4
1 Кіріспе
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы – мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартта қарастырылған «Юриспруденция» мамандығы бойынша
жоғары заң білімін алатын оқу орындары мен факультеттердің студенттеріне
арналған ең негізгі құқық салаларының бірі.
«Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» курсын меңгерудің негізгі
мақсаты - ол қоғамда еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық
нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, ҚР Ееңбек кодексі мен
еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен игеру болып
табылады.
Осы курсты меңгеру міндеті — ол студенттерді, осы саланың
концептуалды мәселелерімен және қажетті құқық бастамаларымен
таныстыру, сондай-ақ, халықаралық еңбек стандартына негізделген заң
актілерін, халықаралық шарттарын және конвенцияларды игеру болып
табылады.
«Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» курсын оқу барысында
студент Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің нормалар жүйесін,
оның қағидаларын, міндеттері мен құрылымы жөнінде хабардар болуы;
Қазақстандағы құқықтық қатынастардың тарихи және диалектикалық даму
үрдісін, сондай-ақ оларды болашақта жетілдіру жағдайларын білуі; еңбек
шартын жекелеген санаттардағы жұмыскерлермен жасау ерекшеліктерін білуі;
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының, жалақының түрлері мен жүйесін
белгілеу тәртіптерін білу; еңбек заңдарын бұзған лауазымды тұлғалар мен
жұмыскерлерге заңды жауапкершіліктердің түрлерін қолдана білуі; болашақ
қызмет аясында еңбек құқығы теориясынан алған білімді және еңбек
заңдарының нормаларын қолдана білуі; еңбек құқығын еңбекті қолдану
аясында тараптардың әлеуметтік әріптестік келісіміне жетуіне ықпал ететін
заң құралы ретінде жариялау іс-әрекеттерін жүргізу, еңбекке орналастыру,
қабылдау және еңбек шартын бұзу, сондай-ақ еңбектік құқықтық қатынасты
жүзеге асыру барысында еңбек құқығын қолдану аясында сауатты кеңес беруі
тиіс.
Бұл оқу-әдістемелік құралда Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
бойынша тәжірибелік және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
сабақтарды өткізуге арналған материалдар жиналған. Оқу құралының басты
мақсаты студенттерге курстың маңызды сұрақтарын меңгеруге көмектесу
және жинақта келтіріліген тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы
азаматтық заңдар мен өзге де нормативтік материалдарды тәжірибе жүзінде
дұрыс қолдануға студентті бейімдеп, үйрету болып табылады.
Тәжірибелік сабақтарға арқау болатын әрбір тақырып бойынша
мақсатты түрде ұсынуды қажет ететін шамамен алынған оның жоспары
берілген. Оқу әдістемелік құралдағы есептер мазмұнында берілген даулы
мәселенің дұрыс жауабын табу үшін қажетті барлық деректер осы есептердің
шартына енгізілген.
5
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты - қоғамдағы еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін
құқық нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, еңбек туралы
зандары мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен
игеру болып табылады.
Міндеттері:
Пәннің
міндеті – студенттерді, осы саланың концептуалды
мәселелерімен және қажетті құқық бастамаларымен таныстыру, сондай-ақ,
халықаралық еңбек стандартына негізделген заң актілерін, халықаралық
шарттарын және конвенцияларды игеру болып табылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар:
- оқу процесінде студенттер жалпы бөлімнің теориялық мәселелерін,
ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттарын бiлуi керек,
- тәжiрибелiк қызмет процесiнде еңбек құқық нормаларын игеруі керек,
- еңбек қатынастарын соттарда, прокуратурада және өзге де мемлекеттiк
органдарда қолдану тәжiрибесiнде, Қазақстанның құқық органдарында алдағы
уақытта дамуының негiзгi бағыттарын және перспективасынмен танысу
дағдысы болуы керек,
- болашақта алған білімдері бойынша құқық қорғау органдарында
жұмыс істеуге құзыретті болуы керек.
1.2 Дәрістер курсының тақырыптары мен сұрақтары
1 Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі
Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік
қатынастар. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы еңбек
мәселелері.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі және ұлттық
құқық жалпы жүйесінде алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек
заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке және ұжымдық
шарттармен бекітілген жұмыскер мен жұмыс беруші арасында келісімдер
негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз
байланысты қатынастар.
Еңбекті құқықтык реттеу механизімінің түсінігі және құрылымы. Еңбек
құқығы әдісінің түсінігі, оның белгілері. Құқықтық реттеу әдісінің және еңбек
құқығы пәнінің арақатынасы, еңбек құқығын құқық саласы ретінде анықтауда
олардың мәні.
Еңбек қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұжымдық-шарттық, жеке-
шарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары.
6
2 Қазақстан Республикасының еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік
қатынастарды құқықтық реттеу аясында қағидалардың жіктелуі, мазмұны.
Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың ара қатынасы.
Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек құқығының
салааралық, салалық қағидалары. Еңбек құқығы субьектілерінің субъективтік
құқықтары мен міндеттерінің еңбектік қатынастарын реттеудің құқықтық
қағидаларының арақатынасы. Азаматтардың еңбек құқықтарының және
міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.
3 Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығынын, субъектілерінін түсінігі және түрлері. Еңбек
құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құкық
қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқық
субъектілігі.
Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқық
субъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық
мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы зан актілерімен реттелетін
жұмыскерлердің басқа да санаттары.
Жұмыс беруші енбек құқығынын субъектісі ретінде. Жұмыс берушінің
кұқық субъектілігі. Еңбектік кұкық қатынастарға қатысатын заңды
тұлғалардың түрлері. Жұмыскерлердің еңбегін қолдану сатасында заңды
тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі. Жеке
тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқық субъектілігі.
Жұмыс берушінің өкілдері. Еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік орган.
Жұмыскерлердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы.
Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде, олардың құкықтык
мәртебесі.
Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың әлеуметтік-
еңбектік қатынастарға қатысудың нысандары.
4 Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. Әлеуметтік әріптестік мақсаттары,
қағидалары, жүйесі, нысандары. Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметгік
әріптестіктің мазмұны.
Үш жақты деңгейде (трипартизм) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру.
Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидалары, олардын қалыптасу тәртібі.
Әлеуметтік әріптестік органдарынын негізгі мақсаттары, міндеттері, олардмң
өкілдері. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары. Әлеуметтік
әріптестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі.
Келісімдерді орындауды бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |