36
Сценарий жазу әдісі бойынша объектінің қазіргі жағдайының болашақтағы жағдайға
өту барысында дамитын процестердің реттілігін ұстанады. Ол іс-әрекеттің 3 жолын
қарастырады: оптимистік – жүйенің қолайлы жағдайда дамуы, пессимистік – жүйенің
қолайсыз жағдайда дамуы, жұмыс сценариі – орын алуы мүмкін жағымсыз факторларға
қарсы тұрған жағдайдағы жүйенің дамуы. Дайын болған сценарийге талдау жасалады.
Соның нәтижесінде мақсат қалыптасып, критерийлер анықталады, балама шешімдер
қарастырылады. Талдау барысында «мақсаттар ағашы» әдісі пайдаланылады.
4. Эвристикалық әдістер шешім қабылдаушы тұлғаның логикасына, интуициясына
және тәжірибесіне негізделеді. Қолданылатын тәсілге байланысты эвристикалық әдістер
формалдық-эвристикалық және формальды емес эвристикалық әдістер болып бөлінеді.
Формальды-эвристикалық әдістердің негізі – күрделі мәселелерді шешу тәсілдерін
адамның ойлау процестерін модельдеу жолымен беру. Бұл әдіс эволюциялық модельдеуді,
лабиринттік әдістерді, концептуалды модельдеу әдістерін т.б. қамтиды. Эволюциялық
модельдеу басқару шешімдерін қабылдау процесі бойынша тәжірибенің болуын көздейді.
Бар тәжірибенің негізінде мәселені жоюға және мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін
шешімдердің бірнеше нұсқалары әзірленеді. Әрбір нұсқа алдын-ала белгіленген критерий
бойынша зерттеледі.
Лабиринттік әдістер мәселені жою жолдарының іздестіруге негізделген. Егер бағыт
тығырыққа тірелсе, бастапқы нүктеге оралу керек. Әрі қарай - жол табылмайынша, процесс
қайталанады.
Концептуалды модельдеу ситуацияны талдап және маңызды элементтерді жіктеуге
мүмкіндік беретін құрылымдық модельді құра отырып, бастапқы ақпаратты жинақтауға
негізделеді. Мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралы - бөлуге негізделген құрылымдау әдісі.
Формальды емес эвристикалық әдістер адамның интеллектуалдық қызметін басқаруға
негізделген. Күрделі мәселелерді шешу процесінде идеяларды генерациялау екі негізгі
қатысушының, яғни жүргізуші мен мәселені шешушінің пікірталастыруы түрінде жүзеге
асады. Жүргізуші мәселені шешушіге сұрақтар қояды, пікірталас жүреді. Процеске
оппоненттер мен эксперттер де қатыса алады. Оппоненттің міндеті - шешім ұсынушының
ойын, ұсынысын сынау, пікірталасты өрбіту. Эксперттің міндеті - ұсыныстарды бағалауға
көмектесу. Идеяларды генерациялау сеансын ұйымдастырудың бірнеше схемалары болады:
- жүргізушілердің саны бойынша: полеобасқару (бірнеше жүргізуші), монобасқару
(жалғыз жүргізуші), автогенерация (жүргізушінің болмауы);
- шешім ұсынушының саны бойынша: бір жақты схема (шешім ұсынушының жалғыз
болуы ), көп жақты схема (шешім ұсынушының көп болуы);
- байланыс түрі бойынша: тікелей байланыс (бір бөлменің ішінде байланыс болуы),
жанама байланыс (техникалық құралдар арқылы байланыс жасау).
Идеяларды генерациялаудың мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ету шарттары:
- психологиялық комфортты орнату (шешім ұсынушы үшін ыңғайлы жұмыс орны,
көтеріңкі көңіл күй);
- ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету;
- талқыланатын сұрақтарды, пікірталас мақсаты мен нұсқауларды қамтитын
психоэвристикалық бағдарлама әзірлеу.
Генерация нәтижесінде негізгі ақпараттық массивті немесе мүмкін шешімдер аясын
құрайтын мәліметтер жиынтығы алынуы керек.
Генерациялау тәсілін таңдау мәселенің сипатына байланысты жүргізіледі. Кейінге
қалдыруға болмайтын мәселені шешуде үздік әдіс тікелей ми шабуылы немесе іскерлік
ойындар болып табылады. Шығармашылық мәселелерді шешуде ми шабуылының түрлері
мен синектикалық әдістер қолданылады. Прогностикалық мәселелерде сауалнамалық
әдістер, морфологиялық талдау, т.б. қолданылады.
Номиналдық топтық техника әдісі тұлғааралық коммуникацияны шектеу принципіне
негізделеді. Сондықтан шешім әзірлеуге қатысатын топтың барлық мүшелері бастапқыда өз
ұсыныстарын басқалардан тәуелсіз, өзбетінше жазбаша түрде ұсынады. Сонан соң әр
37
қатысушы өз жобасының мәнін баяндайды, ұсынылған нұсқалар топ мүшелерімен
қарастырылады, бірақ талқыланбайды, сынға алынбайды. Содан кейін ғана топтың әр мүшесі
жазбаша түрде басқалардан тәуелсіз қарастырылған идеяларды ранжирлейді (сұрыптайды).
Жоғары бағаға ие олған ұсыныстар шешім қабылдауда басты негізге алынады. Бұл әдістің
ерекшелігі және артықшылығы - топ мүшелерінің бірлескен жұмысына қарамастан, жеке-
дара ойлау процесінің шектелмеуі.
Сынға алу әдісі (методика атаки разносом) зерттеудің ааяқтау сатысындағы қате
қорытындылар мен ескерілмей қалған тұстарды анықтауу үшін қолданылады. Отырысқа
талқыланатын мәселемен алдын-ала таныс 50 шақты адам қатысады. Барлық қатысушы кезек
бойынша сөз алады. Әр қатысушының міндеті жұмыстың кемшіліктерін барынша көрсету
болып табылады. Жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерді жою жолдары
айтылмайды. Әр қатысушының сөйлеуіне 1-3 мин. уақыт беріледі, бұрынғы айтылғандарды
қайталауға болмайды. Алайда, өз ескертулерін нақтылауы үшін қатысушыға қайта шығып
сөйлеуге рұқсат беріледі.
Синектикалық әдістер ой икемділігімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекшеленетін
мамандардың тобы жүргізетін ми шабуылына негізделеді. Синектика – аналогия бойынша
болжау әдісі. Бұл әдіске сәйкес білімнің басқа салаларындағы белгілі фактілерді талданып
отырған объектіге көшіреді.
5. Трендтік талдау базистік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің
салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір
есеп позициясын бірнеше өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті анықтауды
көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын мәні
қалыптасады, ал одан кейін перспективалы, болжамдық талдау жүргізіледі. Тренд –
экономикалық көрсеткіштердің өзгерісінің ұзақ мерзім бойғы тенденциясы.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеу.
Экстраполяцияның мәні: болжау объектісінің дамуының өткен және қазіргі тұрақты
тенденциясы зерттеліп, оның болашаққа көшірілуінде. Экстраполяцияның формалды және
болжамдық деген түрлері бар. Формалдық экстраполяцияда болжау объектісінің болашақта
өткен және қазіргі тенденциялары сақталады. Болжамдық экстраполяцияда қолда бар
көрсеткіштер гипотезамен байланыстырылып, түрлі факторлардың әсері ескеріліп
көшіріледі.
Экстраполяция әдістері кең таралған және неғұрлым толыққанды әдіс болып
табылады. Экстраполяциялық әдіс бойынша динамикалық қатарлар зерттеледі. Динамикалық
қатар – уақытпен алынған көптеген бақылаулар.
Экстраполяция сатылары:
1) мәліметтерді алдын-ала талдау;
2) модельдер, яғни функцияларын жиынтығын құру;
3) модель параметрлерін сандық тұрғыдан бағалау;
4) модельдердің дұрыстығын анықтау;
5) үздік модельді таңдау;
6) нүктелік және аралық болжам алу;
7) болжамды верификациялау (жан-жақты талдау нәтижиесінде алынған болжамның сапасын
бағалау).
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару шешімдерін әзірлеуде талдау жұмыстарының қажеттілігі қандай?
2. Талдауда қолданылатын математикалық әдістер.
3. Талдауда қолданылатын негізгі әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы не
айтасыз?
4. Сіз мемлекеттік басқаруда талдаудың қандай әдістерін тиімді деп санайсыз?