6D020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының «Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»


«Ә.Нұрпейісовтің тілдік тұлғасы  – тілдік-мәдени құзіретінің айғағы»



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата21.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#24741
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

13 

 

«Ә.Нұрпейісовтің тілдік тұлғасы  – тілдік-мәдени құзіретінің айғағы»  деп 

аталатын  2.1.1  бөлімшеде  мемлекеттік  және  халықаралық  М.  Шолохов  атындағы 

сыйлықтардың иегері жазушы Ә. Нұрпейісовтің тілдік тұлғасы айқындалып, негізгі 

ерекшеліктері  түйінделеді.  Ә.Нұрпейісов  тілінің  жалпы  сипаты  мен  автордың 

көріктеу  амал-тәсілдерін  (метафора,  эпитет,  теңеу,  фразеологизмдер  т.б.)  стильдік 

тұрғыда  қолдану  ерекшеліктерін  дәстүрлі  лингвистика  негізінде  саралай  отырып, 

тілдегі жаңа антропоөзекті бағытта да қарастырылады. Бүгінгі таңдағы мәтін талдау 

мен  автор  дискурсы  бойынша  орын  алып  отырған  отандық  және  шетелдік  тілші-

ғалымдардың  теориялық  ұстанымдары  басшылыққа  алынып,  көп  қабатты 

құрылымнан  тұратын  тілдік  тұлға  жүйесін:  вербалды-семантикалық  деңгей, 

когнитивтік деңгей және прагматикалық деңгейге сәйкес қарастырған.  

Тілдік тұлға – мәдениет кеңістігінде көріне отырып, қоғамдық сананың әр түрлі 

деңгейін байқатады. Соның ішінде көркем әдебиеттегі тілдік тұлғаның рөлі ерекше. 

Себебі, тілдік тұлға алдымен дербес қаламгер стилін, одан кейін жалпы әдеби тілдің 

көркемдік-эстетикалық биігін аңдатады.  



«Ә.Нұрпейісовтің  метафоралары  –  ұлттық-мәдени  код  белгісі»  деп 

аталатын  2.1.2  бөлімшеде  метафора  құбылысының  ұлттық-мәдени  код  көрсеткіші 

мәселесі сиаптталады. Метафоралардың көпшілігі этникалық сипатта, ұлттық тіл мен 

таным  негізінде  дүниеге  келген.  Сондықтан  метафораны  ғалымдардың  барлығы 

бірауыздан  ұлттық  сипаттағы  бірліктер  ретінде  таниды.  Метафоралардың  басым 

көпшілігі ұлттық дәстүрлерден хабардар етіп, белгілі бір ұлттың халықтық танымын 

түсінуге қатысты ақпарат береді. Өйткені метафораның өзінің дүниеге келуіне ұлттың 

танымы  әсер  етеді.  Мысалы,  белгілі  бір  түсінік  қалыптасып  барып,  сосын  тілдік 

қордағы бірліктермен таңбаланып, халықтық таным негізінде сыртқа жарияланады. 

Демек ұлттардың біркелкі еместігіне орай, әр ұлт тіліндегі метафоралар да сан алуан 

болып келеді.  

Шын мәнінде, көркем шығармалардағы метафоралардың кез келгені сол тілдің 

ұлттық  менталитетін  танытарлық  дәрежеде  болады.  Мысалы,  Ә.  Нұрпейісовтың 

«Соңғы парыз» шығармасында Арал теңізіне қатысты, барлық метафоралар қазақи 

ұлттық болмысты танытарлық дәрежеде. Арал теңізінің әу басындағы болмысы мен 

шығарма  жазылып жатқандағы жағдайы  автордың  көз  алдында өтіп  жатқандықтан 

қаламгер Аралға қатысты жарықтық, аңыраған, кәрі, азған болмаса теңіздің түбіндегі 

жұлдыздар, теңіздің үстіндегі тастай қараңғы түнек [16] деген түсініктері өзге тілді 

оқырманға  таныс  емес.  Себебі  ол  оқырмандардың  көз  алдында  телегей  шалқып 

жатқан теңіз суалып, құрғақ тақырға айналмаған болар. Ал Арал теңізінің жанында 

туып, өскен жандар үшін Арал қасіретінен асқан қасірет те, түнек те жоқтай көрінеді. 

Бұл  сол  елдің  тұрмысы  мен  өмірі,  тыныс-тіршілігінен  бірден  байқалады.  Осы 

айтылған  мәселелер  автордың  елге  жария  етуге  қатысты  ниетіне  түрткі  болған, 

жазушылық ұстанымына әсер еткен.  



«Соңғы  парыз»  шығармасындағы  метафоралардың  трансформациялану 

жолдары» деп аталатын 2.2 бөлімшеде метафораның аударма барысындағы өзгеріске 

түсу  амал-тәсілдері,  жолдары  талдауға  түседі.  Зерттеуші  П.  Ньюмарк 

метафоралардың  толыққанды  аударылуы  мәтінге  байланысты  деп  санайды  [17]. 

Сондықтан  мәтіннің  екі  түрлі  сипатын  анықтап  көрсетеді.  Біріншісі  –  ақпараттық, 




14 

 

екіншісі  –  экспрессивті.  Ақпараттық  мәтіндерде  лексикаланған  метафоралардың 



қызметі соншалықты маңызды емес, сондықтан оларды аудару қиындық туғызбайды. 

Ал  экспрессивті  мәтіндерде  метафоралар  қомақты  ақпараттық  қызметті  атқара 

отырып,  авторлық  қолтаңба  мен  ұстанымды  танытады.  Онда  мәнмәтіндік, 

семантикалық,  прагматикалық  ақпараттар  беріле  отырып,  аударуда  біршама 

қиындықтар туғызады [17, p. 56]. 

Зерттеу жұмысының мақсаты – ұлттық танымдық сипатқа ие метафоралардың 

аударма нәтижесінде лингвомәдени лакунаға айналуын анықтау болғандықтан, В.Л. 

Муравьев ұсынған лакунаның классификациясының ішінен Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы 

парыз» шығармасында кездесетін метафоралардың аудару нәтижесінде абсолюттік, 

векторлық және қатыстық лакуналарға айналатыны талданады.  

Метафораларды аударудың бірінші тәсілі  – бейнені сақтап аудару, іріктеудің 

ішіндегі ең көп пайызға ие болғаны анықталды. Бейнені сақтап аудару әдісі мынадай 

түрде  жүзеге  асады:  1)  мағынаны  толыққанды  беру;  2)  мағыналық  толықтыру;  3) 

лексикалық  себептерге  байланысты  сөз  қосу.  Екінші  тәсілі  –  бейнені  алмастырып 

аудару  әдісі  –  бейнені  алмастырғанмен  бастапқы  мағынаны  толыққанды  жеткізу. 

Үшінші тәсілі – деметафоризация әдісі – түсіріп тастау тәсілі арқылы жүзеге асады. 

Бейнені  сақтап  және  алмастырып  аудару  нәтижесінде  метафоралардың  көбінесе 

векторлық 

және 

қатыстық 



лакуналарға 

айналатыны 

айқындалады, 

ал 


деметафоризация  әдісі  арқылы  аударылған  метафоралардың  абсолюттік  лакунаға 

айналатыны анықталып отыр.  



«Эпитет, теңеу мәнді метафоралар – ұлттық болмысты сипаттаушы тілдік 

бірліктер» деп аталатын 2.2.1 бөлімшеде қаламгер Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» 

туындысындағы  эпитеттік  және  теңеулік  метафоралардың  аударылу  тәсілдері 

қарастырылады.  Эпитеттік,  теңеу  мәнді  метафораларды  қарастыруда  ғылыми 

зерттеулердегі 

тұжырымдар 

басшылыққа 

алынды. 

Теңеу 


құрылымды 

метафоралардың  жұмсалу  аясы  мен  олардың  аударылу  барысы  жіктелініп 

көрсетілген. 

Абсолюттік лакунаға айналған теңеу мәнді метафоралар: 

«ақсаған 

найза 

тістерсарт-сұрт  етті» 

[16, 271 б.] 



Острые,  как  копья, 

зубы  хищно  лязгнули 

[18, c. 185] 

his  sharp  teeth,  like 

spears, 

clanked 


rapaciously [19, p. 221] 

Берілген  мысалда  теңеулік  метафораны  аударудың  бірінші  тәсілі,  бейнені 

сақтап  аудару  тәсіліне  жатады.  Сөйлемді  басқа  тәсілмен  жеткізгеніне  қарамастан, 

аударма  түпнұсқаға  сай.  Аудармашы  тістердің  өткірлігі  формасына  «найза»,  яғни 

«ұшын  темірден,  істіктен  жасалған  ұзын  сапты  ескі  соғыс  құралы,  сүңгі»  ретінде 

образды  атау  беріп  отыр.  Ағылшын  тілінде  бұл  сөздің  баламасы  болмағандықтан, 

жалпылама әдіс арқылы sharp teeth яғни өткір тіс деп жеткізген. Аударма нәтижесінде 

көрсетілген метафоралық тіркес абсолюттік лакунаға айналды.  

Төменде  векторлық  лакунаға  айналған  теңеу  мәнді  метафораларды 

қарастырамыз: 

Көңіл шіркін ұшатын 

құстай қанаттанып жүре 

беретін [16, 15 б.] 

..  душа  твоя  джигит, 

словно обретала крылья  

[18, с. 15] 

And  it  was  as  if  your 

soul  acquired  wings  [19, 

р. 22] 



15 

 

Адам  болмысы өзгермелі.  Кейде  айтылған  бір  ауыз  сөз  жанға  қатты  тисе,  ал 



жылы сөз адамды қанаттандырады. Жәдігер отбасының аумалы-төкпелі жағдайы оны 

сан түрлі күйге түсіреді. Соның бірі – Бәкизатпен ара қатынасы. Көпшілік жағдайда 

тоң-теріс  өтіп  жатқан  өмірлерінің  ара-арасындағы  бір  жылылық  осындай  бір 

қанаттанған көңіл сыйлап тұратын. Мұндағы «ұшатын құстай қанаттанып» теңеу 

мәнді метафоралық бірлігі тікелей аударма нәтижесінде векторлық лакуна сипатына 

ие  болып,  ағылшын  тіліне  эмоционалды  бояуы  төменірек  баламасымен  берілген. 

ҚТС-не  сәйкес,  бұл  тіркес  «шабыттану,  рухтану,  жігерлену»  [20,  471  б.] 

мағыналарын  білдіреді,  ал  оның  көңілге  қатысты  айтылуы  тек  қазақ  тілінің 

қолданысына ғана тән нәрсе болып табылады. Түпнұсқаның синтаксистік құрылымы 

өзгеріске  ұшыраған,  дегенмен  жалпы  мағынасы  жеткізілген.  Мұның  себебі 

аудармашы тұтастай өзгерту әдісін қолданған. Көңіл зат есімі вариантты сәйкестік 

әдісі  арқылы  «soul»  деп  аударылған.  Лексикалық  трансформация  соның  ішінде 

түсіріп тастау әдісі қолданылып тұр. Яғни шіркін көңіл-күй одағайы аударма тілінде 

берілмеген.  



 «Фразеологиялық  метафоралар  –  ұлттық  таным  нәтижесі»  деп  аталатын 

2.2.2 бөлімшеде Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасындағы фразеологиялық 

метафоралар  қарастырылады.  Эмпирикалық  талдау  материалдарымен  жұмыс 

барысында ғылыми зерттеу тұжырымдары басшылыққа алынды. Тұрақты сөз тіркес 

құрылымды  метафоралардың  қолданылуы  мен  олардың  аудармада  берілуін 

қарастырғанда  аударманың  мынадай  амал  тәсілдерінің  белсенді  қызмет 

атқарғандығын байқауға болады: 

Бір  елдің  телісі  мен 

тентегіне  текелік  қып 

жүр [16, 151 б.] 

..  а  смотри,  вылез 

благодря  связям  своих 

сватов, 

и 

теперь 



козликом  бодливым  по 

нашим головам скачет.. 

[18, с. 111]  

To  be  honest,  we 

know  that  he  has  gotten 

through  thanks  to  the 

connections  of  his  in-

laws. And now he is like a 

goat  butting  against  our 

heads [19, р. 112] 

Қаламгердің  метафораны  қолдануының  өзіндік  ерекшелігі  роман  желісінен 

үнемі  байқалып  отырады.  Жалпы  қазақ  әдеби  тілінде  телі  мен  тентек  тіркесі  жиі 

қолданылады. Бұл тұста ел ішінен шыққан басбұзар, тентектің өзін бастықтыратын 

адамның болғанын айтады. Берілген сөйлем ағылшын тіліне бейнені сақтап аудару 

тәсілі  арқылы  тікелей  аударылған.  Бұл  сөйлемнің  мағынасы  –  «билеп-төстеп  жүр, 

төрелік  етіп  жүр»  дегенді  білдіреді.  ҚТС  де  «телі»  сөзі  «төлі  өлген  малға  сүті 



қайтып кетпеу үшін басқа төлді үйретіп емізу» [20, 797 б.] деген мағынаны береді. 

Тіркес аударма нәтижесінде векторлық лакуна сипатына ие болып тұр, өйткені бұл 

тіркес  қазақ  халқының  мал  шаруашылығы  нәтижесінде  пайда  болған.  Мұнда 

түпнұсқаның ағылшын тіліне емес, орыс тіліне бейімдеп аударылғанын көреміз. «Бір 

елдің  телісі  мен  тентегіне»  деген  бөлігі  нақтылау  және  қысқарту  әдістері  арқылы 

«against our heads» (біздерге) деп аударылған, аудармадағы экспрессивтілік деңгейі 

түпнұсқасынан  төмен  деуге  болады.  Ал  «текелік  қып  жүр»  тікелей  аударма  әдісі 

арқылы  «like  a  goat  butting»  (текедей  секіру)  деп  берілген.  Аударма  барысында 




16 

 

лексикалық трансформация орын алған. Жалпы алғанда, түпнұсқа менен аудармасы 



арасындағы мағыналық тұтастық сақталған.  

 «Индивидуалды  метафоралар    жеке  танымдағы  тілдік  оралымдар»  деп 

аталатын  2.2.3  бөлімшеде  жазушының  көркем  дискурсындағы  авторлық 

метафоралардың берілу, аударылу сипаты  талданады. Ә. Нұрпейісовтің қаламынан 

туған  шығармаларда  индивидуалды  метафоралар  табиғат,  соның  ішінде,  Арал 

теңізімен байланысты тақырыптарда жиі кездеседі. Мәселен, 

жарықтық  Арал 

өңірінің 

аспаны 


әр 

кездегідей  қайнап  тұр 

екен [16, 7 б.] 

раскаленное 

Аральское  небо  [18,  с. 

7] 


broiling, Aralsky [19, р. 

16] 


Автор  өзіне  етене  жақын  Аралдың  қасіретіне  қанша  тереңдесе  де,  оны 

соншалықты қорғап, қолпаштап отырады. Оның айналасындағы тіршіліктің үзілмеуін 

қалайды.  Бұл  индивидуалды  метафора  тікелей  аударма  нәтижесінде  абсолюттік 

лакуна сипатына ие болып тұр. Себебі, бұл тіркестің мағынасы ұлттық танымдағы 

«жарықтық» реалиясының қолданылуына байланысты ағылшын тілді халықтардың 

дүниетанымына жат концепт болып табылады. ҚТС бойынша, бұл сөз «қасиеттеу, 



құрметтеу» мағынасында жұмсалып тұр. [20, 214 б.], яғни, автордың Арал теңізіне 

деген  ерекше  құрметін,  жанашырлығын  бір  ауыз  тіркесінен  байқаймыз.  Қазақ 

халқының ұлттық  танымына  сай  сөз  қолданысы аударма тілінде  ашыла  бермейтіні 

дәнекер  тілдің  ықпалында  көрініс  береді.  Себебі,  түпнұсқадағы  жұмсалым  орыс 

тілінде экспрессивтілік деңгейі жағынан толық жеткізілмеген. Сондықтан, ағылшын 

тіліндегі аудармада ұлттық болмыстағы бірліктің мағынасы дұрыс берілмеуі мүмкін. 

Біздің  көзқарасымызша,  ағылшын  тіліне  бұл  окказионалды  метафора  «glorious» 

нұсқасында  берілсе,  метафораның  ұлттық  код  ретіндегі  болмысы  айқындалды  деп 

санаймыз. Түпнұсқада берілген ұлттық мәдени кодты танытушы құрылым ағылшын 

тілінде тар шеңберлі тіркес формасында ғана қалған.  

Сонымен,  Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  романы  негізінде  зерттелген 

метафоралардың  46%  –  эпитет,  теңеу  мәнді  метафоралар,  38%  –  фразеологиялық 

метафоралар, 16% – окказионал метафоралар болып жіктелді. Нәтижесінде эпитет, 

теңеу  мәнді  метафоралардың  аударма  нәтижесінде  70%  –  векторлық,  23%  – 

абсолюттік,  6%  –  қатыстық  лакуна  ретінде  берілгені  анықталды.  Сонымен  қатар, 

фразеологиялық  метафоралардың  65%  –  векторлық,  25%  –  абсолюттік,  10%  – 

қатыстық  лакуна  ретінде  берілген  айқындалды.  Окаазионал  метафораларға  келетін 

болсақ,метафоралардың  55%  –  векторлық,  45%  –  абсолюттік  лакуна  ретінде 

берілгеніне көз жеткіздік.  

Қаламгер  Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  романын  орыс,  ағылшын  (Г. 

Бельгер,  А.  Ким,  К.  Фитцпатрик)  тілдеріндегі  нұсқаларымен  қатар  салыстырып, 

зерттеу нәтижесінде, төмендегідей тұжырымдарға қол жеткізілді:  

-  Этнос  өзінің  тілі  арқылы  ғана  этникалық  мәдениеттің  өзгеше  бітімін, 

қайталанбас ерекшеліктерін лакундық метафора арқылы таныта алады. Тіл этникалық 

мәдениеттен,  этникалық  дүниетанымнан  және  ұлттық  ойтанымдық  тәжірибеден 

алыстаған  жағдайда,  өзінің  мазмұнын  жоғалтып,  шектеулі  қатынас,  хабарлама 

құралы дәрежесінде ғана қызмет етеді



17 

 

-  Аударма  тіліндегі  әдебиеттер  адамзатқа  ортақ  құндылықтарды  сақтап, 



дамытуға, мәдени-рухани байланыс пен өзара ықпалдастықты нығайтуға басымдық 

береді. Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты деп қараймыз. Тіл – 

қоғамда тек этностың қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар, сол 

этностың  бүкіл  рухани,  мәдени  байлығының  куәгері.  Олай  болса  метафораның 

тіліміздің  ұлттық  болмысы  мен  дүниетанымын  бойына  сіңіріп  ұрпақтан  –  ұрпаққа 

жеткізіп отыратын қызметі, оның әлеуетін дәлелдейді; 

-  Аударматануда  түпнұсқа  мен  аударылатын  тілдің  арасында  дәнекер  тілдің 

болуы – түпнұсқа мәтіндегі этникалық сипат пен ұлттық метафоралы түсініктердің 

толық  аударылмауы  өз  кезегінде  түпнұсқа  тілдегі  ұлттың  сипаты  мен  автордың 

стильдік қолтаңбасының жете ашылмауына әкеп соғады

-  Кез  келген  адам  белгілі  бір  этностың  өкілі  бола  отырып,  ең  алдымен  өз 

ұлтының  метафоралы  танымын  түсініп  барып,  мәдениетаралық  кеңістікте  өзге 

әлемнің ұлттық бейнесімен таныса алады; 

- Қазақтың танымын, ұлттық ерекшелігін айқындайтын деңгейдегі метафоралар 

қазақ  халқының  бай  әлемі  мен  сөздік  қорын  толық  танытады.  Сондықтан  ендігі 

кезекте  көркем  әдебиетті  қазақ  және  ағылшын  тілдеріне  аударуда  түпнұсқа  мен 

аударма мәтін арасында тікелей байланыс орнауы керек;  

- Қазіргі кездегі метафора ұғымын көркем әдебиет амалдарының бірі ғана емес, 

адам санасында қалыптасқан ассоциациялық бейне ретінде қарастырып, оның қазақ 

лингвистикасына қатысты нақты теориялық сипатын анықтау – бүгінгі күннің өзекті 

мәселелерінің бірі;  

-  Көрнекті  қаламгердің  жазушылық  шеберлігі  мен  замана  мәселесін  (Арал 

тағдырына  қатысты)  көркемдеудегі  суреткерлік  болмысы  аса  маңызды.  Автордың 

өзіндік қолтаңбасын айқындайтын көркемдік құралдар (метафоралар) арқылы дәуір 

шындығы  мен  қоғамдағы  өткір  мәселелер  және  адамның  рухани  әлемі 

бейнеленетіндігіне  көз  жеткіздік.  Ең  бастысы,  сол  көркем  бейнелер  аудармада 

қаншалықты  дәл,  әрі  толыққанды  берілгендігі,  ағылшын  тілді  оқырманға  қандай 

дәрежеде жеткізілгені дәйектелді. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1  Назарбаев  Н.Ә.  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»,  12  сәуір,  2017// 

[Электронды 

ресурс]. 

Кіру 

режимі: 


http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-

bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy (қаралған күні: маусым 2017)



 

2  Әлімбаев М. Қалам қайраты.  Эсселер, сын, мақалалар.  – Алматы:  Жазушы, 

1976. – 122б.  

3  Тайтлер  А.  Эссе  в  принципах  перевода  [электронды  ресурс].  Кіру  режимі: 

http://www.classes.ru/  grammar/113.komissarov_obshaya_teoriya_  perevoda/html/1.html

 

(қаралған күні: тамыз 2017)



.

 

4  Алдашева  А.  Аударматану  ғылымының  басты  ұғым–түсініктері  туралы  // 



Аударматану (ғылыми–практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С. –Алматы: 

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. – 300 б. 




18 

 

5  Қамзабекұлы  Д.,  Омаров  Б.,  Шәріп  А.  Ұлттық  әдебиет  және  дәстүрлі 



ментальдік. Монография. – Алматы: ARNA–B, 2013. – 192 б. 

6  Дж.  Холтон  Дж.  Тематический  анализ  науки,  Что  такое  «антинаука? 

[электронды ресурс] Кіру режимі: 1981//  

7 Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М.: Прогресс, 

1993. – 656 с. 

8  Карасик  В.  И.  О  категориях  лингвокультурологии  //  Языковая  личность: 

проблемы коммуникативной деятельности: Сборник. – Волгоград: «Перемена», 2001. 

– 495 с.


 

9 Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001. – 208 с. 

10.  Ахметжанова  З.К.  О  результатах  выполнения  проекта  «Казахстан  в 

глобальном  межкультурном  и  языковом  сообществе»  (2003–2005)  //  Материалы 

научной  конференции  Қазақстан  Республикасы  әлемдік  мәдениет  және  тіларалық 

қауымдастықта (қазақ және әлем тілдері) – Алматы, 2006. – 308 б.  

11  Кульбаева  Б.  Лакуна  как  фрагмент  национальной  картины  мира.  Дисс.  на 

соискание учен.ст. кандидат. наук. – Кокшетау, 2010. – 36 с. 

12  Зайсанбаева  Г.  Метафоралы  аталымдардың  когнитивтік  аспектісі:  Филол. 

ғыл. д–ры дис. автореф. – Алматы, – 25 б. 

13  Сыбанбаева  А.  Метафораның  тілдік  болмысы  және  концептуалды 

метафоралар. – Алматы: Қазақ ун–ті баспасы, 2002. – 162 б. 

14 Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері. – 

Алматы: Қазақ ун–нің баспасы, – 313 б. 

15  Кәрібаева  С.Е.  С.Мұқанов  поэзиясындағы  авторлық  метафоралар 

(когнитивтік аспект): Филол. ғыл. д–ры. дис. автореф. – Астана, 2010. – 22 б. 

 16 Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз. Роман. Алматы: Жазушы, 1999.– 472 б. 

17 Newmark P. A Textbook of Translation. Prentice Hall, 1988. – 292 pp  

18 

Нурпеисов А. Последний долг. Роман в двух книгах. – М.: Парад, 2006. – 480 



с. 

19  Abdi–Jamil  Nurpeisov.  Final  Respects.  New-York: 

Liberty  Publishing  House, 

2013. – 411 pp. 

20  Казақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.  Жалпы  редакциясын  басқарған  Т. 

Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН 

МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ: 

«Quantum aspects in text perception» - Mediterranean Journal of Social Science 



№4, 2014 г. (Рим, Италия), 576-580 б., ISSN 2039-9340 (print), Impact Factor 6.44; 

«Introducing  Idioms  in  Foreign  Language  Class  for  Students  of  Translation 



Studies Departments of Kazakhstani Higher Institutions» - Mediterranean Journal of Social 

Science №3, 2015 г.  (Рим, Италия), 437-445 б.,ISSN 2039-9340 (print), Impact Factor 

6.44; 



Peculiarities of metaphor translation in a Literary text (based on A.Nurpeisov’s 



novel “Final Respects”) - Papers on Language and Literature, Southern Illinois University 

press, №3 (53), 2017, 237-242 б.,ISSN 0031-1294; 




19 

 



«Соңғы  парыз»  шығармасындағы  эмоционалды реңктегі  сөздерді аудару 

мәселелері» - Қазақстанның ғылымы мен өмірі, 03 (46) 2017. -185-188 бб. 

«Көркем  аударма  және  метафораның  берілу  мәселесі»  -  Ш.Уәлиханов 



атындағы КМУ хабаршысы, №2, 2017. -148-153 бб.; 

«Художественный перевод и проблемы перевода метафор» - Л.Н.Гумилев 



атындағы ЕҰУ хабаршысы. (120) 2017. -506-509 бб.; 

«Teaching  interpreting  through  introducing  idioms  for  students  of  translation 



studies  departments  of  Kazakhstani  higher  institutions»  -  «Актуальные  проблемы 

переводоведения  в  XXI  столетии»,  материалы  Республиканского  научно-

практического  семинара  Горловский  институт  иностранных  языков,  г.  Донецк, 

Украина, 25 ақпан 2016.-117-120 б.; 

«Жоғарғы  оқу  орындарында  болашақ  аудармашыларды  даярлау 



мәселелері»  -  Ғылым  және  білім  -  2015»  -  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.-Астана, 2015. -3696-3698 

бб.; 



«Реалия сөздерді аударудың прагматикалық аспектілері (Ш.Айтматовтың 



«Жәмилә»  шығармасы  негізінде)»  -  «Ғылым  және  білім  -  2016».  Л.Н.Гумилев 

атындағы  ЕҰУ.-Астана,  Ғылым  және  білім  -  2016»  -  Халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция материалдары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.-Астана, 2016. 

-2802-2805 бб.; 

10  «Метафора  және  көркем  аударма:  берілу  мәселелері»//Л.Н.Гумилев 

атындағы  ЕҰУ.-Астана  Ғылым  және  білім  -  2017»  -  Халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция материалдары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.-Астана, 2017. 

-3007-3011 бб. 

11  ««Последний долг» А.Нурпеисова глазами переводчика» // «Global science 

and  innovations  2018»  -  Халықаралық  ғылыми  конференция  материалдары,  Егер  қ., 

Венгрия, 28 ақпан 2018, 381-384 б. ISBN 978-601-06-4975-0 

 

 



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау