5. мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың негізгі қАҒидалары



бет9/11
Дата13.02.2022
өлшемі82 Kb.
#35666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лекция№5

5.Мемлекеттік басқару әдістері

Басқару әдістері әдетте бұл басқарушы обьектілерінің толық қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында оларға әсер ететін нақты белгілі бір тәсілдер. Басқару әдістері көмегімен мемлекеттік органдар артықшылықтары мен қызметтері жүзеге асырылады. Бұл ретте басқарушы обьектіге ведомстваның қол астындағы ұжымдардағы адамдарға әсер ету ғылыми әдебиет пен тәжірибеде өндірілген басқару әдістерінің жалпы қасиеттеріне негізделеді. Әдістер мәні басқару объектісіне деген тікелей биліктік әсер етуінен тұрады. әдістер бағынудағы адамдардың тәртібіне әсер ету тәсілдері ретінде көрінеді.

Мемлекеттік басқару әдістеріне олардың мемлекет атынан қолданылатыны тән, сондықтан олар басқарушы объектілерге әсер етудің ресми тәсілдері болып табылады. Басқару қызметінің мемлекеттік сипаты мемлекет органдарының құқықтық билік артықшылықтарға ие болуымен байланысты. Мемлекеттік органдардың атқарушы – қызметі алуан түрлі нысандарда іске асады, олардың ішінде құқықтық ерекше орын алады. Осы нысанда орындалатын істер белгілі құқықтық қиындықтарға алып келеді. Басқару тәсілдерін таңдаудың негізі мен межелеріне (критерии) байланысты әртүрлі әдістер бар (көрініс нысаны, мазмұны, нақты құралдарды таңдау бойынша және т.б.) мемлекеттік басқару әдістері олардың келесі топтары үшін ашылады. әкімшілік-құқықтық, экономикалық және идеологиялық (моральдық) әсер ету.

Басқару тәжірибесінде ерекше орынды әкімшілік-құқықтық әдістер алады, яғни бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық үдерістерге қатынастар мен байланыстарға неғұрлым белсенді әсер ету тәсілдері. Олардың мәні басқарылатын объектілерге, адамдар тәртібіне атқарылуға міндетті нұсқаулар арқылы тікелей ұйымдасқан түрде әсер етуінде әкімшілік-құқықтық әдістер сәйкес нормативті нұсқау (қаулы,заң) немесе жеке нұсқаулар (ауызша немесе жазбаша) негізінде басқару объектілер қызметінің бағытын анықтайды. Сипатына қарай оларды дұрыс қолданбау немесе тым көп қолдану кезінде қиындықтарға әкеп соқтырады, мысалы, басқарудағы субъективизм әкімшілік – құқықтық әдіс пен басқарудың басқа әдістерімен тек дұрысқа сәйкес келуінде басқармалы объектілердің басқару тиімділігі, мемлекеттік аппараттардың дұрыс қызмет етуі көрініс табады.

Әкімшілік құқықтық әдістер келесілерде көрініс табады: а) басқарылмалы объектілердің құқықтары мен міндеттерінің көлемін бекіту жолымен артықшылықтарды иеленуінде; б) мемлекеттік органдар алдында тұрған міндеттерді шешудің тәртібі мен кезектілігін анықтайтын бір жақты билік нұсқауларында (“билік-бағыну” формуласы бойынша); в) басқарылмалы объектілер үшін міндетті және қажетті жағдайда мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілетін алғышарттарда. Алғышарттарды орындауды бұндай қамтамасыз етілуі әкімшілік құқықтық әдістерге тән.

Әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызы қазіргі заманға сай мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын тиімді құру бойынша стратегиялық міндеттерді шешуде өсе түседі. әкімшілік – құқықтық әдістерінің маңызы экономика салалары мен әлеуметтік орталардың дамуы жоспарлау қызметін жүзеге асыруда өте маңызды. Әкімшілік-құқықтық әдістер көмегімен қоғамдық қарым-қатынастың, байланыстың, үдерістердің нормативті реттелуі қамтамасыз етіледі. Әкімшілік-құқықтық әдіс бақылауды ұйымдастыруда мемлекеттік органдардың ұйымдық қызметінің маңызды бағыттарының (қызметтерінің) бірі ретінде үлкен мәнге ие. Әкімшілік-құқықтық әдістер басқару мақсаттарын, мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асырудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.



Басқарудың экономикалық әдістерінің рөлі дамыған нарықтық экономикаға, шетел инвестицияларын тартуға мемлекеттің белсенді рөлі негізделген экономикалық өсу стратегиясының негізінде өседі. Соған байланысты мемлекет алдындағы, яғни ашық экономиканы құруға бағытталған саясатты қалыптастыру бойынша стратегиялық міндет қойылады, бұл Қазақстанның көптеген ірі нарықтар арасындағы байланыстырушы ретінде болуы үшін керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау