1.1. Осы Қағида ҚР Еңбек кодексіне (121,125,126-баптар), ҚР-ның «Білім туралы» Заңына (Заңның 52-бабы), Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің еңбек ақы төлеу жөніндегі Әдістемелік нұсқаулықтарына, Қазақтан Республикасының еңбек ақы төлеу мәселелері жөніндегі өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және қызметкерлердің еңбек ақыларын төлеу жағдайын анықтайды.
1.2. Осы Ереже «________________________________________________________» ШЖҚ РМК (одан әрі – Кәсіпорын) қолданысындағы еңбек ақы төлеу жүйесі мен нысанын, белгілі мерзімдегі жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақы, сыйақы төлеу, қызметкерлерге үстеме ақы, қосымша ақылардың белгілену тәртібін, шарттары мен көрсеткіштерін белгілейді.
1.3. Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жалақы түрінде жүзеге асырылып, оның құрамына штаттық кестеге сәйкес лауазымдық айлық, белгілі мерзімге арналған өндірістік қызмет нәтижесі бойынша қызметкерлерге белгіленген үстеме ақылар, қосымша ақылар, сыйлықақылар, мерекелік күндерге байланысты бір жолғы сыйлықақылар мен сыйақылар, осы Ережемен және Кәсіпорынның ішкі құжаттарымен көзделген басқа да төлемдер қосылады.
1.4. Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу көзі Кәсіпорын бюджетінің құрамында бекітілген еңбек ақы төлеу Қоры болып табылады.
1.5. Осы Ереженің іс-әрекеті Кәсіпорынмен еңбектік құқықтық қатынастағы қызметкерлерге қолданылады.
1.6. Еңбек ақы төлеуге қатысты салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Еңбек ақы төлеу нысаны мен жүйесі
2.1. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне, оны уақытында орындауға байланысты.
2.2. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу мерзімдік-сыйақылық негізде жүзеге асырылады. Жалақының мерзімдік нысаны өтелген уақыт үшін сағаттық тарифтік ставкамен (айлықпен) анықталып, оның есебі белгіленген нысандағы жұмыс уақытын қолдануды есептеу табелінде жүргізіледі.
2.3. Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарының (ставкаларының) мөлшері, үстеме ақылары мен қосымша ақыларының тізімі мен мөлшері штаттық кестемен айқындалады және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген айлықтардан (ставкалардан), үстеме ақылар мен қосымша ақылардан төмен болмауы тиіс.
2.4. Кәсіпорын қызметкерлері Кәсіпорынның ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте қосымша ақылар, үстеме ақылар, сыйлықақылар мен сыйақылар алуға құқылы.
3. Кәсіпорынның штаттық кестесі
3.1. Кәсіпорынның штаттық кестесі лауазымдық және сандық құрамдарды анықтайды және ректормен бекітіледі.
Лауазымдық айлықтар мен ай сайынғы сыйлықақылар мөлшері штаттық кестемен белгіленеді.
3.2. Еңбек ақы төлеу қоры штаттық кестеге кіретін лауазымдар бойынша есептеулер негізінде құрылып, өзіне тұрақты шама ретінде лауазымдық жалақыны, барлық негіздемелер бойынша қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, сыйақыларды және ауыспалы шама ретінде өзге де сыйлықақыларды қосады.
3.3. Штаттық кестені құрудың негізгі деректері:
- Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;
- басқарушы персонал саны;
- өндірістік персонал саны болып табылады.
3.4. Қызметкерге еңбек ақы төлеу штаттық кестеге, еңбек шарты мен жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, лауазымға тағайындаудың және жұмыс уақытын есептеу табелінің негізінде лауазымдық айлықтардың (ставкалардың) схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
3.5. Лауазымдық айлықтар схемасы бар штаттық кестенің түпнұсқасы ректорда сақталады, оның көшірмелері кадрлық аппарат және бухгалтерия қызметкерлеріне беріледі. Қалған барлық құрылымдық бөлімшелерге лауазымдық айлықтардың мөлшерлері көрсетілмей, тек аталған бөлімшенің қызметіне қатысты штаттық кестенің бөлігі көрсетіледі. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларының мөлшері туралы ақпарат құпия болып есептеледі.
3.6. Қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындаған жағдайда, еңбек ақы келесі ақы төленетін айдың 10-нан кешіктірілмей айына бір рет Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес лауазымдық айлық, сыйақы, үстеме ақы және қосымша ақы мөлшерінде жүзеге асырылады.
3.7. Штаттық кестемен және лауазымдық айлықтардың схемасына сәйкес белгіленген лауазымдық айлықтың мөлшері еңбек шартында көрсетіледі.
3.8. Жалақы қызметкерлердің қалауымен ведомості бойынша Кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшамен төленеді немесе банктік карт-шотқа аударылады.
4. Лауазымдық айлықтарға қосымша және үстеме ақылар
4.1. Қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына (ставкаларына) дербес қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет аймағының кеңеюі) қосымша ақы, ынталандыру қосымша ақысы сияқты ынталандыру қосымша ақылары мен үстеме ақылар белгіленеді.
4.2. Дербес қосымша ақыларды, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет аймағының кеңеюі) қосымша ақыларды белгілеу мен төлеу көзі қаржы жылына бекітілген Кәсіпорын бюджетінің құрамындағы еңбек ақы төлеу Қоры болып табылады.
4.3. Ынталандыру сипатындағы қосымша және үстеме ақылар лауазымдық айлықтарға белгіленеді.
Осы Ережеде көрсетіліп белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар сомасы қызметкердің орташа жалақысын есептеу кезінде ескеріледі (еңбек демалысының ақысын, уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды және т.б.есептеу үшін).
4.4. Дербес қосымша ақы атқарылған жұмыстың аса жоғары сапасы үшін нақты ақшалай сомада ректордың бұйрығымен жоғары білікті қызметкерлерге белгіленеді.
Осы қосымша ақы еңбек ақы төлеу қорының қаражатынан тағайындалады.
4.5. Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет аймағының кеңеюі) қосымша ақы, еңбек шартында және лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған өзінің лауазымдық міндеттерімен қатар басқа лауазым бойынша қосымша міндеттерді атқаратын қызметкерлерге тағайындалады.
Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) үшін қосымша ақы мөлшері қызметкерге негізгі жұмысы бойынша белгіленген лауазымдық айлығынан 50%-дан аспайтын мөлшерде нақты орындалатын қосымша жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді. Лауазымдарды толық бір айға жеткізбей қоса атқарған қызметкерлерге қосымша ақы атқарылған уақытқа барабар белгіленген мөлшерде есептеледі.
Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін (еңбек демалысы, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық, бос жұмыс орны және т.б.) өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге, қосымша орындалатын жұмыстың көлеміне байланысты төленеді.
Аталған қосымша ақыны белгілеу қосымша орындалатын жұмыстың мерзімі көрсетілген ректордың бұйрығы негізінде жүргізіледі, бұл мерзім аяқталғасын қосымша ақы төлеу тоқтатылады.
4.6. Қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып ректормен бекітілген тізімге сәйкес, сол тізімде белгіленген мөлшерде жүргізіледі.
5. Еңбек ақы төлеу мәселесімен байланысты жеке мәселелерді реттеу тәртібі
5.1. Мереке және демалыс күндеріне еңбек ақы төлеу кемінде біржарым есе (екі есе) мөлшерде жүргізіледі. Ақы төлеу мереке және демалыс күндері нақты орындалған сағаттарға жүргізіледі. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстың өтемақысы қызметкердің қалауы бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін. Жұмыс уақытының жиынтық уақытын белгілеу кезінде демалыс күндері жұмыс кестесімен белгіленген күндер болып есептеледі.
5.2. Кәсіпорынмен еңбек құқықтық қатынастарында тұрмаған тұлғалармен нақты жұмыс түрін орындау және қызмет көрсету үшін, азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік, ақылы қызмет көрсету және т.б.) жасалады. Шарттар бойынша ақы төлеу кезекті қаржы жылына Кәсіпорын бюджетімен көзделген осы мақсаттарға арналған қаражаттар көлемінде белгіленеді.
5.3. Түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеу сағат 22.00-ден 06.00-ға дейінгі аралықтағы нақты орындалған сағаттар үшін жұмыс уақытын есептеу табеліне сәйкес кемінде біржарым есе мөлшерде жүргізіледі.
5.4. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кәсіпорынның ішкі құжаттарымен көзделген жағдайларда жұмыс орындарында болмаған мерзіміне тиісті растаушы құжаттарды ұсыну шартымен орташа жалақысы сақталады.
5.5. Қызметкерлер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шыққан кезде орташа жалақысының есебінен еңбек демалысының ақысы және лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
6. Сыйлықақы төлеу жүйесі
6.1. Кәсіпорында сыйлықақының мынадай түрлері төленуі мүмкін:
- жұмыстың өндірістік нәтижелері үшін ай сайынғы сыйлықақылар;
еңбек міндеттеріне адал орындағаны үшін және Кәсіпорынға жасаған нақты пайдалы ісі үшін біржолғы сыйлықақылар;
- мерейтой иелеріне (55 жас (әйелдер), 60 жас, 70 жас және одан жоғары (барлығына) лауазымдық айлықтары мөлшерінде;
- заңнамалық актілермен белгіленген мерекелік күндерге, кәсіби мерекелерге арналған сыйлықақылар;
Сыйлықақы төлеудің негізгі шарттары: қызметкердің өз еңбек міндеттерін орындауы; қызметкердің атқарушылық және еңбек тәртіптемесін қадағалауы; орындалған жұмыстың сапасы мен нәтижесі; біліктілік пен кәсіпқойлықты арттыру; еңбек және өндірістік тәртіптемелерді бұзушылықтың жоқ болуы; еңбекке бастамашыл және адал қатынасы; басшылардың тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауы.
Сыйлықақыны төлеуге кәсіподақ комитетімен келісілген ректордың бұйрығы негіз болып табылады. Сыйлықақы төлеу, Кезекті қаржы жылына арналған еңбек ақы төлеу Қоры бабы бойынша Кәсіпорын бюджетінде жоспарланған қаражаттар мөлшерінде жүзеге асырылады.
6.4. - Соңғы 6
айда тәртіптік жазасы бар;
- Кәсіпорында 3 айдан артық жұмыс жасамаған қызметкерлерге жылдық жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы есептелмейді.
6.5. Оқу демалысында, біліктілік арттыру курстарында, қызметтік іссапарда жүргенде, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, сыйлықақы толық мөлшерде есептеледі.
7. Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету
7.1. Қызметкерге материалдық көмек көрсету төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады:
- отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, балалары) қайтыс болғанда 30 АЕК;
- қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделу кезінде (стационарлық, санаторлықтан басқа, 10 және одан да көп күнтізбе күні ішінде амбулаторлық емделу) лауазымдық айлықтың 100% пайызына дейін;
- қызметкерге оның құқықтарына қайшы келетін әрекеттерге қатысты мүліктік зиян келтірілген жағдайда, сондай-ақ табиғи апатқа – 15 АЕК;
- қызметкер қайтыс болса – оның отбасына лауазымдық айлығының 100% дейінгі көлемінде материалдық көмек көрсетілуі мүмкін. Егер, екі немесе одан да көп туысқаны қызметкерлер болып табылса, материалдық көмек тек біреуіне ғана көрсетіледі.
7.2. Қызметкерге материалдық көмек ректор бұйрығының негізінде, Кәсіпорын бюджетімен бекітілген мөлшерде көрсетіледі.
7.3. Егер қызметкерге өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде өндірістік жарақат немесе зақым келтірілсе, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығынның өтелуіне құқылы.