6D020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға бағытталған Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының «Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата21.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#24741
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

 

- салыстырмалы-салғастырмалы 



талдаулар 

негізінде 

қазақ-ағылшын 

тілдеріндегі метафоралардың ұлттық-мәдени ерекшелігін айқындау; 

-  лингвомәдени  лакуналардың  метафоралық  таным  нәтижесі  ретіндегі  орнын 

саралау; 

- зерттеу нәтижесінде түпнұсқа мәтіндегі метафоралардың аударма барысында 

лингвомәдени лакунаға айналу үдерісін айқындау; 

-  Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  шығармасы  негізінде  жазушының  тілдік 

тұлғасын айқындау. 

- Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының негізінде метафораларды жіктеп, 

трансформациялану жолдарын көрсету. 



Зерттеу жұмысының әдістері: 

-  зерттеу  барысында  алға  қойған  мақсат  пен  міндеттерді  шешу  барысында 

мынадай  әдістер  басшылыққа  алынды:  дереккөздерді  жинау,  сұрыптау,  жүйелеу, 

талдау тәсілдері. 

- «Соңғы парыз» романындағы метафоралардың мағыналық тереңдігін анықтау 

мақсатында қолданылған лексика-семантикалық талдау түрлері. 

- метафоралардың аудармадағы берілу ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 

анықтау арқылы мағыналық сипатын зерделеу және салыстырмалы-салғастырмалы 

талдау.  

Зерттеу  жұмысының  материалы  ретінде  Ә.  Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз» 

романының түпнұсқасынан және 2013 жылы Нью-Йорк қаласында басылып шыққан 

ағылшын тіліндегі аудармасынан 1000-ға жуық метафора алынды. Шығарманы орыс 

тіліне тәржімалаған Герольд Бельгер және Анатолий Ким, ал орыс тілінен ағылшын 

тіліне аударған Кэтрин Фитцпатрик. 

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:  

Ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі, көркем сөз шебері Ә. Нұрпейісовтің 

«Соңғы  парыз»  шығармасының  ағылшын  тіліндегі  нұсқасы  мәдениет  пен  тіл 

сабақтастығы негізінде танымдық тұрғыда алғаш рет арнайы зерттеліп отыр; 

-  Соның  ішінде,  көркем  шығармадағы  метафоралар  қызметіне  ұлттық  таным 

көрсеткіші ретінде баса мән берілді; 



-  Түпнұсқа  тіліндегі  метафоралар  ағылшын  тіліне  аударылу  барысында 

лингвомәдени лакуна сипатына ие болатыны анықталды; 



-  Көркем  туындыдағы  метафоралар  ұлттық  мәдени  код  мәнінде  айқындалып, 

эпитет, теңеу, индивидуалды және фразеологиялық метафоралар түрлеріне жіктелді; 



-  Метафоралардың  трансформациялану  жолдарын  зерттеу  арқылы  олардың 

жазушы шығармасының ұлттық болмысын сипаттайтын қызметі айқындалды; 



 -  Қаламгердің  «Соңғы  парыз»  шығармасының  ағылшын  тіліне  аударылу 

барысында ұлттық таным мәселесіне жеткілікті назар аударылмағаны дәлелденді.  



Зерттеу жұмысының теориялық маңызы

Ә.  Нұрпейісовтің  шығармасындағы  метафоралардың  ағылшын  тіліндегі 

аудармасын  зерттеу  нәтижелері  метафораның  берілу  әдістерін  мен  жеткізілу 

ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, метафоралардың аударма 

нәтижесінде лингво-мәдени лакуналарға айналу жолдарын талдауға арналған зерттеу 

жұмысы  аударматану,  стилистика  тұрғысында  жасалған  зерттеулер  қатарын 




 

толықтырады. Жалпы тіл біліміндегі метафора ұғымын және аударма теориясының 



кейбір басты мәселелерін шешуге септігін тигізеді. 

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. 

Зерттеу  жұмысының  нәтижелері  мен  қорытындылары  жоғары  оқу 

орындарында  этнос  болмысын,  ұлттық  дүниетанымды,  ұлт  мәдениетін  тіл  арқылы 

танытуға  арналған  аударма  теориясы,  лингвомәдениеттаным,  мәдениетаралық 

қарым-қатынас  пәндері  бойынша  арнаулы  курстарда,  практикалық  сабақтарда 

пайдалануға,  қазақ  және  ағылшын  тілдерін  тереңдете  оқытатын  арнайы  курстарда 

көмекші  құрал  ретінде  қолдануға,  қазақ-ағылшын  тілінде  метафоралық  сөздік 

жасауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.  



Зерттеу  жұмысының  әдістанымдық  негізі  ретінде  жалпы  тіл  білімі  мен 

ағылшын  тілінде  метафораның  қолданымдық  сипатына  ғылыми  тұжырымдар 

жасаған  Дж.Лакофф,  М.Джонсон,  Н.Д.Арутюнова,  С.Флорин,  М.  Садохин, 

В.Л.Муравьев, В.В. Виноградов Л.С.Бархударов, М.Тер-Минасова, В.Г.Костомаров, 

Ю.Н.Караулов,  В.Маслова,  А.Вежбицкая,  метафораларды  көркемдік  тәсіл  ретінде 

және  ұлттық  мәдени  аспектіде  қарастырған,  ғылыми  тұжырымдар  жасаған  қазақ 

ғалымдары  Е.Бөкетов,  А.Алдашева,  Р.Сыздық,  Ж.Жақыпов,  Б.  Кульбаева  т.б. 

зерттеушілердің теориялық еңбектері басшылыққа алынды.  

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері: Ғ.Орманов, Ә.Нұршайықов, Ә.Кекілбаев, 

Х.Ерғалиев, Т.Әлімқұлов, Ж.Ысмағұлов, Г. Бельгер, Қ.Ысқақов, т.б. қаламгерлердің 

әлем  әдебиетінің  белгілі  тұлғаларының  шығармаларын  қазақ  тілінде  сөйлеткені 

белгілі.  Біз  зерттеуімізде  сол  тәржімаланған  туындылардың  стильдік-тілдік 

ерекшеліктерін, аударма жасау тәжірибелерін . 

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 

•  Метафора  –  халықтың  өмірлік  тәжірибесі  мен  білім  қорының  нәтижесі 

жинақталған тілдік код мәнінде қарастырылып, этномәдени мазмұн иеленген тілдік 

категория екені көрсетілді; 

• Ұлттық рухпен суарылған метафораларды қаламгердің көркемдік ізденісінің 

бір  қыры  ретінде  бағалай  отырып,  осы  көркемдік  амал-тәсілдердің  аударма 

барысында жеткізілуі нақты мысалдар арқылы дәлелденді; 

 • Метафораларда әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік ұстаным негізінде 

құралады.  Адам  қоршаған  ортаны  өзі  арқылы,  өзіне  таныс  заттар  мен  құбылыстар 

арқылы ғана бағалап, танып біледі. Метафоралар әр тілде өзіндік ұлттық нақышпен 

бейнеленіп, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді; 

• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метафоралардың пайда болуының бастауы 

әр  халықтың  тарихымен,  заттық  және  рухани  мәдениетімен,  өмір  салтымен  тығыз 

байланысты.  Сондықтан  шығармадағы  метафоралардың  мағынасын  лингвомәдени 

тұрғыдан талдау жасалды; 

•  Ұлттық  танымды  сипаттайтын  метафоралардың  тұтас  этникалық  топ  үшін 

әлемнің  тілдік  бейнесін  қалыптастырудағы  маңызы  зор.  Себебі  аталмыш  тілдік 

бірліктер  ұлттың  жаһандану  дәуірінде  көмескіленбей,  өзінің  этникалық  сипатын 

сақтап, ерекшелігін таныта алады; 



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау