5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет30/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

60 

 

Кәсіптік  жауапкершіліктің  деңгейі  экономикалық  тәуекелдіктер  мен  кәсіптік 



жауапкершілікті сақтандыру, соның ішінде аудитордың, нотариустың, бөлімше басшысының 

кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру есебінен төмендетілуі мүмкін. 

Басшының  тәртіптік  жауапкершілігі  компанияның  ішкі  жұмыс  тәртіптерінде 

(нұсқауларда,ережелерінде  және  т.б.)  көрінеді  және  басшы  қызметінің  ұйымдық 

аспектілеріне  қатысты.  Ол  субординацияны,  қаржылық,  жоспарлық,  келісімді  және 

технологиялық  тәртіпті  сақтамаудан  болады.  Жауапкершілік  нысандары:  жазалаудан, 

ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа аударудан, қызметіне сәйкессіздігі туралы хабарлаудан, 

жұмыстан босатудан тұрады. 



Әкімшілік  жауапкершілік  азаматтардың  құқықтар  мен  еркіндіктерін  азаматтық-

процессуалдық  бұзу  кезінде  болады.  Әкімшілік  жауапкершілікті  жүзеге  асырудың  негізі 

әкімшілік  пен  азаматтық  құқық  және  басқа  жұмыс  тәртіптері  болып  табылады.  Әкімшілік 

жауапкершілік Еңбек кодексінде аса толық көрсетілген. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі 

нысандары:  ескерту,  әкімшілік  тыйым  салу,  заңға  қайшы  заттарды  конфискелеу  және  т.б. 

болып табылады. 



Құқықтық 

жауапкершілік 

Азаматтық 

және 

Қылмыстық 



кодекстерінде 

регламенттелетін  жауапкершілік  түрлеріне  жартылай  немесе  толығымен  қатысты  болады. 

Құқықтық  жауапкершілік  ескерту,  бұйрық  етілген  әркеттерді  орындау,  қамауға  алу, 

тұтқындау түрінде жүзеге асырылады. 



Экономикалық жауапкершілік әдетте алған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс 

емес  орындау  үшін  заңды  тұлғаға  (компанияға)  қатысты  қарастырылады.  Ол  басқару 

шешімдерден  болған  залалдың  орнын  толық  немесе  жартылай  өтеуге  арналған  және  екі 

нысанда  көрінеді:  экономикалық  санкциялар  және  шығындарды  өтеу.  Экономикалық 

санкциялар шектеу сипаты бар еріксіз шаралардан, соның ішінде экономикалық бойкоттан, 

жеңілдіктерді толығымен немесе жартылай алып тастаудан және т.б. тұрады.  Шығындарды 

өтеу материалдық немесе ақшалай түрде жүзеге асырылады. 

Материалдық  жауапкершілік  әдетте  компанияға  мүліктік  немесе  ақшалай  залал 

келтіру  үшін  жеке  тұлғаға  (компания  қызметкеріне)  қатысты  қарастырылады.  Оның 

себептері  кәсіби  емес  әрекеттердің  немесе  немқұрайлықтың  болуы  мүмкін.  Материалдық 

жауапкершілік  толық  немесе  жартылай  (келісім  шектерімен  шектелген)  болуы  мүмкін,  ол 

залалдың  ақшалай  мөлшерінен  немесе  еңбекті  төлеудің  минималды  мөлшерінен  шыға 

отырып есептелінеді. 



3.  Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне: әлеуметтік, партиялық, этикалық,  

экологиялық  және  саяси  жауапкершіліктер  жатады.  Әлеуметтік  жауапкершілік 

мейірімділікпен, 

кішіпейілділікпен, 

батылдықпен, 

жомарттықпен, 

қайсарлықпен, 

тәкаппарлықпен  және  т.б.  қатар  адам  тұлғасын  сипаттайды.  Тұлға  жауапкершілігі  адам 

табиғатына  салынған.  Оны  тәрбиелеу  есебінен  және  қоғамның  моральдық  нормаларын 

есепке алумен дамытуға болады. 

Әлеуметтік  және  экологиялық  жауапкершілік  ескерту,  кінәлау,  басшы  туралы 

қоғамдық  пікірді  өзгерту,  қоғамдық  кінәлауды  айту,  жалпы  адамгершілік  немесе 

экологиялық түсініктер бойынша  лауазымына сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге 

асырылады. 

Әлеуметтік  жауапкершіліктің  объектілері  техникалық,  биологиялық  және  әлеуметтік 

жүйенің  элементтері,  соның  ішінде  қандай  да  объектінің  техникалық  жағдайы  үшін, 

бекітілген аймақтағы флора мен фаунаның сақталуы үшін, бағынышты адамдар қызметінің 

нәтижелері үшін және т.б. жауапкершілік бола алады. 

Әлеуметтік  жауапкершілік  қызметтік,  отбасылық,  азаматтық,  қоғамдық  және  жеке 

міндеттерді орындау кезінде пайда болады.  

Компаняиның әлеуметтік жауапкершілігі оның жарғылық құжаттарында айқын және 

айқын  емес  көрінеді.  Әсіресе  бұл  компанияның  миссиясы  мен  негізгі  мақсаттарында 

көрінеді.  Егер  компанияның  негізгі  мақсаты  персонал  мен  клиенттердің  қажеттіліктері  мен 

мүдделерін  максималды  қанағаттандыруға  бағытталған  болса,  онда  бұл  әлеуметтік 




61 

 

жауапкершіліктің жоғары көрінісі. Егер де негізгі мақсаты құрылтайшылардың мүдделеріне 



қатысты  максималды  пайда  алу  болып  табылса,  онда  бұл  компанияның  минималды 

әлеуметтік  жауапкершілігін  білдіреді.  Мұнда  компания  басшысы  өз  әлеуметтік 

жауапкершілігін кеңейту талпыныстарында өте шектелген болады. 

Экологиялық  жауапкершілік  жергілікті  және  стратегиялық  сипаттағы  экологиялық 

дағдарыстан пайда болды. 

Экологиялық  дағдарыс  –  қоршаған  ортаны  ластаумен  және  табиғатқа  жыртқыштық 

қатынаспен болған қоршаған ортаның өте қиын жағдайы. 

Партиялық  жауапкершілік  функционер  көрсететін  саяси  ұйымның  шешімдерімен 

және жарғылық құжаттармен сәйкес болмайтын партиялық функционер қызметінен болады. 

Жауапкершілік  кінәлау,  партиядан  шығару,  партияның  басқарушы  құрамынан  шығару 

түрінде жүзеге асырылады. 

Этикалық  жауапкершілік  басшы  ұйымның  барлық  қызметкерлері  міндетті  сақтауды 

талап  ететін  этика  ережелері  мен  жалпы  құндылықтар  жүйесін  көрсететін  этикалық 

нормаларды  бұзған  жағдайда  болады.  Этикалық  жауапкершілікті  сақтауын  бақылауды 

адамның өзі де, ұжым, жоғары тұрған басшылар тарапынан сыртқы орта өкілдері де жүзеге 

асырады.  Этикалық  нормалар  сандық  немесе  сапалық  бағалаудан  тұрады.  Жауапкершілік 

басшы туралы қоғамдық пікірдің өзгеруі, оған қоғамдық кінәлауды айту, этикалық түсініктер 

бойынша лауазымға сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге асырылады. 

Саяси жауапкершілік бекітілген мемлекеттік бағдарламаға қатысты мемлекеттік билік 

пен  басқару  субъектісінің,  сонымен  қатар  қоғамдық  топтар  субъектілерінің  дұрыс  емес 

немесе  тиісті  емес  қызметінен  болады.  Мұндай  бұзуларды  мемлекеттік  билік  диссиденттік 

(басқаша ойлау) ретінде бағалайды. 

Жауапкершілікті жүзеге асыру нысандары қызметтен кету, сенімсіздік, қайта сайлау, 

елден жіберу бола алады. 



 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Басқару шешімдерін әзірлеу жауапкершілігі кімге жүктеледі? 

2. Басқару шешімдерін қабылдаушының жауапкершілігі қандай болуы керек? 

3. Басқару шешімдеріндегі әлеуметтік жауапкершілік ұғымын қалай түсінесіз? 

4.  Жеке  сала  мен  мемлекеттік  басқару  қызметіндегі  басқару  шешімдері  бойынша 

жауапкершілікте айырмашылық бар ма? Бар болса, бұл немен байланысты?  



 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Аникин  Б.А.  Высший  менеджмент  для  руководителя:  Учебное  пособие/  Б.А.  Аникин.  - 

М.: ИНФРА-М, 2000. - 136 с. 

2.  Беляцкий  Н.П.  Интеллектуальная  техника  менеджмента:  Учебное  пособие/  Н.П. 

Беляцкий. - Мн.: Новое знание, 2001. - 320 с. 

3.  Беляцкий Н.П. Менеджмент. Основы лидерства: Учебное пособие/ Н.П. Беляцкий. - Мн.: 

ООО "Новое знание", 2002. - 250 с. 

4.  Жариков  Е.С.  Вступающему  в  должность:  Научно  -  популярный  справочник  для 

начинающего руководителя/ Е.С. Жариков. - М.: Знание, 1985. - 128 с 

5.  Омаров  А.М.  Руководитель.  Размышления  о  стиле  управления/  А.М.  Омаров.  -  2-е  доп. 

изд. - М.: Политиздат, 1987. - 366 с  

6.  Паркинсон  С.Н.  Искусство  управления/  С.Н.Паркинсон,  М.К.Рустомджи.  -  М.:  ФАИР-

ПРЕСС, 1999. - 272 с. 

7.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с 

8.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с 

9.  Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 

с. 



62 

 

10. Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 



2000. - 392 с 

11. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с 

12. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

13. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов 

специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. 

Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77  c. 

14. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для 

студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: 

СИБиУ, 2010 

15. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с

.

 



 

15 тақырып.  Экономика салалары бойынша басқару  шешімдерін қабылдаудың 

ерекшеліктері 

 

Дәріс жоспары: 

1.Өнеркәсіп өндірісі саласында басқару шешімдерін қабылдау ерекшеліктері 

2. Ауыл шаруашылығы және АӨК саласын басқару саласында шешім қабылдау 

3. Көлік және коммуникация саласындағы басқару шешімдерінің ерекшеліктері  

 

1. 

Өнеркәсіп  саясаты  –  бұл  өндірістің  өсуіне,  ғылыми-техникалық  жетістіктерді 

дайындауға және игеруге, салалық құрылымды жетілдіруге, дайын өнім экспортын дамытуға 

бағытталған  мемлекеттің  ұзақ  мерзімді  шараларының  жиынтығы.  Өнеркәсіп  саясаты  жеке 

сектордың  күшіне  сүйене  отырып  дәл  анықталған  және  тиімді  қолданылатын 

макроэкономикалық  реттеудің  ықпалынан  жүзеге  асырылуы  керек.  Өнеркәсіп  саясатын 

ұтымды  жүзеге  асыруда  технологиялық  жаңаруды,  өндірістік  аппарат  пен  салалық 

құрылымды жаңартуды жүргізу маңызды болып табылады. 

 

Өнеркәсіп  саясаты  мен  құрылымдық  саясатты  жиі  шатастырады.  Бұл  дұрыс  емес. 



Құрылымдық  саясат  –  салалар  арасындағы  арақатынастың  өзгеруімен,  ескі  салаларды 

«жауып»,  жаңаларын  ынталандырумен  байланысты  өнеркәсіп  саясатының  бір  бөлігі. 

Өнеркәсіп  саясатының  әр  түрлі  нұсқалары  туралы  айта  отырып  оларды  өсудің  өте  озық 

үлгілері  деп  санау  қате  болар  еді.  Тіпті  барлығы  мойындаған  жапондық  үлгілердің  де 

кемшіліктері кездеседі. 

Өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру дамудың салалық басымдықтарын анықтауды қажет етеді. 

Индустриалдық  стратегияда  әр  түрлі  әдісті  қажет  ететін  салалардың  үш  тобы 

қарастырылады. 

 

Экспортқа  бағытталған  салалар.    Бұл  салалар  мемлекеттік  қолдаудың  қажетті 

деңгейіне байланысты дамығанблок және қалыптасушы блок болып бөлінеді. 



Дамыған  экспорттық  блокты    бүгінде  мұнай-газ  өндіруші,  уран,  металлургия  және 

көмір  өнеркәсібі  салалары  құрайды.  Бұл  салалардың  басымдықпен  дамуы  бюджеттің 

дамуына ықпал етіп, мемлекеттің инвестициялық ресурстарын қалыптастыруға алғышарттар 

құрады.  Мұнымен  қоса  бұл  мультипликативті  әсер  беріп,  экспорттық  өндірісітердің 

қажеттілігін қөамтамасыз ететін басқа салалардың дамуы үшін серпіліс болады. Сондықтан 

мемлекет бұл салаларға, әсіресе, қосылған құны жоғары саларға,  ерекше көңіл бөледі.  

 

Қалыптасушы  экспорттық  блокке  де  қолдау  көрсетіледі.  Бұл  блок  мұнай-химия, 

химия саласын қамтиды.  



 

Ішкі  нарыққа  бағытталған  салалар.  Бұл  салалар  импорттық  тауарларға  бәсекелестік 

туғызып,  болашақта  әлемдік  нарыққа  шығуы  мүмкін.  Басыңқылық  дәрежесіне  қарай 

оларыды үш блокке бөлеміз. 




63 

 

Жоғары бәсекелі блокты тамақ, мұнай өңдеу өнеркәсібі, электроэнергетика құрайды. 

Олар ішкі нарықта тұрақты сұранысқа ие, ал болашақта экспорттық потенциалға ие.  

 

Орташа  бәсекелі  блокке  машина  жасаудың  жекелеген  салалары,  құрылыс 

материалдары саласы жатады.   

 

Төмен  бәсекелі  салалар.  Бұлардың  бәсекеге  қабілеттіліктері  ішкі  нарықта  да  төмен. 

Бұл салаларға тоқыма-тігін, былғары-аяқ киім, ағаш өңдеу кіреді. Мемлекет осы салалардағы 

бар потенциалды сақтау үшін шаралар қолданады. 

 

Жоғары  технологиялы  өндіріс  салалары  (биотехнология,  гендік  инженерия, 



ақпараттық  технология).  Мемлекет  бұл  салалардың  барлық  бағыттары  бойынша  қолдау 

көрсетеді.  

2.  Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) – азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы  

шикізатынан  алынатын  өнеркәсіп  тауарларының  ұдайы  өндірісін  қамтамасыз  ететін 

экономиканың өзара байланысты салаларының жиынтығы. Оның құрамына 3 негізгі салалар 

кіреді:  I  сфера  ауыл  шаруашылығын  және  басқа  салаларды  өндіріс  құралдарымен 

қамтамасыз ететін салаларды қамтиды; II сфера – ауыл шаруашылығы; III сфера – кешеннің 

ақырғы  өнімін  дайындауды,  тасымалдауды,  өңдеуді,  сақтауды  және  өткізуді  жүзеге 

асыратын салалар. Дамыған елдердегі АӨК-де IV сфера да болады, ол өндірістік, әлеуметтік, 

сервистік,  ғылыми,  ақпараттық  басқа  да  инфрақұрылымды  қамтиды.  АӨК-де  екі  ірі  шағын 

кешен  бар:  азық-түлік  өнімдерін  өндіру  және  тарату;  ауыл  шаруашылығы  шикізатынан 

жасалатын өнеркәсіп өнімдерін өндіру және тарату. 

Ауыл шаруашылығы АӨК құрамына кіреді және төмендегі салаларды қамтиды: 

өсімдік шаруашылығы, 

мал шаруашылығы. 

Ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  реттеудің  мақсаты  –  ҚР  азық-түлік  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету;  азаматтардың  азық-түлікпен  қамтылу  деңгейін  жақсарту;  ауыл 

шаруашылығы  мен  экономиканың  басқа  салалары  арасындағы  экономикалық  паритетті 

сақтау;  ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің жалақыларының 

деңгейлерін  жақындастыру;  агроөнеркәсіптік  өндіріс  саласындағы  отандық  тауар 

өндірушілерді қорғау. 

АӨК-ді мемлекеттік басқару барысында экономикалық әдістерге басты мән беріледі. 

Экономикалық әдістерге АӨК-ді басқарудың келесі әдістері жатады: 

  Ауыл шаруашылығын мемлекеттік бюджеттен тікелей инвестициялау, оның  

жекелеген  салаларының  даму  бағдарламаларын  қаржыландыру;  ауыл  шаруашылығы 

ұйымдарына дотация, компенсация беру.  

  Аграрлық сектордағы мемлекет қызығушылық танытып отырған шағын  

кәсіпорындарды,  шаруа  қожалықтарын  ынталандыру  мақсатында  оларды  жеңілдіктермен, 

артықшылықтармен қамтамасыз ететін несиелік, салықтық саясатты жүргізу. 

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу бағаларын ескере отырып,  

баға саясатын жүргізу.  

  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік сақтандыру. 



3. 

Көлік  саласында,  оның  экономиканың  басқа  салаларынан  айыратын, 

шаруашылықтың өзге де саласы тәрізді кейбір ерекшеліктері бар: 

біріншіден, көлік жаңа материалдық-заттық өнім шығармайды, ол өндіріс процесінің 

жалғастырушысы болып табылады. Өнім өндірісі оны тиісті қолдану орнына жеткізген соң 

аяқталады.  

екіншіден, көлік өнімі – жүк пен жолаушыларды тасымалдау көлік өндірісі процесінің 

ажырамас бөлігі. Оны жинақтауға, оның қорын құруға болмайды.  

үшіншіден, көлік өнімі шикізатты қамтымайды.  

төртіншіден,  көлік  саласын  дамытуға  бөлінетін  қаражаттар  айналымының,  өнеркәсіпті 

және  ауылшаруашылығын  дамытуға  бағытталатын  қаражат  айналымынан  айырмашылығы 

бар.  



64 

 

Көлік кешенімен  экономиканың көптеген саласының жұмысы тікелей байланысты, атап 



айтқанда,  машина  құрастыру,  энергетика,  металлургия  және  т.б.  Көлік  кешенінің 

экономикалық  өсімге,  сауданы  кеңейтуге,  халықтың  өмір  сүру  деңгейін  арттыруға 

айтарлықтай  ықпалы  бар.  Көлік  кешенінің  тиімді  қызмет  атқаруы,  жұмыс  орнына  дейін 

жүкті жеткізу және жүру уақытын қысқарта отырып, еңбек өнімділігін арттыруға әсер етеді. 

Көлік қоршаған ортаға белсенді  түрде ықпал етеді,  алайда бұл  негізінен жағымсыз сипатқа 

тән. Көлік кешенінің даму қарқыны экономикалық өсімге сәйкес болуы тиіс. 

      Осылайша, еліміздің экономикасының дамуына қарай көлік кешенінің кейбір құрамдары 

көлік қызметіне қатысты сұраныс динамикасына сәйкес өзгеруі тиіс. Кері байланыста орын 

алған, яғни көлік кешені басты фактор болмағанмен болмаса да экономикалық белсенділіктің 

құраушы факторы  ретінде экономикалық дамуға әсер етеді.   

Көлік  кешенінің  мәні  экономиканың  маңызды  құрамды  бөлігі  ретінде,  қоғамдық 

еңбекті  аймақтарға  бөлуде  оның  рөлімен  айқындалады:  аудандарды  мамандандыру  оларды 

кешенді  дамыту  көлік  жүйесі  болмаса  мүмкін  емес.  Көлік  кешені  өндірісті  орналастыруға 

әсер  етеді.  Оны  назарға  алмай,  өндірістік  күштерді  ұтымды  орналастыруға  қол  жеткізуге 

болмайды.  

Өндірісті  орналастыру  және  тандау  кезінде  тасымалдау  қажеттілігі,  жұмсалатын 

материалдардың  және  дайын  өнімдердің  көлемі,  олардың  тасымалға  биімділігі,  көлік 

бағыттарымен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  өткізу  қабілеттілігі  және  т.б.  ескеріледі.  Осы 

құрамдардың  әсер  етуіне  байланысты  мекемені  орналастыру  нұсқалары  қарастырылады. 

Тасымалдаулардың  ұтымдылығы  жеке  мекемелер  тәрізді,  сондай-ақ  жалпы  ұлттық 

экономиканың өндіріс тиімділігіне де әсер етеді. 

 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Өнеркәсіп саласындағы басқару шешімдерінің ерекшелігі. 

2.  Ауыл  шаруашылығы  саласын    басқаруда  шешімдерді  әзірлеу,    қабылдау  және  жүзеге 

асыру ерекшелігі. 

3.  Әлеуметтік  саланы  басқаруда  шешімдерді  әзірлеу,    қабылдау  және  жүзеге  асыру 

ерекшелігі. 



 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Эффективность  государственного  управления/Пер.  с  англ.  Общая  ред.  С.А.Батчикова, 

С.Ю.Глазьева. - М.: Фонд "За экономическую грамотность", 1998. - 848 с. 

2. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение/ 

Р.А. Алшанов. - Алматы: Раритет, 2010. - 624 с. 

3.  Алшанов  Р.А.  Казахстан  на  мировом  минерально-сырьевом  рынке:  проблемы  и  их 

решение  (Анализ  и  прогноз)/  Р.А.  Алшанов;  Науч.  ред.  А.Т.Ашимбаева.  -  2-е  изд.,доп..  - 

Алматы, 2005. - 423 с 

4. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын баскару негіздері Оқу құралы/ К.Б. Бердалиев. - 

Алматы: Экономика, 2001. - 129 б. 

5.  Бердалиев  К.Б.  Основы  управления  экономикой  Казахстана:  Учеб.  пособие/  К.Е. 

Бердалиев. - Алматы: Экономика, 1994. - 148 с. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


65 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

С.И. Игильманова 

 

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»  

мамандығы үшін 

«Басқарушылық шешімдер» пәнінен  

дәрістер жинағы 

 

Тапсырыс №  



Таралымы 20 дана 

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 

Баспа орталығы 

(Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар к-сі, 263) 



 

 

жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау