11
түрлері туралы әр жылдары бірнеше екбек жарық көрді. Ең алдымен, В.Л.
Муравьевтің «Лексические лакуны» еңбегінің тіл білімінде алатын орны ерекше
(1975). Мұнда лингвистикалық лакуналар, этнографиялық лакуналар, тілдің
лексикасына қатысты этнографиялық факторлардыңәсері жан-жақты зерделенген.
Ғалым лакунаны – салыстырмалы, қатысы бар лакуналар, абсолютті лакуналар,
векторлы лакуналар, стилистикалық лакуналар деп қарастырған. Зерттеуші Б.
Кульбаева «Лакуна как фрагмент национальной картины мира» диссертациясында
лакунаның мәдениетпен арақатынасын, мәдени лакуна мен тілдік лакуна
ерекшеліктерін
қарастырып,
менталды-этникалық,
коммуникативті-әрекет,
когнитивті, экспрессивті-эмотивті лакуналарға анықтама беріп өткен [11].
Жалпы, қазіргі кезде аударматануда балама лексиканы қажетсінетін сөздер, бос
орындар, аударылмайтын лексемалар, эквивалентсіз лексика, ақтаңдақтар деген
терминдер қолданылуда. Әдетте, тіларалық лакуна деп бір тілде бар, бірақ басқа тілде
аударма баламасы жоқ, яғни аударылмайтын лексикалық бірлікті атайды. Сондықтан
ендігі жерде эквивалентсіз лексика ретінде түсіндірілетін ұғымды лакуна деп
қолданамыз (А.Т.). Аударматануда лакунаның мән-мәтіндегі үнемдеу қағидасынан
(принцип экономии – А.Т.) туған түсірілетін сөз не сөз тіркесі. Бастапқыда тіл
білімінде ол синтаксистік тұрғыдан ұғындырылса, қазіргі таңда фонетикалық,
лексикалық, морфологиялық бағыттарда да қарастырылып, зерттеліп жүр. Сонымен,
лакуна – коммуниканттар арасында сана-түйсік диалогы арқасында туындайтын, түрі
лингво-когнитивті негізді, этностардыңұжымдық санасында ментальді кеңістіктің
бір-біріне сәйкес келмеуінен дүниеге келген құбылыс. Адамзат санасы жетіліп,
өркендеген сайын, наным мен сенім тереңдеген сайын, этнос өкілдерінің тұрмыс-
тіршілігі локальды сипатқа ие болған сайын бұл лакуна ұғымдары көбейіп, жаппай
туындау қасиетін арқалайды.
«Метафораның заманауи лингвофилософиялық тұжырымдамалары» деп
аталатын 1.3.2 бөлімшеде метафораның заманауи ғылым кеңістігіндегі зерттелім
бағыттары мен тарихи кезеңдік қызметтері сипатталады. Метафораның әлем бейнесін
жасаудағы сипаты мен оның этникалық мәніне қатысты ой-тұжырымдар метафораға
қатысты бүгінгі таңдағы көзқарастарды өзгертуге жол бастады (А. Хили, Р. Харрис,
А. Ортони, Р. Рейнолде, П. Риккер, М. Влэн, А. Ричардс, А.А. Потебня, В.Г. Гак, В.Н.
Телия, Н.Д. Арутюнова, В.К. Харченко). Қазақ тіл білімінде де кейінгі кезде жазылған
Г. Зайсанбаеваның [12], А. Сыбанбаеваның [13], Б. Қасымның [14], С.Е. Кәрібаеваның
[15], т. б. лингвист-ғалымдардың зерттеулерінде метафора түсінігі танымдық,
когнитивті сипат тұрғысынан сарапталады.
Метафораның ең негізгі сипаттау мен бейнелеу ерекшелегімен бірге. Бұл
табиғаты бойынша тұжырымдай алу, яғни метафоралы ойлай білу мүмкіндігі, қасиеті
тек қана адамға ғана тиесілі. Себебі саналы түрде адам ғана табиғаты бойынша
антропоөлшемді болып келеді. Сол себепті метафораны игеру, түсіну арқылы адам
баласы белгілі бір деңгейде өзін-өзі игеріп, түсінеді.
Сонымен, метафора құбылысына тән қасиеттерге мыналарды жатқызуға
болады:
–
метафора ойлап, тану үрдісінің нәтижесі болып табылады;
12
–
метафора зат, құбылыс, іс-әрекеттердің ұқсастық (аналогия) негізінде
жасалады;
–
метафоралы тіркестерде зат, құбылыс, қасиеттер бір-бірімен
салыстырыла теңдестіріледі;
–
метафора тілде қолданылып жүрген сөз мәні мен жаңа ұғым қатынасының
нәтижесі болып саналады;
–
метафора әдеттегі қолданылып жүрген сөз мағынасыныңқайта түйсіну
мен ойлаудан өтіп барып, туындайтын өнім;
–
метафораның құрастырылуы немесе жасалуы адам тілегі мен еркіне
тәуелді емес, себебі кейбір жағдайларда ол тіл немесе уақыт, заман қажеттілігі мен
сұранысынан, талабынан туындайды;
–
метафораның троп, метонимия, теңеу сияқты бейнелеу түрлеріне
ұқсайтын қасиеттері бар, бірақ
айырмашылықтары да жоқ емес;
–
метафора қазіргі таңда адам өміріндегі орны ерекше, сөйлеушінің тілінің
ажырамас бір бөлшегі саналады.
«Аударма тіліндегі лингвомәдени лакуналар – метафоралық таным
нәтижесі» деп аталатын 1.3.3 бөлімшеде аударма тіліндегі лингвомәдени лакуналар
метафоралық танымның нәтижесі ретінде қарастырылады. Бір тілден екінші тілге
аударылатын кезде пайда болатын лингвомәдени лакуналар жайдан жай қалыптаса
салмайды. Себебі әр тілде зат, құбылыс, іс-әрекет түрлерінің барлығының атаулары
бар. Олар бір тілден екінші тілге аударылу нәтижесінде қолданылатын адекватты
аударма, балама аударма сияқты іс-қимылдарды жүзеге асыруда қолданылады.
Ғалымдардың айтуынша, ұлт не халықтың жаны болып табылатын – тілінде ұлттық
танымы мен байлағы жинақталған. Сол жинақталған образ-бейнелер арқылы ұлт не
халықтың танымын тануға болады. Ерекшелендіретін белгілер көп болған сайын, ол
белгілер халықтың, әрі жеке адамның да сол ұлт құрамындағы бөлшегі ретіндегі
ұлттық этникалық өзіндік сипаты мен ұлттық реңкін танытады. Ал таным
нәтижесінде адамның тілі түзілетінін еске алсақ, этникалық салт-дәстүрлер, ережелер
мен тйымдар, ерекшеліктердің барлығының бейнелері адам санасында белгілі бір
деңгейде алдымен өз әлемін танудың бейнесін, сосын әлемді танудың ұлттық
бейнесін туындатады. Ал аударматануда аударуға келмейтін, аударудың түрлі
амалдарымен басқа мәдениет адамына түсіндіруге мүмкін емес бірліктер мен
метафоралы таным нәтижесі болып табылады. Авторлық ұстаным немесе ұлттық
дүниетанымды білдіре отырып, қолданылған метафора аударма тіліндегі
лингвомәдени лакуна болып табылатындығынан екенін есте сақтау керек. Әлемнің
ұлттық бейнесін бейнелеуде метафораның алатын орны ерекше. Әлемнің ұлттық
бейнесі сөз тіркесінің өзі метафора деп таниды ғалымдар. Осы аударматануда әлемнің
ұлттық бейнесіне қатысты туындаған сөз бірліктері арасында лингвомәдени
лакуналар аударма тіліндегі метафоралық таным нәтижесі болып табылады.
«Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы метафоралардың
аударылу ерекшеліктері» деп аталатын екінші бөлімде жазушының
метафоралары
ұлттық-мәдени код көрсеткіші ретінде және «Соңғы парыз» шығармасындағы
метафоралардың аударма үдерісіндегі трансформациялану жолдары қарастырылады.