А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б


 Дәрістер курсы. Еңбек құқығы кесте түрінде



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет4/24
Дата20.11.2017
өлшемі0,8 Mb.
#1192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 

 

2 Дәрістер курсы. Еңбек құқығы кесте түрінде 



1. Тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Еңбек құқығының түсінігі 

Еңбек - материалдық және рухани игіліктерді 

жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі.        

(ҚР Еңбек кодексінің  1-бабы). 

Еңбек құқығы - өндіріс процесінде адамдар 

арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа 

қатысушылардың құқықтары мен заңдық 

міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған 

тиянақты нысан, тұрақты сипат береді. 

 

Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін 



пайдалану жөніндегі адамдар арасында  

қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы  



еңбекті қоғамдық ұйымдастыру 

- қоғамның еңбек ресурстарының болуы 

мен олардың жай-күйі; 

- еңбекті бөлу мен кооперациялау; 

- еңбек тәртібін қамтамасыз ету және 

бірлескен еңбек процесін басқару; 

- еңбек шараларын және өндірістің 

басқа да жағдайларын белгілеу; 

- өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы 

процеске өндірушілердің өздерінің 

қатысу деңгейі; 

- жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби 

даярлық). 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Еңбек құқығының әдісі  

Әдіс - еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің 

жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі категория болып табылады, 

ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-

экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына байланысты. 



Еңбек құқығының әдісі - еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің 

амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы, оған мыналар кіреді: 

- еңбектегі құқықтық қатынастар орнатудың 

шарттық тәртібі; 

- өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс 

берушіге бағыныштылығын тараптар 

теңдігімен үйлестіру; 

- еңбекті ұйымдастырудың ерекше режимі; 

- еңбекті ұйымдастыруды және оны қолдану 

жағдайын орталықтан нормалауды жергілікті 

реттеумен үйлестіру; 

- еңбек жағдайын белгілеуге еңбек ұжымдары 

мен кәсіподақтардың қатысуы; 

- еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің 

біртұтастығы және жіктелуі; 

- еңбек құқықтарының бұйрықтық, ерік 

берілген және ұсыныс ретіндегі нормаларының 

күшінде болуының ерекше тетіктері; 

- еңбектегі құқықтық қатынастар 

тараптарының құқықтары мен заңды 

мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ санкция 

қолданудың арнайы іс жүргізу нысандары. 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Еңбек құқығының жүйесі 

Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз - құқықтың сол саласының құрылымы мен 

мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар 

жиынтығы. 

Еңбек құқығы жүйесінде еңбекті 

қоғамдық ұйымдастырудың  барлық 

элементтеріне қатысы бар нормалар 

көрініс береді. Олардың жиынтығы еңбек 

құқығының Жалпы бөлімін құрайды. 

Азаматтардың еңбегін қолданудағы 

қоғамдық қатынастардың кейбір 

топтарын реттейтін құқық нормалары 

еңбек құқығының Ерекше бөлімін 

құрайды. 

Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін 

және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің 

принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің 

құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы 

құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы 

ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Бұл 

мәселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын 

(институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін 

құрайды. 

 

Еңбек құқығының Ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық 



ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және 

еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық 

субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды. 

Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар, 

еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін 

құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады. 

Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі 

институттары кіреді: жұмысқа орналастыру, еңбек шарты, 

ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және 

демалыс уақыты, еңбек ақы, еңбек шартына 

отырушылардың материалдық жауаптылығы, еңбек тәртібі, 

еңбекті қорғау, кәсіби даярлау, кадрлардың біліктілігін 

көтеру, еңбек даулары.  

 



 

2. Тақырып.  Еңбек құқығының қағидалары 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Еңбек құқығының принциптері 

Еңбек құқығының принципі - негізге алынатын, 

бастаушы бастама, ол осы саланың және оның 

институттарының құқықтық нормаларының мәні мен 

ішкі үйлесімділігін білдіреді. 

Еңбек құқығы принциптерінің қызметтік рөлін мына 

негізгі позициялармен сипаттауға болады: 

 

а)  принциптер еңбек құқығы 

субъектілері үшін арнайы бағдар 

болады, себебі олар еңбек 

құқығы нормаларында бекітілген 

және қатысушылар әрекетін 

мемлекеттің еңбекті қоғамдық 

ұйымдастыру саласындағы 

құқықтық саясатын басқарушы 

идеяларға сәйкес бағыттайды; 

 

б) принциптер еңбек 

қатынастарын құқықтық  реттеу 

үшін бастапқы нұсқау (алғашқы 



негіз) болып табылады; бұл 

сапада принциптер еңбек туралы 

заңның мәні мен мазмұнын және 

оны қолдану практикасын алдын 

ала анықтайды, сондай-ақ еңбек 

туралы жаңа құқықтық нормалар 

жасағанда бұл басқарушы 

идеялардың жүзеге асырылу 

механизмін қарастыру жайында 

заң шығарушыға бағдар береді; 

 

в)  принциптер еңбекті қоғамдық 

ұйымдастырудың  құқықтық 

негіздеріне тұрақтылық береді; 

еңбек ресурстарын даярлау, бөлу 

және тиімді пайдалану, еңбек 

қорғауды ұйымдастыру мен 

өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті 

қоғамдық ұйымдастырудың 

басқа элементтері саласындағы 

басқарушы идеяларды заңда 

бекіте отырып, мемлекет еңбекті 

басқарудың барлық механизмі 

үшін іргелі құқықтық негіз

еңбек қатынастарының тиянақты 

нысандарын құруды қамтамасыз 

етеді; 


 

г)  принциптер құқықтық. реттеудің 

мәнімен және әдісімен бірге еңбек 

құқығын ұлттық құқықтың басқа 

салаларынан ажыратудың объективтік 



критерийі болады, себебі құқықтың осы 

саласының мәндік ерекшеліктерін 

білдіреді; 

 

д)  принциптер азаматтарға, мемлекеттік 

аппараттың лауазымды адамдарына, 

ұйымдардың қызметкерлеріне тәрбиелік 



ықпал жасайды.  

 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау