5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет21/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

42 

 

8.  Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов 



специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. 

Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77  c. 

9.  Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для 

студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: 

СИБиУ, 2010 

10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с. 

11. Анализ экономики. Страна, рынок, фирма: Учебник/ Под ред. В.Е.Рыбалкина. - М.: 



Международные отношения, 1999. - 304 с. 

12. Андрейчиков А.В. Анализ, синтез, планирование решений в экономике: Учебник/ А.В. 

Андрейчиков, О.Н. Андрейчикова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Финансы и 

статистика, 2004.- 464 с. 

13. Анфилатов В.С. Системный анализ в управлении: Учебное пособие/ В.С. Анфилатов, 

А.А. Емельянов, А.А. Кукушкин. - М.: Финансы и статистика, 2009.-368 с. 



 

10 тақырып. Басқару шешімдерінің сапасы және оған әсер етуші факторлар       

 

Дәріс жоспары: 

1. Басқару шешімдерінің сапасы және оның қасиеттері 

2. Шешімдер сапасына әсер етуші факторлар 

3. Шешімдер сапасының ұйымдастырушылық-психологиялық алғышарттары 

 

1.  Сапа – бұл басқару объектісінің адамның немесе қоғамның қажеттіліктерін  

қанағаттандыруға  мүмкіндік  беретін  сипаттамаларының  жиынтығы.  Сапа  функционалдық 

жарамдылығы,  қолдану  сипаттамалары,  қауіпсіздік  пен  сенімділік  дәрежесі,  эстетикалық 

деңгейі  және  т.б.  бойынша  бағаланады.  Өнімнің  сапасына  қол  жеткізу  және  оны  үнемі 

жетілдіру процесі сапаны басқару деп аталады. 

 

 



 

1-сурет – Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы 

 

Өндірілетін  өнімнің  (көрсетілетін  қызметтің)  сапасы  басқару  қызметінің,  басқару 



шешімдерінің сапасына тәуелді. Басқару қызметінің сапасы – басқару қызметінің көпшілік 

мақұлдаған  талаптарға  немесе  стандарттарға  сәйкестік  дәрежесі.  Өнімнің  сапасына  тек 

өндірістің  техникалық  деңгейі,  өндірістің  ұйымдастырылуы,  экономикалық  жағдайы  ғана 

емес, сонымен қатар басқару шешімдерінің мәдениеті мен кәсібилігі де әсер етеді. 

Басқару  шешімдерінің  сапасы    өнімнің  сапасын,  технологияны,  өндірісті 

ұйымдастыруды,  басқару  шешімдерінің  кәсібилігі  мен  мәдениетін  қамтитын  жиынтық 

көрсеткіш  болып  табылады.  Басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  кезінде  басшы 

басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  процесінің  әрбір    сатысына  назар  аударуы 

керек.  Әрбір  кезеңнің  сапасы  басқару  шешімдері  сапасының  жалпы  бағасына  едәуір  әсер 

етеді.  


Басқару  шешімдерінің  сапасы  –  шешімдердің  табысты  орындалуы  мен  оның 

көзделген  нәтижеге  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ететін  қасиеттердің  жиынтығы.  Басқару 

шешімдері  қасиеттерінің  құрамында  олардың  негізіділігі,  уақытылығы  (шешімнің  дер 

кезінде  әзірленіп,  қабылдануы),  тиімділігі,  сәйкестігі  (шешімнің  бұрын  қабылданған 

шешімдерге  қайшы  келмеуі),  нақтылығы  (шешімді  кім,  қашан  орындау  керектігі  нақты 

Басқару қызметінің 

сапасы 

Орындайтын 



қызметтердің 

сапасы 


Басқару 

шешімдерінің 

сапасы 

Өнімнің 


(қызметтің) 

сапасы 



43 

 

көрсетілуі керек), заңдылығы (шешімді өкілетті тұлғаның қабылдауы, заңға қайшы келмеуі)



қарапайымдылығы (шешім қабылдаушы тұлғаға ғана емес, орындаушыға да түсінікті болуы 

керек) қарастырылады.  

Кейбір  авторлар  басқару  шешімдерінің  сапасын  бағалауға  мүмкіндік  беретін 

көрсеткішті қолдануды ұсынады: 

 

К

с



=

Ш

о



−Ш

к

Ш



к

× 100, 


 

мұндағы К

с

 – басқару шешімдерінің сапасының коэффициенті, 



Ш

о

 – орындалған басқару шешімдерінің саны, 



Ш

к

 – қабылданған басқару шешімдерінің саны 



Бұл  көрсеткіш,  басқару  шешімінің  сапасы  туралы  жалпы  мағлұмат  бергеніне  қарамастан, 

оны объективті тұрғыдан бағалауға толық мүмкіндік бермейді.  

Стандарттау  саласында  ISO    халықаралық  ұйымы  жұмыс  жасайды.  Ол  –  стандарттау 

бойынша әлемдік қауымдастықта мойындалған халықаралық ұйым. ISO 900Х (Х=1, 2, 3, 4)  

сапа  стандарттарын  және  ISO  14000  экологиялық  стандарттын  құру  саласындағы 

жұмыстарды үйлестіреді. ISO 900Х сапа стандарттары жалпы сипатқа ие және өнеркісіптің, 

экономиканың  нақты  саласынан  тәуелді  емес.  Стандарттар  сапаны  басқару  бойынша 

жетекші нұсқаулықтарды қамтиды.  



2.  Сапалы басқару шешімдерін әзірлеудің объективті экономикалық шарттары: 

1)  басқару объектісі дамуының нақты тенденциясын білу; 

2)  ұйым қызметінде қалыптасқан тенденцияларды оңтайлы қолдану әдістерін меңгеру; 

3)  ел экономикасының мақсатына бағдарлану; 

4)  объектінің, сыртқы ортаның  жай-күйі туралы нақты түсініктің болуы; 

5)  өзгерістерге дер кезінде бейімделу. 

Бұл шарттардың сақталуы үшін жетекші әртүрлі көздерден келіп түсетін  

ақпараттарға  ие  болуы  керек.  Алайда,  ақпаратпен  жақсы  қамтамасыз  етілген  жағдайдың 

өзінде  дұрыс  та,  қате  де  шешімдер  қабылдануы  мүмкін.  Бұл  оларға  әсер  ететін  факторлар 

мен орын алып отырған жағдайларға байланысты.  

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің сапасына: ақпарат,  

басқару  мақсаттары,  басқару  шешімдерін  әзірлеу  әдістері,  қолданылатын  басқару 

технологиясы, басқару шешімдерін жүзеге асыру процесі едәуір ықпал жасайды.  

Жалпы,  басқару  шешімдерінің  сапасына  әсер  ететін  факторларды  2  топқа  

топтастыруға  болады:  1)  ситуацияны  ұғыну  және  проблеманы  құрастыру  факторлары;  2) 

шешім қабылдау процесіндегі жетекшінің мінез-құлқын анықтаушы факторлар. 



Ситуацияны ұғыну және проблеманы құрастыру факторлары: 

  мәселені түсіну (анықтау); 

  ғылыми болжау; 

  талдау; 

  білім алу әдістері; 

  басқаруды ұйымдастыру. 



Шешім қабылдау процесіндегі жетекшінің мінез-құлқын анықтаушы факторлар: 

  мінез-құлық стилі; 

  саяси және әлеуметтік орта; 

  қоғамдық және құқықтық нормалар; 

  мүдделер мен қызығушылықтар; 

  жетекшінің тұлғалық қасиеттері, біліктілігі. 



3.  Басқару саласында сапасыз шешімдерді қабылдау жиі кездеседі. Жүргізілген зерттеу  

материалдары  шешімдердің  орындалмай  қалуының  себептері  мен  олардың  үлестерін 

келесідей етіп топтастырды: 

-  болжанылмаған (күтпеген) жағдайлар – 40%; 




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау