5. мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың негізгі қАҒидалары


Мемлекеттік билік пен басқарудың тұтастығы



бет3/11
Дата13.02.2022
өлшемі82 Kb.
#35666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лекция№5

Мемлекеттік билік пен басқарудың тұтастығы – мемлекеттің саяси – ұйымдық мәні мен қоғамдық жүйеге әсер етуді білдіретін қағида. Мемлекеттік басқаруға жалпы қауымдық мақсаттар мен қызығушылықтарға жету үшін қоғамдық үдерістерге әсер ету тән. Ол сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан қажетті құралдарды қолданумен сипатталады. Мемлекеттік биліктің саяси мәні қоғам өмірінің, адамдар мен ұжымдар тәртібінің барлық жақтарына әсер етуге мүмкіндігі мен қабілеттілігінде анықталады. Осының бірі мемлекеттік билік пен қоғамдағы басқарудың органикалық тұтастығын көрсетеді. Мемлекеттік билік біртұтас және ол конституция мен заңдар негізінде жүзеге асады. Мемлекеттік басқару әмбебап түсінік ретінде мемлекеттік биліктің қызметі болып табылады; ол қоғамның саяси орталығы ретінде өзіне мемлекеттің барлық қасиеттерін біріктіреді және оның мәні мен әлеуметтік орнын білдіреді.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестікер мен азаматтарға ҚР-сының Конституциясы мен заңнамасын сақтау талаптары ретінде көрініс табады, яғни басқа тұлғалардың құқығын, еркіндігін, намысын қадірлеу. Барлығы сот пен заң алдында тең. Ешкім өзінің шығу тегі, әлеуметтік, қызмет және меншік жағдайы, ұлты, тілі, руы, дінге деген наным-сенімдері үшін немесе басқа да бір жағдайларға байланысты қысым көруге тиісті емес. (ҚР конституциясы 14 бап). Заңдылық қағидасын сақтау тұтас қоғамдық өмір негізделетін құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет қызығушылықтары алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды қызығушылықтарының басымдылығы – азаматтар өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен мемлекеттік органдарға байланысты заңды қызығушылықтарын жүзеге асыру кезінде тиімді жағдайын білдіретін қағида. ҚР конституциясына сәйкес (1 бап) өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет етіп бекітеді, оның жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Мемлекет адамның туғанынан берілетін конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мойындайды. Олар заңдар мен өзге құқықтық – нормативті актілерінің мазмұны мен қолданысын анықтайды. Азаматтар құқығы құқықтық кепілдіктер жүйесімен қамтылады.

Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу теңдігі. Конституцияға сәйкес (33 бап) азаматтар мемлекет істерін басқаруға тікелей өздері және өздерінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Сондай-ақ, жеке және ұжымдық талап – тілектерін мемлекет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жібере алады. Азаматтар, сонымен бірге, өздерінің қабілеттері мен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке араласуға тең құқылы.

Қоғамдық пікірді есепке алу мен мемлекттік басқару жарияланымы – басқару органдарының тәжірибелік қызметін, қоғамдық пікірді міндетті түрде есепке алуды білдіретін қағида.ҚР конституциясында (5 бап) мемлекет пен қоғам арасындағы қарым – қатынастардың жалпы негіздері анықталған. Дәлірек айтқанда, заңға сәйкес емес мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер ісіне немесе, керісінше, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне араласуы, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдар қызметін арту, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер қызметін мемлекет тарапынан қаржыландыруға тыйым салынған. Жарияланым - бұл мемлекеттік органдар қызметі туралы баспада және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамға үнемі хабарланылып тұруы. (мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымдардағы бос орындар үшін конкурс жарияланатынын баспада жариялау). Прокуртура органдары қызметі жарияланылуы мүмкін, егер бұл жарияланым “азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік секторды қорғау заңнамасының талаптарына қарама-қайшы келмеген жағдайларда ғана мүмкін.

Мемлекеттік басқарудың құрылымдық негізін территориалды-салалық қағида көрсетеді. Аталмыш қағида мәні басқару органдарының қызметі мен құрылуында территориалды және салалық бастамалардың органикалық түрде тұтасуынан тұрады. Көрсетілген бастамалар сәйкестігі мемлекеттік басқару органдарының компетенциясында бекітіледі. Территориалды бастама нақты бір аймаққа таралатын (район, қала, облыс, республика) басқару органдары қызметінде жүзеге асады.

Президент ҚР-сының басшысы болып табылады, ол арқылы барлық мемлекеттік билік салаларының үйлесімді қызмет етуін және билік органдарының халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент атқарушы органдар жүйесін басқаратын үкіметті құрады. Мемлекеттік басқарудың орталықтандырылуы үкімет Президент алдында жауапты екендігіндігінде көрінеді. ҚР Конституциясына сәйкес (6 бап.- 53-бап).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау