М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Жаратылыстану-математикалық
факультеті
______________________
қолы, аты-жөні
«____»___________ 2010ж.
Биология және экология кафедрасы
050608 - Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«Бүлінген экожүйені картаға түсіру»
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 4
Семестр – 7
Кредит саны - 2
Дәріс – 15 сағат
Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 7-ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал 2010 ж.
«Бүлінген экожүйені картаға түсіру» пәнінің оқу әдістемелік кешені:
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған (корпус №5, аудитория № 6, 11).
Құрастырушы(лар): В.В.Иванов атындағы «Биология және экология» кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к. Альжанова Б.С.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Келісілді: ОҮҰжОӘЖБ жетекшісі: А.А.Какимова
В.В.Иванов атындағы «Биология және экология» кафедрасының отырысында қарастырылды.
Кафедра меңгерушісі: Г.С.Кайсагалиева
“____“ _________ 2010 ж. №__ хаттама
Жаратылыстану-математикалық факультетеінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“ __“ _________ 2010 ж. № хаттама
Факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы Т.А.Терещенко
«Бүлінген экожүйені картаға түсіру» пәні бойынша бағдарлама – SYLLABUS
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Әлжанова Бағдагүл Сақтағанқызы - М.Өтемісов атындағы БҚМУ биология және экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к.
Кафедра: Биология, және экология, 5-ғимарат, кабинет 11.
Жұмыс телефоны:
2.2 Пән туралы мәлімет:
«Бүлінген экожүйені картаға түсіру»
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, зертханалық жұмыс) және оқытушының басқарумен жүретін және студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі:
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізіліу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (1 - дәріс)
|
50 мин.
|
СӨОЖ, СӨЖ
|
50 мин.
|
Байланыс сағаты 1 (1 лаб)
|
100 мин.
|
СӨОЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны: 2
Өту орны: № 5 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Лабораториялық
|
СӨОЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
2
|
4
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
Емтихан
|
2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Бүлінген экожүйені картаға түсіру - (БЭКТ) – салыстырмалы қарастырғанда жаңадан енгізілген оқу және ғылыми пән болып саналады. Енгізілгеніне 20 жылдан астам ғана уақыт өткенімен картографтар мен экологтарды даярлаудың оқу жоспарына кіргізілді. Ал осы бағытта жарияланған ғылыми-теориялық еңбектер мен құрастырылған карталар картографиялық басқа да материалдармен салыстырғанда өте көп.
Бүлінген экожүйені картаға түсіру кешенді ғылым болып саналады.
Курс мақсаты:
- Қазіргі уақытта қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттарды картада кескіндеу әдістері мен тәсілдері туралы түсінік беру;
Міндеті:
- Белгілі бір аймақтың қоршаған орта жағдайлары туралы объективті және дәл ақпаратты картада кескіндеу принциптерін білу;
- Экологиялық сипаттағы құбылыстар мен проблемалардың кеңістікте орналасу, таралу, өзара байланыс заңдылығын білу;
- Табиғат ортасының антропогендік өзгерісі, экологиялық проблемалар мен ситуациялар туралы түсінік қалыптастыру;
- Қоршаған ортаға зиянды шығару көздерін және негативті антропогендік әсер ететін экожүйе компоненттерін анықтай білу;
- Бүлінген экожүйені картаға түсірудің теориялық негіздерімен танысу;
- Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қажетті экологиялық-картографиялық материалдар жинақтау;
- Экологиялық картографияның әдіснамасы;
- Экологиялық карталардың мазмұны мен құрастыру әдістерімен танысу;
- Бүлінген экожүйелер картасын қолданбалы пайдалану әдістерімен танысу;
- Бүлінген экожүйені картаға түсіруде туындайтын проблемаларды білу
-
Студенттер теориялық білімдерді тәжірибелік және ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдана алады;
Оқыту барысында студенттер қазіргі уақытта бүлінген экожүйелер туралы, оның өзгеру динамикасы мен биосфераға әсерінің осы кездегі көзқарастарымен және картаға түсіру әдістерімен танысып, бүлінген экожүйенің картасын құрастыру және өңдеуге практикалық дағдыланады. Түрлі мазмұнды және бағыттағы экологиялық карталарды жасау, талдау және құрастыруға қажетті білім және дағдылар қалыптастыру;
Оқыту негізінен дәріс және семинар (практикалық) сабақтар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда негізгі оқу материалдарының мазмұны беріліп, практикалық дағдылар мен түсініктер бекітіледі. Зертханалық сабақтарда картаға түсіру принциптерімен танысады және бүлінген экожүйенің картасын құрастыру және өңдеуге практикалық дағдыланады. Студенттердің білімі өз бетімен орындалатын тапсырмаларды тексеру, тестілеу, ауызша сұрау, жеке тапсырмаларды орындауы және оларды қорғауы түрінде тексеріледі.
Курс мазмұны:
- Бүлінген экожүйе түрлері;
- Бүлінген экожүйені картаға түсірудің теориялық негіздері;
- Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қажетті экологиялық-картографиялық материалдар;
- Экологиялық картографияның әдіснамасы;
- Экологиялық карталардың мазмұны мен құрастыру әдістері;
- Бүлінген экожүйелер картасын қолданбалы пайдалану әдістері;
Оқыту әдістемесі:
Оқыту дәріс, лабораториялық сабақ, СМЖӨЖ, СӨЖ түрінде өтеді. Сабақты бақылау – коллоквиум түрінде, жазба жұмыстары, өзіндік жұмыстарды, картографиялық материалдарды тексеру түрінде өтеді.
-көрнекі құралдарды пайдалана отырып ауызша баяндау;
- түсіндіру;
- диалог;
- пікірталас;
- ойтолғау;
Практикалық сабақтарда:
- эксперимент қою;
- қорытынды жасау;
- сұрау
- пікірталас;
Курс пререквизиті: Бұл пәнді терең игеру үшін студенттің экология, физика, химия, биогеохимия және экотоксикология пәндерінен түсінігі болуы тиіс.
Курс постреквизиті: Курсты меңгеру барысында студенттердің алған білімдері төмендегі пәндерді оқытуда негіз болады: геоэкология, биологиялық экология, қоршаған ортаның мониторингі.
Болашақ эколог-мамандарды ғылыми зерттеу, өндірістік және мәдени ағарту шараларын жүргізе білуге бағыттайды.
Құзіреттілік: Бүлінген экожүйені картаға түсіруде картограифялық зерттеу әдістері мен ГИС технологияны қолдануға үйрену және практикалық мақсатта қолдана білуге үйрену.
Кәсіптік эрудиция мен мәдениет қалыптасуына ықпал ету;
Пәнді оқыту барысында студент білуі керек:
Бүлінген экожүйені картаға түсірудің мақсаты мен міндеттері;
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты картада кескіндеу принциптері мен әдістерін білу;
Экологиялық сипаттағы процесстер мен проблемалардың кеңістік те таралуы, орналасуы және өзара байланысы туралы негізгі заңдылықтарды білу;
Аймақты картаға түсірудің негізгі кезеңдері мен этаптарын білу;
Экологиялық зерттеу және аймақты бағалау ақпараттарын пайдағы асыра білу;
Картаға түсіруде қолданылатын құжаттар құрамы мен құрылымын білу;
Территорияны экологиялық бағалау үшін қажетті ақпараттық құралдар мен технологияны білу;
Қолдана білуі керек:
Пән бойынша негізгі анықтамалар мен түсініктерді білуі;
Аймақтың экологиялық жағдайын анықтайтын негізгі кеңістік таралу заңдылықтарын білу;
Негізгі экологиялық проблемаларға сипаттама беру;
Экологиялық және тақырыптық карталарды оқи білу;
Тақырыптық картадағы ақпараттарды салыстыра және талдай білу;
Табиғи-антропогендік кешендер компонеттері арасындағы байланысты білуі;
Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік әсер ету көздерін білу;
Антропогендік пайдалы және теріс әсер ету көздерін айыра білу;
Түрлі деңгейдегі табиғат-территориялық кешендердің ұқсастығы мен бірі бірінен айырмашылығын анықтай білу;
Аймақтың экологиялық жағдайын сипаттам беру;
Жерді пайдалану түріне қарай туындайтын экологиялық проблемаларды алдын ала болжай білу;
Дағдысы болу керек:
Экологиялық картаға түсірудің әдістері мен тәсілдерін білуі;
Ақпараттық, техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалана білуі;
Аймақты экологиялық бағалауда нормативті. әдістемелік және ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана білуі;
Арнайы пәндер бойынша құзіреттілігі болуы керек:
Аймақтың экологиялық жағдайын бағалау және талдай білуі;
Экологиялық проблемалар мен экологиялық ситуацияны ажырата білуі;
Экологиялық картаға түсіру принциптерін кәсіби қолдана білуі;
Пән бойынша білімдерін көрсете білуі;
Достарыңызбен бөлісу: |