А. Б. НҦртаева, А. Ж. Бекқожин



жүктеу 1,46 Mb.
бет10/162
Дата04.01.2022
өлшемі1,46 Mb.
#31470
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162
Зертханалық жұмыс

Анықтау барысы:  Таза, құрғақ белгіленген шыны құтылар және тығындар қажет.

 Сүттің тығыздығын, тазалығын, құрамындағы ақуыз бен қантты анықтау үшін сынаманың мӛлшері - мл болуы керек. Ал майлылығы мен қышқылдығын анықтау үшін  мл сүт жеткілікті.

 Орташа сынаманы сүттің әрбір партиясынан алғанда, әртүрлі ыдыстағы (фляга, ванна, цистерна) сүттің мӛлшеріне қарай біркелкі етіп алады.

 Сынаманы бір сиырдан, түгелдей табыннан ия болмаса бір топ- тан алса, бір тәуліктегі сауылған сүттен (таңертеңгі, түскі, кешкі) біркел- кі етіп алу ӛте дұрыс.

 Сынаманы алмас бұрын бір немесе барлық табындағы сауын сиырдан қанша сүт сауылатынын біліп,  л сүттен қандай мӛлшерде сы- нама алу керектігін анықтап, күн тәртібімен танысып сынама алғанда шыны ыдыстарды сақтайтын жер әзірлеу керек. Егер күн тәртібі бойынша малды азықтандыру уақыты бұзылса, сынама алуды қоя тұру керек. Сынама алатын күні мал ауласында ешқандай шудың болмауы және жай күндердегідей болуы керек. Сиырды негізгі сауыншылар сауы керек. Орташа сынама алуды қай сауыннан бастасада бәрі-бір. Ең бастысы, тек орташа сынама алынған сүтте бір тәуліктегі сауынның

үлесі түгелдей болуы керек. Егер сынаманы алғасын ,- сағаттан кейін зерттейтін болса, онда сынаманы күндізгі сауыннан бастаған ыңғайлы, ӛйткені ертеңіне таңертеңгі сауыннан кейін талдау ӛткізуге болады.

 Табындағы барлық сиырдан орташа сынама алынатын болса, онда бәрінен бірден алуға мүмкін емес, сондықтан кесте жасап, табынды топқа бӛліп, сынама алатын күнді белгілейді.

 Сүттің майы, кӛбіне бетіне жиналады, сондықтан сынама алудан бұрын араластырғышпен жақсылап араластыру керек. Темір жол және мәшина бӛшкелерінде сүтті ұзын ұстайтыны бар араластырғышпен ара- ластырады. Мәшина бӛшкесінде механикалық араластырғыш болса - минут, темір жол бӛшкесінде - минут араластырады.

 Орташа сынаманы темірден немесе пластмассадан жасалған диаметрі  мл түтікшемен алады. Түтікшемен сүтті біркелкі пішінді ыдыстан алады (сүт ӛлшегіш, цилиндр тәрізді шелек). Түтікшені сүтпен шайып алып, сүтті жақсылап араластырғаннан кейін, түтікшені жаймен ыдыстың түбіне құямыз, ыдыстағы сүтпен түтікшедегі сүттің деңгейі бірдей мӛлшерде болуы керек. Үстіңгі тесігін үлкен бармақпен жауып, түтікшені тығыннан ұстап, сынаманы таза, құрғақ, тығыны бар шыны ыдысқа құямыз. Сынаманы әртүрлі сүттен алғанда, түтікшені сол талдауға алынатын сүтпен шайып отырамыз.

 Сынаманы сүт ӛлшегіштен немесе шелектен алғанда жанында үш жолды шүмегі болғаны жақсы. Шүмекті бірінші бұрағанда, түтікше- ге сүт құйылады, қайталап бұрағанда ыдысты түтікшемен байланысты- рып тұрған тесік жабылады да, түтікшеден шыны ыдысқа құйылатын тесік ашылады. Мұндай әдіспен жақсы араласқан ыдыстағы сүттің мӛл- шеріне сай сүт алынады.

 Егер түтікше жоқ болса, орташа ожаумен ӛлшеу арқылы, не болмаса белгіленген цилиндрмен алады. Қанша сүт алу керектігін білу үшін, алдын-ала бақылау сауынына байланысты есеп жасайды. Бӛшке- ден сынамаға сүт алу үшін ұзын ұстайтыны бар , литр ожау қолдана- ды. Орташа сынама алу үшін қолданылатын темір түтікшелер, ожау ара- ластырғыштар тотығуға қарсы ертіндімен ӛңделген болуы керек. Тотық- қан, түзу емес және ластанған жабдықтарды жұмысқа қолдануға болмайды.

 Орташа сынамаға алынған сүті бар шыны кұтыларды резеңкелі тығынмен жауып, этикеткасына сиырдың және шаруашылықтың атын, алынған күнін жазамыз. Шыны ыдыстарды әдейі жасалған ыдыс қоятын ұясы бар жәшікте сақтаймыз. Сақтау кезінде қаймағы бетіне тұрып қалмау үшін араластыру қажет. Шыны ыдыстарды сүтімен басқа жерге кӛлікпен апаратын болса, ыдыстың тӛрттен үш бӛлегі толуы керек, ӛйт- кені бұдан аз болса, сүт шайқалып, сүттің майы түйіршектеледі. Шыны ыдысты тым толтыруға да болмайды, ӛйткені сынама алғанда араласты- руға қиын болады. Кӛлікпен тасымалдау кезінде жәшік жақсы жабылуы керек, жолда әртүрлі соққыларды болдырмау керек.





  1. сурет- Түтікше арқылы сүттің орташа сынамасын алу:

1-сүтті араластырғыш мутовка; 2-сүтті араластыру; 3-сүттен түтікшені алу; 4- түтікшедегі сүтті бӛтелкеге апару; 5-түтікшедегі сүт бӛтелкеге құю; 6-анықтау алдын сүтті араластыру.
 Микробиологиялық зерттеу үшін сынама стерилді ыдысқа құйып, аузын мақта тығынымен тығындау керек. Егер сүтті алғаннан кейін зерттеу ӛткізуге мүмкіндік жоқ болса, сүтті  - C температаурада сақтау  сағаттан аспауы керек (мемлекеттік талап бойынша -).

 Егер, сүттің химиялық құрамы күнделікті кӛрсеткіштен ӛзгеше болса және сүт таза емес, араластырылған деген күдік туса, онда тұрақ- ты сынаманы алу керек. Оны мал ауласында, сауын біткеннен кейін ала- ды және бірінші сынаманы алғаннан кейінгі екі күннің ішінде тұрақты сынаманы бақылаудағы сүттің сынамасын алғандай алады. Егер, бірін- ші сынама таңертеңгі сүттен алынса, тұрақты сынаманы таңертеңгі сүт- тен, егер тәуліктегі сүттен болса тұрақты сынаманы тәуліктегі сүттен алады. Сауу мерзімі күндегідей және сиырды сол сауыншылар сауады. Малды азықтандыруда сол бірінші рет алғандағыдай болуы керек. Шы- ны ыдыстарды шаруашылық ӛкілінің кӛзінше тығындап, жауып, сал- қындатып, талдау жасауға жібереді. Бақылау сынама мен тұрақты сы- наманың арасындағы айырмашылық ,% артық болмауы керек, тұрақ- ты сынаманы кӛбіне зоотехниктің кӛзінше сүт қабылдау зауытының лаборанты алады.






  1. сурет - Сүттен сынама алу тәртібі:

Сүттен сынама алуға арналған ілгіштер (1) және сүттің сынамасын алуға арналған мутовка (2)


    1. жүктеу 1,46 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау