7 тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары Процестік мәжбүрлеу шараларының ұғымы



жүктеу 58,61 Kb.
бет3/10
Дата11.01.2022
өлшемі58,61 Kb.
#32225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
д

Күдіктіні ұстап алу негіздері. Күдіктіні ұстап алу негіздері КПК-нің 128-бабының 2-бөлігінде қарастырылған, яғни қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, мына негiздердiң бiрi болған жағдайда күдіктіні ұстай алады:

1)осы адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталса;

      2)көзімен көргендер (куәлар), оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаған адам ретінде осы адамды тікелей көрсетсе не ол адамды осы Кодекстiң 130-бабында көзделген тәртiппен ұстап алған кезде;

      3)осы адамда немесе оның киімінде, өзiнің бойында немесе тұрғынжайында қылмыстың анық iздерi табылған кезде;

      4)жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілген кезде.

Адамға қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде, егер ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ғана ұстап алынуы мүмкін.

      Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс.

Ұстап алуға қатысты негіздер – қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп күдіктелген адам объективті тергеуге және талқылау ісіне кедергі келтіретіндей қауіп тудырса, қылмыстық қудалау органынан жасырынса, қылмыстық әрекетті жалғастыратын болса немесе іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі келтірсе (куә, жәбірленуші атына қауіп төндірсе).

Ұстап алу шарасын қолдану күзетпен ұстау сияқты бұлтартпау шараларын таңдау ретінде ерекше сипатқа ие болуы керек (күдіктінің мінез-құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты).

Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады (ҚПК-нің 147-бабының 1 бөлігі). Басқа қылмыстар бойынша, яғни күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстап алудың да қажеттілігі болмай қалады. Осыған орай күдіктіні ұстап алу заңдылығы оның іс-әрекетінің дұрыс саралануына байланысты.

Ұстап алудың арнайы негіздемесі — дербес санаттағы лауазымды адамдардың қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және дипломатиялық қызметі бар тұлғалар қылмыс жасаған жерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз ұстап алынуға тиісті емес.

Процестік ұстау сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Күдіктіні жеткізген сәттен бастап үш сағат ішінде кешіктірмей ұстап алу хаттамасы толтырылуы тиіс (ҚПК-нің 129-бабы, 131-баптың 2 бөлімі). Ұстап алу хаттамасы ҚПК-нің 199-бабына сәйкес толтырылады. Онда күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып); күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер; жеке тінту нәтижелері; ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер; хаттаманың жасалған уақыты мен орны көрсетіледі.

      Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды. Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.

Мынадай: 1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде; 6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін.

ҚПК-нің 135-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң қайсыбiрiне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына оның ұстап алынғаны және ұсталып отырған жері туралы кейінге қалдырмай хабарлауға немесе күдіктінің өзiне мұндай хабарлау мүмкiндiгiн беруге мiндеттi.

Шетелдіктің ұстап алынғаны туралы сол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзге де өкiлдiгi дереу хабардар етілуге, ал ол мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен бұйрығымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы да жиырма төрт сағат ішінде хабардар етiлуге тиiс.

Тергеп-тексеру мүддесіне сай күдіктінің туыстарына өзі хабарлау құқығы шектелуі мүмкін (мысалы, қылмысқа бірге қатысқандар қылмыстың ізін жою немесе өзі ұсталмауға талпыну қаупінің алдын алу үшін).

Хабарламаны кейінге қалдыру тергеудің айрықша жағдайларымен, тергеу құпияларымен негізделеді (мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыс, қастандыққа қатысушының біреуін ғана ұстау басқа қатысушылардың тергеу ісіне қарсы кедергі келтіруі мүмкін).

Кәмелет жасқа толмағандарды ұстап алу туралы, қандай жағдайда да болмасын, тез арада оның ата-анасына, не заңды өкіліне хабарланады (ҚПК-нің 541-бабының 5-бөлігі).

Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің асырауындағы адамды қамқорлығына алу туралы және оның мүлкін сақтау туралы шараларды қолдануға міндетті (ҚПК-нің 154-бабы).

Күдікті ұсталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей күдіктіге қорғаушысының қатысуымен жауап беру мүмкіндігі жүргізілуі тиіс (ҚПК-нің 64-бабы).

      Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн.

Күдіктіні ұстап алу оны босатумен немесе күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданумен аяқталады.




жүктеу 58,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау