5
•
Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романында берілген авторлық
метафоралардың түпнұсқадан ағылшын тіліне интерпретациялану кезінде өзіндік
ұлттық мәдени сипаты анықталады ,
• Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романының қазақ, ағылшын тілдеріндегі
нұсқаларына салыстырмалы-салғастырмалы және сипаттамалы талдау жүргізу
негізінде түпнұсқа мәтіндегі метафоралардың аударма барысында лингвомәдени
лакунаға айналу үдерісі дәйектелді.
Жұмыстың құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде таңдалып алынған тақырыпқа, оның өзектілігіне, ғылыми
жаңалығына негіздеме жасалады, зерттеудің мақсат-міндеттері мен пәні
айқындалады, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар түйінделіп беріледі, зерттеу
жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы, дереккөздері мен әдіс-
тәсілдері сипатталады.
Диссертациялық жұмыстың «Аударматану және әлемнің ұлттық
бейнесіндегі метафораның лингвомәдени лакуналық сипаты» деп аталатын
бірінші бөлімінде аударма тіліндегі лингвомәдени лакуналар метафоралық таным
нәтижесі ретінде қарастырылады.
«Аударматану және ұлттық таным» деп аталатын 1.1 бөлімшеде нің
«Қаламгер Ә.Нұрпейісов және мәтіндегі авторлық ұстаным» 1.1.1 бөлімшесінде
жазушының «Соңғы парыз» шығармасы негізінде авторлық ұстанымы талданады.
«Соңғы парыз» романы адам баласының рухани-адамгершілік болмысын, гуманистік
қасиетін терең көрсеткен туынды. Роман жалпы әлемдік проблеманы қозғаған. Жер
шарының түкпір-түкпірінде мұндай туындылардың тууы заңды. Себебі, жер бетіндегі
адамзатқа төнетін қауіп ортақ. Адамзатқа қауіп күшейген сайын, оның жер бетіндегі
өмірді, тіршілікті қорғап, сақтауға деген ұмтылысы ортақ күшке айналады. Қаламгер
Ә. Нұрпейісов жер бетінен жойылу қаупі күшейе бастаған теңіз тағдырын
алғашқылардың бірі болып көтерді. Өзінің шығармашылығында адам мен болмыс,
адам мен табиғат проблемасын өзектес көтеріп, ұлттық сөз өнерін биікке көтерген
қаламгердің ұстанымы туындының идеясынан, құрылымдық жүйесінен танылады.
Туындының құрылымы еске түсіру, өткенге оралу формасында құрылған.
Мұндағы баяндау Жәдігердің тағдыры арқылы өрбиді. Кейіпкер өзінің бүгінгі жай-
күйі арқылы өткен өмірін үнемі есіне алып отырады. Бұл роман сюжетінің кері
байланыс арқылы дамитынын көрсетеді.
Қаламгер – өз ұлтының тұғырлық мақсатын шығармашылығына арқау ететін,
елінің тілегін тілеп, жоғын табуды мұрат ететін тұлға. Ендеше, жазушының
шығармасы ұлттың көкейкесті ойын, рухын беруі тиіс. Ә. Нұрпейісов – халықтық
туындылар берген бірегей жазушы. Қаламгер өзінің барша ой-тілегін,
шығармашылық ұстанымын кейіпкерлер болмысы арқылы танытады. Бір-біріне
кереғар әрекеттің үстінде сомдалған кейіпкерлер сандаған қайшылықты характерлер
тудырады. Ал, автор осы бейнелерді бір кеңістікте алуан түрлі мінез-болмыстармен
жинақтап береді. Осы арқылы қаламгердің өзіндік дара тәсілі, стилі айқындалады.
«Соңғы парыз» – «Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болған» деп
аталатын екі кітаптан тұрады. Туынды атауларының өзі меңзеуге, ой жұмбағына
6
құрылған. Осы арқылы автор уақыт арасындағы межені байқатады. Роман атауынан
автордың өзіндік стильдік-тілдік болмысы айқындала бастайды. Тіл – адамның
дүниетанымдық ойлау жүйесін, оның деңгейін айқындайтын құрал. Күн – адамның
күнделікті тіршілік үшін жасайтын әрекетін көрсететін мезет. Сондықтан бірінші
кітапта кейіпкер өзінің өткен өмірі, жасаған әрекеті туралы ойланып, толғанады. Түн
– бұл адам баласының алдағы болатын әлде бір әрекетті күтуі. Адам баласы өзінің
әрекетін саналы түрде байыптап жасамаса, онда келешекке қауіп төнбек. Осыдан да
болар романның кейіпкерлері үнемі екі дүниенің, екі мезеттің аралығында өмір
сүреді. Адамның танымдық әлеуеті неғұрлым терең болған сайын оның өмірді, оның
құбылыстарын танып-таразылауы соғұрлым түрлене түседі.
«Аударматану және тілдік трансформация» деп аталатын 1.1.2 бөлімшеде
аударматану ғылымындағы тілдік трансформация мәселесі арнайы қарастырылады.
Жалпы аударматану (Translation Studies) – лингвистика, коммуникация
(қатысым), компаративистика (салыстырмалы әдебиеттану), әлеуметтану мен
семиотика,
халықаралық
қатынастар,
мәдениет,
психология,
идеология,
герменевтика, сияқты салалармен байланысты ауызша және жазбаша аударманың
үрдісі мен нәтижелерін зерттейтін көпқырлы саланың бірі. Бастапқыда аударманың
ауызша, жазбаша түрлері дамып барып, кейіннен тәржімалаушы-аудармашыларға
практикалық іс жүзінде кеңес беру бағытын қамтыған бұл сала қазіргі кезде әлем
тілдерінің әрекеттесуі, яғни адамдардың қарым-қатынасының арқасында жекелеген
теориялық негіздері бар ғылыми бағытқа айналды.
Аударма – адамзат тарихындағы байырғы кәсіп түрлерінің бірі. Аударматану
бағытындағы Г. Егер, О. Каде, Ж. Мунэн, Ю. Найда, А. Нойберт, М.А. Хемингуэй, Р.
Якобсон сияқты Германия, АҚШ, Англия, Франция, Канада елдерінің ғалымдары ХХ
ғасырдың екінші жартысында-ақ аудармашылықтың жан-жақты мәселелерін талдап,
сараптағаны ол елдерде аударма ісінің бірізге салынғандығымен байланысты болса
керек. Себебі кеңес үкіметі заманында КСРО елдерінің құрамына енген
мемлекеттердің тілдеріне ғана көркем дүниелер аударылып, аударматану мәселелері
қарастырылған. Осы тақырыпта қалам тартқан Л.С. Бархударов, В.Г. Гак, Я.И.
Рецкер, В.Ю. Розенцвейг, А.В. Федоров, Н.Д. Арутюнова сияқты теоретик
ғалымдардың еңбектері сияқты теоретик ғалымдардың еңбектерін айырықша атауға
болады [3].
Тілші-ғалым А. Алдашева жалпы қазақ тарихында аудармашылық өнер
«бастапқыда ауызша, кейіннен бірыңғай жазбаша» түрде ағартушылық және әдеби
тіл қалыптасуы арқасында дамығанын айтады [4, 12 б.]. Ағартушылық бағытта деп
ХХ ғасырдың басындағы баспасөз ісінің дамуы мен М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С.
Асфандияров, Х. Досмұхамедов, Қ. Сәтбаев сияқты аудармашы мамандардың
психология, педагогика, медицина, химия, математика т.б. пәндеріне қатысты
аударған оқулықтарын айтуға болады. 1950 жылдарда аудармадағы теория
мәселелері, аударудың амалдары, аударманың маңызы деген мәселелер аясында сол
кездегі көптеген М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, С. Талжанов, Т.
Әлімқұлов, Т. Ахтанов Е. Бөкетов, Ө. Айтбаев, С. Сейітов, З. Тұрарбеков, Ә.
Сатыбалдиев сияқты ғалымдар тұжырым-пікірлерін түйген. Нақтыласақ, тікелей
аударма мәселелері С. Талжанов. Н. Сағындықова еңбектерінде, әдеби байланыстар