5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет26/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

52 

 

Ұсыныс  хат  –  потенциалды  немесе  нақты  жұмыс  беруші,  жабдықтаушы  немесе 

тұтынушы  алдында  қандай  да  адам,  компания  немесе  қызмет  үшін  кепіл  болуы  туралы 

беделді маманның шешімі. 



Кеңес  –  басқару  шешімдерін  орындау  жолында  өз  көзқарастарымен  бөлісу 

мақсатымен  басшымен  өткізілетін  іскерлік  әңгіме.  Кеңес  бағыныштылармен  орындалуы 

үшін міндетті емес. 

Мәслихат  –  маңызды  басқару  шешімдерін  орындау  үшін  жинақталған  тәжірибемен 

және  ақпаратпен  алмасуды,  ұжымдық  сананы  қолдану,  бағыныштыларға  дейін  нақты 

міндеттерді жедел жеткізу мақсатымен басшымен  өткізілетін ұжымдық іскерлік әңгіме. 

Хабарлама  –  басқару  шешімдерін  орындау  үшін  қажетті  қосымша  ақпаратты  беру 

мақсатымен басшымен  өткізілетін іскерлік әңгіме. 



Сендіру  –  басқару  шешімдерін  орындау  үшін  оның  мазмұны  бойынша  бағынышты 

тұлғаның  бойында  қажетті  берік  көзқарастарды  немесе  түсініктерді  қалыптастыру 

мақсатымен  басшымен    өткізілетін  іскерлік  әңгіме.  Мысалы,  жұмыс  орнында  қауіпсіздік 

техникасын сақтау қажеттігіне сендіру, басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде заманауи 

ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігіне сендіру. 

Шарт  –  келісімнің,  шарттың  жақтарымен  талап  етілетін  талаптар  көрсетілген  жеке 

құжат немесе құжаттағы мәтін.  



 

3.  Басқару  шешімдерін  сәтті  орындау  үшін  шешімді  дайындау  әрбір  формасы  үшін 

оған сәйкес жүзеге асыру формасын табу қажет.  

Жүзеге  асыру  формасы  –  бұл  дайындалған  шешімді  орындау  механизмі.  Өзімен  өзі 

бұйрық  немесе  заң  оны  орындау  механизмін  жасамайды.  Әдетте  басшылар  тек  дайындау 

формаларымен шектеледі. Мысалы, басшы қандай да бір жұмысты орындау туралы бұйрық 

шығарғаннан  кейін  орындаушыларды  хабардар  ету,  нұсқаулар  өткізу  және  т.б.  керек. 

Әйтпесе жұмыс уақытында және сапалы түрде орындалмайтын болады. 

Басқару шешімдерін дайындаудың әрбір формасы ең лайықты жүзеге асыру формалар 

қатарына ие. 

Акцепт,  келісім,  контракт,  оферта,  шарт  және  жарғы  үшін  –  бұл  іскерлік  сөз, 

ақпараттық хат, есеп, хат, ұйғарым, мәслихат, сендіру және шарт. 

Нұсқаулық,  кодекс,  ереже,  хаттама,  қағида  мен  нұсқау  үшін  –  бұл  іскерлік  әңгіме, 

іскерлік сөз, өсиет, оқыту, мәжбүрлеу, түсіндіру, кеңес және хабарлама. 

Заң,  қаулы,  бұйрық,  өкім  және  жарлық  үшін  –  бұл  көшірме,  мәжіліс,  жеке  бастың 

үлгісі, әдістеме, өсиет, ұйғарым, мәжбүрлеу, түсіндіру, сендіру және шарт. 

Акт, декларация, тұжырымдама, үлгі, жоспар және баспасөз хабарламасы үшін – бұл 

іскерлік әңгіме, іскерлік ойын, мәжіліс, оқыту, әдістеме, есеп және түсіндіру. 

Басқару шешімдерін әзірлеу процедуралары 

Басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  іске  асыруды  ұйымдастыру  басқару  шешімдерін 

әзірлеу  мен  іске  асырудың  барлық  процедураларында  басқарушы  да,  басқарылатын  да  

жүйеге  қатысты    белгілі  ұйымдық-әкімшілік  шараларды  өткізуді  талап  етеді  Бұл 

процедураларға  әзірлеу,  келістіру,  қабылдау,  бекіту  және  орындауды  ұйымдастыру  кіреді. 

Әрбір  процедура  басқару  шешімдеріне  қойылатын  талаптарды  есепке  алумен  орындалуы 

керек.  

Басқару  шешімдерін  әзірлеу  процедурасы  үшін  басқару  аппараты  мен  басқарушыға 

келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек:  

1)  нақты  тапсырманы,  персонал  құрамы  мен  олардың  бағыну  жүйесін,  тапсырманы 

орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды 

көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу; 

2) басқару шешімдері әзірлеушілерін басқару шешімдерін әзірлеу бойынша жұмысты 

орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру; 

3)  басқару  шешімдері  әзірлеушілеріне  жұмысты  орындау  кезінде  олардың 

құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру; 




53 

 

4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқару шешімдерін 



әзірлеушілерімен талқылау; 

5)  басқарушылық  шешімдер  әзірлеу  бойынша  ұсынылатын  жұмыстың  маңыздылық 

дәрежесіне ерекше назар аудару; 

6)  қызметкерлерге  қажетті  ұйымдық  техниканы,  бөлмені  беру  және  қажетті  іскерлік 

ақпаратың көздерін көрсету; 

7)  заңгер  немесе  референт  жағынан  әзірленіп  жатқан  басқару  шешімдері 

нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін 

бақылауын өткізу; 

8) 

басқару 


шешімдері 

нұсқаларының 

техникалық, 

экономикалық 

және 

ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау; 



9)  экономикалық,  экологиялық  және  басқа  салалардағы  басқару  шешімдерін 

болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу. 



Басқару шешімдерін келістіру процедурасы. Басқару шешімдерін әзірлеу барысын 

келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін. 



Сыртқы  келістіру  мемлекеттік  немесе  жергілікті  бақылауды  жүзеге  асыратын 

ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі. 



Ішкі  келістіру  бақылау  қызметтеріне  ие  ұйым  мамандарының  күшімен  өткізіледі. 

Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады.  

Жоғары  тұрған  органдармен,  тапсырушылармен  немесе  клиенттермен  басқару 

шешімдерін  келістіру  процедурасы  үшін  басқару  аппараты  мен  басқарушының  келесі 

әрекеттері қажет:  

1)  басқару  шешімдерін  келістіруге  қажетті  жеке  немесе  заңды  тұлғалар  туралы 

құжаттаманы рәсімдеу; 

2)  құжатта  келістірудің  уақыттық  кезеңдерін,  сонымен  қатар  жолдама  құжаттардың 

атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу; 

3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.  



Басқару  шешімдерін  қабылдау  процедурасы.  Басқару  шешімдерін  қабылдау 

(таңдау)  кезеңі  ұсынылған  нұсқалар  ішінен  іске  асыру  үшін  бір  басқарушылық  шешімді 

таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі. 

Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:  

1)  басқару  шешімдері  нұсқаларында  шешімнің  өзіне  және  бұрын  іске  асырылған 

шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу; 

2)  басқару  шешімдерін  таңдау  үшін  критерийлер  жиынтығын,  сонымен  қатар 

атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу; 

3)  басқару  шешімдері  параметрлерінің  критерийлер  параметрлерінен  ауытқуын 

құжатпен тіркеу; 

4)  күнді,  жауапты  тұлғаларды,  бар  ескертулерді  көрсетумен  басқару  шешімдерін 

қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу. 



Басқару  шешімдерін  бекіту  процедурасы.  Жоғары  тұрған  органдармен, 

тапсырушылармен  немесе  клиенттермен  басқарушылық  шешімдерді  бекіту  процедурасы 

үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:  

1)  басқару  шешімдерін  бекітуге  қажетті  жеке  немесе  заңды  тұлғалар  туралы 

құжаттаманы ресімдеу; 

2)  құжатта  бекітудің  уақыттық  кезеңдерін,  сонымен  қатар  жолдама  құжаттардың 

атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу; 

3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу. 



Басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру процедурасы. Басқару шешімдерін 

орындауды  ұйымдастыру  процедурасы  үшін  басқару  аппараты  мен  басқарушының  келесі 

әрекеттері қажет:  



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау