|
Жабындық ұлпалар Орындаған: Осатай Индира жхб-011 Жоспар: Жоспар: Кіріспе: Жабындық ұлпалар
|
Дата | 13.02.2022 | өлшемі | 60,76 Kb. | | #35979 |
| Жабын ұлпа Осатай Индира ЖХБ-011
Орындаған: Осатай Индира ЖХБ-011
Жоспар: Жоспар: - Кіріспе:
Жабындық ұлпалар - Негізгі бөлім:
1. Алғашқы жабындық ұлпалар: (эпидерма, эпиблема) 2. Соңғы жабындық ұлпалар: (перидерма, қыртыс) - Қорытынды:
- Пайдаланылған әдебиеттер:
Өсімдіңтің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдіктердің шамадан тыс буланудан, құрғап кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды. Өсімдіңтің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдіктердің шамадан тыс буланудан, құрғап кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды. Жабындық ұлпалар шығу тегіне байланысты 2 типке бөлінеді: 1. Алғашқы жабындық ұлпалар: (эпидерма, эпиблема) 2. Соңғы жабындық ұлпалар: (перидерма, қыртыс) Эпидерма 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген яғни протодерма қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін қалаған теория бойынша төбе меристемасының сыртқы қабаты клеткаларының бөліну нәтижесінде пайда болған. Эпидерма-протодермадан пайда болған алғашқы жабын ұлпасы. Ол жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерма-протодермадан пайда болған алғашқы жабын ұлпасы. Ол жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Көп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофильдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалыңдығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларынан қарағанда біршама қалыңдау жәнеде кутинмен, немесе балауызбен жабылған болып келеді. Жалпы эпидерманың қорғаныш қызметі оның клетка бетінде әр түрлі болып келетін ерекше өскін- түктердің пайда болуына байланысты арта береді Эпиблема Эпиблема(ризодерма)- тамырдың апикальды меристемасынан түзіледі. Жас тамыр ұштарын жабады және топырақтан су мен минералды тұздардың сіңіуі эпиблема арқылы жүреді жәнеде топырақ микроорганизмдерімен әрекеттеседі. Эпиблема жасушаларында – өте жұқа қабықтар бар. Тамырдың бастапқы тінінде кутикула болмайды, нәтижесінде бұл жасушаларды су оңай өтетін мембраналар болады. Перидерма(тоз) Эпидермистің клеткалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің жұмысына байланысты. Перидерма үш негізгі компоненттерден тұрады: феллоген-соның арқасында перидерма ұзақ уақыт бойына қалыңдайды, феллем- қорғаныш қызметін атқарады фелодерма- қоректенетін ұлпа. Қыртыс Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді. Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске ұшырайдыда өледі. Сонымен қыртыс тоз және олардың арасында орналасқан өлі ұлпаларының ауыспалы қабаттарынан тұрады. Қорытынды - Эпидерма-жапырақтың, көптеген өсімдік
жемістерінің, шөптесін өсімдіктерінің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендердің түпкілікті жабын ұлпасы. Эпиблема жасушаларының қабықшасы өте жұқа, сыртында кутикула болмайды, цитоплазмасы да жоқ жабысқақ, жанаспалы жасушалары да жоқ. Перидерма- үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын күрделі жабындық ұлпа. Қыртыс- тамыр мен сабақтың жуандап өсуінен тоздың сыртында пайда болады, жасушалары өлі. Пайдаланылған әдебиеттер: Ағелеуов Е.А. және т.б. Ботаника. Өсісдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, Санат, 1998 жыл. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Алматы 2000 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|