6D020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының «Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата21.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#24741
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

 

ғылыми  байланыстар  тілдер  мен  мәдениетаралық  байланыстарына  қатысты 



зерттелетін тақырыптарды бере отырып, бұл мәселені өзекті етеді. Э. Сепирдің өзі 

кезінде «тіл» – мәдениетті ғылыми тұрғыда зерттеудің басты құралы, ұстанымы деп 

атаған [7, с. 27].  

Осыған  орай  тіл  мен  мәдениеттің  байланысы  қарқынды  дамып  жатуының 

бірнеше  себептерін  лингвист  В.И.  Карасик  былай  көрсетіп  берген:  «біріншіден  – 

жаһандану  үрдісіндегі  әлемдік  жағдаяттардың  пайда  болуы  -  мәдениетаралық 

түсініспеушілікті  шешудің  басты  құралы.  Себебі  осы  арқылы  коммуникациялық 

қызметтің  негізі  болып  табылатын  мәдени  құндылықтарды  анықтау  маңыздылығы 

шығады.  Екіншіден  –  психология,  этнография,  мәдениеттану,  саясаттану  сияқты 

аралық білім салаларындағы өкілдердің зерттеулерінен алынған нәтижелерді тілші-

ғалымдардың  игеру  қажеттілігі  туындап,  гуманитарлық  ғылымдардың  объективті 

даму  үрдісі  түр,  сипат,  мәнділік  тұрғысында  өзгеріске  түсті.  Үшіншіден,  бұл  – 

лингвистикалық  ілімнің  қолданбалы  қыры.  Себебі  ұжымдық  тәжірибе  негізінде 

туындаған түсініктер сөздерде кодталған, сол сөздерді, фразеологиялық бірліктерді, 

белгілі  мәтіндерді  біліп-тану  керек,  ол  өз  алдына  дербес  оқытылатын  шет  тілінің 

мәнін түсінуге ықпалдасады» [8, с. 3]. Тіл – мәдениет – таным үштігінің нәтижесін 

қарастыратын  лингвомәдениеттаным  саласы  тек  тіл  мен  таным  арқылы  ғана 

қарастырылуы  мүмкін.  Ал  адам  танымында  оның  санасы  мен  одан  туындайтын 

ассоциациялық  ұғымдар,  таңба-образдар  құралып,  өзгеруге  бейім  болады.  Сол 

өзгерістер мен байланыстарды лингвомәдениет зерттеп қана қоймай, жіктеп, бөліп, 

қорға  жинақтайды.  Лингвомәдениеттанымның  орны  мен  оның  пәні,  зерттеу 

әдістеріне  қатысты  қағида-ережелер  толыққанды  қалыптаспаған.  Себебі  бұл 

пәнаралық салаларға қарағанда әлі теориялық тұрғыдан нақтыланбаған. Бұл мәселе 

тек әр ғалым өзінше пайымдап, зерделеген тұжырымдар арқылы ғана көрініс тауып 

жүр.  

 «Лингвомәдени  бірлік  –  лингвомәдениеттанымдық  зерттеу  өлшемі»  деп 

аталатын  1.2.3  бөлімшеде  лингвомәдени  бірлік  ұғымының  мәні  талқыланып,  оның 

лингвомәдениеттаным  ғылымындағы  жіктелімі  қарастырылады.  Лингвомәдениетті 

сипаттайтын  лингвомәдени  бірлік  түсінігі  тек  тілдік  мәндегі  сөз  не  сөз  тіркесі  ғана 

емес,  сонымен  қатар  мәдени  мәндегі  ұғымды  қамтитын  сегментерден  тұрады. 

Әдеттегі  сөз  –  таңбалық  құрылымды  тілдік  бірлік  санатында  алынады,  ал 

лингвомәдени  бірлік  белгілі  бір  мәдени  ұғымды  білдіре  отырып,  тілдік  мәнде 

берілетін ұғым деп түсінуге болады. Себебі лингвомәдени бірлік – таңба-мән-түсінік-

зат (құбылыс, әрекет түрі) кешенін қамтиды. Мұны жай сөз немесе мәдени түсінік, не 

тұрақты тіркес деп атауға келмейді. Себебі бұл атаулар белгілі бір ғылым саласына 

тиесілі.  Ал  лингвомәдени  бірлік  тек  қана  лингвомәдениет  саласында  зерттелетін 

бағыттардың  бөлігінен  алына  отырып,  жеке  мағына  беретін  түсінігі.  Лингвистика, 

мәдениет,  этнология  терминдерінің  атаулары  лингвомәдениеттің  ең  кіші  бірлігі 

ретінде жеке аталымға келмегендіктен «лингвокультурема» – «лингвомәдени бірлік» 

атауы енгізілген.  

Салыстырмалы  лингвомәдениеттануда  лингвист  В.А.  Маслова  төмендегідей 

лингвомәдени бірліктерді назарда ұстау керек екенін айтады: 



10 

 

– 



лингвомәдениеттанудың нысаны – эквивалентсіз лексика және лакуналар 

(лингвоелтану – лингвомәдениеттің ажырамас құрамы болып табылатындықтан, 



оның бірліктері де зерттеу нысанына айналады – А.Т.); 

– 

мифогизацияланған тілдік бірліктер: тілде орныққан аңыз, дәстүр, наным-



сенімдер;  

– 

 тілдің паремиологиялық қоры;  



– 

 тіл қорындағы фразеологизмдер;  

– 

 тілдегі эталондар, стереотиптер, символдар, салт-дәстүрлер және т.б.  



Бұлардың  қатарында  тілдердің  стилистикалық  ерекшеліктері  де  аталып  жүр. 

Айта  кетерлік  мәселе  В.А.  Маслованың  бұл  лингвомәдени  бірліктер  жіктелімі 

біршама  зерттеулерде,  сонымен  бірге  автордың  өз  еңбектерінде  өзгеріске  түсіп 

айтылуда. Лингвист В.А. Маслова бұл лингвомәдени бірліктерді жіктеуінің негізіне 

бұлардың «мәдени» астары мен сипатын назарда ұстағанын айтады [9].  

Біздің  пайымдауымызша,  лингвомәдени  бірлікті  жіктеуде  тілші  З. 

Ахметжанованың ұстанымы мәндірек:  

1. 


Ұлттық  болмыстың  материалды-фактологиялық  бөлігін  сипаттаушы 

лингвомәдени бірліктер;  

2. 

Аксиологиялық сипаттағы лингвомәдени бірліктер;  



3. 

Тілдік әрекет ету лингвомәдени бірліктері  [10, 6-9 бб.]. Шын мәнінде, 

мұндай жіктелім лингвомәдени зерттеуді біршама жеңілдетеді.  

 «Аударма  тіліндегі  лингвомәдени  лакуналар  –  метафоралық  таным 

нәтижесі»  деп  аталатын  1.3  бөлімшеде  метафоралық  таным  нәтижесінде 

қалыптасатын лингвомәдени лакуналар мәселесі талданады. Лакуна – мәтіндегі бос 

орын, 

түсіп 


қалатын 

ұғым 


лингвомәдени 

қауымдастық 

өкілдерінің 

коммуникациясының 

арқасында 

туындайтын 

мағыналық 

қуыс, 


аралық. 

Аударматануда лакунаның болуы түпнұсқа тілдің аударылып отырған тілге қарағанда 

«төмен»  екенін  немесе  «жоғары»  екенін  танытпайды.  Ол  түпнұсқа  тілінің  өзіндік 

сипатының ерекшелігі ретінде танылмақ. ХХ ғасырдың екінші жартысында шет елдік 

және отандық тіл біліміне осы ерекшеліктерді анықтайтын, яғни, бір тілден келесі бір 

тілге аударылғандағы ұлттық бояуын сақтайтын терминдер ене бастады. Ғалымдар ол 

терминдерді өз пайымдауларына қарай әр түрлі атап келеді. Мысалы, Ж.П. Вине, Ж. 

Дарбельне,  В.Л.  Муравьев  –  лакуналар,  К.  Хейл  –  бос  орындар,  лакуналар,  Ю.С. 

Степанов – антисөз, лакуна немесе тілдік семантикалық картасындағы дақтар, В.Г. 

Чернов – аударылмайтын сипаттағы мысалдар, И.А. Стернин – эквивалентсіз лексика, 

лексикалық нөл, нөлдік лексема, Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров – эквивалентсіз 

немесе  реңк  беретін  лексика,  Л.С.  Бархударов  –  бір  тілдің  мәтініндегі  түсініксіз 

орындар, кездейсоқ лакуналар, Л.А. Шейман, Н.М. Варич – этнодейма, И.С. Быстрова 

– нөлдік лексема, мағыналық (маңызды) нөл. Одан басқа Г.В. Быкова, Ю.Н. Караулов, 

В.Л.  Муравьев,  И.Ю.  Марковина,  Ю.Н.  Сорокина,  В.Н.  Рябов,  И.А.  Стернин,  З.Д. 

Попова  т.б.  ғалымдар  бұл  терминдерді  өз  зерттеулерінде  әр  түрлі  аталыммен 

қолданып келеді.  

  «Аударма  тіліндегі  лакунаның  ғылыми  теориялық  сипаттамасы»  деп 

аталатын  1.3.1  бөлімшеде  лакуна  терминінің  ғылымдағы  теориялық  сипаттамасы 

сараланады.  Лакунарлықтың  типологиясы  мен  лингвофилософиялық  мазмұны, 




жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау