№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
32
Басқару дегеніміздің ӛзі – жүйені жаңа сапалы дәрежеге кӛтеру, жаңа
жағдайда икемдеу үшін осы жүйеге әсер етудің үздіксіз жүзеге асыру үрдісі.
Басқарудың басты міндеттері:
- мектеп директорының ұжым мүшелерін бір мақсатқа жұмылдыруы;
- әрбір қызметкердің қарым-қабілеті мен бейім-білігін тани отырып, оның осы
мүмкіндіктерін дамыта отырып, толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау;
- педагог кадрлардың кәсіби шеберлігі мен дағдысын ұйымшылдық ұстанымы
негізінде ӛзара ақпарат алмасу кеңістігін қалыптастыру.
Басқару миссиясы:
- дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнын ғылыми іргетасты әдіс-тәсілдерді
қолдану;
- бейімделген жұмыс істеу тәртібінен тұрақты жаңашыл, заман талабына сай
жұмыс істеу тәртібіне кӛшіру;
- педагог кадрлардың ізденіспен жұмыс істеуіне материалдық-техникалық,
моральдық-психологиялық, оқу-әдістемелік жағынан жағдай жасау.
Біз әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесінің
қалыптасуына куә болып отырмыз.
Баршаның кӛз алдында білім парадигмаларының ауысуы жүріп жатыр:
баcқаша мазмұн, басқаша кӛзқарастар, басқаша қатынастар, басқаша педагогикалық
менталитет ұсынылуда.
Бүгінгі күннің сұраныстары әр маманнан білімді игерудің барысында жалпы
білім беретін мектеппен және кәсіптік оқу орындарымен шектелуден арылуды, білім
мен дағдаларды ӛмір бойы алу мен жаңалау үдерісіне қарай ойысуды талап етеді.
Сонымен қатар білім беруді басқаруға ғылыми кӛзқарастың ӛзектілігін
қамтамасыз ету мен негіздеуге, басқаруды ғылыми негізде ұйымдастыруға
объективті және субъективті сұраныс саланы басқарудың барлық деңгейлерінде
ӛткір сезіліп отыр.
Білім беру ұйымдарын басқару деңгейінде бұл сұраныс «Нәтижеге
бағдарланған қҧзыретті білім» моделі арқылы, 12 жылдық мектепке кӛшу
жағдайында басқару объектісі ретінде орта мектептер алдына қойылатын
міндеттердің түбегейлі ӛзгеруімен, оның дербестігінің ӛсуімен, оны инновациялық
үрдіс негізінде ұйымдаcтыру кӛмегімен ұдайы жаңарту қажеттілігімен, басқаруға
зерттеушілік кӛзқарасты игерумен, мектепке және оны басқаруға әлеуметтік
талаптардың артуымен ӛзекті бола түсуде.
Қорыта келгенде, тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына еркін қадам аттаған
егемен еліміздің білім беру саласындағы міндеттері және оны жүзеге асыру жолдары
айқын. Болашаққа бағдарланған осы саясат аясында жүзеге асырылып жатқан
тапсырмалардың орындалуына барынша үлес қосу – баршамыздың басты міндетіміз.
Елбасының ел болашағы – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы – білім
берудегі ұлттық мазмұн мен тәрбиені жоғары талаптарға сай ету, үздіксіз білім беру
жүйесіне заманауи мүмкіндіктерді ендіре отырып, дамыған елдердің қатарынан
кӛрінуге жаңаша пайымдау, ойлау, ізденіс, батылдық, ӛзгерістерге ұмтылуда сыни
тұрғыдан ӛз-ӛзімізді бағалау жӛніндегі қабілетімізді жетілдіре береміз.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
33
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП МҦҒАЛІМДЕРІНІҢ ҤЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК
ЖҦМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР
АЙМЕТОВА Дилфуза Абдумавленовна,
Ш. Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәнінің мҧғалімі, Шауғар мӛлтек ауданы, Тҥркістан қаласы,
Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз
жайында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтарына арнаған
«Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге
қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып ӛтіліп, Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық
жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1,6].
Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп
есептейміз. Мектеп – оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты
баспалдағы.
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе – оқушыларды дамыта
оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту,
қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің
бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны ӛсіру. Әр оқушының қабілетін
танып біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру
керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі ӛзгерістер еніп, жаңа кӛзқарастар пайда
болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология ӛмірге келді. «Технология
дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, ӛнердегі адамдардың, ал
педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын
барлық қисында ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», -
деп түсіндіреді В. Кларин [2, 18].
Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің
жобасы. Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі
бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға
қажетті ӛлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл
қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану
қажет.
Жаңа технологияны қолдануда:
Мұғалім нені білу керек?
- Жаңа технология кӛмегімен шешілетін мәселені анықтауды;
- Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
- Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
- Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек;
- Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауды.
Не істей алу керек?
- Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |