5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет14/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

28 

 

Әкімшілік  қарым-қатынастар  мемлекеттік  және  жергілікті  билік  органдарының 

әкімшілік процесті жүзеге асыру тәсілі ретінде қарастырылады. 

 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Ұйымның сыртқы ортасының қоршауларына сипаттама беріңіз. 

2. Қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғаларға кімдер жатады?  

3. Елдегі және әлемдегі саяси жағдай элементінің негізгі параметрлеріне не жатады? 

4.  Алыс  қоршаудың  элементі  –  әлеуметтік  және  экологиялық  жауапкершілікке  сипаттама 

беріңіз. 

5. Ұйым үшін сыртқы орта элементтерін талдау кезінде қандай факторлар қарастырылады? 

6. Билік органдарының сыртқы ортадағы қарым-қатынасы қалай жіктеледі? 



 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

2.Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

3.Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 с. 

4.Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 

2000. - 392 с. 

5.Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с. 

6.Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

7.Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

8.Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с. 

10. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. - М.: Гардарики, 



2000. - 296 с. 

11. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. - 2-е изд., 

перераб. и доп. - М.: Гардарика, 1998. - 296 с. 

 

7 тақырып. Іс-әрекеттің баламаларын таңдау 



 

Дәріс жоспары: 

1. Мақсат және баламалар, оларға қойылатын талаптар 

2. Мақсаттық технологиялар 

3. Баламаларды іріктеу 

4. Баламаларды көп критерийлер бойынша бағалау әдістері 

 

 

1.  Басқару шешімдерін қабылдау теориясында мақсат пен балама категориялары,  

олардың  өзара  байланысы  кешенді  әрі  жүйелі  түрде    зерттеліп  қарастырылады.  «Мақсат» 

және «балама» категориялары өзара байланысты. 

 

Мақсат – қол жеткізілуі тиіс нәтиже нысаны. Балама – мақсатқа қол жеткізу құралы, 

іс-әрекеттердің нұсқасы. Метамақсат – бұл аралық мақсаттар. 

 

Мақсат  пен  баламалардың  өзара  детерминанттылығы  (байланыстылығы)  төмендегі 



жағдайлармен анықталады: 

  мақсатқа қол жеткізу құралдарының біреуі болмаса да, оған қол жеткізу мүмкін  




29 

 

емес; 



  мақсаттың қандай да бір компонентінің маңыздылығы артса, оған қол жеткізу  

құралдарын да дамыту қажет; 

  қысқа мерзімде мақсатқа қол жеткізудің жетіспейтін құралдарының орнын басқа  

құралдар есебінен толықтыруға болады; 

  мақсаттар мен құралдар жүйесінің барлық элементтері бірдей, бірақ орын алатын  

басқару ситуациясына байланысты бұл элементтердің мәні  өзгеріп отырады; 

  әр иерархиялық деңгейдің өзінің нақты мақсаттары мен оларға қол жеткізу  

құралдары болады, ал метамақсаттар болған жағдайда әр түрлі басқару деңгейіндегі мақсат 

пен оған қол жеткізу құралдары сәйкес келуі тиіс.  

Мақсаттың сапасына белгілі бір талаптар қойылады. Оларға келесілер жатады: 

  кешенділік. Күтілетін нәтижені сипаттағанда проблемалық жағдайдың барлық негізгі  

тұстары қамтылуы керек. Бұлай болмаған жағдайда қабылданған шешім ұтымды болмайды, 

оны жүзеге асыру барысында қарама-қайшылықтар туындайды; 

  жүйелілік. Мақсат ұйымдағы өзге басқару міндеттеріне қайшы келмей, олармен  

байланыста болу керек; 

  келісімділік.   Мақсаттық жүйе компоненттері өзара бір-біріне қайшы келмеуі тиіс; 

  нақтылық.  Мақсат дәл қойылуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу үшін нақты іс-әрекет  

баламалары болмаса, бұл мақсат жәй ғана иллюзия болып қалады. 

Мақсат шектелмеген (бағыт беруші, яғни траекториялық мақсаттар) және шектеулі  

(нүктелік, нақты мақсаттар) сипатта болуы мүмкін.  

 

Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесі жоспарланған мақсатқа қол 



жеткізуге  бағдарлануы  керек.  Бұған  басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру 

барысында  кәсіби  басқару  технологияларын  қолдану  нәтижесінде  қол  жеткізіледі.  Басқару 



шешімдерін  әзірлеу  технологиясы  –  бұл  басқарушының  ұйымның  жалпы  және  негізгі 

мақсаттарына  жету  үшін  персоналға  басқарушылық  ықпал  ету  дағдысы,  шеберлігі  және 

өнері. Басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы келесі элементтерден тұрады: 

  ақпаратты жинау, өңдеу әдістері мен құралдары; 

  персоналға тиімді ықпал ету тәсілдері; 

  ұйым мен басқарудың қағидалары, заңдары мен заңдылықтары; 

  бақылау жүйелері. 

2.  Басқару шешімдерін әзірлеу технологиялары құрамына басқару шешімдерін әзірлеудің  

мақсаттық технологиялары және процестік технологиялар кіреді. 

Процестік  технологиялар  мақсаттық  технологияларға  қызмет  етеді,  мақсаттық 

технологиялардың құралдары болып табылады.  



Мақсаттық технология – бұл мақсаттардың жағдайлардан басымдығына негізделген 

технология. Мақсаттық технологияның негізгі пәні мақсат болып табылады. Мақсат аса ұсақ 

мақсаттарға (мақсаттар иерархиясы) бөлінуі мүмкін. Мақсаттық технологиялар ынталылық-

мақсаттық, бағдарламалық-мақсаттық және регламенттік технологиялардан тұрады. 



Ынталылық-мақсаттық  технология  -  тапсырмаларды  орындау  әдістері  мен 

құралдарын  көрсетпей,  мақсатты  ұсынуға  (көрсетуге)  негізделген  технология.  Ол  ынталы, 

кәсіби  орындаушыға  негізделген.  Ынталылық-мақсаттық  технология  бойынша  мақсат,  оған 

қол жеткізу мерзімі көрсетіледі, бірақ қол жеткізу механизмі көрсетілмейді. Мақсатқа белгілі 

бір  себептерге  байланысты  қол  жеткізілмеуі  мүмкін,  белгіленген  мерзімде  немесе  одан 

бұрын  жету  мүмкін,  белгіленген  мерзім  шегінен  тыс  жету  мүмкін.  Ынталылық-мақсаттық 

технология  қарамағындағылардың,  яғни  қызметкерлердің  ынталы  шешімдері  үшін  үлкен 

еркіндік береді. 

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары: 

  ұйым немесе оның бөлімінің қызметкерлерінің штаты 10 адамнан артпауы тиіс; 

  тапсырманы беру және орындау уақытының арасының ұзақтығы 1 айдан аспауы керек; 

  персоналдың жоғары кәсібилігі,  басшы жағынан оған үлкен сенімділіктің артылуы; 

  жаңа тауарлар, қызметтер өндірісі, жаңа  ақпарат пен білімнің қажеттігі; 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау