№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
16
талқыланатын тақырып алдымен бекітіліп, кейін қатысушыларға алдын ала
мәлімделеді.
Жалон – сату орнындағы жарнама тасымалдаушы. Ол жарнама картоны,
планшет немесе тауар бейнеленген құрылғы болуы мүмкін.
Жарнама – қаржыландыру кӛзі анық кӛрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын,
жеке кӛрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Имидж – бұл адамның объективті түрде бар, белгілі бір тауар, ұйым, адам
туралы ойындағы кӛрінісі, сондай-ақ, ол мақсатты түрде паблик рилейшнз, жарнама,
насихат түрінде қалыптастырылады.
Имидж – латын тілінен аударғанда «imago», «imitari» – «ұқсату», «еліктеу»
дегенді білдіреді.
Имиджді адамдар ӛздері құрып алуы мүмкін, егер тауардың, ұйымның немесе
адамның арнайы ӛздері қалыптастырған имидждері болмаса. Ал, бір жағынан
алғанда, имиджді қолдан жасауға болады (пиаршыларды ӛздерінің жаргон тілдерінде
тегіннен-тегін «бет жасаушылар» деп атамайды).
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын
молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық
құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын
инвестициялық қаражат.
Картуш – графикалық безендіру құралы. Ол панно немесе планшет түрінде
болады. Оған жарнама мәтіні жазылады.
Конференция – негізгі міндеті: ұйымның, фирманың немесе ӛзге тұлғалардың
ӛз идеяларын, ӛнімдерін алға жылжыту шаралары. Конференциялар ғылыми,
тәжірибелік, саяси болуы мүмкін.
Коммерциялық PR – коммерциялық ұйымдардың имиджін құруға/қолдау
кӛрсетуге бағытталған шара. Мұнда фирма шығаратын тауарларды жақсы жағынан
танымал етуге бағытталған PR бағдарламалар, жұмыстар жүргізіледі.
Кӛрме мен жәрмеңке – ғылым, ӛндіріс, ауыл шаруашылығы секілді
салалардағы түрлі ұйымдардың, фирмалардың жетістіктерін кӛрсетуге бағытталған
іс-шара.
Қабылдау – фирманың белгілі бір мерекелік күніне байланысты немесе
ұйымға беделді қонақ не болмаса серіктес фирманың ӛкілдері келген кезде
ӛткізіледі. Мысалға, «шампанский бокалы», «шарап бокалы», «таңғы ас»,
«коктейль», «түскі ас», «кешкі ас» және т.б.
Қайырымдылық – бұл демеушілікпен салыстырғанда тікелей филантропия
әрекеті. Ол кӛмек алып жатқан жақтан ешқандай да қаржылық немесе ӛзге де
міндеттерді талап етпейді. Қайырымдылық сый беруден әрі адамзаттық альтруизм
себебінен туындайды. Оның фирмаға пайдасы жақсы имиджді қалыптастырады,
әлеуметтік жауапкершілігін арттырады.
Қамқоршылық – бұл жебеушілік, тек қаржылық емес, сонымен қатар, ұзақ
мерзімді негізде ұйымдастырушылық кӛмек. Қамқоршылықтың кең тараған түрі –
тең құрылтайшылық, қолдаудың түрлі қорларын құру.
Клайм – тауардың нашар сапасы үшін берілген тұтынушының арызы.
Маркетинг – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік
қабідеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және
біріктірілген қызмет. Тауарды ӛндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы
жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару үдерісі.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
17
Маркетингтік зерттеулер – басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен,
компанияның алдына қойған маркетинтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, ӛңдеу
және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.
Нысана – журналистік тілде мақсатты аудитория дегенді білдіреді.
MICE
(Meeting-Incentive-Conferences-Events)
– Meetings – компания
басшысының іскери кездесулерін ұйымдастыру; Incentive – қозғау салу,
ынталандыру жұмыстары. Бұл компания қызметкерлерін, серіктестерді немесе
клиенттерді демалысқа, сапарға апарудан тұрады. Conference – тақырыптық
ұжымдық конференцияларды ұйымдастыру бойынша қызметтер жиынтығы. Events /
Exhibitions – халықаралық салалық кӛрмелерге экспонент ретінде немесе компания
тауарлары мен қызметтеріне назарды аудартушы қонақ ретінде не болмаса
серіктестерді іздестіру.
Нарық (маркетинг тҧрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды)
тұтынушылар жиынтығы.
Олигопсония – нарықта шектеулі тұтынушы мен кӛп сатушы (ӛндіруші)
болатын жағдай.
Паблик рилейшнздегі перфоманс – бұл оң имиджді жылдам қалыптастыру
технологиясы. Бұл алдын-ала арнайы әзірленетін, қоғамға белгілі бір ой қалдыратын
әрекеттер.
Презентация – бұл фирманы,
оның тұлғасын, тауарын таныстыру шарасы.
PR жоба – бұл экономикалық, саяси, экологиялық, мәдени және ӛзге де
жобаларды тиімді іске асыруға бағытталған ілеспелі PR науқан.
PR науқан – бұл құрылымдастырылған, белгілі бір мақсатқа бағытталған, ұзақ
мерзімге созылатын, қоғаммен және қоғамдық пікірмен жұмыс істей отырып,
ұйымның ӛзекті мақсаттарына қол жеткіздіретін, арнайы креативті пиар құралдарын,
тәсілдерін, технологияларын қолдану.
Паблик рилейшнз (publіc relatіons – кӛпшілікпен қарым-қатынас) –
мемлекеттікжәне қоғамдық ұйымдар менәлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-
қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік саласы; қоғам мен
ұйымдар арасындағы ӛзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Пікір алу – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір
сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.
Стайлинг – маркетингтік зерттеу нәтижесінде нарыққа шыққан тауардың
сыртқы кейпі, үлгісі.
Стратегия – үкіметтің, аймақтардағы әкімшіліктің ӛндірудегі кәсіпорынның
әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік
сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.
Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын
және жаңа нарықтық мүмкіндіктерінді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-
теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.
Сауалнама – пікір сұрау ӛткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар
сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.
Сҧраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік.
Спичрайтинг – бизнесмендердің, саясаткерлердің және ӛзге де тұлғалардың
жұртшылық алдында сӛйлейтін сӛзін әзірлеу. Әдетте, бұл баяндамалар,
бағдарламалардағы сӛйлейтін сӛзі, ілікпе сӛзі, сұхбаты және т.б.
Табльдот – мейманханалар, кафе, мейрамханалардағы тамақтанатын бӛлмедегі
тағамдардың жарнамасы орналастырылған ортақ үстел.
Тактика – қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге
арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.