54
1) нақты тапсырманы, орындаушылар құрамы мен олардың бағыну жүйесін,
тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген
ресурстарды көрсетумен басқару шешімдерін іске асыру туралы құжаттаманы рәсімдеу;
2) орындаушыларды басқару шешімдерін орындау мазмұнымен және тіртібімен
таныстыру мен түсіндіру;
3) басқару шешімдерін орындаушыларына жұмысты орындау кезінде олардың
құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған егжей-тегжейлерді басқару
шешімдерін әзірлеушілерімен талқылау;
5) ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне орындаушылардың ерекше
назарын аудару;
6) орындаушыларға қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік
ақпараттың көздерін көрсету;
7) басқару шешімдерін тиімді іске асыру бойынша орындаушылардың жұмысын
белсендендіру;
8) басқару шешімдерін орындаушылармен орындау барысын жиі бақылауын жүзеге
асыру;
9) іске асырылған басқару шешімдерінің тәжірибелік бағалауын жүзеге асыру;
10) басқару шешімін әзірлеу мен іске асыру бойынша құжаттаманы мұрағатқа
тапсыру.
Ұйымдық-әкімшілік қызмет шеңберінде басқару аппараты мен басқарушылар (шешім
субъектілері) басқару шешімдерін іске асыратын қызметкерлермен әлеуметтік-
психологиялық және насихаттық жұмыспен белсенді айналысуы керек.
Басқару шешімдерін әзірлеу мен іске асыру бойынша мамандарының көбі басқару
шешімдерін әзірлеуге орындаушыларды, олар басқару шешімдері тұжырымдамасымен және
одан шығатын міндеттермен алдын ала танысу үшін тартуға кеңес береді. Басқару
шешімдерін іске асыруға қатысатын болашақ орындаушылар оған нақтылық элементтерін
енгізеді, себебі басқару шешімдері пәнін, оның резервтері мен қиындықтарын жақсы біледі.
Басқару шешімдерін әзірлеуге алғыр ақылдары басқару шешімдерін әзірлеу кезінде
өзіндік тәсілдерді табуға көмектесетін жаңашылдарды және өндіріс озаттарын тарту мәні
бар.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару шешімдерін әзірлеу формаларын атаңыз.
2. Басқару шешімдерін жүзеге асырудың қандай формаларын білесіз?
3. Мемлекеттік басқару қызметінде шешімдер, негізінен, қандай формада
рәсімделеді?
4. Мемлекеттік басқаруда шешімдерді жүзеге асырудың қандай формалары қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В.
Зубарева, В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с.
3. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. - М.:
ЮНИТИ, 1999. - 407 с.
4. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294
с.
5. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. - М.: "Дело",
2000. - 392 с.
6. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с
7. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и
муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с.
55
8.Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов
специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г.
Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77 c.
9.Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для
студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во:
СИБиУ, 2010
10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
11. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт
эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
12. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для
проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» /
Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
13. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
14. Андреева В.И. Делопроизводство: Практическое пособие/ В.И. Андреева. - 9-е изд.,
испр. и доп. - М.: ЗАО "Бизнес-школа", "Интел-Синтез", 2003. - 184 с. - (Серия "Библиотека
журнала "Управление персоналом")
15. Андреева В.И. Образцы документов по делопроизводству/ В.И. Андреева. - М.: ЗАО
"Бизнес-школа", "Интел-Синтез", 2000. - 160 с.
13 тақырып. Басқару шешімдерінің тиімділігі
Дәріс жоспары:
1. Тиімділік, нәтижелілік, өнімділік туралы түсініктердің мәні мен мазмұны
2. Басқару шешімдері тиімділігін құраушылар
1. Басқарушылық қызмет басқарушылық қызметтің нәтижесі (өнімі) болып
табылады. Сондықтан да басқару шешімдері үшін өнімнің сипаттамасында қолданылатын ең
маңызды көрсеткіштер 1-суретке сәйкес: тиімділік, нәтижелілік пен өнімділік тән.
1-сурет – Басқару шешімдерін өндіру (дайындау мен жүзеге асыру) кезінде басқару
қызметінің негізгі көрсеткіштері
Өнімнің тиімділігі нәтиже мен оны алуға шығындар қатынасымен анықталады.
Нәтижелілік белгіленген мерзімдік немесе сандық параметрлерді қанағаттандыратын
немесе асып түсетін өнімді өндіруді ұйымдастыру қабілетін айтады.
Еңбек өнімділігі – бұл персоналдың еңбек қызметінің экономикалық тиімділігінің
көрсеткіші. Ол шығарылған өнімнің санының оны өндіру шығындарына қатынасымен
анықталады.
Қажетті көрсеткіштерді қалыптастыру мен қол жеткізу негізінде тиімділік жатыр.
Берілген көрсеткіш көпқырлы болып табылады. Нәтижені әдетте шығындармен
салыстырады және қандай да процестің немесе құбылыстың тиімділігін талдайды. Тиімділік
оң және теріс болуы мүмкін.
Мысалы, 1991 жылы Мәскеуде 17 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар
тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Ал 1998 жылы – 4 мың жеңіл
автомобильді такси болған, олар да тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70%
Басқару қызметі
нәтижелілік
тиімділік
өнімділік