78
орындалатын және қалыңдығы (S/2 ÷ S/3), бірақ сызбалар үшін 0,3 мм-ден
жіңішке емес тұтас жіңішке сызықпен бір жақты нұсқамасы бар шығару
сызығын қолданады. Шығару сызығы жапсар сызығына 30˚-60˚ бұрышпен
жүргізіледі. Шығару сызығын көрінетін жапсар кескінінен жүргізген тиімді.
Бір жақты нұсқаманың пішіні мен өлшемі өлшемдік нұсқаманың
жартысына сәйкес келеді; шығару сызығына, өзінің қалыңдығымен бірдей
қалыңдықтағы
горизонталь
сызықты (сөрені) (6.49 сурет)
жалғайды. Қажет болған жағдайда
шығару
сызығын
сындыруға
болады. Сөренің үстінен және
оның астынан пісірмелі біріктіру
жапсарының белгілеуін қояды
(6.50 сурет).
Пісірмелі
жапсардың
кескінінде шартты белгілеулерді
көмекші белгілердің (ГОСТ 2.312-
72) көмегімен көрсетеді. Жапсардың шартты белгілеуінде көмекші белгілерді
тұтас жіңішке сызықтармен орындайды. Көмекші белгілердің биіктігі жапсар
белгілеуіне кіретін (6.1 кесте) сандардың биіктігімен бірдей болуы тиіс.
6.50 сурет – Жапсардың шығару сызығы
6.49 сурет – Жалғыз пісірмелі нүктенің
шартты белгілеуі
6.48 сурет – Пісірмелі жапсарларды сызбаларда кескіндеу
79
6.1 кесте – Пісірмелі біріктіруді белгілеуге арналған көмекші белгілер
Пісіру
жұмыстарында
ереже
бойынша
параметрлері
тиісті
стандарттармен анықталатын стандартты пісірмелі жапсарлар қолданылады.
Әрбір стандартты жапсардың, оның конструктивтік элементтерін толығымен
анықтайтын әріптік-сандық белгілеуі болады. Стандартты жапсардың немесе
жекелеген пісірмелі нүктенің шартты белгілеуінің құрылымы сұлбада (6.51
сурет) келтірілген. Келтірілген сұлбадан көрініп тұрғандай, келесі көмекші
белгілерді: «тұйық сызық бойынша жапсар» және «жапсар бұйымды
монтаждау кезінде орындалады» шығару сызығымен оның сөресінің түйіскен
жеріне орналастырады. Белгілеудегі жазба реті 6.51 суретте тік
80
төртбұрыштармен (1-7 позициялар) белгіленген. Тік төртбұрыштардың
орынына мыналар көрсетіледі:
1 - жапсардың типтері мен конструктивтік элементтерінің стандартының
белгілеуі;
2 - пісірмелі біріктірулер жапсарларының типтері мен конструктивті
элементтерінің стандарты бойынша жапсардың әріптік-сандық белгілеуі;
3 - стандартқа сәйкес пісіру әдісінің шартты белгілеуі ( оқу
сызбаларында көрсетпеуге рұқсат етіледі);
4 - «тікбұрышты үшбұрыш» белгісімен катет өлшемі-стандарт бойынша
жапсарлардың типтері мен конструктивтік элементтеріне;
5 - пісірмелі жапсардың геометриялық параметрлері: үзілмелі жапсар
үшін – пісірілетін бөліктің ұзындығы l, №4 немесе №5 белгісі (6.1 кесте) және
адым өлшемі; жекелеген пісірмелі нүкте үшін – нүктенің есептелген диаметрі;
6 - №7, №2, немесе №1 (6.1 кесте) көмекші белгілер;
7 - №3 – монтаждық жапсардың көмекші белгісі және №6 – тұйық
контур бойынша (6.1 кесте) жапсардың көмекші белгісі.
Пісіру шарттарына байланысты жапсардың шартты белгілеуінде 6.51
суретте көрсетілген элементттердің кейбіреулері болмау мүмкін.
Пісірмелі біріктірулер белгілеулерінің мысалы 6.52 суретте келтірілген:
а) түйістірмелі біріктірудің бір жиегі жонылған жапсары, екі жақты, екі
жағынан да томпақтықтары алынған, өңделген беттері талап етілген кедір-
бұдырлықтағы, ГОСТ5264-80 бойынша қолмен доғалы пісіру арқылы
орындалатын. Сол жақта шартты белгілеуі С8 жапсардың көлденең
қимасының пішіні кескінделген;
б) жоғарғы жапсар ( сызбада үзілмелі сызықпен кескінделген) қапсыра
біріктірудікі, төменгі-тавралықтікі. Екі жапсарда үзілмелі тізбекті (жапсар
катетінің биіктігі 5 тең, l =50 және t=100 мм) және тұйықталмаған сызықтар
бойынша монтаждау кезінде қолмен доғалы пісірумен орындалатын;
в) үш пісірмелі нүктелерде контактілі пісірумен жүзеге асырылатын
қапсыра біріктіру, нүктенің есептелінген диаметрі - 5 мм;
Тұйық сызық бойынша
орындалатын жапсар мен
монтаждық жапсардың көмкекші
белгілері
«Дефис»
белгілері
6.51 сурет – Пісірмелі жапсарды шартты белглеуінің құрылымы
81
г) ГОСТ 23518-79 бойынша инертті газдарда балқитын электродпен
(ИП) тұйықталған сызық бойынша доғалы пісірумен орындалатын және доғал
бұрышпен бір жиегі жонылған (У4) біріктіру.
Егерде сызбада бірдей жапсарлар бар болса, онда олардың белгілеуін
оның біреуінде ғана көрсетеді, ал қалғандарының кескіндерінен шығару
сызықтарын жүргізіп, олардың сөрелерінің үстіне оларға берілген бір реттік
нөмірді қояды немесе егер барлық жапсарлар бірдей болса сөресіз көрсетеді
(6.53 сурет).
6.53 сурет – Бірдей пісірмелі жапсарларды белгілеу
6.52 сурет – Пісірмелі біріктірулерді шартты белгілеу мысалы
Достарыңызбен бөлісу: |