№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 

 
 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ 
 
ШАКАРМАН Дана Қазбекқызы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 
Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен 
байланыс кафедрасы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының 
бітірушісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайҧлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті 
(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ PR ҚЫЗМЕТТЕРІ 
МЕН PR НАУҚАНДАРЫ 
 
«Лукойл»  ААҚ-ның  паблик  рилейшнз  саласындағы  атқарған  шаралары. 
«Лукойл»  ААҚ  –  ең  ірі  халықаралық  мұнай-газ  компанияларының  бірі,  әлемдік 
мұнай ӛндірудің 2,1%-ын қамтамасыз етеді: 
- жалпы әлемдік мұнай ӛндірудің 2,1%; 
-  дәлелденген  мұнай  қорының  кӛлемі  бойынша  жекеменшік  ірі  мұнай-газ 
компаниялары арасындағы №1 компания
-  мұнай  ӛндіру  кӛлемі  бойынша  әлемдік  ірі  жекеменшік  мұнай-газ 
компаниялары арасында №2 орынды алатын компания; 
-  жалпы  ресейлік  мұнай  ӛндірудің  16,6%-ын  және  жалпы  ресейлік  мұнайды 
қайта ӛңдеудің 16,5%-ын құрайды; 
- Ресей үлесіне компанияның дәлелденген 90,7% -ы кіреді. 
Шетелде  компания  мұнай  мен  газ  ӛндіру  бойынша  жобаларға  белсенді 
қатысады.  Компания  қызметінің  негізгі  бӛлігі  Ресей  Федерациясының  тӛрт 
тӛңірегінде – Солтүстік-Батыс, Приволжск, Урал және Оңтүстік бӛліктерінде жүзеге 
асырылады. 
 
«Лукойл»  ААҚ-ның  PR-дағы  қайырымдылық  және  әлеуметтік  қызметтеріне 
тоқталатын  болсақ,  компания  үшін  бұл  қызмет  түрлері  ұжымдық  стратегия  болып 
табылады  әрі  мемлекетпен,  іскери  орталармен  және  қоғаммен  конструктивті 
ынтымақтастық орнатуға үлкен септігін тигізеді. Ұжымдық бағдарламалар адрестік 
сипатта болады және кәсіби тәжірибе мен адами әлеуетке сүйенеді. 
Компанияның  қайырымдылық  жасауда  алға  қойған  мақсаты  –  кӛмек  алып 
жатқан жақта қолдауға тәуелділік жағдай немесе біреудің есебінен күн кӛру сезімін 
тудырмау.  Сол  себепті,  «Лукойл»  ААҚ  қайырымдылықтың  дәстүрлі  тәсілдерімен 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 

қоса, стратегиялық қайырымдылық пен әлеуметтік инвестициялау бағдарламаларын 
да  қолданады.  Бұл  компанияның  стратегиялық  мақсаттары  арқылы  әлеуметтік 
мәселелерді шешу тәсілдерімен ӛзара байланыста дегенді білдіреді. 
Бұндай  аяушылық  сезімді  оятпау  үшін  коммерциялық  ұйым  мен 
коммерциялық  емес  және  мемлекеттік  секторлардың  бірігіп,  жергілікті 
қоғамдастықтың ӛзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкендері жӛн. 
Компания ӛз қызметін екі стратегиялық бағыт бойынша жүргізеді: 
Әлеуметтік инвестициялар: 
- балалар үйлері мен балаларды оқыту мекемелеріне қолдау кӛрсету; 
- білім саласындағы бағдарламалар; 
- стипендиялық бағдарламалар; 
- жоғарғы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту
- медициналық мекемелерге қолдау кӛрсету; 
- әлеуметтік жобалар байқауы. 
Демеушілік пен дәстүрлі қайырымдылық бағдарламалары: 
- мәдени және тарихи мұраны сақтау; 
- музейлер мен шығармашылық ұжымға қолдау кӛрсету; 
- баспа жобалары; 
- діни конфессияларға қолдау кӛрсету; 
-  соғыс  және  еңбек  ардагерлеріне,  мүгедектерге,  қоғамның  әлеуметтік 
қорғалмаған топтарына қолдау кӛрсету; 
- донорлық науқандар. 
 
«Лукойлдың» спорт саласына арналған кезекті PR әрі маркетингтік акциясының баннері 
«Лукойл»  ААҚ-ның  2000  жылы  «Нефтяник»  атты  газеті  жарық  кӛрді.  Ол  негізінен 
Перм  облысында  таралады.  Сондай-ақ,  компанияның  «Нефтяные  ведомости», 
«Энерговектор», «Нефть России» атты ұжымдық газеттері бар. Ол 999 дана таралыммен, 2 
аптада  1  рет,  8  жолақты  А3  форматында,  түрлі-түсті  түрде  Лукойлдың  Ресейдегі, 
Қазақстандағы,  Әзірбайжандағы,  Мысырдағы,  Колумбиядағы,  Ұлыбритания  мен 
Кипрдағы ӛндірістік нысандары мен кеңселеріне таратылады. 
«Энерговектор»корпоративтік  басылымы  4000-нан  астам  таралыммен  әрі 
тегінтаратылады.  Газеттерді  басқарумен  «Лукойл»  компаниясының  қоғаммен  байланыс 
басқармасы  айналысады.  Компания  ӛкілдерінің  айтуынша,  жаңа  басылымдардың  жарық 
кӛруі  –  компанияның  ұстанымдары  мен  мақсаттарының  ашық  әрі  айқын  екендігін 
кӛрсетеді. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 

 
 
«Лукойл» ААҚ түрлі бұйымдарға өзінің тауарлық белгісін бекіткен 
Компания «Лукойл және музей», «Лукойлжәне музыка», «Лукойл және спорт» 
деген  атауларда  қоғаммен  байланысорнатып,  демеушілік,  қайырымдылық 
жобаларын ұсынады. 
Компаниядағы  қызметкерлерді  одан  әрі  жақындаттыра  түсу  мақсатында 
«Қоғаммен  байланыс  бӛлімі»  ылғи  да  түрлі  жарыстар  мен  табиғат  аясына  шығу, 
спортпен  шұғылдану  немесе  караокеге  бару  секілді  шараларды  ұйымдастырады. 
Мақсат  –  ұжым  ішілік  байланысты  нығайту,  қызметкерлердің  бір-біріне  деген 
сенімін  арттыру.  Сол  секілді,  компания  басшысы  мен  серіктес  компаниялар 
арасында да осындай шаралар ұйымдастырылып тұрады. 
Мереке  сайын  құттықтау  хаттары  жіберіліп,  ынтымақтастыққа  алғыс 
білдіріледі. 
«Газпром»  АҚ-ның  пиар  науқандары.  Жұмысқа  мысал  ретінде  Ресейдің 
жалғыз сұйытылған табиғи газ ӛндіріп, оны экспорттайтын команиясы «Газпромды» 
осы саладағы шетелдік компаниялардың бірі ретінде мысалға алдық. 
«Газпром»  ААҚ  –  жаһандық  энергетикалық  компания.  Қызметінің  негізгі 
бағыттары – геологиялық барлау, ӛнім, тасымалдау, газ, газ конденсатын, мұнайды 
сақтау, қайта ӛңдеу, ӛндіру, газды моторлық жағармай ретінде іске асыру, сондай-ақ, 
жылу мен электр энергиясын ӛндіру мен сатумен айналысады. 
Компанияның басты мақсаты – тұтынушыларды табиғи газ бен ӛзге де энергия 
ресурстарымен,  ӛнімдермен  тиімді  әрі  сенімді  түрде  қамтамасыз  ету.  «Газпром» 
әлемдік газ қорының 17%-ын, ресейлік газ қорының 72%-дық үлесін алып тұр. 
Қазіргі  таңда  компания  газ  ресурстарын  игеру  бойынша  кӛлемді  жобаларды 
Ямал  түбегінде,  артикалық  шельфте,  Шығыс  Сібір  мен  Қиыр  Шығыста,  сонымен 
қатар,  шетелде  кӛмірсутектерді  барлау  мен  ӛндіру  бойынша  бірнеше  жобаларды 
жүзеге асыруда. 
«Газпром»  –  ресейлік  және  шетелдік  тұтынушыларды  газбен  жабдықтайтын 
сенімді жеткізуші. 
Компанияға  әлемдегі  ең  ірі  газ  тасымалдау  желісі  –  Ресейдің  Біртұтас  газбен 
жабдықтау  жүйесі  тиесілі.  Оның  ұзындығы  168  мың  км.-ден  асып  түседі.  Ал  ішкі 
нарықта  «Газпром»  сатылымдағы  газдың  жартысынан  кӛбін  ӛндіреді.  Бұдан  ӛзге, 
компания таяу және қиыр шетелдің 30-дан астам еліне газ жеткізеді. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау