19
Еңбек шартын тоқтатудың
негіздері (ҚР ЕК 49 бабы):
- тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
- еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
- жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;
- жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
- жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайлардан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа
(лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;
- еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
20
Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері
ҚР еңбек кодексінің 12 тарауына сәйкес жұмыскерлердің
жекелеген санаттары:
Маусымдық жұмыстар;
Вахталық жұмыс әдісі;
Үй жұмыскерлері;
Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер;
Қашықтықтан жұмыс істеу;
Азаматтық қызмет;
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін
реттеу ерекшеліктері;
Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері;
Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін
реттеу
;
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
жұмыскерлерінің еңбегін реттеу және т.б.
21
Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі
қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде
еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі
объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын
үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау
жағдайларымен және ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге міндетті.
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он
сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, жүкті әйелдер,
бірінші және екінші топтардағы мүгедектер
жіберілмейді. Өзге қызметкерлер, егер мұндай
жұмыстар медициналық қорытынды негізінде
олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық
әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы
мүмкін. Объектіде жұмыс орындау уақытын және
ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең
вахта деп есептеледі. Вахтаның ұзақтығы
күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық
немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан
аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының
жиынтық есебі белгіленеді. Есептік кезең жұмыс
уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден
жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту
жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік
кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы
Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық
тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
22
Үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және
тоқтату ерекшелiктерi
1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке
тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет
көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не
онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт
шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы
туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен
расталады.
4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны
(бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудiң мерзiмi, сондай-
ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу
жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.
Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимi
1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс
уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары
қолданылады.
2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс
күндерiн, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру,
оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта, демалыс және
мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында
айқындалады.
Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау
тәртiбi
Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану
және алып тастау тәртiбi еңбек шартымен
айқындалады.
Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке
еңбек даулары тараптар келiсiмiмен және (немесе)
сотта шешiледi.
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында
көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.