Қазақстан республикасындағы кедендік реттеу туралы қазақстан Республикасының Кодексі



жүктеу 250,34 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.02.2020
өлшемі250,34 Kb.
#28142
түріКодекс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ 

ТУРАЛЫ 

Қазақстан Республикасының Кодексі 

_________________________________________________________ 

 

55-тарау.  ТЕКСЕРУ  НӘТИЖЕЛЕРІ  ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМАҒА  ЖӘНЕ 

(НЕМЕСЕ)  БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ  ЖОЮ  ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМАҒА 

ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ 

 

475-бап. Шағым жасау құқығы 

      


1.  Тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  және  (немесе) 

бұзушылықтарды  жою  туралы  хабарламаға  (бұдан  әрі  осы  тараудың 

мақсатында – хабарлама) шағым жасау осы тарауда көзделген ерекшеліктер 

ескеріле  отырып,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген 

тәртіппен жүзеге асырылады. 

      2. Хабарламаға: 

      1) өзіне қатысты хабарлама шығарылған декларанттың не оның өкілінің; 

      2) өзіне қатысты хабарлама шығарылған, кеден ісі саласындағы қызметті 

жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағым жасау құқығы бар. 

      


3.  Осы  баптың  2-тармағында  аталған  тұлғалар  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сәйкес  хабарламаға  сот  тәртібімен  шағым 

жасауға құқылы. 

 

476-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері 

       1.  Шағым  хабарлама  табыс  етілген  күннен  кейінгі  күннен  бастап  отыз 

жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi. 

      Бұл  ретте шағымның  көшiрмесi  хабарламаны шығарған  кеден  органына 

жiберілуге тиiс. 

      Шағымды беру тәсiлiне қарай: 

      1) өзi келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні; 

       2)  пошта  арқылы  –  пошта  операторының  қабылдау  туралы  белгiсi 

қойылған күн уәкілетті органға шағым берген күн болып табылады. 

       2.  Осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  мерзімді  дәлелді  себеппен 

өткізіп алған жағдайда, уәкілетті орган шағым беруші тұлғаның өтінішхаты 

бойынша бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. 

       3.  Уәкілетті  орган  шағым  берудің  өткізіп  алынған  мерзімін  қалпына 

келтіру  мақсатында  өзіне  қатысты  кедендік  тексеру  жүргізілген  жеке 

тұлғаның,  сондай-ақ  шағым  берген  тұлға  басшысының  және  (немесе)  бас 

бухгалтерінің  (ол  болған  жағдайда)  еңбекке  уақытша  жарамсыздығын 

дәлелді себеп ретінде таниды. 

      Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген 

жеке  тұлғаларға,  сондай-ақ  ұйымдық  құрылымында  жоғарыда  аталған 

тұлғалар  болмаған  кезде  оларды  алмастыратын  адамдардың  болуы 



көзделмейтін, 

осы 


Кодекстің 

475-бабының 

2-тармағында

  көрсетілген 

тұлғаларға қолданылады. 

       Бұл  ретте  шағым  берудің  өткізіп  алынған  мерзімін  қалпына  келтіру 

туралы  өтінішхатқа  осы  тармақтың  бірінші  бөлігінде  аталған  тұлғалардың 

еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңін растайтын құжат және шағым берген 

тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс. 

       4.  Уәкілетті  орган  шағым  берудің  өткізіп  алынған  мерзімін  қалпына 

келтіру  туралы  өтінішхатты  осы  Кодекстің 

475-бабының

 2-тармағында 

аталған  тұлға  шағым  мен  өтінішхатты  осы  баптың  3-тармағында  аталған 

тұлғалардың  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы  кезеңі  аяқталған  күннен 

бастап  он  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  берген  жағдайда  ғана 

қанағаттандырады. 

       5.  Уәкілетті  органға  шағым  берген  адам  осы  шағым  бойынша  шешім 

қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала 

алады. 


       Шағымды  кері  қайтарып  алу  осы  баптың  1-тармағында  белгіленген 

мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды. 

       Осы  Кодекстің 

475-бабының

 2-тармағында  аталған  тұлға  көшпелі 

кедендік  тексеру  тағайындалған  күннен  бастап  ол  аяқталған  күнге  дейінгі 

кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес. 

 

477-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны 

      1. Шағым жазбаша нысанда беріледі. 

      2. Шағымда мыналар көрсетілуге тиіс: 

      1) шағымға қол қойылған күн; 

      2) шағым берілетін уәкілетті органның атауы; 

       3)  шағым  беруші  тұлғаның  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (егер  бұл  жеке  басты 

куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері 

(тұрған жері); 

      4) сәйкестендіру нөмірі; 

      5) хабарлама ұсынған кеден органының атауы; 

      6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ 

осы мән-жайларды растайтын мәліметтер; 

      7) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі. 

       3.  Шағымды  қарау  үшін  маңызы  бар  өзге  де  мәліметтер  шағымда 

көрсетілуі мүмкін. 

      4. Шағым берген тұлға не оның өкілі шағымға қол қояды. 

      5. Шағымға мыналар қоса беріледі: 

      1) шағым жасалып отырған хабарламаның және кедендік тексеру актісінің 

көшірмесі; 

      2) шағым берген тұлға өз талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын 

құжаттар; 

      3) іске қатысы бар өзге де құжаттар. 

 

 




478-бап.  Шағымды  қараудан  бас тарту 

      1. Уәкілетті орган: 

      1) егер шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат шағымға 

қоса  берілмесе,  осы  Кодекстің 

476-бабында

белгіленген  шағым  жасау 

мерзімін бұза отырып шағым берілген; 

       2)  шағым  осы  Кодекстің 

477-бабында

 белгіленген  талаптарға  сәйкес 

келмеген; 

       3)  шағымды  осы  Кодекстің  475-бабының 

2-тармағында

 аталмаған  адам 

шағым берген; 

       4)  осы  Кодекстің  475-бабының 

2-тармағында

 аталған  адамның  шағымда 

баяндалған мәселелер бойынша сотқа талап қою арызын берген жағдайларда 

шағымды қараудан бас тартады. 

       2.  Уәкілетті  орган  осы  баптың  1-тармағының  1),  2)  және  3) 

тармақшаларында көзделген жағдайларда шағым тiркелген күннен бастап он 

жұмыс  күнi  ішінде  шағым  берген  тұлғаға  шағымды  қараудан  бас  тарту 

туралы жазбаша нысанда хабарлайды. 

      Уәкілетті  орган осы баптың  1-тармағының  4)  тармақшасында көзделген 

жағдайда тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс 

күнi  ішінде  шағым  берген  тұлғаға  шағымды  қараудан  бас  тарту  туралы 

мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды. 

       3.  Осы  баптың  1-тармағының  2)  және  3)  тармақшаларында  көзделген 

жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы тұлғаның осы 

Кодекстiң 

476-бабында

 белгiленген  мерзiм  шегiнде  шағымды  қайта  беру 

құқығын жоймайды. 

 

479-бап. Шағымды қарау тәртібі 

      1. Осы Кодекстің 

481-бабына

 сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту 

және  тоқтата  тұру  жағдайларын  қоспағанда,  шағым  бойынша  –  шағым 

тіркелген  күннен  бастап  отыз  жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде,  ал 

Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасына  сәйкес  мониторингке 

жататын  ірі  салық  төлеушілердің  шағымдары  бойынша  шағым  тіркелген 

күннен  бастап  қырық  бес  жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде  уәжді  шешім 

шығарылады. 

       2.  Уәкілетті  орган  шағымды  қарау  кезінде  осы  Кодекстің 

418-


бабында

 белгіленген  тәртіппен  жоспардан  тыс  көшпелі  кедендік  тексеру 

тағайындауға құқылы. 

       Шағымды  қарау  мерзімі  осы  Кодекстің 

481-бабында

 айқындалған 

тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін. 

      Шағым жасалып отырған мәселелер шегінде шағым қаралады. 

       Осы  Кодекстің 

475-бабының

 2-тармағында  аталған  тұлғалар  шағымды 

қарауға  өздері тексеру  барысында  ұсынбаған құжаттарды берген  жағдайда, 

уәкілетті  орган  мұндай  құжаттарды  қарау  кезінде  тағайындалған  көшпелі 

кедендік тексеру барысында олардың анықтығын анықтауға құқылы. 

      Уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде: 



       1)  шағым  берген  тұлғаға  және  (немесе)  кеден  органына  шағымда 

баяндалған  мәселелер  бойынша  қосымша  ақпаратты  не  түсіндірмелерді 

жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салулар жіберу; 

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет 

мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға мұндай органдар 

мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге; 

       3)  шағымда  баяндалған  мәселелер  бойынша  шағым  берген  тұлғамен 

кездесулер өткізуге; 

       4)  кеден  органдарының  тексеру  жүргізуге  қатысқан  лауазымды 

адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы. 

       Уәкілетті  органның  шағымды  қарау  жөніндегі  өз  өкiлеттiктерiн  жүзеге 

асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар 

тұлғаларға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады. 

 

480-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару 

       1.  Хабарламаға  шағымдарды  қарау  үшін  уәкілетті  орган  Апелляциялық 

комиссия құрады. 

      Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті 

орган бекітеді. 

       Шағымды  қарау  аяқталған  соң  уәкілетті  орган  Апелляциялық 

комиссияның шешiмін ескере отырып, жазбаша нысанда шешiм шығарады. 

       2.  Хабарламаға  шағымдарды  қарау  кезінде  Еуразиялық  экономикалық 

одақтың  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының  кеден  заңнамасының 

барлық  екіұшты  жайлары  және  реттелмеген  мәселелері  шағым  берген 

тұлғаның пайдасына шешіліп қабылданады. 

       3.  Шағымды  қарау  қорытындысы  бойынша  уәкілетті  орган  мынадай 

шешімдердің бірін шығарады: 

       шағым  жасалып  отырған  хабарламаны  өзгеріссіз,  ал  шағымды 

қанағаттандырусыз қалдыру; 

      шағым жасалып отырған хабарламаның толық немесе бір бөлігінде күшін 

жою. 


       4.  Шағым  бойынша  шешім  –  шағым  берген  тұлғаға,  ал  көшiрмесi 

хабарлама  шығарған  кеден  органына  жазбаша  нысанда  жiберіледi  немесе 

табыс етіледі. 

       5.  Шағымды  қарау  нәтижелері  бойынша  шағым  жасалып  отырған 

хабарламаның  бір  бөлігінде  күші  жойылған  жағдайда,  хабарлама  ұсынған 

кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындысы туралы хабарлама 

шығарады  және  оны  шағым  берген  тұлғаға  шағым  бойынша  шешім 

қабылданған  күннен  бастап  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  жібереді. 

Хабарламаға  шағымды  қарау  нәтижелері  туралы  хабарламаның  нысанын 

уәкілетті орган бекітеді. 

       Уәкілетті  органның  осы  Кодексте  белгіленген  негізде  және  тәртіппен 

шығарылған шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті. 

 

 



481-бап.  Шағымды  қарау мерзімін  тоқтата  тұру және (немесе)  ұзарту 

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай: 

       1)  шағымды  қарау  барысында  тағайындалған  жоспардан  тыс  көшпелі 

кедендік 

тексеру 

жүргізілген 

жағдайда 

– 

осы 



Кодекстің 

418-


бабында

 белгіленген  тәртіппен  осындай  тексеру  тағайындалған  күннен 

бастап  уәкілетті  орган  тексеру  актісін  алғаннан  кейін  он  бес  жұмыс  күні 

өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне; 

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет 

мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға мұндай органдар 

мен  ұйымдардың  құзыретіндегі  мәселелер  бойынша  сұрау  салулар 

жіберілген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап 

алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады. 

      2.  Шағымды  қарау  мерзiмiн  тоқтата тұру туралы  уәкілетті  орган шағым 

берген  тұлғаға  көрсетілген  мерзімнің  тоқтатыла  тұру  себептерiн  көрсете 

отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша 

нысанда хабарлайды. 

       3.  Осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  шағымды  қарау  мерзiмi 

мынадай: 

       1)  осы  Кодекстің  475-бабының 

2-тармағында

 аталған  тұлға  шағымға 

толықтырулар ұсынған жағдайда – он бес жұмыс күніне ұзартылады. 

       Бұл  ретте  осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  мерзім  шағымға 

толықтыруларды  кейіннен  берудің  әрбір  жағдайында  осы  тармақшада 

көрсетілген мерзімге ұзартылады; 

       2)  шағым  жасалып  отырған  мәселені  қосымша  зерделеу  қажет  болған 

жағдайда уәкілетті орган тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады. 

       Уәкілетті  орган  шағымды  қарау  мерзімін  ұзартқан  жағдайда,  шағым 

берген тұлғаға шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс 

күні ішінде хабарлама жіберіледі. 

 

482-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны 

       Уәкілетті  органның  шағымды  қарау  нәтижелерi  бойынша  шешiмiнде 

мыналар көрсетiлуге тиiс: 

      1) шешім қабылданған күн; 

      2) шағым жіберілген уәкілетті органның атауы; 

       3)  шағым  берген  тұлғаның  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (егер  бұл  жеке  басты 

куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы; 

      4) сәйкестендіру нөмірі; 

      5) шағым жасалып отырған хабарламаның қысқаша мазмұны; 

      6) шағымның мәні; 

       7)  уәкілетті  орган  шағым  бойынша  шешiм  шығару  кезiнде  басшылыққа 

алған  Еуразиялық  экономикалық  одақтың  кеден  заңнамасының  және 

(немесе)  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  нормаларына  сiлтеме 

жасалған негiздеме. 

 

 




483-бап.  Уәкілетті  органға  немесе сотқа  шағым (арыз)  берудің  салдары 

       1.  Уәкілетті  органға  немесе  сотқа  шағым  (арыз)  беру  шағым  жасалып 

отырған бөлікте хабарламаны орындау мерзімін тоқтата тұрады. 

       2.  Уәкілетті  органға  шағым  берілген  кезде  шағым  жасалып  отырған 

бөлiкте хабарламаны орындау шағым бойынша шешiм шығарылғанға дейiн 

тоқтатыла тұрады. 

       Сотқа  арыз  берілген  жағдайда,  шағым  жасалып  отырған  бөлікте 

хабарламаны орындау сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот 



актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады. 

 

жүктеу 250,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау