Шығыс Қазақстан облысы
Табағатай ауданы Ойшілік ауылы
КМҚК «Әсем» ясли бақшасы
Тәрбиеші Шұбарова Жадыра Жұмагалиқызы
“Қарлығаш” ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 05.10.2016ж
Білім бері саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Машиналар
Мақсаты:
1.Білімділік: машинаның түрлерін қайталай отырып бөліктері жайлы білімдерін толықтыру;
2. Тәрбиелік: машинаны дұрыс құрай білуге үйрету,
3.Дамытушылық: машина жасаған кезде пішінді дұрыс таңдау туралы ойларын дамыту;
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: түрлі түсті қағаздар және үлгі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Машинаның түрлерін сурет бойынша әңгімелеу. Өздері қандай машиналарды білетіндерін сұрау. Үлгі бойынша машинаны жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіру.
|
Балалар үлгіні қарап көреді. Тәрбиешінің көрсетуімен бірге қағазды бүктеп отырады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Оригами арқылы бүктеп жасалған машина үлгісін көрсету.
Тіктөртбұрышты ортасынан бүктеу,
Шеткі беттерін ішке қарай, ортасына тигізіп бүктеу.
Сыртқа қарай қайтарып таңы да бүктеу.
Ортасынан ішіне қарай бүктеу.
Машинаның қорабын жасау үшін екі бұрыштарын ішке қарай бүктеу.
«Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігіндегі үшбұрышты ішіне қарай бүктеу.
Шеткі бөліктерінің бұрыштарын ішіне қарай бүктеу.
Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке қарай бүктеу.
Фардың бұрыштарын түзетіп тегістеп, әдемілеп қою керек.
Оригами әдісімен жасалған машина дайын болды.
|
Тіктөртбұрышты дәл ортасынан бұрыштары, қабырғаларын теңестіріп бүктейді, оны саусақпен сындырады. Қос бүктелген қағазды тағы да ортасына қарай қайтарып бүктейді. Екінші рет қайтадан ішке қарай қайтарып бүктейді. Ортасынан ішіне қарай бүктейді. Машинаның қорабын жасау үшін екі бұрыштарын ішке қарай бүктейді. «Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігіндегі үшбұрышты ішіне қарай бүктейді. Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке қарай бүктейді.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Балалардың қағазбен жұмыс жасау барысына бақылау жасалады, жасалған жұмыстарды салыстырып көреді, жақсы жасалған машиналар таңдалады, мадақталады.
|
Балалар өздерінің машиналарымен ойнайды, салыстырып көреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: бүктеу, бүктеу сызығы, бүктеудің түрлері, қос бүктеу, қабаттап бүктеу, ішке қарай бүктеу т.б. ұғымдарды,.
Нені игереді: оригами өнері жайында қарапайым түсініктерді,
Нені біледі: қағазбен бүктеу арқылы машина жасай білуді.
Тәрбиеші: Шубарова Ж
Тексердім әдіскер: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |