I. Диктант мәтініне қойылатын талап



жүктеу 398,55 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі398,55 Kb.
#6387
түріСабақ

I. Диктант мәтініне қойылатын талап:
а) көлемі сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс;

ә) мазмұнының тәрбиелік болуы керек;

б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс, бағдарламаға сәйкес болуы керек;

в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн.


II. Диктантты өткізуге (жазғызуға) қойылатын талап:


  1. Диктанттың түрі (мақсаты, өтілетін күні, оқушы тарапынан жүргізілетін даярлықтың түрі ескертіліп, 2-3 күн бұрын хабарланады);

  2. Диктанттың қай түрі болсын мәтіні орфоэпиялық заңға сүйеніп, тиісті кідірістерді сақтай отырып оқылады;

  3. Мәтін құрамында өтілмеген, оқушыға таныс емес еміле, тыныс белгісі кездессе, ол ескертіліп айтылады. Ескертетін жай: тәптіштеп түсіндіріліп, оқушыға көңілін негізгі мақсаттан ауытқытып алмау керек;

  4. Жазылуы қиын байырғы сөздер мен халықаралық термин сөздер кездессе, тақтаға жазып көрсетіледі;

  5. Мағынасы түсініксіз көнерген сөздер сөйлеу тілінде кездессе, оларға түсінік беріледі;

  6. Мұғалім мәтінді оқушы үлгеріп жаза алатын жылдамдықпен, анық, барлығы еститіндей дауыспен, бір орында тұрып оқуы керек;

  7. Жазу барысында орынсыз ескертпе жасай беруге, бөгде сөздер қосуға, ары – бері жүруге болмайды;

  8. Мәтін негізінен үш рет оқылады:

а) бастауыш сыныптарда мазмұнымен таныстыру

мақсатында 2 рет оқылады;

ә) жазғызу мақсатында;

б) толық тексерту мақсатында.


III. Оқушыға қойылатын талаптар:


  1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындауы керек;

  2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысуы керек;

  3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамауы керек;

  4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.



Сөз мөлшері:
5-сыныпта 40-50сөз

6-сыныпта 60-70 сөз

7-сыныпта 70-80 сөз

8-сыныпта 80-90 сөз

9-сыныпта 90-100 сөз

Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:
а) тілдік дайындық (өтілген грамматикалық материалдарды еске

түсіру ) 4 – 5 минут;

ә) берілген тапсырманы орындату – 4-5 минут;

б) диктант мәтінмен таныстыру, жазғызу – 30-35 минут;

в) тексеру, жинау – 2-3 минут.


IV. Диктантты тексеру


  1. Жұмыс келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек.

  2. Диктанттың соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіледі. Белгілерді оқушы «оқи», түсіне білуі керек.


Бақылау жұмысын тексерудегі шартты белгілер мәні:
/ - емле қатесі

V - тыныс қатесі

/ - азат жол артық қойылған



? - түсініксіз

/ - қайталаған ойлар, стильдік қателер, сөз қалдырған

/ - жүйе үзілген


V. Диктантты бағалау
Бағдарламада диктанттан кейінгі жүргізілетін қатемен жұмыс талдау сабақтарына сағат бөлінбегендіктен, оны жылдық, тоқсандық, тақырыптық қайталау сабақтары есебінен алып, өткізіп отыру қажет.

Оқу өлшемі


Сынып

Қанша сөз саны

Таңба саны

5

35-40

315-350

6

40-45

350-395

7

45-50

395-420

8

50-55

420-465

9

55-60

465-510



сынып

лексика

диолог

монолог

5

260-290

5-6 сұрақ

9-11 сөйлем

6

290-310

6-7 сұрақ

11-13 сөйлем

7

310-330

7-8 сұрақ

13-15 сөйлем

8

330-360

8-9 сұрақ

15-17 сөйлем

9

360-390

9-10 сұрақ

17-19 сөйлем



Мазмұндамаға екі баға қойылады:


Сыныптар

Сөйлем саны

Мазмұндама саны

5

4 немесе 5 сөйлем

4

6

5 немесе 6 сөйлем

4

7

6 немесе 7 сөйлем

4

8

7 немесе 8 сөйлем

4

9

8 немесе 9 сөйлем

4


І. Диктант

5-сынып І тоқсан
Отбасы
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, апам және мен. Сіңлім, інім жоқ.

Менің әкем – дәрігер. Ол –егде адам. Шешем – мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам – техникумда мұғалім. Ол әлі тұрмыста емес. Ағам – зауытта жұмысшы. Мен – оқушымын.

Біздің отбасымыз өте тату тұрады.

(50 сөз)


Тапсырма: қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.


Менің бөлмем
Біз жаңа пәтер алдық. Пәтеріміз үшінші қабатта. Бөлмелері үлкен.

Мынау – менің бөлмем. Ол таза, жарық. Бөлмемде үстел, диван, екі орындық, шкаф және компьютер бар. Оң жақта төсегім тұр. Сол жақта кішкене үстелім тұр. Бұл кішкене үстелді өзім жасадым. Үстел үстінде кітап, дәптер, қалам, қарындаш жатыр. Қасында екі орындық тұр. Кейде жолдасым екеуіміз сабаққа бірге дайындаламыз.

(55 сөз)

Тапсырма: бөлме,кітап сөздерін тәуелдік формада жіктеңдер.


ІІ тоқсан
Нан- дастарқан сәні

Нан – ерекше жағымды тамақ. Адам тіршілігіне қажетті қуаттың жартысын наннан алады.

Біздің еліміз нанға бай. Біз күн сайынғы нанға алаң болмаймыз. Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз. Бірақ нанды орынсыз ысырап жасауға болмайды.

Әр үйде күніне нанның бір тілімі тасталса, ол үй жылына 36 килограмм нан шығын жасайды.

Нан дастарқанға көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.

(56сөз)


Тапсырма: нан сөзін септеңдер.

Қарағанды
Қарағанды облысы 1934 жылы пайда болды. Қарағанды ірі өнеркәсіп орталығы. Қарағандыда көмір өнеркәсібі, кен өндіру, машина құрылысы, тамақ өнеркәсіп, зерттеу орталығы бар.

Қарағанды - көп ұлтты қала. Онда қазақ, орыс, қырғыз, неміс, белорус және тағы басқа халықтар тұрады. Қарағандыда жарты миллионнан адам өмір сүреді.

Қалада Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, «Шалқыма» концерт залы бар.

(53 сөз)


Тапсырма: «Қарағанды» сөзін септеңдер.

4.Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жеріндегі жәндіктер мен балықтар анық көрінеді. Көлдің айналасы қарағайлы, қайыңды орман. Көкшенің әйгілі шоқылары «Жұмбақтас», «Оқжетпес» көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Халық бұл жерді «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды. Көлде әр түрлі балықтар бар.

Бурабай көлінің айналасы демалыс орындары. Ол – таза ауасымен, қымызымен емдейтін ірі курорт.

(57 сөз)

Тапсырма: сын есімдерді тауып, шырайларын анықтаңдар.



ІІІ тоқсан

Қыс
Қыс желтоқсаннан айынан басталады. Қыста күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Өзен, көлдердің бетінде тұрған мұз қалыңдайды.

Адамдар кыстыгүні жылы киінеді. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды.

Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыста біз Жаңа жылды қарсы аламыз. Шыршаны безендіреміз.

(56 сөз)


Тапсырма: сетік жалғауы бар сөздеріді тауып, септік түрлерін ажыратыңдар.


Қазақ палуаны
Қажымұқан Мұнайтпасов - әлемге танымал болған тұңғыш қазақ палуаны. Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарда ие болды.

1927 жылы оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.

(51 сөз)

(«Палуан» кітабынан)

Тапсырма: етістіктің шақтарын ажыратыңдар.

ІV тоқсан
Лагерьде
Біз оқу жылы аяқталған соң лагерьге бардық. Лагерь таудың етегіне орналасқан. Лагерьдің жанында өзен ағып жатыр. Тауда түрлі жидектер, жеміс ағаштары өседі. Лагерь орналасқан жердің табиғаты өте әдемі. Кешке жақын оқушылар орталық алаңға жиналды. Үздік оқитын үш оқушы алау жақты. Айнала жап-жарық болып кетті. Апайымыз Жамбыл Жабаев туралы әңгіме айтты. Оқушылар өлеңдер оқыды, би биледі, ойындар ойнады.

(58 сөз)


Тапсырма: сын есімдерді тауып, шырайларын анықтаңдар.

Қазақ тілі сабағында
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, жауап береміз, қазақ мәтінін оқып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, фонетикалық талдаулар жасаймыз, диктант, шағын шығарма жазамыз. Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз, өйткені қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

(53 сөз)


Тапсырма: есімдіктерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.

6 - сынып І тоқсан
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Көпшілігіміз жұмыс істейміз. Кішкентайымыз биыл мектепке барады. Бұрын біраз уақыт әжесінде болған, әжесінен көп ертегі үйреніпті. Үйде әрқайсымыздың атқаратын жұмыстарымыз бар. Еңбек туралы әкемнің: «оқыңдар, адам боласыңдар. Еңбек етіп үлкенді сыйлау керек. Біреуге жамандық ойламаңдар», - деген сөздерін өз балаларыма айтатын болдым. Әрқашан бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Демалыс күндері отбасымызбен тауда шаңғы тебеміз. Бұл біздің денсаулығымызды күшейтеді, көңілімізді көтереді, отбасымыздағы татулықты нығайтады.

(66 сөз)


Тапсырма: «Отбасы» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

Достық
Екі адамның арасындағы достық өзіннен-өзі қалыптасады. Олар бір-біріне дос болу жайлы тілек білдірмейді. Шынайы достықтың арқауы олардың өмірге көзқарастарының, тұрмыс – салтының, моральдық бейнелерінің, рухани азығының, ақыл-ойларының, сезім дүниелерінің ұқсас келіп, бір арнаға құйылып жататындығы, бір-біріне деген қалтықсыз көңілдері мен жан сарайының тазалығы. Мұндай достық – мәңгілік. Шынайы достар қашанда бір-біріне қол ұшын беруге әзір. Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.
(63 сөз)

Тапсырма: «достық », «сарайы» сөздерін септеңдер.
Тағамның маңызы және түрлері
Тіршілік үшін тағамның маңызы зор. Тағам ағзаның өсуі үшін қажет. Ол денеге қуат беріп, адамның күшін арттырады.

Адам ағзасына қажетті пайдалы заттар азықтың бір түрінен ғана табылмайды, сондықтан тағамға әр түрлі азық пайдаланады. Қажетті азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз.

Адам ағзасына су қажет. Судың біраз мөлшері қою тағам да болады. Оған қосымша адам қымыз, айран, сүт, жеміс шырынын ішеді. Бұл сусындардың бәрі – дәрумендер. Дәрумендер жеміс – жидектің шырынында мол болады.

(70 сөз)


Тапсырма: септік жалғауларын тауып, қай септік екенін анықтаңдар.

ІІ тоқсан
Туған күн
Менің досым Жансаяның бүгін туған күні. Ол он үш жасқа келді. Жансая сенімді, адал, жақсы дос. Ол оқу – озаты. Жансая кітап оқығанды ұнатады. Оның шағын кітапханасы бар. Жексенбі күндері Жансаяның үйінде кітап оқимыз. Оған ертегілер, қиял-ғажайып әңгімелер өте ұнайды. Мен досыма туған күніне қазақ ертегілерін сыйлаймын. Ата-анасы да Жансаяға жыл сайын кітап сыйлайды.

Досымның туған күніне арнайы ән айтып беремін. Себебі туған күн асыға күтетін мерекеміз, оны қызықты өткізу керек.

(70 сөз)
Жаңа Астана
Ақмола – Есіл өзенінің жағасында аққайрақ тастан әдемілеп жасаған мола (ескерткіш). Бесінші, алтыншы ғасыр бойы бұл маңда ерекше көзге түсіп тұрған. Сол әдемі – ақ мола сол өлкенің атына айналып, салынған қала да Ақмола деп аталып кеткен.

Бұл қала да – ірі өндіріс және ауыл – шаруашылығы, мәдениет орталығы.

1999 жылдан бастап, Ақмола Астана қаласына айналды. Қазір Астанада көптеген құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта Астана жер бетіндегі ең ірі астаналардың қатарына қосылады.

(68 сөз)
Менің Қазақстаным


Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанның батысында Каспий ойпаты, шығысында Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі.

Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.

(72 сөз)

Тапсырма : Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

ІІІ тоқсан
Туған жердің табиғаты
Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар,әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың.

Туған жер! Мен үшін сенің әрбір тасың, әрбір аң-құсың, әрбір гүлің ыстық әрі қымбат, мен үшін сенің көк аспаның қымбат. Алысқа кетсем, сені сағынамын, көруге асығамын.

Мен сенің гүлденген көктеміңді, жасыл жазыңды, сары алтын күзіңді, аппақ қысыңды сүйемін. Мен туған жердің табиғатын көркейтуге, оны қорғауға көмектесемін.

(70 сөз)


Халық ауыз әдебиеті
Қазақтың халық ауыз әдебиетіне: ертегілер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар жатады. Әр халықтың ауыз әдебиеті өте бай. Біз қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында мақал жаттаймыз, әңгімелейміз, жұмбақтарды шешміз.

Маған батырлар туралы аңыздар, ертегілер ұнайды. Мен Қобыланды батыр сияқты болғым келеді. Менің інім Қаңбақ шал, Алдаркөсе туралы ертегілерді оқып шықты. Ол Қаңбақ шалдың суретін ұқсатып салды. Біздің жанұямыз халық ауыз әдебиетін жақсы біледі. Өзіміз де жұмбақ құрастырдық. Мен көптеген жұмбақтарды жатқа білемін.

(70 сөз)

Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді.Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер салдырды және Ырғызды қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар жаңа мектеп ашты.Қолөнер, ауылшаруашылық училищелерін көп күш жұмсады.

Ыбырай педагог,ақын, жазушы болған. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Ыбырайдың халыққа еңбегі сіңді, сондықтан халық оның еңбегін бағалады

(68 сөз)

ІV тоқсан Мектеп
Қыркүйек ай жақын қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есік, терезе, парта, тақта күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралды. Мен өзімнің төрт қабатты мектебімді өте жақсы көремін. Біздің мектеп өте биік, әдемі. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды.

(67 сөз)
Тапсырма:

- септік жалғауларын табыңдар.

- үшінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызыңдар


Қазақтың ұлттық киімдері
Күні бүгінге дейін өзінің ерекшелігін сақтап, қолөнердің озық үлгісі ретінде танылған бұйымдардың бірі – ұлттық киімдер.

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары сан алуан: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп бөлінсе, кейде жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де аталып жатады.

Қазақша киім өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Бұл жайттардан қазақша киім табиғатындағы екі қасиетті байқаймыз, олар: тұрмыс қажетіне жарамдылығы мен әсемдігі.

(64 сөз)
Тапсырма:көсемшелерді табыңдар.


Қазақ тілі туралы
Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын беруге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді. Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді.

Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі.

Елімізде тұратын барлық ұлттар мәдениетін, білімін, достығын жоғарылатқысы келсе, қазақ тілін білу керек. «Қос тілің – қос қанатың» деген нақыл сөзді әр уақытта есте сақтау керек.

(69 сөз)
Тапсырма: үстеулерді теріп жаз.



7-сынып І тоқсан
Менің атым – Қайрат. Туған жерім Теміртау. Біз қалада тұрамыз.Менің ата, әжем, әкем мен шешем, ағам және қарындасым бар. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атамның үйі таудың етегінде орналасқан. Атам соғыс ардагері, ұста. Әжем отыз жыл ұстаздық еткен. Қазір атам мен әжем құрметті демалыста. Әкем зауытта болат балқытушы. Анам – дәрігер. Ағам металлургиялық институттың студенті. Қарындасым оқушысы, ол кітап оқығанды, сурет салғанды жақсы көреді. Мен сабақты жақсы оқимын. Ермегім сурет салу. Маған табиғат көріністерін салған ұнайды.Менің жанұям өте тату.

(79 сөз)



Тапсырма:мәтіннен сөз таптарын теріп жазыңдар

Жаңа жыл
Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр.

Қар қалың, ауа таза. Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша! Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді.Олар ақ қала жасап, бір-біріне қар лақтырып, ойнайды. Үсті- бастары ақ қар.

Балалар үшін Жаңа жыл- қуанышты мереке. Мектепте, театрларда, үйде жаңа жылдық шырша құрылады. Балалар шыршаны айнала билейді, өлең, тақпақ айтады, ән салады.

Мерекеге Аяз-ата мен Ақша қар келеді. Олар балаларға сыйлық таратады.

(80 сөз)
Менің досым

Менің жақсы досым бар. Біз екеуіміз балабақшадан доспыз. Екеуіміз де қазір бір сыныпта оқимыз, бірге сабаққа дайындаламыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз. Екеуіміз де Астана қаласындағы № 19 мектепте алтыншы сыныпта оқимыз. Досымның аты – Айдос. Біз – екеуіміз де оқу озатымыз. Айдостың көзі қара, бойы ұзын, мінезі жұмсақ. Екеуіміз ешқашан қатты сөзге келмейміз. Ол маған көмектеседі, мен оған көмектесемін. Біз өте татумыз.

«Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, жаманмен жолдас болсаң, басың кетер».

(71 сөз)
Тапсырма: тақырып бойынша 5 сөз тіркесін теріп жазу.




ІІ тоқсан
Ақан сері
Өмірдің күнделікті күйбеңіне көңіл бөлмей, бүкіл өмірін әуезді әнге, уытты жырға арнаған Ақанның жаны бала кезден-ақ сұлулыққа, әсемдікке іңкәр еді. Ол жігіт шағында әншілік, ақындық өнерінің үстіне қыран бүркіт, құмай тазы, аузымен құс тістеген жүйрік мінді. Аншылықты да өнер деп танып қызықтаған ерекше нәзік сезім иесі. Осындай сегіз қырлы талант иесін елі «сері» деп мақтанышпен атады. Ата-анасының туғанда қойған аты Ақжігіт болса да халқы оны еркелетіп «Ақан», «Ақан сері» деп атап кеткен.

Бірақ ел-жұрты қол үзген жоқ. Қайда барса да, қайда жүрсе де қошеметтеп қарсы алады.

(80сөз)

(Ол кім?Бұл не? Энциклопедиясынан)




Киім түрлері
Адамзат баласы пайда болғаннан бастап киім киеді. Киімнің түрлері де көп. Олар: ұлттық киімдер, жастар киімі, әр мамандыққа байланысты жұмыс киімдері болады. Әр маусымның да өзінің киімдері болады.

Киім пайдаланылуына қарай тұрмыстық, өндірістік және формалық киімдер болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдерге күнделікті,сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдер жатады. Өндірістік киімдерге арнайы санитарлық, формалық киімдер жатады. Тамақ дайындаған кезде алжапқыш пен орамалды қолдану керек. Алжапқыш киімді ластанудан сақтайды, орамал шашты түсірмей, бөгет жасамау үшін байланады. Сондықтан, әдемі, жарасымды киінуіміз керек.

(75сөз)
(Сән журналы)

Қонаққа бару
Келесі жексенбіде мен ағамның үйіне қонаққа барамын. Ағам өзінің туған күніне көп қонақ шақырады.

Үй иесі қонақтарды қарсы алады. Біз ағамызды құттықтаймыз, сыйлыққа сағат береміз.

Жеңгем дастархан жайып, ең алдымен қымыз, шұбат,содан кейін түрлі салаттар, қуырылған балық, құстың етін,қазы,қарта,шұжық береді. Ыстық тамаққа палау немесе бесбармақ, сонан соң шай дайындайды. Шайға түрлі самса, тоқаш, тәтті тағамдар қояды. Қонақтар би билейді, ән салады, ойын ойнайды, үй иелеріне риза болады. Кеш, әдеттегідей, тамаша, көңілді және қызықты өтеді.

(78 сөз)


ІІІ тоқсан
Ш.Қалдаяқов
Ш. Қалдаяқовтың әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің 300-ге жуық әні бар

Оның «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы» секілді атақты әндері төрткүл дүниеге тарады.

Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосқан композитор. Қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант.

Шәмші Қалдаяқовтың әні әрқашан қазақ халқының жадында сақталады.

(80 сөз)


Тапсырма: музыка, өнер сөздеріне фонетикалық талдау жаса.


Досымның ермегі
Досымның ермегі – компьютердің алдында отырып, интернетке шығу.

Компьютердің арқасында дүниеге келіп, бүкіл әлемге таралған Интернет деген жүйе туралы бізге айтып отырады.

Бүкіл әлемде орналасқан, өзара кабелмен, радиомен немесе спутниктік байланыспен жалғасқан аса көп компьютерлер жиынтығы екен.

Интернет – ол бір компьютерден басқа бір компьютерге мәліметтер беруге болатын әлемдік компьютерлік жүйе.

Америкалық ғалымдар барлық компьютерлер тең құқылы болатын бір орталықсыз жүйе жасауды ойлап тапты.

1983 жылы осы жүйені тағыда жетілдіріп, әлем Интернет дәуіріне аяқ басты.

Сондықтан, оқуға, жұмысқа керек мәмметтерді досыммен бірге Интернетке шығып, тауып алатын болдық.

(80 сөз)
Тапсырма: Берілген етістіктерді ырықсыз етіске айналдырыңдар: отырады, тапты, ойналанды, аяқ басты, жетілдірді.



Үлгі: отырады - отырылды.

Ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек?
Адам өмірін ұзарту мүмкін бе? Белгілі гигиеналық, ем – дәм ережелерін сақтап, өмірді ұзартуға болады. Бұған әрбір адам міндетті. Денсаулық әркімнің өзі үшін қажет. Мен әр адам 120 жыл, одан да көп өмір сүруге хақылы, міндетті дер едім. Денсаулықты сатып ала алмайсың. Оны тек өзіңнің тынымсыз еңбегің арқылы ғана табасың. Тек табанды еңбек арқасында қайратты боласың, ұзақ жасайсың, сарқылмас денсаулықтың қызығын көресің. Мәселен, мен өз өмірімнің саулығын өзім жасадым. Суға шомылғанды жақсы көремін. Тауға жиі серуенге шығамын. Билегенді өте ұнатамын. Осындай нәтижеге сіз де жете аласыз.

(80 сөз)


Тапсырма: Мәтіндегі етістіктерді табып, етіс түрлеріне қойып жаз.

Үлгі: Сақтап- сақта-л-ды, сақта-с-ты, сақта-н-ды.

ІҮ тоқсан
Кеше бізде қазақ тілі сабағы болды. Мұғаліміміз өте білімді адам. Ол бізді қазақша сөйлетеді. Кеше бізде жаңа тақырыппен таныстырды, тақырып бойынша жаңа сөздерді үйретті , сөздердің мағынасын түсіндірді. Сабақта бізге көп жұмыс істетті : мәтінді оқытып, мәтінге сұрақтар қойғызды, сұрақтарға жауап бергізді, жаттығуларды орындатты.

Сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөйлесуге арнады. Магнитафоннан бізге өте қызықты әңгіме тыңдатты. Сол әңгімені бізге баяндап айтқызды, содан кейін қысқаша мазмұндама жазғызды.

Мұғаліміміз дыбыстарды , сөздерді , сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді тапқызды.

(76 сөз)


Интернет
Адамдар бүгінде электронды поштаны пайдаланады. Ол кәдімгі байланыс құралдарынан ыңғайлы . Әрі жылдам. Компьютермен хат жазсаңыз, ол бір минуттан кеін алушының электрондық байланыс жәшігіне түседі.

Интернет те электрондық байланыс құралы. Оған дүние жүзінің негізгі электрондық байланыс агенттерінің бәрі қосылған; сондықтан сіз әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан оқиғаларды біле аласыз.

Белгілі бір мәселе бойынша молырақ мәлімет алғыңыз келсе - интернеттік тиісті сайттарын ашасыз. Сол арқылы іздеген ақпаратыңызды таба аласыз. Сөйтіп интернет - жедел ақпараттың сенімді мол көзі болып табылады.

( 77 сөз.) 

8 сынып І тоқсан
Мектеп аспазшысы
Бұл мектеп асханасы. Мектептің асханасы екінші қабатта орналасқан. Асханада ас даярланатын ыдыс – аяқтардың барлығы бар. Асханада тазалық қатаң түрде сақталады. Асхананың төресі бәріне белгілі ең пысық Ақмарал апай. Ақмарал апайдың бес саусағынан бал тамған тамақ даярлаудың шебері. Асханаға оқушылар келгенде жарқын жүзбен қарсы алып, дәмді тағамдарын ұсына бастайды. Оқушылар асханадан шыққаннан кейін жақсы көңіл – күйде сабақтарына кіріседі. Асхана оқушыға сүйікті орын болу үшін, дәмді тамаққа ғана емес, аспазшыға да байланысты болады.71

тапсырма: берілген сөйлемнің түрін анықтаңдар.

Асханаға оқушылар келгенде жарқын жүзбен қарсы алып, дәмді тағамдарын ұсына бастайды.



9-сынып

І тоқсан
Дала жұлдызы
Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп, ұстаз болып шықты. Торғай қаласына келісімен мектеп салдырды. Қараңғы халық алғашқы кезде балаларын оқуға бере қоймады. Сондықтан да оқуға балалар тарту үшін Ыбырай ел аралауға шықты.Ағартушы болып, балаларды оқуға шақырды.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының жарық жұлдызы еді. Ол қазақ балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазды. Белгілі жазушы Спандияр Көбеев те Ыбырайдан сабақ оқыған, оның тәрбиесінде болған. Ыбырай сол кезде жалғыз өскен емен ағашы сияқты еді. Қазір сол еменнен мыңдаған бұтақ тарады. Бір кезде Ыбырай жалғыз жұлдыз еді. Енді сол жұлдыздың төңірегіне мыңдаған жұлдыз жиналып, шоғырланып жарық нұрын шашты.

(95 сөз)

Тапсырма: Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңдар.
Қазақ халқының ғалымдары
Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе – ғылым. Ғылымды дамытатындар – ғалымдар. Ғалымдар - өз елің, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқына да ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш-қайратын, ақыл-ойын ғылымға арнаған. Орта ғасырда өмір сүрген Әбу Насыр әл-Фараби - әлемге әйгілі ғалым. Шоқан Уәлиханов – саяхатшы, этнограф, тарихшы, географ, өнертанушы. Ахмет Байтұрсынов – тіл білімінің атасы, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушыларының бірі. Мұхтар Әуезов – абайтанушы, ірі ғалым. Академик Қаныш Сәтбаев – аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, алғашқы академик.

(91 сөз)


Интернет
Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернеттің көмегімен машина, үй сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, ағылшынша газеттер, жапонша журналдар оқуға, кез келген қалалардан кітаптар сатып алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңмен еркін сөйлесуге де болады.

Интернеттің көмегімен санауы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы кез келген елдермен байланыса аласыз және бұл телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.

Егер сіздің үйіңізде компьютер болмаса, факстің немесе Интернеттің көмегімен арнаулы факс-бюроны не Интернет-дәмханаларды пайдалануға болады.

Өміріміз күн санап дамып, өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де көбеюде.

(92 сөз)


ІІ тоқсан
Мұқағали мұражайында
Қарасаздағы Мұқағали мұражайына кірсеңіз үстелдің үстіне қойылған жазу мәшінкесіне көзіңіз түседі. Оны көрген кезде шашын бір сілкіп тастап, ой теңізіне сүңгіген алып ақынның ақ қағазға өлең өрнектеген шабытты кездерінің суреті елестегендей болады. Шындығында солай. Мұқаңның саусақтары мәшінке түймелерінде тынымсыз ойнағаны анық қой. Таңды таңға ұрған жанкешті еңбектің куәсі осынау көне жәдігер. Ол сондықтан да қымбатты, сондықтан да қасиетті.

Мұқағали ағамыз өлеңдерін ең алдымен қаламмен жазғаны белгілі. Қолтаңбасы да мөрдей. Алайда, баспаларға ұсынар кезде осы мәшінкемен жұмыс істегені және рас. Ақынға көмектесіп, Лашын жеңгеміз де мәшінкенің түймелерін талай рет басқан шығар деп ойлаймыз. Қалай десек те, осы бір жазу мәшінкесі мұражайдағы ең құнды жәдігерлердің бірі саналады.

(105сөз)
Тапсырма: берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Мұқағали ағамыз өлеңдерін ең алдымен қаламмен жазғаны белгілі.




Құсмұрын өңірінің табиғаты
Шыңғыс сұлтан жайлаған Құсмұрын өңірі, шіркін, жердің сұлуы. Жылмағай жазық даладағы құстың тұмсығындай дөңестеніп сәл көтерілген қыратты жергілікті жұрт тау көріпті. Құстұмсық қыраттың етегінде Құсмұрын көлі жатыр. Одан әрі сайда қайыңы, қандыағашы аралас шоқ-шоқ тоғай жазда ну жасыл болады да, күзде алтын түске боялады. Шоқан суын ішкен Орта бұлақ та осы тоғайдың ішінде.

Құс­мұрынның қалған аймағы жусанды, селеулі дала. Тамыз айындағы жусанның қышқылтым иісі мұрныңды жарып, бас айнал­ды­рады. Үп еткен желдің ығында кеткен селеу шөп құланиекке көтерілген күнге шағылысып, теңіздің ақжал толқынындай толқиды. Селеулі шүйгін шөптің ішінде жон арқасы ғана көрінген ақ бас сиырды теңіздің толқыны алып кетіп бара жатқандай керемет әсер береді.

(105 сөз)
Тапсырма: мәтіннен есімді сөз тіркестерін теріп жазып, сұрақ қой.

Наурыз
Наурыз менің асыға күтетін сүйікті мерекем.наурыз мерекесі күні біздің үйде «Наурыз көже» пісіріледі.Наурызкөжеге апам мен анам көп уақыт дайындалады. Жаздай жайған құрттан, қайнатылған ірімшіктен «көжеге» деп арнайы сақталады.Күзде піскен бидайдан көжеге деп, бір дорба бидай дайындайды.Қысқы соғымнан көжеге деп ет сүрлейді.Осы астың бәрін қазанға салып, апам мен анам ертемен көже әзірлеуге кіріседі.Тағы көжеге айран, жайма нан қосады. Бұл күні барлығы үйде болуға тырысады. Түскі ас кезінде, көкелерім,жеңгелерім, іні-қарындастарымды ерітіп көже ішуге келеді.Атамның шаңырағы болған соң біздің үлкен үй,сондықтан барлығы осында жиналады.

Міне көже де дайын болды. Иісі мұрныңды жарады.Апам бата беріп, келесі көжеге дейін «аман-сау болыңдар» деп құйып береді.

(111 сөз)

Бүркітшінің немересі

Ал қара көк аспанға оқша атылған бүркітті барлық бала бірдей көрген жоқ.Шәкен атасының арқасында Шәмші мұны талай-талай қызықтады.Кеңістікке көтерілген құс патшасы сәлден соң биіктен қос қанаты суылдап төмен қарай

сорғалайды.Қимылына көз ілеспейді. Олжасын басып отырғанын көресің.Кейде оның болат тұяқтарына шыдамай қасқыр да сол заматта жан тәсілім береді.Ал амалы таусылған айлакер түлкі шалқалай жата қалып, аузын қайшылайтынына Шәмші бірнеше рет куә болды. Әккі бүркіт ондайда тайқып кетеді.Қаша жөнелген түлкінің көк желкесі мен сауырынан бүріп әкетіп, биіктен тастап жібереді.Шәмшінің ойы-аңшылық, құсбегілік.Осы өнердің қыр-сырына әлі де қаныға түсу.

(94 сөз)


Торғай

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатыр.

Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім.Ол ұясынан құлап түсіпті.Жел жол жағалауындағы қайыңдардың басын теңселтіп тұр.Балапан жаңа ғана өсіп келе жатқан сүйрік қанатын дәрменсіз жайып,қимылсыз отыр.

Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл алдына келіп қонды.Байғұстың зәресі ұшып, түсі бұзылып кеткен,жүнін үрпитіп шырылдауда.

Иттің арандай ашылған тістері, ақсиған аузына қарай бір-екі рет тап берді.

(95сөз)

ІІ. Мазмұндама

І тоқсан
5-сынып
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Олар бізбен бірге тұрады.Әкем фирмада жұмыс істейді. Шешем мектепте жұмыс істейді. Ол –мұғалім. Ағам университетте оқиды. Қарындасым бірінші сыныпта оқиды. Мен бесінші сыныпта оқимын.

Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.

(64 сөз)
ІІ тоқсан
Қазақстанның табиғаты
Біз табиғатты сүйе білуіміз керек. Табиғат дегеніміз шалғын шөп, орман, өзен, көл, тау. Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау, төбелер мен жазықтар бар.

Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Ал құстардың түрі 500-ден көп. Өзен –көлдерде балықтың 107 түрі бар. Далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен.

Оларды қорғауымыз керек.

(55 сөз)
ІІІ тоқсан


Спорт үйірмелері
Қазіргі кезде спорттың түрлері өте көп. Олар: волейбол, баскетбол, футбол, суда жүзу, қысқы спорт түрлері. Әр адамның өзінің сүйікті спорт түрі болады. Ал маған волейбол ұнайды. Себебі, бұл спорт түрі өте пайдалы. Адамның дене бітімен қалыптастырады. Мен мектептің волейбол үйірмесіне қатысамын. Аптасына үш рет барамын. Болашақта мен дені сау азамат болып өсуімді қолаймын.

(53 сөз)



ІV тоқсан.

Екі кітап
Бір жолаушы екі кітап тауып алады. Біріншісінің қалыңдығы екі қарыс. Екіншісі сіріңкедей ғана кішкене әрі жұқа. Қария екі кітапты таразыға салып өлшеді.

Қария басын шайқады да:



  • Сені жазған кім, үлкен кітап? – деп сұрады.

  • Мені Мылжыңбай деген біреу жазды. Отырды да, ойына келгенін жаза берді, – деді.

  • Ал сені кім жазды, кішкене кітап?

  • Мені ғұлама білгір жазды. Ол көп жыл еңбек етіп, сөз асылын ғана хатқа түсірді, – деді.

  • Міне, енді ұқтың ба? – деді қария жолаушыға. Мына кітапта ақылдының асыл сөзі ғана бар. Ал мына кітаптың іші толған бос сөз. Сондықтан да ол жеп-жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын!


Сөздік: қария, таразы, асыл сөз, мағынасыз сөз.
Жоспар:

  1. Жолаушы тапқан кітаптар.

  2. Қарияның кітапты таразыға салуы.

  3. Қалың кітаптың сөзі.

  4. Жұқа кітаптың айтқаны.

  5. Қарияның жауабы.


6-сынып
Менің ұстазым
Мұғаліміміз сыныпқа келгенде, бәріміз өте қуанатынбыз.Ол сыныпқа келіп,бәрімізге бір қарап шаққанда әр оқушы түсіне қоятын.Жаңа сабақты түсіндіріп тұрғанда сыныпта тыныштық орнайды.Тек мұғаліміміздің әдемі даусы ғана естіледі.Әр тақырыпты түсіндіргенде сөзінің арасында адамгершілікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдер айтушы еді.Әсіресе, « Атаңның баласы болма,адамның баласы бол» деген ар-намысты оятатын ұлы адамдардың сөздерін қайталай отырып, сабағын қорытындылайтын
Жоспар:

  1. Мұғалім сыныпта

  2. Жаңа сабақ

  3. Мұғалімнің сөзі

«Тоғызқұмалақ»
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойыны. Жерден тоғыз – тоғыздан шұңқыр, бір – бірден қазан қазып алып, әрқайсысы сексен бірден құмалақ алған. Оны қойшылар жүрелеп не малдас құрып отырып ойнайды екен. Бара – бара ойын қазақ арасына кең тарап, ұлттық ойынға айналды. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой – өрісін кеңітетін, ойша есептеуге төселдіретін, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулитын бұл тамаша ойынға бос уақытын көп бөліп, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізген. Тоғызқұмалақ ойыны қазір арнаулы тақтада бұршақпен ойналатын болды.

Бұл ойын – нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке жүйрік адам ғана жеңеді. Тоғызқұмалақ та, шахмат сияқты, тапқырлықты, қиялдауды керек етеді.



(86 сөз)
7-сынып

Анашым
Бірінші ай. Дүниеге келгеніме бір ай болды. Әлі өте кішкентаймын. Бірақ кішкентай болсам да, мені жақсы көретініңді сеземін.

Жетінші ай. Мен саған әбден үйреніп алдым. Қасымда болсаң, қуанамын. Кетіп қалсаң, жылаймын. Сен менің ең сүйікті адамымсың.

Екінші жыл. Бүгін бірінші рет сөйледім. Сенің атыңды айттым. Сен қатты қуандың, мені жерден көтеріп алып, бауырыңа бастың. Бетімнен сүйдің.

Үшінші жыл. Ауырып қалдым. Қиналып жатырмын. Бірақ қасымда отырған сен екі есе қиналып отырсың.

Алтыншы жыл. Мектепке алып келдің. «Мен оқуды,жазуды білемін. Сен маған көп нәрсе үйреттің. Мектепте оқудың не керегі бар?»- деп сұрадым. « Болашақ өмірің үшін керек. Білім жолы осы есіктен басталады, – деп жауап бердің.

Оныншы жыл. Мен күлсем, сен де күлесің. Жыласам, сен де егілесің. Егер қиналсам, әрдайым қасымда боласың. Сені көрмей қалсам, сағынамын. Сені көруге асығамын.

Жалғыз сені бүкіл адамзатқа ауыстырмаймын. Неге десең, өмірімнің тірегі-сенсің. Қуанышым да қорғанышым да сенсің. Ең маңыздысы, бұ дүниедегі ең жақын адамым сенсің, сүйікті анашым!


ІІ тоқсан
Киім кию мәдениеті
Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол-біздің ұлттық мәдениетіміз.

Жақсы талғаммен, сәнді киіну, киім киюде өз талғамың болу керек. Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады.

Салтанаттық киім мен күнделікті киімнің пішімінде айырмашылық бола бермейді.

Киімді жыл мезгіліне, қандай жағдайға арналғанын болжап алған жөн. Сондықтан сән киімін мектепке, спорт киімін қонаққа киюге болмайды. Сонымен қатар дене бітіміндегі кейбір кемшіліктерді жасыратындай киімді үйлестіріп кию керек. Бұған қоса адам терісінің, шашының түсі де үлкен рөл атқарады, барлығы да бір-біріне сай әрі әдемі болуы тиіс.

(90сөз)

(Сән журналы)


ІІІ тоқсан

Қазақ қолөнерінің тарихы
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кең-байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер.

Қазақ халқының қолөнері әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады.




ІҮ тоқсан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі

 

Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Түркі тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай (Кавказда), қақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері.



Қазақ тілі - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. 7 шілдеде «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» жаңа заңы қабылданды.

1998 жылы «Тіл, барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі десек, мемлекеттік бағдарлама жобасы ең бірінші мемлекеттік тілді он жыл мерзімде жан-жақты дамытудың негізгі бағытын айқындауға арналғаны айтылды. Бұл бағдарлама жобасының басты ерекшелігі – оны әзірлеу барысында 30-дан астам шетелдің тіл саясатын құқықтық реттеу тәжірибесі зерделеніпті. Осынау ауқымды істе үнемі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің жүруі жұртты үнемі жарық үмітке жетелейді. Ел Президентінің “Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек… Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет” деп атап көрсеткеніндей, бұл жоба осы уақытқа дейін көлемді істерді жүзеге асырудың бағыты ретінде бағаланатын бірден бір құжат ретінде ұсынылды.»

8 сынып «Екі кітап»
Бір жолаушы келе жатып екі кітап тауып алады. Біріншісінің қалыңдығы екі қарыс. Екіншісі –сіріңкедей ғана кішкене, әрі жұқа.

Жолаушы қуанып кетіп, әлгі екі кітапты қолына алады. Үлкен кітап көлеміне қарамай қауырсындай жеп-жеңіл, ал екіншісі алтын арқандай ап-ауыр екен. Жолаушы аң-таң болды. Сонда кішкентай кітапқа тіл бітіп:



  • Мені байқап ұстаңыз, жолаушы, мен асыл кітаппын,- дейді.

Мұның сырын түсіне алмаған жолаушы бір қарияға келеді. Бар әңгімені баян етеді. Қария екі кітапты таразыға салып өлшегенде, кіші кітап жағы басып кетеді.

Қария басын шайқайды да:



  • Сені жазған кім, үлкен кітап? –деп сұрайды.

  • Мені Мылжыңбай деген біреу жазды. Өмірден тергені жоқ, түйгені жоқ. Отырды да ойына келгенін жаза берді.Сөйтіп аз уақыт ішінде осындай үлкен кітап болып шыға келдім,- деп жауап береді үлкен кітап.

  • Ал сені кім жазды, кішкене кітап?

  • Мені ғұлама білгір жазды. Ол көп жыл еңбек етіп, тек екшелген сөз асылын ғана хатқа түсірді.

  • Міне, енді ұқтың ба?-дейді қария жолаушыға.- Мына кітап кіп-кішкентай.Бірақ ішінде ақылдының асыл сөзі ғана бар. Ал мына кітаптың іші толған бос кеуек сөз. Сондықтан да ол жеп-жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын!



Жоспар.

  1. Жолаушының олжасы.

  2. Кішкентай кітаптың сөзі.

  3. Қарияның әрекеті.

  4. Үлкен кітаптың сөзі.

  5. Қарияның сөзі.

«Алма ағашы»

Орман ішінде жабайы алма ағашы өсетін. Күзде одан бір ащы алма үзіліп түседі. Құстар бұл алманы шоқып жеген кезде, оның бір дәні жерге түсіп, көміліп қалып қояды. Қыс бойы жер астында жатып, көктемде дән көктей бастайды. Әуелі екі жапырақ шығады. Ол екеуінің ортасынан сабақ өседі. Сабақтан бүршіктер, бүршіктерден жасыл жапырақтар өседі.

Сөйтіп, сол жерде бес жылдан кейін үлкен алма ағашы пайда болады.

Бір күні бағбан орманға келіп, өсіп тұрған алма ағашты көріп:


  • Мынау тәуір ағаш екен, бір керегіме жарар,-дейді де, оны қазып алады. Оны өзінің бағына әкеліп,жақсы жерге отырғызады.

Алма ағашы бақтың ішінде тұрып: «Мен бір көп табыла бермейтін ерекше ағаш болдым ғой,»- деп ойлайды. Ол масаттанып, маңындағы шүберекпен ораулы сәнсіз бұтақтарды менсінбейді.

Келесі жылы бағбан алма ағашты кесе бастайды. Алма ағашы қорыққанынан дір-дір етеді. «Енді өлдім ғой»,- деп уайымдайды.

Бағбан ағаштың бұтақтарының бәрін кесіп тастайды. Ортадағы сабағын ғана қалдырады.Оның жоғарғы жағын кеседі. Сол кесілген жерге бөтен бір бұтақты жалғайды. Жарығын бітеп, сыртына шүберек орап,байлап қояды. Айнала қазық қағып, ағашты түзетіп, сол қазықтарға байлайды.

Ағаш біраз ауырады. Бірақ көп ұзамай тәуір болады.Бөтен бұтаққа үйреніп алады.Екеуі бірігіп,күшейіп өсе бастайды.

Сөйтіп, үш жылдан кейін ақшылдау алқызыл гүл атады. Бұл гүлдер түсіп,орнына жасыл түйіндер пайда болады. Күзге қарай ол түйіндер өсіп,үлкен, қызыл тәтті алмаға айналады.Сөйтіп, суыққа төзімді жабайы алма ағаш пен тәтті жақсы алма ағаштың бұтағы қосылып, әрі суыққа төзімді, әрі тәтті, әрі үлкен алманың жаңа бір түрі пайда болады.

Жоспар


1.Жабайы алма ағашы

2.Бес жылдан кейінгі алма ағашы

3.Алма ағашының ойы

4.Бағбанның еңбегі



5.Жаңа алма ағашының қасиеті.
жүктеу 398,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау