуге,  өнімнің  жаңа  түрлерін  игеруге  және 

кәсіпорындардың  ғылыми-зерттеу  мен  тәжірибелік  конструкторлық  зерттемелерге  жұмсайтын  жыл 

сайынғы қаражаттардың өсуіне назар аударады.  

Еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму  бағытында  атқарылып  жатқан  барлық  шаралар 

тиімді құқықтық базамен қамтамасыз етілуі қажет. Күні бүгін мұндай құқықтық базамыз бар деп нық 

сеніммен айта аламыз. Оны кәмілдендіру және экономикалық дамуды дер кезінде құқықтық қамтама-

сыз  ету  бойынша  әрдайым  қарқынды  жұмыс  жүргізілуде.  Қазақстан  Парламенті  жеке  кәсіпкерліктің 

мүдделерін қолдайтын  және мемлекет пен бизнестің өзара тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін 

бірқатар заңдар қабылдады. Атап айтсақ, қазақстандық қамту  мен бәсекелік бойынша, инновациялық 

қызметті  мемлекеттік  қолдау  бойынша,  сәйкестікті  бағалау  саласында  аккредитациялау  бойынша, 

мемлекеттік  сатып  алу  бойынша,  лицензиялау,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  және  тағы  да 

басқа заң актілері қолданысқа енді. 

Мемлекет  пен бизнестің  өзара  қатынасының айрықша  рөлін  ТМД  елдерінің  арасында  алғашқы 

болып қабылданған жеке кәсіпкерлік туралы заң айқындайды. 

Тауарлар  мен  қызметтерге  ішкі  сұранысты  ынталандыру  мен  қанықтыру  мақсатында 

«Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»  Заңда  отандық  тауар  өндiрушiлерді  қорғау  шаралары  қабылданды. 

Сонымен  қатар,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  қазақстандық  мазмұнды 

дамыту  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заңының  нормалары 

арқасында  қазіргі  таңда  сатып  алу  мониторингінің  бірегей  тиімді  жүйесі,  қазақстандық  мазмұнды 

есептеу  үшін  бірегей  әдісі,  сондай-ақ  отандық  өнеркәсіпті  дамытуды  қамтамасыз  ететін  шарттары 

құрылған. 

Экономиканың  тұрақты  болуы  және  оның  бәсекелік  сипатын  қалыптастырудың  басты 

күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. 

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін шағын кәсіпкерлікті даму мәселесі - 

өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  

Дүниежүзілік тәжірибие көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорын өндіріс тиімділігінің 

өсуіне  нәтижелі  ықпал  етеді.  Мұндай  кәсіпорындар  негізгі  өндірістің  бәсекелік  қабілетін  күшейтіп, 

нарық  конъюнктурасы  өзгерісін    жедел  сезіне  отырып,  нарықтық  экономикаға  қажетті  икемділік 

береді.  Дамыған  елдердің  көпшілігінде  экономикалық  өсудің  шешуші  бір  факторы  шағын  бизнесті 

жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және 

орта фирмалардың үлесі 80-нен 90 %-ға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50%-ға 

жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.  

Біздің  елімізде  шағын  кәсіпорындардың  дамуы  мен  табысты  жұмыс  жасауына  мүдделіліктің 

жоғары  болуы  олардың  экономиканы  дамыту  мен  экономикалық  өсімге  жетуде  ғана  емес  басқа  да 

әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешудегі  маңыздылығымен  байланысты.  Шағын  және  орта 

кәсіпкерлік  субъектілерінің  маңыздылығы  –  бұл  әлеуметтік  аспектіде,  шағын  кәсіпорындар  жұмыс 

орындарын  көбейтуге  жағдай  жасап,  жұмыссыздықты  азайтады.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  «Жаңа  онжылдық-жаңа  экономикалық  өрлеу-Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты 

Қазақстан  халқына  2010  жылдың  30-қаңтарындағы  Жолдауында  шағын  және  орта  бизнеске  қолдау 

көрсетудің  жүйелі  іс-қимылдары  баяндала  отырып,  кәсіпкерлік  ортаны  одан  әрі  нығайтуға  айрықша 

көңіл бөлінген болатын. Еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа 

мүмкіндіктерге жол ашу негізгі мақсатымыз болып отыр. 

Ел  басшысының  «Кәсіпкерлік  –жаңа  экономиканың  қозғаушы  күші»баяндамасында  Үкіметке 

2010  жылдан  бастап  өңірлерде  кәсіпкерлікті  дамыту  жөнінде  бірыңғай  бюджеттік  бағдарлама 

енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған.  

Оны «Бизнестің жол картасы-2020» деп атауды ұсынды. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде 

кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс 

орындарын ашу болады. 

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: 

-несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; 




-шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру; 

-кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар пркатикасы және әлеуметтік жұмыс 

орындары; 

-бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру. 

 Жалпы «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар 

үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.  

Ендеше  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту,  реттеу  құралдарын  таңдаумен  шектеліп  қана 

қоймай,  бұл  жерде  мемлекеттің  қолдауын  айта  кету  қажет.  Мемлекеттің  қолдау  бағыттары  мынадай 

болуы қажет: 

  кәсіпкерлік  дамуында  құқықтық  нормалардың  жетілуі,  мемлекеттік  басқару  органдарымен 

қарым-қатынас;  

  шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау беру және оның 

даму бағытында мемлекеттік реттеу; 

   индустриалды-инновациялық бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; 

   шағын және орта  кәсіпкерлікті бәсекелестікке қабілетті деңгейге жеткізуде жағдай жасау; 

  шағын және орта кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту; 

Жалпы  алғанда,  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  тиімді    қызмет  етуі  және  экономикалық 

тиімділігін  арттыру  еліміздің  қазіргі  кездегі  экономикалық  даму  стратегиясына  сай  келеді  және  ел 

экономикасында  маңызды  орынға  ие  болады.  Сондықтан  шағын  кәсіпорындар  қызметінің 

экономикалық  тиімділігін  теориялық  тұрғыда  зерттеу,  тәжірибелік  негізде  талдау  және  олардың 

тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру мақсатқа сай орындалды деп  айтуға болады. Таяуда «Жаңа 

экономикалық  өрлеу»  кезеңінде  шағын  және  орта  бизнестің  дамуы  ел  экономикасының  ең  жоғарғы 



шыңына жетеді деуге нық сенім бар. 

 

жүктеу 43,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау