Тарих сабағын жетілдірудің кейбір жолдары



жүктеу 168,79 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі168,79 Kb.
#6270
түріСабақ


Тіркелу


Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Алматы облысы, Ақсу ауданы Қарашілік ауылы

Білім беру мекеменің атауы

Қарашілік орта мектебі

Байқау мен номинацияның атауы

Табырыбы: «Тәуелсіз елдің болашағын бірге қалаймыз»

Номинация: «Инновациялық білім-заман талабы»



Педагогтер үшін: қатысуышының тегі, аты-жөн, лауазымы

Білім алушылар үшін: қатысушының тегі, аты-жөны, жас ерекшелігі;

Падагог: Абишева Гүлім Алетайқызы

Қарашілік орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



Телефон, ұялы, е-mail

+77773621282 gulim_25_1976@mail.ru

3х4 фотосы





Тарих сабағын жетілдірудің кейбір жолдары.
Тарих пәні сабақтарын сапалы өткізу үшін мен мына талаптарды басшылыққа аламын: сабақтың пәндік және саяси- идеялық дәрежесінің жоғары болуы, баянды, түбегейлі білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып отыру; танымдық қабілеті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны түсіндіру, білдіру, ескіні ұмыттырмау, оқушыларға рухани тәрбие беру мүмкіндігін пайдалану.

Сабақ сапасының нашар болуы оқушылардың осы пәнге ынтасын төмендетеді, оларды қызықтырмайды. Осының бәрі оқушылардың белгілі бір бөлігінің тарих пәнінен бағдарлама көлемінде тиянақты білім алмауына әкеп соқтырады.

Ендігі жердегі мақсат осындай кемшіліктердің себебін тауып, болдырмаудың жолдарын қарастыру.

Тарих сабағында өнер туындыларын оқып үйрену, оқушыларды дүниежүзілік классиканың асыл мұраларымен танысуға, өнердің қоғамдық-саяси қатынастарымен байланысын ашып, неғұрлым бейнелі және терең қабылдауына жағдай жасайды. Деректерді байланыстыра және терең түрде баяндап шығу, күрделі оқиғаларды түсінікті айтып беру шеберлігі баянды етіліп және дамытылып отыру керек. Жалпы мәдениетті оқып- үйрену оқушыларға тарихты ғылыми тұрғыдан түсінуді қалыптастыруға себін тигізетін мына идеяларды меңгертуге жетелейді:

-мәдениеттің дамуы көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси факторларға, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрге байланысты болады;

-халық бұқарасы өз еңбегімен мәдениеттің дамуына жағдай жасайды;

-дүниежүзілік мәдениеттің дамуына әрбір халық өзінің белгілі бір үлесін қосады, түрлі елдер мен халықтардың мәдениеті арасында өзара алмасу және өзара байыту қатынастары болып табылады.

Осындай идеяларды меңгерту және оқу-тәрбие үрдісін болмыспен сабақтастыру үшін мынадай тәсілдерді пайдаландым. Жалпы тарихтың жаңа материалын Қазақстан тарихының өткен тақырыптарымен байланыстыру. Мұндай байланыста өтізуді сабақтың өн бойында пайдаланбай, әр сабақта, әр түрлі кезеңде: жаңа сабақты баяндау кезінде, оны дамытуда және қайталау кезінде іске асыруға тырыстым. Бұл тәсілді жүзеге асыру үшін алдын-ала екі курста да кездесетін тарихи дамудың ортақ заңдылықтарын, ұқсас құбылыстары мен оқиғаларды және фактілерді айқындап алып, байланыстыру қажет.

Екі курстың материалдарын байланыстыруда салыстыру тәсілін де қолдандым. Оның мынадай екі түрін қарастырдым:


  1. Синхрондық жағынан байланысты, яғни, бір мезгілде болған оқиғаларды салыстыру.

  2. Әр мезгілде болған, бірақ өзара ұқсас оқиғаларды салыстыру.

Бірінші тәсілде Орта ғасырлар тарихынан Батыс Еуропаның гуманист жазушылары Т.Мор, В.Шекспир, С.Сервантес шығармашылығын өткен кезде осы кездегі қазақ елінің әйгілі жыраулары Қазтуған, Асан Қайғы, Марғасқа, Шалкиіз және «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырларына тоқталамын

Олардың шығармаларының басты идеялары арқылы қоғамдық

1

құбылыстарға талдау жасап, бір-бірінен алыс жатқан аймақтағы даналардың даналығы олардың тоғысуына басты назар аударамын.



Екінші тәсілде әр жылдар мен кезеңдердегі өзара ұқсас оқиғаларды салыстыру.

«Түріктердің мәдениеті» тақырыбын өткенде түріктер мен қазақтардың сәулет өнеріндегі көптеген ұқсас белгілерді атап өтемін. Егер діни ұғымға , нанымға тоқталсақ, екі елдің де діні- ислам. Осыған орай сәулет өнерінде де, бейнелеу өнерінде де түрлі ұқсатықтар бар.

Ұқсас оқиғаларды былай салыстыру ең алдымен оқушылардың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударылады. Оның себептерін оқушылар ажыратады. Әлем халықтары мәдениетімен Қазақстан мәдениеті материалдарын байланыстыру оқушыларға өздігінше кесте, диаграмма сыздыру сияқты графикалық жұмыстарды орындату арқылы іске асырылады.

Әлем мәдениетін қазақ елі мәдениетімен байланыстыра оқытуға мүмкіндік жасайтын сызба жұмыстарының бірі мынадай синхроникалық кестелерді сабағымда қолданамын.


Қай ел

Уақыты

Халық ауыз әдебиеті

Ғылыми

Ағарту ісі

Музыка

Көркем өнер





















Бұл бағандардағы бос орындарға сол дәуірдегі мәдениеттің жас салаларының дамуын көрсететін басты- басты жетістіктер енгізіледі. Әлем халықтарының мәдениетін байланыстыра оқытқанда, оларды бүгінгі Қазақстан өмірімен байланыстырып отырған дұрыс деп есептеймін.

Бұл тәсілдер, әдістер, сызба жұмыстары оқушылардың бойында белгілі бір дағдарыстар мен шеберліктердің , ойлау қабілетінің қалыптасуына пайдасын тигізеді.

Оқушылар ғылыми-көпшілік әдебиеттің, кинофильмдердің, телехабардың мазмұны бойынша хабарламалар әзірлей білуі, жолдастарының жауаптарын ауызша бағалай білуі, қарапайым және кеңейтілген жоспар жасай алу, тарихи оқиғаларды жоспар бойынша немесе логикалық жоспар бойынша талдай білу керек.

Білімнің сақталу заңдылықтары жөнінде А.А.Вагиннің жасаған қорытындылары мынадай: деректі материалдың есте сақталып қалуы шамалы болады, әсіресе, меңгергеннен кейінгі алғашқы жыл ішінде тез ұмытылады. Тарихи материалдардың әр түрлі сыңарлары жөніндегі білімнің есте сақталуы да әр түрлі болады: тарихи қайраткерлер бейнесі, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты қабылданса, жақсырақ есте сақталады.

Хроникалық даталар басқалардан гөрі көбірек және тезірек ұмытылады. Жаңа материалдарды оқып-үйренген кезде бұрын өткен және ұмытылып қалған материал қайталанатын болса, онда бұрынғының еске түсуімен қатар, білімнің барлық түрінің сапасы артып байи түседі.

2

Бұрын меңгерген білімді баянды ету үшін бұл білімдермен оқушылар мектепте жүретін пәндерді оқып-үйренгенде, кітап, мерзімді баспасөз оқығанда, кинофильмдер мен телехабарларды көргенде қаншалықты жиі кездесіп отырса, соғұрлым маңызды болады. Егер өткен тақырып еске түсіріліп отырмаса немесе онымен жаңа байланыс орнатылмас, білім мүлде ұмытылады.



Мұғалімнің мектеп оқушыларын қоғамда болған өзгерістерді көруге үйретудің негізгі тәсілі- өзгерістерді өзара салыстыру. Оқушылар жаңа мен ескінің айырмашылығын табуға ғана емес, ескінің қойнауында жаңаның пайда болуын анықтауға үйренеді. Оқушылардың белгілі бір тарихи құбылыстарды екінші бір соған ұйқас келетін құбылыстарға қолдана білуі, заңдылықтарды меңгерудің аса маңызды шарты болып табылады. Сөйтіп, оқушылардың білімдері мен шеберліктерін қалыптастыру үрдісі олардың жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге оқыту әдістемесіне қарай да айқындалып отырады.

Оқушылардың біліміндегі кейбір кемшіліктер заңдылық түрінде емес, үрдіс түрінде ғана бой көрсетіп отырады.

Оқыту әдістемесін жетілдіру оқушылардың білімі мен шеберлігіне әсер етеді және мұғалімге тарихтың мектептегі курсының бірқатар мәселелерін меңгерту барысындағы кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Тарихты оқыту барысында мұғалім оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешуі тиіс.

Оқушылар негізгі деректерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни, курстың идеялары мен ұғымдарын игеруді, тарихи үдерістің кейбір заңдылықтарын біліп, деректерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған қоса оқу және анықтауыш әдебиетпен, тарихи нұсқалармен, карталармен және көрнекті құралдармен өз бетінше жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеру, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту шаралары қарастырылуы керек. Педагогикалық ғылым қазіргі кезде осы міндеттердің ойдағыдай шешілуін қамтамасыз етудің жолдары мен құралдарын жасап отыр.



Тарихтың оқу пәні ретіндегі ерекшелігі- осы пәннен оқушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің рөлі орасан зор болады. Мұғалімнің әсерлі, қызықты әңгімесі оқушының өткендегі оқиғаның айқын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оқу материалын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нақтылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қарапайым қазақи мінезді бойыма сіңіріп өскендіктен, оқушыларды қарапайымдылыққа, қазақилық үрдісте оқытып, тәрбиелеймін. Материалды ауызша баяндау кезінде оқушыларға пікір алысудың және тарихи оқиғалардың өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп беріп отырамын. Бұл арада оқиғалар мен құбылыстарды мүмкіндігінше толық және нақты күйінде жаңғырту, оларды оқушыға жақындата түсу міндеті ерекше ескерілуі тиіс.

Оқушылардың сабақта белсенді танымдық қызметін ұйымдастырудың маңызды екеніне қарамастан, шәкірттердің өз бетімен істейтін жұмысын және

3

олардың ыждаһаттылығын мұғалімнің ауызша баяндап беруіне қарсы қоюға болмайтынын әдістеме ғылымы мен озат мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғаны туралы айтылып жүр. Бұл жөнінде мұғалім матералды ауызша баяндап берген жағдайда оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастырудың практикада екі жолы болып отырғаны айқындалып отыр.



Бірінші жол- әңгіменің қажетті түрін қолдану арқылы оқушылардың тыңдаушылардан куәгерлерге, тіпті, оқиғалар мен құбылыстарға қатысушыларға айналуына жету. Осылай істегенде оқушылардың ықылас қойып тыңдауына және ынта-жігерінің артуына байланысты болатын ішкі белсенділігі оянады.

Әдістемелік құралда сабақты ауызша баяндап беру үстінде материалды нақтылай түсудің төмендегідей әдістері анықталады:



А) айқын эпизодтар келтіретін суретті әңгіме

Ә) өте ерте замандағы оқушылардың көз алдына келтіріп, соған қатысушылар ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат түрінде әңгіме;

Б) тарихи оқиғалар мен құбылыстарды дербестеу әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамның тағдыры арқылы көрсетіледі;

В) тарихи оқиғалар мен құбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру тәсілі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамның тағдыры арқылы көрсетіледі.

Г) әңгімені қызықты детальдармен суреттеу, бұл баяндалып отырған оқиғалар мен құбылыстарды нақты етеді және оларды жақындата түседі.

Тақырыпты баяндау барысында оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастырудың екінші жолы- ділгір жағдай туғызу және тапсырмаларды беру негізінде баяндау. Бұл тәсілдер мұғалім еңбегінің өнімділігін арттырады,өйткені, олар ауызша баяндап беру мен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұштастырады. Өтіліп жатқан тарихи фактінің, құбылыстың мазмұн-сипатына қарай оқушылар көңілденіп, шаттанып, оларда мақтаныш сезімі байқалса немесе олардың қамығып, ренжіп, дұшпанға деген жек көру, тіпті кек алу сезімі пайда болса ғана мұғалім пайдаланған әдіс-тәсілдер нәтиже берді деуге болады.

Оқытудағы басты мәселе көбіне шешімтал тапсырмалар беру ісімен ұштасып жатады. Мұндай тапсырмаларды, әсіресе, оқу жылының басында ауызша орындаған дұрыс екені айқындалып отыр, өйткені, бұл кезде оқушылардың жазып алу қарқыны баяу болады және бір мезгілде мұғалімнің әңгімесін тыңдай алмайды, ойша қорытынды жасап, оны жазып үлгере алмайды. Сондықтан жауабы екі-үш қорытынды жасаумен шектелетін тапсырмаларды қойған жөн: мұндай жауапты оқушы есіне толық сақтап қала алады.

Негізгі тақырыпты баяндау мен зерттеу әдісін қолдану тығыз байланыста болады. Практикада оны қолданудың төмендегідей әдістері бар:



А) «салдардан-себептерге», бұл әдіс бойынша оқушыларға оқып-үйреніліп отырған үдерістің салдары болған деректер айтылады, ал оқушылар көптеген жаңа мәліметтерді талдап қорытындылау арқылы осы деректердің себептерін ашуы керек;

Ә) ертедегі қоғамдық құрылысты бүгінге жеткен белгілеріне қарай қайтадан құру, оқушыларға жойылып кеткен қоғам іздерінен қалған белгілерден (археологиялық қазбалар, салыстырмалы тіл білімі, тарихи деректер)

4

жекелеген деректер айтылады, (мысалы, ежелгі дүниедегі басты-басты тарихи ескерткіштер) ал оқушылар осы мәліметтерді талдап қорытындылап, құбылыстың мәнін анықтаулары керек.

Зерттеу әдісін пайдаланғанда, оқушыларға бір кезде тарихшы ғалымдар немесе археологтар алдында тұрған мәселе қойылғандай болады, олар деректерді жинап, ой елегінен өткізуі, оның негізінде қорытын жасауы, оған баға беруі қажет.

Тарих бойынша қойылатын мәселелердің шешімін табу ісімен қай жерде және қай кезде айналысуға болады? Оқушылардың сабаққа назарын аударудың түрлі жолдары мен тәсілдері бар:

Біріншіден, жаңа тақырыптарды түсіндіруді мәселе қоюдан бастауға болады, мұндай сабақ ділгір жағдай жасау құралына айналады;

Екіншіден, мәселені жаңа материалды оқып-үйрену барысында білімді баянды етудің құралы ретінде пайдалануға болады;

Үшіншіден, мәселе оқушылардың білім дәрежесін анықтаған кезде өлшеммен бақылау құралы ретінде пайдаланылады.

Алғашқы екі жағдайда мәселелер ұжымдық түрде шешіледі, соңғы жағдайда жеке-жеке шешіледі. Мәселені пайдалануды оқушылардың шешуі үшін оларды карточка жасап, алдын-ала көбейту керек.



Оқу кітабымен жұмыс істеу оқушыларды мыналарға үйрету керек:

А) мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге және қорытынды жасай бңлуге;

Ә) параграфтың немесе оның бір бөлігінің қарапайым және күрделі жоспарын білуге;

Б) біршама қарапайым ұғымдардың анықтамасын айтып беруге;

В) мәтінді қайталап айтып беруге және т.б.

Сабақта тарихи дерек көздерімен жұмыс істеудің түрлерін ұйымдастыру керек.

Деректермен жұмыс істеу сабақтың әр мерзімінде жүргізілуі керек және әр түрлі мақсатта:

А) жаңа тақырыпты оқып үйрену кезінде жаңа білімді хабарлаудың бастамасы ретінде;

Ә) сабақтың аяғында осы сабақта игерілген мәселелерді пысықтау мақсатында;

Б) оқушы құжатты таңдау арқылы мәселеге түсіну дәрежесін анықтаған кезде білім алу дәрежесін тексеру барысында;

В) қосымша мәліметер алу мақсатымен оқушының кейде өз бетімен жұмыс істеуі барысында пайдалану қажет.

Құжатты сабақтың қай кезеңінде және қандай оқу мақсатымен пайдалану керектігін әрбір сабақтың нақты жағдайға, сабақты өткізу жөніндегі өзі таңдап алған түріне және басқа педагогикалық жағдайларға байланысты мұғалім шешуі керек.

Сабақта алған білімдері мен шеберліктерін баянды ету және тереңдете түсу жолында бақылау, оқыту және тәрбиелеу қызметтерін ұштастырып отыратын оқушылар білімін тексерудің және оның дәрежесін анықтаудың үлкен маңызы болады.

5

Тексерудің барысында курстың негізгі деректері мен ұғымдары оқушылардың есінде қалатын болады, алған білімдері тереңдей түсіп, қорытындылап отырады, оқушылардың логикалық ойлауы, ауызша және жазбаша тілі дамиды, практикалық шеберліктері мен өз бетімен жұмыс істеу дағдысы арта түседі.



Сонымен бірге оқушылардың сабаққа дайындалуы үнемі бақыланып отырады., олардың білімдері мен шеберліктері тексеріліп және бағаланып отырады, сондай-ақ мұғалім өз жұмысының барысын тексереді. Оқушының қорытынды жасай білуі, оларды мысалдармен нақтылай түсуі, тарихи фактілері бағалай білу шеберлігі бақылауда болады.

Мұғалім оқушылармен тығыз ынтымақтастық қатынас орнатса, олардың білімінің өсуін үнемі назарда ұстаса, осыдан тиісті қорытынды жасай отырып, жүргізіп жатқан жұмыстарын одан әрі жетілдіре түседі.

Әдістер мен тәсілдерді сан қилы ету мәселесі сабақтың өз ішінде ғана емес, сонымен бірге құрылымы және әдісі әр түрлі келетін сабақтарды өткізу арқылы тақырыптардың ішінде шешіліп отыруы қажет. Әдіс- тәсілдерді қолданғанда қойылатын негізгі талап- қолданған әдісіміз оқушылардың жүрегіне, сезіміне, ішкі жан-дүниесіне әсер етуі, оларды толғандырып, тебірентуіғ олар баяндап тұрған оқиғаға қатысып жүргендей сезінуі тиіс. Оқушылардың логикалық жұмысының мазмұны мен түрінің сан қилы болуы сабақта тақырыпты меңгерудің түрлі жетекші әдістерін қолдануды табиғи материалды алдын-ала, әрі қажетті дайындықпен пайдалансақ, жұмысымыз нәтижелі болады.

Мен тарих пәні мұғалімі болғандықтан «Жас тарихшылар» тобын құрып, осы топпен ақылдаса отырып, жұмыс жоспарын жасадық. Осы жоспар бойынша шығармашылыққа үйреніп, туған ел, жер тарихы туралы мағлұматтар жинап, күнделікті сабақ барысында пайдаланып отырдық. Қосымша материалдар өтілетін сабақтың ажарын аша түсетін, оқушыларды өзінше ізденіске бастайтын мүмкіндіктер болып табылады. Оқулықтан басқа қосымша материалдар пайдаланған сабақ оқушы есінде ұзақ сақталып қалатын құбылыс іспетті. Мысалы, «Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында » атты тақырыпты өткенде оқушылар өз қаламыздың өткен тарихы туралы мәліметтерді қазіргі кезеңдегі тарихи оқиғалармен баайланыстыра отырып, өз пікірлерін жеткізе білді. Әсіресе, демографиялық ахуалға терең мән беріліп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың шығармашылық машықтары арттырылды.



Тарихты оқытуда өзімнің қосқан тамшыдай үлесімнің бірі- «Тәуелсіздік- бақыт таңы» атты тарих апталығы. Ұлттық мұратта қарапайымнан күрделіге қарай дамитын үш кезең бар: Олар- тәуелсіздік, бірлік, жеңіс. Жас ұрпақ өз ұлтын, Отанын сүю үшін оның санасына ата- бабаның тарихын, тәрбиесін, даналық сөздері мен нақылдарын құя білу керек. Осы мақсатта апталық негізінде «Кім?», «Қайда?», «Қашан?» атты көңілді тапқыштар сайысы өтіп, оқушылар ел тәуелсіздігі үшін қажет үш құжатпен жете таныстырылды. Олар:

  1. Егемендік туралы Декларация (1990 жылы 25 қазанда қабылданған).

  2. Тәуелсіздік туралы Декларация (1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған).

  3. Ата Заң (1995 жылы 30 тамызда қабылданған)

«Отан- отбасынан басталады» деген нақылды ұстаным ете алып, әрбір баланы

6

қарапайым түрде отбасын, елін, жерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының бір мүшесі екенін түсіндіремін, оқытуды тәрбиемен ұштастыра отырып жүргіземін. Тәуелсіздік- ел арманы, ұлы жеңіс екеніне көздерін жеткізе отырып, туған елге деген мақтаныш сезімін оятамын.



Ұлттық мұраттың екінші кезеңі- бірлік, яғни, ұлт азаматтарының ортақ ту астында бір мемлекетке бірігіуі. Жат жұрттағы қандастарды қолдауы. Осы мақсатта мектебіміздегі оралман балалар өгейлік көрмеуі керек, Бұл үшін мектебімізде толық жағдай жасалынған, шеттен келген балаларға көмектер ұйымдастырылған. Бұл үшін мектебімізде толық жағдай жасалынған, шеттен келген балаларға көмектер ұйымдастырылған. Бұл балалар да өнерлі. Олар ән айту, домбыра тарту, кесте, ою-өрнек жасау шеберлері. Оқушылар санасына «Бірлік бар жерде- тірлік бар» деген қанатты сөздің мағынасын түсіндіріп, әр уақытта да тату, дос болуына, бір-бірлеріне деген көмектерін аямауға, қамқорлыққа тәрбиелеймін.

Ұлттық мұраттың үшінші кезеңі- жеңіс. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, жеңіске жетеміз. Ел тәуелсіздігін оқушылар санасына жеткізе отырып, күнделікті сабағымда мыналарды басшылыққа аламын:



1.Желтоқсанға қатысқан өрімдей жастарды тарихи жеке тұлғаға айналдыру, үлгі ету, олардың ерлік істерін ел тарихымен байланыстыра отырып, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

2.Хандарды көтеру- еліміздің мәртебесін көтеру.

3.Батырларды көтеру- әр кезеңдердегі батырларымыздыңел қорғаудағы ерлік істерін үлгі- өнеге ете отырса, Отанды қорғауға тәрбиелеу.

4.Мектептен бастап тіл мәртебесін, ел тарихын көтеру үшін шығармашылықпен жұмыс істеу.

5.Бұқаралық- ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сол арқылы ұлттық сананы одан әрі жетілдіру.

Біз егемендік алып, әлемдік өркениетті мемлекеттер арасына көш түзеген еліміздің алдында тұрған ұлы міндеттерге үлес қоса білсек, мақсатымыздың орындалғаны.

Тарих- көп салалы ғылым. Тарих пәнінің қамтитын мәселесі өте кең. Тарихты білген адам бүкіл адам баласы басынан кешкен тарихтың негізгі кезеңдерін жақсы біледі. Әрбір оқушы тарих пәнін оқып- үйренудің қоғам үшін де, өзінің жеке басы үшін де қажет екенін түсінуі тиіс.

Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

-қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге тәрбиелеу;

-дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

-бейбітшілік пен ынтымақтастық рухына тәрбиелеу;

-қоршаған орта мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қорғау сезімін қалыптастыру- мұғалім алдына қойылған ұлы міндет. К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген екен.

Бағдарламаға сай білім беру үшін оқушылар бойына тарих пәнін оқып- үйренуге

7

деген ынтаны, оны меңгеру үстінде жалпы пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылықты және пәнді меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет. Сабақ үстінде бүкіл сынып оқушыларының белсенді, шығармашылық оқу жұмысын, әсіресе, олардың талғам, таным қабілетін дамытуға бағытталған өз беттерінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру- тарих сабағын жетілдірудің аса қажетті жағдайларының бірі.



8
жүктеу 168,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау