5. мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың негізгі қАҒидалары



бет1/11
Дата13.02.2022
өлшемі82 Kb.
#35666
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лекция№5


5. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні, топтастырылуы.

  2. мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары.

  3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.

  4. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық қағидалары.

  5. Мемлекеттік басқару әдістері.


1 Қағида (лат.- басқарылым, негіз) теория түсінігі ретінде мемлекеттік басқару жүйесінде оның элементтері арасындағы заңдылықтарды, қарым-қатынасты, өзара байланыстарды көрсетеді. Мемлекеттік басқаруда қағида орталық түсінік болып табылады, себебі ол барлық басқару жүйесінің негізіне салынған. Мемлекеттік басқару қағидасы – мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық элементтерінің мәні мен оның ішкі сәйкестілігін білдіретін негізгі басты бастама.

Басқару қағидалары ғылыми және құқықтық санаттар ретінде қаралуы теориялық және тәжірибелік жағынан маңызды. Елбасының “Қазақстан 2030” жолдауында келесілер айтылады: “Біз өзіміздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің негізін қаладық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар бар және олар ай сайын тәжірибесі мен білімін жетілдіруде. Алайда, мемлекетіміздің құрылысы әлі аяқталмаған”. Бұл жағдайларда басқару қағидаларының қалыптасуы мен қолданылуының басты негізі барлық мемлекеттік басқару жүйесінің дұрыс қызмет етуі, мемлекеттік басқару жүйесінің дұрыс қызмет етуі, мемлекеттік аппарат қызметі мен құрылымын реформалау, мемлекеттік органдар алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңашыл қалыптастырулар бойынша басымды міндеттерді табысты шешу болып табылады.

Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен топтастырылуы келесілерге негізделеді:



  • ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жалпы заңдылықтарына;

  • Мемлекеттік басқару саласындағы шынайы үдерістерге.

Қағидалар мемлекеттік басқару жүйесінің негізін қалаушы элементтері ретінде міндетті түрде заңнамада көрсетілуі және бекітілуі қажет және басқару тәжірибесі үшін құқықтық міндетті мәнге ие. Басқару қағидаларын нормативті бекітуден бас тарту оларды құқықтық сана немесе ғылыми санаттар саласына көшірумен тығыз байланысты.

Құқықтық сана адамдардың бағалау элементтерінен ғана тұрады, (мысалы, орталық мемлекеттік органдарды реформалау бойынша әр түрлі құқықтық – актілердің нәтижелігін бағалау), ал ғылыми санаттар ретінде басқару қағидалары теориялық түрде көзқарастардың, идеялардың іске асыру деңгейінде ғана болып табылады.



Басқарудық құқықтық (міндетті) қағидалары заңнамада жетекші шарттарда жүзеге асырылған болып табылады. Егер қағидалар мемлекеттік басқарудың немесе оның жекелеген жүйелерінің мәнді қасиеттері мен ішкі сәйкестілігін білдірсе, онда азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу құқығы мен оның нормативті-құқықтық актілерде бекітілуі осы мәнді білдірудің сыртқы формасы ретінде көрініс табады.

Мемлекеттік басқару қағидаларының қызметтік рөлін келесідей білдіруге болады:

1 қағидалар басқару тәжірибесі үшін ресми бағыттар ретінде көрініс табады, өйткені олар заң актілерінде бекітілген және мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттік аппаратты реформалаудың және мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың жетекші идеяларына сәйкес басқару қарым-қатынасына қатысушылар тәртібін бағыттайды;

2 қағидалар басқару қатынастарын құқықтық реттеу үшін қалыпты бекіту (алғашқы негіз) болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқық нысанындағы мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұнын білдіреді, сондай-ақ, заң шығарушыны, мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша жаңа нормативті-құқықтық актілерді қалыптастыруды және қабылдау кезінде жетекші идеялардың жүзеге асу механизмі қарастырылады.

3 қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық жағдайларына тұрақтылық дарытады. Бұл әсіресе, ҚР-ғы нарық қатынастарының құрылуы жағдайында өте маңызды. Қоғамдық үдерістерді басқару саласындағы жетекші идеяларды заңнамада бекіте отырып, мемлекеттік басқару механизмі үшін құқықтың басты негіздің пайда болуын мемлекет қамтамасыз етеді.

4 басқару қағидалары мемлекеттік қызметшілерге және басқа да мемлекеттік аппараттардағы әр түрлі лауазымдағы тұлғаларға, мекемелерге, кәсіпорындарға, ұжымдарға және азаматтарға тәрбиелік әсер етеді. Басқару қатынастарында екі жақ құқықтық норма жазбаларына бағынады және олар талап ететін тәртіпті ұсынады. Бұл арқылы жүзеге асып жатқан заңнаманың мәнін айқындауға және нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген мемлекеттік басқару қағидаларын білуге мүмкіндік алады.

Қағиданың қасиеті мемлекеттік басқару механизмінің түпкі негізін құрайды.

Мемлекеттік басқару қағидалары мемлекеттік тәжірибеде өзінің мазмұнына, іс-әрекет орнына, мақсатты бағытына, байланыс сипатымен көрініс нысанына қарай бір қалыпты емес. Бүкіл қоғам үшін негізді қалаушы мәнін беретін қағидалар ҚР конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың жалпы саяси-әлеуметтік мәнін анықтайды. Бірақ шектеулі іс-әрекет салалы қағидалар да бар, олардың мемлекет және қоғамның жекелеген басқару салалары үшін ғана маңызы бар. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталмыш қағиданың бұл екі тобы біртұтас жүйені құрайды және олар бір-бірімен тығыз байланысты өзара әрекеттеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау