7
мәселелері Н. Ғабдиров, Қ. Кереева-Қанафиева, Ө. Күмісбаев, А. Қыраубаевалардың
диссертацияларына арқау болған.
«Ұлттық таным – ұлт ерекшелігінің негізі» 1.1.3 деп аталатын бөлімшеде
таным үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін таным теориясының ұлттық ерекшелікті
танытудың негізі екендігі сипатталады. Ұлттық таным туралы әр басылымдарда
жекелеп айтылған пікірлер болмаса, қазіргі кезде теориялық қырынан дәлелденіп,
толыққанды тұжырымдалып берілген зерттеулер өте аз. Дегенмен ХХІ ғасырда
жаңадан қолданысқа еніп келе жатқан «ментальділік» терминіне, ұлттық танымға
қатысты жазылған еңбектердің алғашқы легінде «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі
ментальділік» атты зерттеуін атауға болады [5]. Еңбекте келтірілген қазақтың
тұрмысы мен тіршілігіне, сана-сезімі мен қоршаған ортасын тануына байланысты
туындаған, болмаса, осы тақырып мәселесі әр қырынан көрініс тапқан талдаулары
арқылы авторлар қазақтың ұлттық танымы оның тарихи өмірімен ұштасып жатқанын,
ұлттық діңгектің қазіргі кездегі тірегі екенін, ХХІ ғасырдағы жаһандану үрдісінде
жұтылып кетпеу үшін ұлттық таным – ұлт ерекшелігінің қондырғысы ретінде
алынып, басты назарда болуы керектігін айтады. Сонымен, таным – күрделі даму,
өзгеру, қалыптасу кезеңдерінен өтетін әрекет түрі. Ол адамның әрекеті мен өміріне,
санасына байланысты болғандықтан, үнемі өзгеріс, даму үстінде болады. заманға сай
адамның қажеттілігі, игілігі, мұраттары, мүддесі өзгерген сайып, таным да құбылып
отырады. Алайда ұлттық таным – жекелеген этностың ұлт ретінде, жинақталып өмір
сүруінің, өзгелерден өзінің ерекшелігін танытуының басты шарты. Таным –
тынымсыз ізденуге тікелей байланысты болса, ұлттық таным өзінің болмысын
сақтауға, түсініп-түйсіне отырып, дәстүр жалғастығы арқылы өзгеге түсіндіруге, адам
баласының өзіндік сипаты мен тегін зерделеуге бағытталған.
«Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердегі әлемнің ұлттық бейнесі» деп
аталатын 1.2 бөлімде әлемнің тілдік бейнесі, әлемнің ұлттық бейнесі мәселелерінің
ғылымда қойылуы қарастырылады. Негізінде ғылымда әлемнің тілдік бейнесі мен
әлемнің ұлттық бейнесінің арасында соншалықты айырмашылықтар нақтыланбаған.
Кейбір ғалымдар әлемнің ұлттық бейнесін – әлемнің «когнитивтік» бейнесімен
синонимдес санайды. Ғалымдардың пайымдауларынша, әлемнің тілдік бейнесі –
лингвистикада, ал әлемнің ұлттық бейнесі – философия мен психологияда
қолданылатын терминдер. Дегенмен әлемнің ұлттық бейнесі тілдік бірліктер арқылы
көрініс
табатындықтан,
әрі
лингвистиканың
зерттеу
нысаны
болып
табылатындықтан, зерттеу жұмысымызда «әлемнің ұлттық бейнесі» және «әлемнің
тілдік бейнесі» ұғымдарын тектес түсініктер ретінде қолданамыз.
Әлемнің тілдік бейнесі туралы ілім бір күнде, жылда, тіпті бір ғасырда
қалыптаса қоймаған. Ол өз бастауын ежелгі философ ойшылдардың еңбектерінен
алады. Аристотель, Платон, Сократ, әл-Фараби сияқты ойшылдар бұл терминге
теориялық тұрғыдан анықтама бермегенімен, өз еңбектерінде тілдік сана, таным
деген ұғымдар қолданған. «Әлем бейнесі» терминін алғаш рет кеңейтіп, қарастырған
Дж. Холтон болды [6]. Дүниетаным мен әлем бейнесі түсініктерін Дж. Холтон
синонимдес терминдер ретінде алады. Кейіннен бұл ұғым лингвистика мен
философия ілімдерінің зерттеулерінде нақтылық пен теориялық қырынан нәтижеге
қол жеткізілуі үшін қолданылатын болды.
8
Тіл мен ой тығыз байланысты құбылыс екенін ескерсек, философиялық
танымнан өз желісін тартатын когнитивтік лингвистиканың қазіргі кезде біршама
орнығуы да заңды. Осы когнитивтік лингвистиканың әр түрлі мәселелері М.
Джонсон, Дж. Лакофф, Р. Лангакер, А. Вежбицкая, Н.Д. Арутюнова, Д.С. Лихачев
сияқты ғалымдардың еңкбектеріне арқау болған. Қазіргі кезде тіл білімінде
когнитивтік
лингвистика,
лингвомәдениеттану,
психолингвистика,
антрополингвистика сияқты бағыттарда түрлі ойлар айтылып жүр. Әрі халық пен
этностың ұлттық әлемі, ой түзу ерекшелігі, таным бедері, құндылықтары мен
дүниетанымын қарастыруға осы салалар үлкен мүмкіндік береді.
Қазақ лингвистикасында Ә. Қайдаров, Ж. Манкеева, Н. Уәли, Г. Смағұлова, Э.
Оразалиева, Қ. Жаманбаева, Г. Снасапова, Г. Мұратова, М. Күштаева, Ж.
Өміржанова, Б. Қазыханова, О. Жұбаева, А.Б. Иргебаева, С. Жапақов, А. Ислам, Б.
Ақбердиева, Б. Тілеубердиев, Ш. Ниятова, Ш. Елемесова, Г.Ш. Имашева, Ж.
Жампейісова, Ф. Қожахметова т.б. тілшілердің еңбектерінде әр деңгейде әлемнің
ұлттық бейнесі, когнитивті лингвистика, ұлттық таным, түйсік мәселелері
қарастырылған. Бұл еңбектердің барлығы лингвомәдениеттанымның бүгінгі таңда
зерттеу негізінде біршама алға жылжығанын, адамның қоршаған ортасымен ара-
қатынасына қатысты мәселелерді зерделеуге мүмкіндік беретін дербес салаға
айналып келе жатқанын айғақтайды. Ендеше, бұл үдеріс лингвомәдениеттанымның
басты мақсаты адам мен оның танымы арасындағы байланыс, осы негізде тілдік
бірліктердің туындау себептерін түсіндіру екенін дәлелдейді.
«Тіл – әлемнің ұлттық бейнесінің дәнекері» деп аталатын 1.2.1 бөлімшеде
әлемнің ұлттық бейнесі тілдің көмегімен белгіленетін, жалпыадамзаттық әрі ұлттық
тәжірибе нәтижесінде жинақталған сөз не сөз тіркестері мен ұғымдарының қоры
ретінде сипатталады. Әлемнің ұлттық және тілдік бейнелері – кез келген тілдік
тұлғада бар, тек өзіне ғана тән барлық ерекшеліктердің сипаты бола тұра, өзінше өмір
сүре алмайтын, адам тіліндегі, ойындағы ойлау, талдау, талғау деңгейлерінен өтіп
барып қалыптасатын категориялық межелер. Сол себепті бұл межелер арқылы «адам
– таным – тіл – әлем» қарым-қатынасы түзіледі. Демек ойлау мен тіл тығыз
байланысты. Себебі адамның ой-санасы, әлемді түсіну, ұғыну түйсігі тіл арқылы ғана
жүзеге асады. Әлемнің ұлттық бейнесі – тілдің көмегімен белгіленетін,
жалпыадамзаттық әрі ұлттық тәжірибе нәтижесінде жинақталған сөз не сөз тіркестері
мен ұғымдарының қоры. Әр ұлт өз тілінің көмегімен әлемнің ұлттық бейнесіне
қатысты түсінікті иеленеді. Соның арқасында адам осы әлемге (жануарлар, табиғат
құбылыстары, қоршаған ортасына, өзіне) деген қарым-қатынасын қалыптастырады.
«Лингвомәдениеттаным –
тіл –
таным –
мәдениет үштігінің нәтижесі» деп
аталатын 1.2.2 бөлімшеде лингвомәдениеттаным ғылымындағы тіл-таным-мәдениет
үштігінің
үйлесімділігі,
байланыстылығы
мәселесі
қарастырылады.
Лингвомәдениеттанудың дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп, қарастыруға
болады. Бірінші кезеңге – В.фон Гумбольт, Э. Сепирлердің алғашқы тіл мен
мәдениетке қатысты еңбектері, екінші кезеңге – лингвомәдениеттің жеке зерттеу
саласы болып, тұрақтанып, қалыптасуы, үшінші кезеңге – өсу тарихында пән ретінде
жаңа тақырыптармен толысып, қазіргі кездегі қарқынды дамуы жатады. Қазіргі кезде
мемлекеттер мен олардың халықтарының арасындағы экономикалық, мәдени,