№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
18
Тҧсаукесер рәсімі – компания тіршілігінде жаңалықтар болған кезде: жаңа
бизнесті қолға алғанда; кәсіпорынның жаңа корпусы ашылғанда; жаңа қызмет түрін
ұсынуды қолға алғанда және т.б. ӛткізіледі. Негізгі мақсаты: имиджді нығайту,
инвесторлар, серіктестер мен тұтынушылар арасында компания абыройын арттыру.
Тҧтыну тауарлары – негізгі тұтынушының қолдану үшін сатып алынатын
тауарлар. Күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы
және бәсең сұраныстағы тауарлар деп бӛлінеді.
Тҧтынушы ҧйымдар – тауарларды ӛндіріс процесіне пайдалануға алатын
кәсіпорындар қайта сату үшін алатын кӛтерме тұтынушылар, бӛлшек сауда
орындары, мемлекеттік органдар және т.б.
Тестемониум – танымал тұлғаның қатысуымен түсірілген жарнама түрі.
Трейд-шоу – белгілі бір компаниялар ӛз ӛнімдерін ықтимал тұтынушыларға
кӛрсететін жиын немесе жәрмеңке.
Ҧжымдық философия – бұл фирма қызметкерлері мен менеджерлер
басшылыққа алатын моральды-этикалық нормалардың толық мазмұны. Олар бұны
клиенттермен қарым-қатынасқа түскен кезде де ұстанады.
Фастинг – нарықта жылдам сатылып кететін ӛнімдер. Мысалға, бестселлерлер.
Фирма имиджі – бұл фирманың қоғамдық пікірде қалыптастырылған ӛзіндік
бір бірегейлігін, ӛзгешелігін,
қызметін, беделін символдық түрде кӛрсету.
Фирмалық стиль – бұл фирмаға және оның қызметкерлеріне тән, нарықта
фирманы ӛзге компаниялардан айырып тұратын, олардың ӛздерін ұстау тәртіптері,
дәстүрлері, сӛйлесу әдеті және т.б. Нақты айтқанда: фирмалық стиль – бұл
фирманың тауарлары мен қызметтерінің ортақ визуалды және мағыналық
біртұтастығын қамтамасыз ететін, белгілі бір түстің, графикалық, ауызша,
дизайнерлік және ӛзге де элементтердің жиынтығы.
Фандрейзинг – түрлі жобаларды,
бағдарламаларды, науқандарды жүзеге асыру
мақсатында демеушілік немесе ӛзге де құралдарды жүйелі түрде іздеу. Оның
маңызды бағыты: ӛтінім беру арқылы түрлі жобаларды жүзеге асыруға гранттар алу,
сонымен қоса, сайлау науқандарын ӛткізуге материалдық кӛмек алу.
Франчайзинг – компания мен делдалдар немесе еншілес компаниялар
арасындағы бірге қызмет кӛрсету туралы келісім-шарт. Ол арқылы екінші жақ
компанияның тауарлық белгілерін қолдануға рұқсат алады.
Фичер – формалды емес тілде: сипаттама – түсіндірме – бағалау кестесі
бойынша жазылған жарияланым түрі.
Әдебиеттер
1 Барежев В.А., Малькевич А.А. Организация и проведение Пиар-кампаний. –
СПб.: Питер, 2010.
2 Касьянов Ю.В. PR-кампания своими силами. Готовые маркетинговые
решения. – СПб.: Питер, 2009.
3
Шумович
А.В.
Великолепные
мероприятия:
Технологии
и
практикаeventmanagement/Александр Шумович. –М.: Манн,
Иванов и Фербер, 2006.
4Алешина И.В. Паблик рилейшенз для менеджеров. Учебник. – М.: ИКФ
«ЭКМОС», 2002.
5 «Ғылым және білім ғасыры» ғылыми журналы. – №1-3, қаңтар-наурыз, 2013.
– Бас редактор Жақып М.Қ.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР – ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ