7 тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары Процестік мәжбүрлеу шараларының ұғымы


Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi (ҚПК-нің 151-152 баптары)



жүктеу 58,61 Kb.
бет6/10
Дата11.01.2022
өлшемі58,61 Kb.
#32225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
д

Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi (ҚПК-нің 151-152 баптары)

      Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.

      Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материалдары бар тиісті өтінішхатты енгізеді.

Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның аудандық (қалалық) және оған теңестірілген прокурормен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы – үш айға дейін, ал тергеп-тексеруді үш ай мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және күдіктіні, айыпталушыны одан әрі күзетпен ұстау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы тоғыз айға дейін ұзартуы мүмкін.

      Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.

      Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам, бірақ он сегіз айдан аспайтын мерзімге ұзартуына айрықша жағдайларда, аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты, қылмыстық қудалау органының орталық аппаратының тергеу бөлімшесі басшысының не қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың, тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор бекіткен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, оның орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жол беріледі.

      Күзетпен ұстау мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, күзетпен ұсталып отырған күдікті, айыпталушы дереу босатылуға жатады.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын ұсынылады және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он бес тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      Күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады.

      Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарап, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына келісім береді және оны күзетпен ұстау мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа дереу жібереді не оны келісуден уәжді түрде бас тартады. Прокурор күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, күдікті, айыпталушы күзетпен ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат сотқа – күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жеті тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он бес тәулік бұрын ұсынылады.

      Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан бес тәулік бұрын келісу үшін прокурорға ұсынылуға тиіс және оны прокурор келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен асырмай қарайды.

      Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен келіседі және оны күзетпен ұстау мерзімін санкциялау қажеттігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына жібереді. Прокурор күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, ол күзетілуден дереу босатылуға жатады.

      Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат тергеу судьясына күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын ұсынылады.

Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа сондай-ақ күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі қатыса алады, өтінішхаттарды қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмеуі өтінішхаттарды сотта қарауға кедергі болмайды.

      Сот күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы мәселені қарауға өзіне қатысты өтінішхат берілген адамды қатыстыру қажет деп тануға және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.

      Күзетпен ұсталу мерзімін ұзартуға прокурор өтінішхат беріп отырған адам сот отырысына қатысуға құқылы, бұл жағдайда, сот тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.

      Судья отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын жариялайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін енгізілген өтінішхат бойынша тараптардың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сол қалпында қалдыру қажеттігі тұрғысындағы дәлелдерін тыңдап:

      1)күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандыру;

      2)күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны неғұрлым жеңілдеуіне өзгерту және оны қамаудан босату туралы қаулылардың бірін шығарады.

      Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат келіп түскен күнінен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қаралуға жатады.

      Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма төрт сағат бұрын іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлауға міндетті. Егер күзетпен ұстаудың заңда белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін күдіктіні, айыптаушыны босату туралы не оларды күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оларды өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жолдайды.

      Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың төртінші бөлігінің талаптарын орындамаған кезде заңда белгіленген жауаптылықта болады.

      Күзетпен ұстау мерзімі күдіктінің күзетпен қамалған кезінен бастап оған тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаны туралы хабарлағанға және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығы түсіндірілгенге дейін есептеледі. Адамды күдікті ретінде ұстап алу уақыты, соттың шешімі бойынша психиатриялық немесе өзге де медициналық ұйымда мәжбүрлі түрде болу уақыты күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.

      Күдіктінің және оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстауды тергеу судьясы осы Кодекстің 148, 151-баптарында көзделген тәртіппен санкциялайды және оның мерзімін ұзартады.

      Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы осы Кодекстің 151-бабының бірінші – төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімге кірмейді, бірақ оны сот жаза тағайындау кезінде ескереді.

      Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат осы бапта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралуға жатады.

      Күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстауда болу мерзімін тергеу судьясы қылмыстық істің көлемін, іске қатысатын адамдардың санын және іспен танысу уақытына әсер ететін өзге де мән-жайларды ескере отырып айқындайды.

      Прокурор қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарған жағдайда, ол бойынша күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, прокурордың уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы күзетпен ұстау мерзімін бір ай шегінде ұзарта алады.

      Сот қылмыстық істі осы Кодексте көзделген негіздер бойынша прокурорға қайтарған кезде, егер күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, нақ сол сот күзетпен ұстау мерзімін істі прокурор алған кезден бастап бір ай шегінде ұзартады.

      Күдікті, айыпталушы сол бір іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөліп алынған қылмыстық іс бойынша қайтадан күзетпен қамалған жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі күзетпен өткізілген уақыт ескеріле отырып есептеледі.

      Шет мемлекет іздестіріліп жатқан адамды Қазақстан Республикасына ұстап берген (экстрадициялаған) жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі ол Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап есептеледі, ал адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялық қамақ тәртібімен күзетпен ұстау уақыты жаза тағайындалған кезде жалпы күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.

      Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстаудың осы бапта белгіленген мерзімін есептеу мен ұзарту тәртібі үкімнің күшін кассациялық сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жою кезінде де қолданылады.

Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту (ҚПК-нің 153-бабы)

      Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі.

      Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның уәжді қаулысы бойынша жүргізіледі.

      Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурордың келісуі немесе нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісуімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін.

      Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 100-106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі.

      Кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының күшін жою туралы қаулыға шағым жасау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.


Өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары

Бұл шаралардың түрлері және оларды қолдану тәртібі ҚПК-нің 19-тарауында (155-165 баптар) белгіленген. Соның ішінде, 155-бапта көрсетілгендей, қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексерудің, сот талқылауының тәртібін, үкімнің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға осы Кодекстің 18-тарауында көзделген бұлтартпау шараларының орнына немесе солармен қатар келесі өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы:



  • келу туралы міндеттеме;

  • күштеп әкелу;

  • лауазымынан уақытша шеттету;

  • мүлкіне тыйым салу;

  • жақындауға тыйым салу.

      Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген жағдайларда жәбірленушіге, куәға және іске қатысатын басқа да адамдарға мына процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы:

  • келу туралы міндеттеме;

  • күштеп әкелу;

  • ақшалай өндіріп алу.

ҚПК-нің 156-бабында келу туралы міндеттеме шарасын қолдану тәртібі көзделген. Осы бапқа сәйкес, бұлтартпау шарасын қолдануға қажеттік болмаған, бұлтартпау шарасы қолданылмаған күдікті, айыпталушы тергеу әрекеттеріне немесе сот талқылауына қатысудан жалтаруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде не олар шақыру бойынша дәлелді себептерсіз іс жүзінде келмеген кезде аталған адамдардан шақыру бойынша қылмыстық қудалау органына немесе сотқа уақтылы келу, ал тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда ол туралы дереу хабарлау жөнінде жазбаша міндеттеме алып қойылуы мүмкін.

Келу туралы міндеттеме алып қойылған кезде күдіктіге, айыпталушыға оны орындамаудың осы Кодекстің 140-бабының төртінші бөлігінде көзделген салдарлары туралы ескертіледі.

      Қылмыстық қудалау органына не сотқа келу туралы жазбаша міндеттеме жәбірленушіден де және куәдан да алынуы мүмкін.

      Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы және бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

      ҚПК-нің 157-бабына сәйкес, күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.

      Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып: адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбiрленушi шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.

      Күштеп әкелу туралы қаулы күдіктіге, айыпталушыға, сондай-ақ куәға және жәбiрленушiге оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

      Күштеп әкелуді түнгi уақытта жүргiзуге болмайды.

      Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар, ал он сегiз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкiлiне хабарланбастан, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиiс науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.

      Соттың күштеп әкелу туралы қаулысын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; прокурордың, анықтаушының, тергеушiнiң қаулысын анықтау, алдын ала тергеу жүргiзетiн орган немесе iшкi iстер органы орындайды.

Лауазымынан уақытша шеттету

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде – тергеу судьясы немесе сот ісін жүргізу кезінде сот, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздер болмаған кезде күдікті, айыпталушы, сотталушы осы лауазымда қала отырып, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi келтіреді немесе осы лауазымда болуымен байланысты қылмыстық іс-әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан шеттетуге құқылы (ҚПК-нің 158-бабы).

      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында лауазымынан уақытша шеттету жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.

      Қаулыға қылмыстық істің лауазымынан шеттету қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.

Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.

      Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жiберiледi, ол қаулыны алғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде оны орындауға және лауазымынан шеттету туралы өтінішхат мәлімдеген адамға ол туралы хабарлауға мiндеттi.

      Лауазымынан шеттетiлген күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, егер олар өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша басқа лауазымда iстей алмаса немесе басқа жұмысқа кiре алмаса, ең төмен бір жалақы мөлшерiнен кем емес ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыға құқығы бар.

      Лауазымынан уақытша шеттетудің күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – тергеу судьясының санкциясы бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.


жүктеу 58,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау