5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін


құзыреттілікке ие болуы тиіс



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 

 



құзыреттілікке ие болуы тиіс: 

 

мемлекеттік  мекемелердегі,  мемлекеттік  кәсіпорындардағы  және  компаниялардағы 



жиі орын алатын жағдайлардың құрылымы мен маңызы туралы, 

 

шешім қабылдауға міндетті адамның психологиялық ерекшеліктері туралы, 



 

басқару процестерін модельдеу туралы, 

 

басқару шешімдерін әзірлеуде қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар туралы, 



 

басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау әдістері және тиімділігін арттыру жолдары 

туралы.  

 

 



1 тақырып. Басқару шешімдерінің мәні және басқару процесіндегі ролі 

 

Дәріс жоспары:     

1.Курстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері

 

2.Басқару шешімдерінің мәні мен функциялары



 

3.Басқару шешімдеріне қойылатын талаптар 

 

1.  Менеджменттің  анықтамалары  көп.  Солардың  бірі  ретінде  ақпараттарды  жинау 

арқылы  шешімдер  әзірлеу  және  олардың  жүзеге  асырылуын  ұйымдастыру  қарастырылады. 

Бұл  басқару  қызметіндегі  шешімдердің  ерекше  мәнге  ие  екендігін  білдіреді.  Басқару 

шешімдерін  әзірлеу    -  басқарудың  негізгі  функцияларын  –  жоспарлауды,  ұйымдастыруды, 

мотивацияны, бақылауды өзара байланыстыратын маңызды процесс.  

Шешім қабылдау процесінің маңызды екендігін адамзат баласы бірлесіп жұмыс жасау 

әрекеттері  басталған  кезден-ақ  түсінді.  Сондықтан  басқару  теориясының  қалыптасып, 

дамуынан кейін-ақ шешім қабылдау теориясы пайда болып дамыды. Басқару туралы ғылым 

дербес  ғылыми  пән  ретінде  ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болғаны  белгілі.  Ал  басқару 

шешімдерін  қабылдау  теориясының  қарқынды  дамуы  ХХ  ғ.  40-жылдарына  сәйкес  келеді. 

Басқару шешімдерін қабылдау теориясы әскери стратегиялық міндеттерді шешу барысында 

пайда болып, кейіннен экономика саласына да таралған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 

Англияда ғалымдар тобына азаматтық қорғаныс объектілерін, оқ жаудыратын позицияларды 

оңтайлы  орналастыру,  көліктер  тізбегін  оңтайландыру  секілді  күрделі  басқару  мәселелерін 

шешу тапсырылған.  

Бүгінде  сапалы  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  ғылыми  база  қалыптасқан. 

Басқару туралы қазіргі ғылым мен басқару  шешімдерін қабылдау теориясы ұйымдар пайда 

бола бастағаннан бері туындады. Қазіргі ұйымдар ескі типтегі ұйымдардан көлемі жағынан 

ірілігімен,  орта  және  жоғары  буындағы  жетекшілерінің  көптігімен,  мамандар  санының 

көптігімен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі уақытта басқару шешімдерінің ролі арта түседі.  

Тиімді  шешім  әзірлеу  ұйымның  қызметін  ұтымды  ұйымдастырудың,  кадр  саясатын 

дұрыс  жүргізудің  және  әлеуметтік-психологиялық  қарым-қатынасты  реттеудің,  жағымды 

имидж құрудың алғышарты болып табылады.  

Кәсіпорын  деңгейінде  құжат  түрінде  рәсімделген  шешімдер  саны  жылына  орташа 

есеппен 300-ге жуық екен, ал одан жоғары буындарда мұнан да көп. Алайда, олардың 25%-ға 

жуығын орындалуы мүмкін болмағандықтан қабылдамай қоюға болады екен. Мұның себебі: 

қойылған  мақсаттың  қисынсыздығы,  бақылау  жасаудың  қиындығы,  қабылданған  шараның 

шашыраңқы  сипатта  болуы,  орындалу  мерзімінің  көрсетілмеуі,  нақты  тұлғаларға 

жауапкершіліктің жүктелмеуі. Бұлардың бәрі басқару процесіндегі осал тұстарды көрсетеді. 

Олар  жағымсыз  экономикалық,  әлеуметтік  салдарға  әкеледі,  атап  айтсақ,  қолда  бар 

мүмкіндіктен  айырылып  қалу,  уақыт  пен  қаржыны  тиімсіз  бөлу,  жауапсыздық,  еңбек 

белсенділігінің төмендеуі, ұжымдағы психологиялық климаттың бұзылуы, т.б. Осыған орай, 

басқару  шешімдерін  дайындауды  жан-жақты  ұйымдастыру,  сауатты  рәсімдеу  және  осы 

жұмыстардың әдіснамалық принциптерін сақтау үлкен мәнге ие. 




 

«Басқару  шешімдерін  әзірлеу»  пәнінің  мақсаты  –  студенттерге  әртүрлі  жағдайда 



басқару  шешімдерін  дайындау,  қабылдау,  жүзеге  асыру  саласында  теориялық  білім  беру  

және практикалық  дағды қалыптастыру.  

Курсты  оқып-үйрену  барысында  келесідей  сұрақтар  қарастырылады:  басқару 

шешімдерінің  мәні  мен  мазмұны,  түрлері,  әзірлеу  технологиясы;  басқару  шешімдерінің 

сапасына қойылатын талаптар, әсер етуші факторлар; шешімдерді дайындау мен қабылдауға 

қатысушы  субъектілер,  оладың  жауапкершілігі;  шешімдерді  талдау,  болжау;  тәуекел 

жағдайында  шешім  қабылдау;  шешімдерді  рәсімдеу,  орындалуын  бақылау;  басқару 

шешімдерінің тиімділігі; басқару шешімдерінің ақпараттық қамтамасыз етілуі. 

 

1.  Экономикалық әдебиетте «шешім» процесс, таңдау жасау актісі, таңдау жасаудың  

нәтижесі  ретінде  қарастырылады.  Жалпы,  «шешім»  деген  ұғым  қазіргі  уақытта  көп  қырлы 

сипатқа  ие.  Ол,  бір  жағынан,  басқару  процесі  болса,  екінші  жағынан,  таңдаудың  нәтижесі 

болып табылады. 

 

Басқару шешімінің басқа шешімдерден айырмашылығы, ол: 



  стратегиялық жоспарлауға; 

  адам ресурстарын басқаруға; 

  ұйымды басқару жүйесін қалыптастыруға; 

  өндірістік қызметті басқаруға; 

  басқару саласында кеңес беруге; 

  ішкі және сыртқы коммуникацияларды басқаруға бағытталады.  



Басқару шешімінің бірнеше анықтамалары бар, ол: 

  басқару қызметінің өнімі; 

  орын алған проблемаға ұйымның реакциясы; 

  мүмкін нұсқалардың арасынан белгілі бір әрекеттің курсын таңдау; 

  мақсатты таңдау, оған қолжеткізу құралдары мен әдістерін таңдау; 

   өз  құзыреті  мен  өкілеттігінің  шеңберінде  басқару  субъектісінің  басқару  объектісіне 

ықпал етуге бағытталған актілері, қорытындылары. 

Басқару шешімдерін болашақтағы іс-әрекеттің үлгісі ретінде қарауға болады. 



Басқару шешімдерінің негізгі критерийлері: 

 

мақсаттар  (басқару  субъектісі  шешімді  өз  қажеттілігіне  қарап  емес,  нақты  ұйымның 



мәселесін шешу үшін қабылдайды); 

 

салдар (басшының шешімі көптеген адамның өміріне ықпал етуі мүмкін, егер ұйым ірі 



болса, оның басшыларының шешімдері  сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына 

да әсер етуі мүмкін); 

 

еңбек  бөлінісі    (ұйымда  біреулері  шешім  қабылдаумен  айналысса,  екіншілері 



қабылданған шешімдерді жүзеге асырумен айналысады); 

 

кәсібилік (басшыға интеллектпен, тәжірибемен қоса, кәсіби дайындық қажет). 



Шешімдер бірнеше функцияларды атқарады: 

 

бағыттаушы функция; 



 

үйлестіруші функция; 

 

ынталандырушы функция. 



Бағыттаушы  функцияға  сәйкес,  шешімдер  басқарудың  жалпы  функциялары  – 

жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау,  ынталандыру  үшін  негіз  болып  табылады.  Олар 

шешімдердің көмегімен жүзеге асырылады.  

Үйлестіруші функция шешімді жүзеге асырушылардың әрекеттерін белгілі бір мерзімде, 

белгілі  сапада үйлестіру қажеттілігімен байланысты. 

Шешімдердің ынталандырушы функциясы ұйымдастыру шараларының жүйесі (бұйрық, 

қаулы,  өкім),  экономикалық  стимул  (сыйақы,  қосымша  ақы),  әлеуметтік  бағалау  (тұлғаның 

өзін-өзі бекітуі, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы) жүйесі арқылы жүзеге асады. 

Әрбір  басқару  шешімінің  тиімділігі  жоғарыдағы  функциялардың  орындалуы  мен 

арақатынастарынан  тәуелді.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  басқару  шешімдері  алға  қойған 

мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады.  




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау