№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
56
- Қарым-қатынастық құзырлығын және тілдік сӛйлеуді дамытуға арналған
арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру;
- Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сӛйлеу қабілетін
арттыру мақсатында жүйелі тапсырмаларды ӛңдеу;
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту;
- Ағылшын тілін оқытуда бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлға
ретінде тілін дамытады, ауызша және жазбаша сӛйлеу үрдісін толық меңгеруге
бағытталған.
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту
керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі
оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Кӛптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері ағылшын тілі сабақтарында
ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды
даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асырудың негізгі құралы
компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық
шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім
қажет.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға ӛз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге,
ӛз жұмысының нәтижесін кӛріп, ӛз ӛзіне сын кӛзбен қарауына және жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының
түріне дұрыс таңдау жасай білуі қажет.
Ағылшын тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды
пайдалану арқылы ӛтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту
барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады.
Фонетиканы, морфологияны оқытуда компьютерді ӛз ретімен пайдалану қажет.
Мысалы:
- Ағылшынтіліфонетикасын оқыту барысында сӛздегі не сӛйлемдегі дауысты,
дауыссыз дыбыстар санын анықтау;
- Сӛз құрамындағы қажетті әріпті табу бағдарламасын құруға арналған
тапсырма беруге болады;
- Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін
бағалауға болады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге ағылшын
тілі сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі ӛзгертуге, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және
қабілеттерін кӛре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін былай кӛрсетуге болады:
- Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай
дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан ӛзін еркін
сезінеді;
- Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік
және ӛзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы ӛз бетінше
еңбектенеді. Ӛз еңбегінің нәтижесін кӛреді. Ӛзін-ӛзі қадағалауға мүмкіншілік туады.
Тапсырмаларды мұғалімнің кӛмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте
сақтау қабілеттері дамиды.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
57
Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сӛйлейтін болса,
балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай кӛңілсіз
жағдайларды болдырмау мақсатында ағылшын тілі сабағында компьютер арқылы
оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО
стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттер мен
басқатырғыштарды жатқызуға болады.
Қазіргі кезде оқу үрдісін ақпараттық коммуникациялық құралдарынсыз кӛзге
елестету мүмкін емес. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту ӛте танымал
болып келеді. Интернет технологиясы арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет
желісі арқылы оқу үрдісіне қажетті ақпараттың үлкен кӛлемін тасымалдауды және
оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік ара қатынасты жүзеге асырып, бұл
үдерістер компьютерлік бақылауға негізделген.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім
беру үрдісінің барлық құрамдас бӛліктерінің үздік білім беру ресурстары мен
технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы
онжылдықта цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып, электронды оқыту,
электронды денсаулық сақтау, электронды үкімет, электронды ғылым т.б.
ұғымдармен біздің сӛздік қорымыз толықты.
Ақпараттық қоғамның сӛздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар – Smart, Smart
education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы тіпті кӛптеген
елдерде іс жүзінде жиі қолдануда.
Smart education ұғымының негізгі мәні неде? Сӛздің түбіріне келетін болсақ,
«smart» сӛзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.
Смарт – бұл неологизм, негізгі мағынасы – парасатты, тапқыр, ақылды деген
мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең кӛлемде жауап беру үшін білім беру
жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды.
Бұл бағыттарды үш кезеңге бӛліп, қарауға болады:
І кезең – «ӛткен шақта» оқушы үшін жалғыз білім кӛзі оқытушының ӛзі
болып, оқытушының кеңесімен оқушы жаңа білімдерді сыныпта немесе
оқулықтардан ала алатын болды.
ІІ кезең – «қазіргі кезде» білім тек оқытушыдан оқушыға беріліп қана қоймай,
оқушыдан оқушыға беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді.
Ӛз кезегінде білім беру технологияларын жетік меңгеріп, оқытушылар білімді
аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады.
SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі
кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті
экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз «грифельді» тақталар,
күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз
етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді.
SMART education-нің негізгі идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен
интернетті қолдану арқылы адам ӛмірінің барлық аспектісін жетілдіру болып
табылады. Ал келешекте оқушы үшін негізгі білім кӛзі интернет болады,
технологиялар тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді құруға бағытталады.
Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі –
мультимедиялық оқулығымыз – электрондық оқулық. Білім берудің кез келген
саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық.
Электрондық
оқулықты
пайдалану
мұғалімнің
ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр
сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық
Достарыңызбен бөлісу: |