5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет19/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

38 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

2.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И.Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 с. 

4.  Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 

2000. - 392 с. 

5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с. 

6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с. 


10. Анализ экономики. Страна, рынок, фирма: Учебник/ Под ред. В.Е.Рыбалкина. - М.: 

Международные отношения, 1999. - 304 с 

11. Андрейчиков А.В. Анализ, синтез, планирование решений в экономике: Учебник/ А.В. 

Андрейчиков, О.Н. Андрейчикова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Финансы и статистика, 

2004.- 464 с. 

12. Анфилатов В.С. Системный анализ в управлении: Учебное пособие/ В.С. Анфилатов, 

А.А. Емельянов, А.А. Кукушкин. - М.: Финансы и статистика, 2009.-368 с. 

 

9  тақырып. Басқару шешімдерін болжау 



 

Дәріс жоспары: 

1.  Болжаудың басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдаудағы ролі. Болжау принциптері 

2.  Болжаудың жіктелуі 

3.  Болжауды ұйымдастыру жұмыстары 



 

1.  Болжам  - объектінің болашақтағы мүмкін жай-күйі туралы ғылыми негізделген  

тұжырым.  Болжам  жасау  процесі  болжау  деп  аталады.  Дәл  болжам  жасау  мүмкін  емес. 

Өйткені болжам жасау айқынсыздық жағдайында жүреді.  

Болжаудағы айқынсыздықтың орын алу себептері: 

-  объектінің эволюциясын (дамуын) анықтайтын барлық әрекеттерді есепке алудың мүмкін 

болмауы; 

-  табиғат пен қоғам заңдары туралы біліміміздің толық әрі дәл болмауы; 

-  себеп-салдарлық байланыстардың біркелкі болмауы. 

Басқару шешімдерін болжау жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспар мен болжам  

жоспарлаудың  өзара  бірін-бірі  толықтыратын  сатылары  болып  табылады.  Жоспар,  өз 

кезегінде,  басқарудың  жетекші  буыны  екені  белгілі.  Болжам  басқару  жүйесіндегі  басқару 

объектісінің дамуының жоспаралдындағы  әзірлемесі болып табылады.  

 

Болжамдық әзірлемелер кешенді мақсаттық бағдарламалардың құрамдас бөлігі болып 



табылады. 

Болжам әзірлеу барысында келесі сатылар қамтылады: 

  болжам әзірлеуге дайындық; 

  ретроспективті ақпаратты, ішкі, сыртқы жағдайларды талдау (ретроспектива –  

өткенге көз жүгірту, өткенді шолу); 



39 

 

  ішкі және сыртқы жағдайлардың дамуының неғұрлым ықтимал нұсқаларын  



анықтау; 

  экспертиза (сараптама) жүргізу; 

  балама нұсқаларды әзірлеу; 

  болжам сапасын априорлық және апостериорлық бағалау (априорлық баға –  

бұрынғы тәжірибеден тәуелсіз бағалау; апостериорлық бағалау – тәжірибеге сүйене отырып 

бағалау); 

  болжамның жүзеге асу барысын бақылау және түзету енгізу.  

Болжауды әзірлеу әдіснамалық принциптерге негізделуі тиіс.  

Бұл принциптерге келесілер жатады: 

  баламалық принципі көп нұсқалы болжамдық әзірлемелер жүргізуді талап етеді. Бұл 

принципке  сәйкес,  болжаудың  негізіне  бірнеше  нұсқалардың  ішінен  озығы  іріктеліп 

алынады; 

  жүйелік принципі экономикалық жүйелердің сандық және сапалық заңдылықтарын 

зерттеуді  ұсынады.  Ол  кез-келген  жүйені  көптеген  шағын  жүйелерге  бөлуге  мүмкіндік 

береді.  Мысалы,  экономика  кешендерге,  ал  кешендер  шағын  кешендерге  бөлінеді.  Бұл 

принцип  әр  объектінің  мазмұнына  сәйкес  келетін  көрсеткіштердің,  әдістердің,  үлгілердің 

жүйесін құрып, оның дамуының тұтас көрінісін жасауға жағдай жасайды; 

  үздіксіздік принципі бойынша жоспар өзара жалғасатындай етіп, сәйкес уақыттық 

аспектіде  жасалуы  тиіс.  Мысалы,  орта  мерзімдік  жоспар  ұзақ  мерзімдік  жоспарда  көрініс 

табатын  перспективалық  бағыттардың  негізінде,  ал  қысқа  мерзімдік  жоспар  ортамерзімдік 

жоспар көрсеткіштерінің негізінде жасалуы керек; 

  мақсатқа бағытталу және басымдылық принципі әр жоспардың мақсаттық сипатта 

болуын,  яғни  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталуын,  ал  басымдық  ретінде  тұтас  экономиканың 

дамуы  тәуелді  экономика  салалары  мен  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерге  байланысты 

шешімдер  алынады.  Бұл  принцип  ресурстарды  экономика  дамуының  басты  бағыттары  мен 

жалпы мемлекеттік мәнге ие мәселелерді шешуге бағыттауға мүмкіндік береді; 

  кешенділік принципі  зерттеу объектісінің барлық тұстарын басқа процестермен және 

құбылыстармен байланыстырып, қарастырылуын қажет етеді;  

  әлеуметтік бағдарлану принципі  әлеуметтік мәселелер үшін басым шешімдерді 

талап етеді; 

  оңтайлылық принципі  экономиканың неғұрлым тиімді қызмет етуін қамтамасыз 

етуге  бағытталған.  Оңтайлылық  –  халық  шаруашылығының  қажеттілігін  қолда  бар 

ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, барынша қанағаттандыруға бағытталған қағида; 

  адекваттылық принципі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеуге қатысты 

қолданылады.  Болжау  процесінде  қолданылатын  экономикалық-математикалық  модельдер 

адекватты,  яғни  нақты  (шынайы)  процестерді  көрсетуі  керек.  Болжамдық  және  жоспарлық 

есептемелер нәтижесі, көбінесе, осылардан тәуелді; 

  теңгерімділік және пропорционалдылық принципі көрсеткіштердің өзара теңгерімді 

байланыста болуы, пропорцияның сақталуы.  

Сипаты мен мәніне байланысты пропорциялар келесілерге бөлінеді:  

а) жалпыэкономикалық,  

ә) салааралық,  

б) салаішілік,  

в) аумақтық,  

г) сыртқы экономикалық.  

а) жалпы экономикалық пропорцияға келесілер арасындағы арақатынас жатады: 

сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен жинақтау, мемлекеттің табысы мен шығысы, ақша массасы 

мен тауар көлемі, еңбек өнімділігінің өсуі мен жалақының өсуі т.с.с.  

ә) салааралық пропорция экономиканың әр салалары арасындағы арақатынасты 

сипаттайды. Олар салааралық баланс көмегімен құрылады. 

б) салаішілік пропорция - өзара байланысты салалар арасындағы арақатынас. Мыс., 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау