6D020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының «Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата21.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#24741
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7


 

6D020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша  



философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған  

Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының 

 «Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасындағы метафоралардың 

лингвомәдени лакуналар ретінде аударылу ерекшеліктері»  

атты диссертациясына 

 АННОТАЦИЯ 

 

ХХІ  ғасырдағы  жаһандану  дәуірінде  қандай  да  ғылым  саласындағы  өзекті 

мәселелерді қайта қарау, жандандыру, жаңғырту арқылы елдің мүддесі мен ұлттық 

этникалық  сипатын  оның  рухани  мол  мұрасы  арқылы  көрсету,  сол  арқылы  өзге 

ұлттардың арасындағы ментальдік ерекшелігін сақтау мақсатына қол жеткізу  – аса 

маңызды.  Бұл  Елбасының  мемлекеттің  алдына  қойған  іргелі  бағыттарын  қамтыған 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен үндес келеді [1]. 

Дегенмен, өркениет дамуының талабы мен аударматанудағы сұранысқа орай, ұлттың 

болмысы мен дүниетаным ерекшеліктері арқылы халықтың өзіндік сипатын таныту 

келешек  ұрпаққа  тілдің  барлық  көркемдігі  мен  мәнін  жеткізуге  мүмкіндік  береді. 

Ұлттың  архаикалық,  дербес  (индивидуалдық)  тілдік  оралымдарын  сақтау, 

насихаттау, сол арқылы тіл байлығын тұтас жеткізу – бүгінгі заман талабы.  



Зерттеу  жұмысының  өзектілігі:  Ақпараттық  жаһандану  жағдайындағы 

мәдениетаралық қарым-қатынастарды жаңғырту, оның сапалық құзыреттілігін жаңа 

деңгейге  көтерудің  бір  тәсілі  –  аударма.  Қазіргі  таңда  қазақ  аударматану  ғылымы 

жедел даму үстінде. Қазақ ақын-жазушыларының туындыларының әлемдік деңгейде 

танымал  бола  бастауына  соңғы  жылдары  ғана  мүмкіндік  туды.  Аударматану  – 

тілдердің  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындап,  әлемнің  тілдік  бейнесін  танымдық 

тұрғыда  зерделейтін  сала.  Соның  негізінде  аударматану  –  ғылымдар  арасындағы 

ынтымақтастықты орнықтыратын, тілдердің мүмкіндіктерін танытатын ілім ретінде 

қалыптасты. Көркем туындыларды аудару арқылы түпнұсқада қамтылған әлеуметтік 

мәселені, негізгі ойды басқа тіл оқырманына жақын етіп кескіндеуге тырысатын, оған 

қоса, өзге жұрттың наным-сенімін, дүнеитанымын беру арқылы сол ұлттың рухани 

әлемінен,  жан  дүниесінен,  оқырманын  хабардар  етуді  де  мақсат  тұтатын  аударма 

дүниелер  жарыққа  шығып  жатыр.  Жазушы  Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз» 

романының ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармалары осындай мақсаттарға қол 

жеткізуден  туған  көркем  дүниелердің  ішінде  айрықша  көзге  түседі.  Аударма 

шығармашылығы  –  интеграциялық  үрдістердің  жедел  қарқын  алуына  ықпалын 

тигізетін тілдік және мәдениеттанымдық тетіктердің бірегейі саналады, соған орай, 

бұл да заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелер деуге болады.  

Халық жазушысы Ә. Нұрпейісов шығармашылық тұлғасы айқындалған, өзіндік 

стилі  қалыптасқан  қаламгер  ретінде  қазақ  көркем  әдебиетінде  өзіндік  орны  бар. 

Қаламгер – туындыларын аударуға аса ынталы әлемге танымал аудармашылар мен 

жазушыларды қызықтыра білген қазақ мәдениетінің өкілі. «Нағыз жазушы әлеуметке 

ортақ өз кезінің таза моральдік атмосферасының рухани бейнелеушісі болумен қатар, 

өмірдегі  келеңсіздікті  батыл  айыптаушы,  жалпы  адамзатқа  ортақ  гуманистік 

моральдің  насихатшысы,  әрі  берік  қалыптастырушы  қайраткер  екенін  ұмытпаған 



 

жөн. Сонда ғана заман мен замандастар алдындағы суреткер парызы өтелмек» – деген 



жазушы  М.Әлімбаевтың  пайымы  Ә.Нұрпейісовтің  жазушылық  кредосын  дәл 

айқындап тұрғандай [2].  

 «Соңғы парыз» романы – қаламгердің жиырма бес жыл бойы жазылған күрделі 

туындыларының  бірі  және  экологиялық,  саяси-әлеуметтік,  өзге  де  қоғамдық 

мәселелерді өзек еткен өміршең туынды. Себебі, экологиялық мәселе қазіргі  таңда 

көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Жоғарыда  көрсетілген  «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында  да  осы  мәселенің  маңызы  байыпталды. 

«Халқымыз  ғасырлар  бойы  туған  жердің  табиғатын  көздің  қарашығындай  сақтап, 

оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын 

ұстанып келді. Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен 

ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын 

мыңдаған  гектар  миялы  жерлеріміз  экологиялық  апат  аймақтарына,  Арал  теңізі 

қаңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды» [1].  

Қазақстандағы ХХ ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі Арал теңізінің жұтылуы, 

сол арқылы жұтаңдаған қоғам шындығы авторға тән  қайталанбас тіл шеберлігімен 

берілген, әрі осы шынайылық аудармада мүмкіндігінше көрініс тапқан. 

Роман түрлі тілдік көркемдегіш құралдарға, әсіресе метафораларға бай. Соған 

орай, біз өз зерттеуімізде метафораны ұлттың болмысы мен дәстүрінен, танымы мен 

ділінен, яғни рухани құндылығынан ақпарат жеткізетін ұлттық  таным коды ретінде 

қарастырдық.  Метафоралардың  философиялық  астары,  екінші  мән-мағынасы, 

қосалқы, жанамалы бояу нақышы мол болғандықтан, оларды аудару тәсілі де басқа 

аударма  трансформацияларынан  өзгеше  болмақ.  Аударма  теориясы  мен 

тәжірибесінде  метафораларды  аудару  көптеген  қиындықтар  тудыруда,  әсіресе 

метафоралық  бірліктердің  аударма  нәтижесінде  лингвомәдени  лакуналық  сипатқа 

айналу жағдайы көркем аударманың күрделі мәселелерінің біріне айналды. 

Зерттеу нысаны: 

Ә. 


Нұрпейісовтің 

«Соңғы 


парыз» 

туындысының 

қазақ-ағылшын 

нұсқаларындағы лингвомәдени метафоралар сипаты. 



Зерттеу пәні: 

Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  шығармасындағы  метафоралардың 

линвомәдени лакуналар ретінде берілу жолдары, аудармашылық тұрғыдан талдануы. 

Зерттеу  жұмысының  мақсаты  –  Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз» 

шығармасындағы метафоралардың ағылшын тіліне аудару барысында лингвомәдени 

лакунаға  айналу  жолын  анықтау,  аудару  тәсілдерін  сипаттау  және  талдау  арқылы 

ұлттық-мәдени  танымды  ашу.  Аударманың  негізгі  мақсаты  тілдер  арасындағы 

этникалық  кедергі  мен  түсінбестікті  болдырмау  екендігін  ескере  отырып,  көркем 

мәтіндегі метафоралардың атқаратын қызметі мен мән-мағынасының өз деңгейінде 

қабылдану жолдарын қарастыру. 

Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылады: 

-  әлемнің  ұлттық  бейнесі  –  лингвомәдениеттанымдық  зерттеулердің  басты 

нысаны  болғандықтан,  аударма  барысында  метафоралық  қолданыстардың 

мағынасын айқындап, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы ұлттық танымға 

тән дүниенің тілдік бейнесін көрсету; 




жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау